Деңгейлік оқытудың математика сабағында тиімділігі

92

Деңгейлік оқытудың математика сабағында тиімділігі

 

«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет»

Н.Ә.Назарбаев.

Қазіргі таңда білім берудің әлеуметтік құрылымы маңызды элементтердің біріне айналып отыр. Дүниежүзінде білімнің рөлі артып, әр елдің өзіндік білім беру жүйесі тағайындалған. Бірақ, ол әлем халықтарының білім берудегі тәжірибесімен, бағыт-бағдарымен деңгейлес болуы қажет. Қазақстан Республикасындағы үлкен өзгерістердің білім беру саласында қамтылуы маңызды іс-шара болып табылады. Осы орайда білім беруді дамыту тұжырымдамасы Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудағы маңызды құжат екендігі сөзсіз.

Білім беру жүйесінің басты – міндеті ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, білім беруді ақпараттандыру.

Міне осындай маңызды мәселелерді шешуде жас ұрпақты сапалы да, саналы ой еңбегіне тәрбиелеуде математиканың алатын орны ерекше.

Қазіргі заман – математика ғылымының өте кең, жан-жақты тараған кезеңі.Ал талапқа сай математикалық мәдениеттіліктің деңгейін көтеру болып табылады.

Ал математиканың дамуына адамзат тіршілігінің дамуының басқа да түрлерін; тарихтың дамуын,өндірістік қатынастар мен өндірістік күштердің дамуы,мәдени тарихпен, техника, физика, астрономия, механика, философия тарихымен де тығыз байланысты. Демек, математиканың дамуына жетілдіріп,толықтырып, математика мен математикалық теориялардың, идеялардың дамуы емес – сол кездегі халықтың тұрмыс тіршілігінің деңгейіне сәйкес, білімнің дамуы зор ықпал етеді. Ал білімнің оқыту процесімен тығыз байланыстылығы мәлім. Сонымен қатар қоғам үшін де математиканың рөлі ерекше, себебі әр түрлі бағыттағы математикалық әдістерді қолданбаса ғылыми – прогресстің болуы мүмкін емес. Бұл жерде математикалық дайын ақпараттарды қолдану ғана емес, ғылым мен техниканың дамуына ықпал ететін жаңа туындыларға жол ашу, мүмкіндік жасау. Бұл үшін қажет болған жағдайда жаңа идеялар айтатын, математикалық сауаты жоғары мамандар дайындау қажет.

Қазіргі қоғамымызда болып жатқан түбірлі өзгерістерге байланысты әрбір мұғалім оқытудың сан қилы әдістері мен формаларын білуі қажет. Сабақ барысында шәкірттің білімге құштарлығын арттыру, өздігінен ойлау қабілетін жандандыру, еңбек етуге баулу, жауапкершілік сезімін қалыптастыру мұғалімнің басты талабы. Жаңа талаптарға сай көптеген оқыту технологиялары бар.

Бүгінгі таңдағы ғылыми –техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына мүлдем жаңа міндеттер қойып отыр.Ол өз жұмысын орынды және бүкіл технологияның үздіксіз өзгерістеріне ,жаңалықтарына бейімделе алатын орындаушының тұлғасын қалыптастыру. Қазіргі педагогика ғылымының бір ерекшелігі –баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын қолдану.

Сабақ үрдісінде небір күрделі қиындықтар кездеседі.Қашанда шебер ұстаз бәріне төтеп беріп ,ешқандай әрекетке жол бермей  сабақ үрдісін түсіндіріп отырады.Бүгінгі таңда озат педагог –ғалымдар ,тәжірибелі мұғалімдер ойлап тапқан сабақты түрлендіре өткізудің жаңа тәсілдері жеткілікті.
Осында        технологиялардың бірі – профессор Ж.А.Қараевтың деңгейлеп- саралап оқыту технологиясы.
Деңгейлеп- саралап оқыту технологиясы дегеніміз –оқушының туа біткен ақыл-ой қабілетінің жеке даму жан-жақтылығына негізделген білім беру жүйесі.  .
Менің мақсатым –оқушылардың ойлау қабілетін дамытып өздігінен шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу.Өз сабағымда  деңгейлеп- саралап оқыту технологиясың әдісін жиі пайдаланамын.Әр өткен жаңа тақырыпты оқушыларға шығармашылық ізденіс үстінде меңгертуге дағдыландырамын.Сондықтан мұндай сабақтарда оқушының ынтасын ,белсенділігін арттыру үшін оларға үнемі проблемалық сұрақтар қойып отырамын.Тақырып бойынша жасақталған деңгейлік тапсырмалар жүйесі дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.Өйткені ол оқушының ойлауын,елестеуі мен есте сақтауын ,белсенділігін ,дағдысын,білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді.Нәтижесінде оқушыларды табиғи қабілеттеріне,қызметтеріне сәйкес жоғары деңгейіне көтерілуіне және дарындық қасиеттерінің ашылуына толық жағдай жасалады.Оқушылардың даму деңгейі басқалармен емес өзімен-өзі салыстыру арқылы анықталады. Бұл дегеніміз оқушыға деген ізгілік қатынасты көрсетеді.Ал,ұстазға сабақтан тыс уақытта оқушылармен жеке жұмыс істеуі үшін үлгірімі төмен оқушыға тақырыпты анықтауына және оқу сапасын көтеруге мүмкіндік туады.  Деңгейлеп оқыту оқылатын ақпаратттың азаюы арқылы емес,оқушыларға қойылатын талаптардың әр түрлілігі арқылы жүзеге асырылады.

