Жас мұғалімдердің дүниетанымы мен мәдениеті

45

Жас мұғалімдердің дүниетанымы мен мәдениеті

 

Жаңа ғасырда жаңа өмірге аяқ басқан жас ұстаздар заман талабына сай өзгеше өмір сүруге дайын болуы керек. Парасатты да, саналыазамат болуы үшін бүгінгі жастардың білімдерін терең әрі жан –жақты болғанына не жетсін.

Өмірдің қыр сырын, қиын қыстау жолдарын терең біліп, тығырыққа тірелген сауалдауға тез арада шешу керек ететін мәселелерге дайын болсақ, тіпті құба құп. Мұндай дағдыға жастарда кім баулиды?

Елбасының 2030 жылғы арналған бағдарламасына жастарға жан жақты тәрбие беруді дамытудың ерекше маңыздылығы айтылған. Ендеше осы бағдарламаға сүйене отырып қоғамдағы белсенді тұлға – жас маман иесіне оқу-тәрбие жұмысын қарқынды әрі сапалы жүргізу керектігін талап етіп қояды. Бұл жерде біз болашақ жастардың өмірге өз үлесін қосып, орнын табуына ерекше ықпал ететін дүние танымдық көзқарасының қалыптасуына, олардың мәдени-әлеуметтік іс-әрекетін жетілдіруіне байланысты екенін мойындауымыз керек.

Болашақ ұрпақтың дамуы ұстаздарының адамгершілігіне, белсенділігіне, білім деңгейіне, шығармашылық іс-әрекетіне байланысты болмақ.

Сол себептен бізді қоғамға аса қажет мамандардың кәсіби шеберлігінің қандай дәрежеде екендігі қай-қайсымызды да, бейжай қалдыра алмайды.

Сондықтан ұстаздар осы сұраққа жауап алатындай білім, жоғары мәдениеттілік, дағды, іскерлік, өз ісіне деген сенімділік, тез шешім қабылдай алатын,  ұйымдастыру қабілеті жоғары болмағы мәлім. Жас мамандардың ой-өрісінің , адамгершілігінің, рухани байлығының білім деңгейінің, жоғары мәдениеттілгінің, дүние танымдық көзқарасының, шығармашылық ойлау қабілетінің мәдени ортасына байланысты дамуына қарай бірлесіп, түсінісіп кәсіби мамандығын жетілдіруге бағытталады. Бұдан шығатын қорытынды, жас мамандардың бойына мынадай қасиеттерді қалыптастыруына мүмкінлік туады. Жоғары саналық, белсенділік, жауапкершілік, борыш сезімі, экономикалық ойлау және т.б.

Сонымен мәдени — әлеуметтік іс-әрекеттерді ұйымдастыру өзінің қосымша жасырын күшін, резевінқолдану арқылы жүзеге асырылады.

Оны әсерлі қолдану барысында болашақ маманның өзі таңдаған кәсібіне сүйіспеншілігі артып, білімін тереңдетеді, яғни педагогикалық шеберлігін шыңдап өз ортасындағы беделін арттыруға мүмкіндік береді. әлеметтік белсенділігін, мәдениеттілігін, іскерлігін қалыптастырады. Олай болса, мұғалім – жалпы білім беретін әр түрлі типтегі мектептерде оқушылармен оқу-тәрбие жұмысын жүргізетін маман. Мұғалім – дүниеге ғылыми диалектикалық материалистік көзқарасты, әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық даярлықты, жоғары адамгершілік сапаны, қоғамдық белсенділікті, оқушыға және мамандыққа деген сүйіспеншілікті, дербес білім алу мен өзін-өзі тәрбиелеу жолдарын, қажеттілігін игерген біздің заманымыздың алдыңғы қатарлы адамы.

 

 

Мұғалім

 

 

 

Тәлімгер                Оқытушы

Мұғалімге қойылатын талаптар 3 топқа бөлінеді:

  1. мұғалімнің жеке басының ізгіліктік бағыттылығы, қоғамдық борыштылық пен жауапкершілік сезімі.
  2. Кәсіптік мамандық даярлығы, тереңде тиянақты жалпы ғылымдық білімі. өз пәнін, ғылымын игеруі оны оқыту методикасын, психологисын, педагогикасын меңгеру.
  3. педагогикалық технологияны игеруі.

 

 

 

Педагогикалық техника құрамы:

1.Тіл мәдениеттілігі, сөзді орынды пайдалана білу , сөйлеу шеберлігі.

2.Ұстаздың сырт бейнесі: киім кию, өзін -өзі ұстау мәдениеті

3.Бет құбылысы ,ишара, ыммен ,қимыл –қозғалыстар арқылы өзінің сезімін , қатынасын көрсете білуі

4.Ішкі жай –күйін , сезімдік көңіл күйін, мінез құлқын игере білуі, өзін тежей алуы, қажетті жерінде педагогикалық  ашу –ызаны пайдалана білуі

5.Қарым –қатынас жасай білу қабілеттілігі.

6.Оқушының іс -әрекетін , қызметін ұжымдық шығармашылық ізденісін ұйымдастыруы

7.Ұстаздық сезімталдық , интуиция , шығармашылық өрлеу ,батылдығы, сергектігі.

Сондықтан әрбір жас ұстаз педагогикалық тактіні және педагогикалық әдепті, стильді,  моральді және ұстаздық шеберлікті бойына сақтау керек.Сонда ғана мұғалім жеткіншек  ұрпаққа білім де тәрбие де бере алады .