Бұл технология оқушының ой-өрісінің дамуына, пәнге деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді. Әрбір тарау бойынша деңгейлік тапсырмалар –дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, өйткені ол оқушының ойлауын, елестету мен еске сақтауын, белсенділігін, дағдысын, білім сапасын қамтамасыз етеді. Еліміздің, қоғамның экономикалық, саяси, мәдени дамуына үлес қосатын әлемдік өркениетке көтерілетін білімді де мәдениетті, парасатты азамат тәрбиелеп шығару ұстаздар қауымының бүгінгі таңдағы басты міндеті.

XXІ ғасырдың жан-жақты зерделі, дарынды, талантты адам қалыптастыру бағытындағы білім беру ісі –бүгінгі күн талабы. Бұл талапқа жету жолы — білім берудің тиімді жолдарын таңдай білу. Сондай жолдардың бірі – деңгейлік оқытудың математика сабағындағы тиімділігі. Оны меңгеру мұғалімнің өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруына көмектеседі. Оқытудың жаңа технологияларын алдымен жете меңгеріп, одан соң оқу мазмұнына, оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне қарай таңдап пайдаланудың маңызы зор. Осы технологияны қолдану негізінде әрбір бала бойындағы дара қабілет анықталады, әр оқушы әр сабақ кезінде жаңа білім қосып қана қоймай, соны өзі игеріп, ізденіп, пікір таластыру деңгейіне жетіп, даму үстінде болады.

Деңгейлік тапсырмаларды енгізгендегі басты мақсат – сынып оқушыларын «қабілетті» және «қабілетсіз» деп жасанды түрде әр түрлі топтарға бөлуді болдырмау. Осы арқылы деңгейлік және дербес оқыту принциптерімен қатар, барлық оқушыға қатысты ізгілендіру принципі де сақталады.

Деңгейлік тапсырмалар оқушылардың әр түрлі білім дәрежесіне сай ұсынылады.

Деңгейлік тапсырмаларды орындағанда мұғалім – бақылаушы, кеңесші.

Деңгейлік тапсырмаларды қолдануда оқушылардың ақыл-ой еңбегін жетілдіру талабы қойылады. Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар оны орындау әдістемелік кешенімен ұсынылады

Бұл технологияда жұмыс міндеті үш деңгейлік және қосымша шығармашылық деңгей талаптарынан тұрады.

1-деңгей: міндетті, оқушылық деңгей -репродуктивтік деңгей:

Жаттап алуға лайықталған анықтамалар,тұжырымдамалар,аксиома,теорема,т.б;

Алдынғы сабақта жаңадан меңгерілген білімнің өзін өзгертпей қайталап ,пысықтауға арналған сұрақтар;

Тапсырмалар жаңа тақырып үшін тиіпті және өмірмен байланысты болу керек.

2-деңгей: алгоритмдік деңгей-елеулі белгілерді есте сақтау дағдысына жасалады;

Өтіп кеткен материалдарды реттеуге және жүйелеуге берілген тапсырмалар,бірақ оларды орындау үшін алған білімдерін түрлендіріп ,реңдете пайдалануды талап етеді;

Логикалық есептер,тапсырмалар,

3-деңгей: тапсырмалар- эвристикалық танымдық – іздену   түрде орындалатын: тапсырмалар ;

Анализ бен синтез,салыстыру арқылы тақырыптағы негізгі білімді анықтау,қорытындылау,әр түрлі әдіс-тәсілдермен есептер шығару,өздігінен есептер шығару,ребрустар,сөзжұмбақтар құрастыру,диаграмма салу,өлшем жасау,проблемалық жағдайларды шешу,дағды қалыптастыруға арналған сұрақтар;

4-деңгей шығармашылық деңгей тапсырмалары:

Оқушылардың жинаған өмірлік тәжірибесі мен қалыптастырған ұғым, түсініктердің қиялы мен белсенді ой еңбегінің нәтижесінде жаңаша, бұған дейін болмаған, белгілі бір дәрежеде олардың басының икемділігін байқататын дүние жасап шығуына негізделген (теорема дәлелдеу, заңдылықтарды оқулыққа сүйенбей мұғалімнің көмегінсіз қорытып шығару).

Олимпиада есептерін шығару

Берілген тақырыпқа өз бетімен реферат, ғылыми жобалар  қорғау.

Деңгейлеп- саралап оқытудың басты мақсаты сынып оқушыларын қабілетті,қабілетсіз жіктерге бөлуді болдырмау.
Деңгейлеп- саралап оқыту технологиясы сабақтарда қандай оқушы болмасын ,жақсы оқитынына қарамастан,жұмысты бірінші деңгейден бастап орындайды, бірінші деңгей тапсырмаларын орындау Мемлекеттік стандарты талаптарының орындалуына кепілдік береді. Бірінші деңгей тапсырмаларын орындаған оқушы «сынақ есепке алу» жүйесіне білім сапасын көрсетіп «5» балдық баға жүйесінде «3» бағамен бағаланады.Әрбір оқушы бір деңгейлік тапсырмаларды орындауға міндетті және одан жоғары деңгейдегі тапсырмаларды орындауға құқылы.

Әдетте 1-деңгейді орындаған оқушы одан жоғары деңгейлерді орындауға ұмтылады,өзіне-өзі сенім білдіріп бір деңгейден екінші деңгейге көтерілуге іздене талпына отырып өз білімін        толықтырып жетілдіреді,себебі         «4»және «5» бағаларын алу үшін неғұрлым жоғары деңгейдегі тапсырмаларды орындау қажет.                                                                                              Деңгейлеп- саралап оқыту технологиясының екінші бір жағы –оқушыларды дүниежүзілік білім жүйесінде қолданылатын рейтинг –ұпай жинау әдісіне баулық. Деңгейлік тапсырмалар  рейтинг  ұпай-балл жинау әдісімен бағаланады.

Демек, бұл тапсырмалар – оқушылардың біліктілігі мен дағдысын

қалыптастыру және оны бағалау деңгейі болады.

Барлық оқушылар жұмысын бір мезгілде бастап әрқайсысы білім игерудегі өз қабілетіне қарай өз биігіне жетеді. Әр оқушының әр пәннен 100% үлгеріміне қол жеткізудің кепілі болады және әр оқу пәнінің барлық тақырыбы бойынша ең болмағанда міндетті 1-деңгейді игеруін толық жүзеге асырады. Бұл өз кезегінде, мемлекеттік стандарттың талаптарының орындалуына кепілдік беріп, Қазақстан Республикасының Білім туралы заңының талаптарына сай келеді және дәстүрлік оқытудағы оқушылардың артық жүктеме тарту проблемасын шешеді. Әр деңгейдің барлық тапсырмаларын дұрыс орындағаны үшін оқушылар сол деңгейді игергеніне сәйкес 12-балдық жүйемен ерекше бағаланады. Бұл жағдайда оқушы мұғалімнің көмегінсіз өз бетімен білім алып, өзін-өзі басқару арқылы өз бетімен дами алатын тұлғаға айнала бастайды деп табылады. Сабақ барысында мұғалім әр деңгей тапсырмасының дұрыстығын тексергеннен кейін, тақтада ілініп тұрған “Ашық журналға”

(1-кестеге) + белгісін оқушылардың өздеріне қойғызып отырады.

1-кесте

Математика пәні бойынша 5 «а» сыныптың «Ашық журналы»

(тақтада ілініп тұрады)

I тоқсан №5 тақырып

Бұл жерде: V- үйде орындалған тапсырмалардың белгісі

Бағалау критериясы: 11-12 балл — «5»

9 -10 балл — «4»

5 – 8 балл — «3»

«V» — 1 балл

Мұндай журнал оқушылар бойында оң бәсекелестіктің қалыптасуына және әрбір оқушының өз білім деңгейін әділ бағалауына ықпал етеді, әрі мұғалім бұл журнал арқылы сабақ соңында оқушылардың жаңа тақырыпты меңгеру деңгейі туралы қорытынды жасайды, бірақ соңғы сөз (қорытынды бағалау) келесі сабақтың басында айтылады. Себебі, сыныпта үлгермеген

тапсырмаларды әр оқушы үй тапсырмасы ретінде үйде жалғастырып орындайды, демек үй тапсырмасы төрт деңгейлік тапсырмалармен қамтылған. Мұғалім өзіне де жеке журнал арнайды. Не үшін? үнемі кол астында әрбір оқушының жетістігінің көрсеткіші болады әрі үлгермей жатқан оқушыларға дер кезінде көмек көрсету үшін. Мұғалімнің сыныптық журналына қосымша жеке журналы болуы керек. Ол «Ашық журналдың» көшірмесі түрінде толтырылады.

Оқушылар да әр тақырып бойынша өз жетістіктерін өздеріндегі “Жеке журналға” және оларға сәйкес балдарды “Оқушының даму мониторингі” кестесінде белгілеп отырады, мысалы:

2-кесте

Ыбырай Шуақтың жеке журналы

3-кесте

Ыбырай Шуақтың даму мониторингісі

Мысалы:1-деңгейде 5 сұрақ*2 ұпай-10 ұпай

2-деңгейде 4 сұрақ*3 ұпай-12 ұпай

3-деңгейде 3 сұрақ*5 ұпай-15 ұпай

4-деңгейде 1 сұрақ*10 ұпай-10 ұпай

Оқушылардың жинаған ұпайларына қарай төмендегідей баға мониторинг белгіленеді.

Мысалы:1-деңгейден 8-10 ұпай жинаса  «3»баға

1-2-деңгейден 11-12 ұпай  ұпай жинаса   «4»баға

1-3-деңгейде 23-33 ұпай жинаса                «5»баға

4-олимпиадалық деңгей қосымша жұмыстар орындалу дәрежесіне қарай «4»немесе«5»баға мен бағаланады.

Қорытынды

Қорытынды жасай отырып, деңгейлеп оқыту технологиясының негізгі ерекшелігін, ұтымдылығын, тиімділігін сабағымда қол жеткізген төмендегідей жетістіктермен көрсетуге болады:

— жаңа материалды оқып-үйренуге және оқып игеруге деген оқушылардың пәнге қызығушылығын тудырдым;

— жаңа білімнің мазмұнын жоспарлағанда оқушыға берілетін тапсырма оқушының қабілетін ұштайтындай, ойын, қиялын дамытатындай етіп дайындауды үйрендім;

— оқушы өзін жеңімпаз ретінде сезіне алатындай тапсырмаларды әртүрлі күрделілік дәрежеде орындату арқылы оқушылардың білімін саралауды ұйымдастырдым;

— білімді дайын күйінде бермей, оқушының өзі білімді қарқынды ой еңбегін қажет ететін тапсырмаларды орындауы арқылы жетуін ұйымдастырдым;

— оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін тудыратын, қабілеттерін жан-жақты дамытатын әр түрлі белсенді оқыту әдіс-тәсілдерді кеңінен қолдандым;

— оқушылардың білім алу нәтижелерін жүйелі талдап, бағалап қорытынды жасап отырдым.

Бүгінгі күннің ұстаздарына қоғамымыздың экономикалық, саяси, мәдени дамуына үлес қосатын әлемдік талапқа сай келетін білімді, мәдениетті азамат дайындап, тәрбиелеп шығару міндеті жүктеледі. Оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын ізденіп әзірлену — ғалымдар мен тәжірибелі ұстаздардың бірлесе отырып атқарар ісі.Егемен Қазақстанның келешегі ,бүгінгі оқушылар,дүниежүзі деңгейіндегі қалыптасқан азамат,білімді ,жан-жақты тұлға-біздің болшағымыздың жарқын кепілі.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Әлімтаева, Б. Жаңа технология математика сабағында
Еркінбекова,Б. Жаңа педагогикалық технологияны математика сабағында қолдану
Себепбаева, Б. Модульдік оқыту технологиясы математика сабағында :
Шаймерденова,С. Сабақта модульдік оқыту технологиясын қолдану :
Исенбаева, С.Математика сабағында тиімді тәсілдерді пайдалану :
Сагибаева, Р. Оқытуда педагогикалық технологияның элементтерін қолдану:
Тұрғанбаева, Қ. Ғажайып математика алаңы : [Математика]// Мектептегі
Тұяқов,Е. Математиканы модульдік технологиямен оқыту : Оқыту әдістемесі
Утебаева,Ш.Математика сабақтарында оқушылардың танымдық қабілетін қалыптастыру: Білім ордасы: