Қазіргі сабақтарда қолданылатын инновациялық технологиялар

194

Қазіргі сабақтарда қолданылатын инновациялық технологиялар

 

ХХІ ғасырдың жан-жақты зерделі, дарынды, талантты адамын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында. Білім мен ғылымның Қазақстан дамуына оңтайлы әсер етуі үшін дүниежүзілік кеңістігіне ену, білім беруді одан әрі демократияландыру, оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, білімге, бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда. Осы тұрғыдан алғанда мұғалімге білім берудің тиімді жолдарын қарастыру, таңдай білу еркіндігі тиіп отыр. Жүсіпбек Аймауытов: «Сабақ беру – үйреншікті жай ғана нәрсе емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер», — деген екен.

Сондықтан қазіргі таңдағы педагогика жаңалықтарын, қазіргі қолданылып жүрген пән ерекшелігіне қарай қолдана білу – оқыту мақсатына жетудің бірден-бір жолы.

Қазақстан білім стандартының жасалуы, жаңа оқулықтардың жазылуы, жаппай компьютерлендіру, инновациялық технологиядан іздену, білім сапасын арттыру, әлемдік білім кеңістігіне ену, кредиттік технологияға көшу мақсатындағы жұмыстардың бәрі – еліміздің жаңалыққа талпынысының куәсі.

Инновация – жаңалыққа талпыну, бұл сән немесе еліктеушілік емес, қатал шындық, өмір қажеттілігі.

Оқу процесініңдегі негізгі инновациялық технологиялар:

  1. Кейс-технология.
  2. Web- технология.
  3. Коммуникациялық технология.
  4. Ақпараттық технология.
  5. Интерактивтік әдіс технологиясы.
  6. Мультимедиа технологиясы.
  7. Телекоммуникация немесе электронды оқыту технологиясы.

Сабақ барысында компьютерді қолданудың жақсы жақтары:
1. Түрлі – түсті иллюстрациялар, ұлттық музыка, анимациялар есте сақтау процесі үшін тиімді.

  • Әр сабақта сөйлеу әрекетінің төрт түрі де қолданылады: тыңдалым, сөйлесім, оқылым, жазылым.
  • Әр сабақ төмендегілерді қамтиды:
  • а) компьютермен үзіліссіз тілдік қарым – қатынас;
  • ә) бірнеше рет тыңдау мен оқып – білген материалды қайталаудың арқасында дағдыларды машықтандырғанға дейін меңгертіледі.
  • Компьютер оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастырады.
  • Оқушымен жекелей жұмысты іске асырады.
  • Компьютер оқытудың аудио және бейне құралдардың мүмкіндіктерін табысты байланыстырады. Мектепте ақпараттық технология кеңінен қолданылады. Ең бастысы әр мұғалім мониторинг жүргізу негіздерін білуі керек.

Педагогикалық жаңа технологияны ұтымды пайдаланып, жақсы жетістіктерге жету үшін, алдымен білім берудің жаңа технологияларын атап өтейік:

  • білім берудің ізгілендіру технологиясы (Ш.А. Амонашвили). Бұл технологияның мақсаты: оқушыны азамат етіп тәрбиелеу, олардың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту, баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату, адамгершілік тәрбие беру.
  • тірек- белгілерді (сызбасы, сигналы) арқылы оқыту технологиясы (Шаталов В.Ф.). Яғни, бұл технологияның мақсаты: білік, білік, дағдыны қалыптастыру, барлық баланы оқыту, оқытуды жеделдету. Үнемі қайталау, міндетті кезеңдік бақылау, блокпен оқыту, тірек қолдану, еркімен оқыту, оқыту мен тәрбиенің бірлігі.
  • Ойын арқылы оқыту технологиясы. Мақсаты мен мағынасы: ойын арқылы қызықтырып, баланың бойындағы білімдік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түсу.
  • модульдік оқыту технологиясы. Мақсаты мен міндеті: оқытудың тұтас технологиясын жобалау, алға қойған мақсатқа жетуді көздейтін педагогикалық үрдіс түзу.
  • проблемалық (мәселелік) оқыту технологиясы. Мақсаты мен мағынасы: оқу материалына оқушыны қызықтыратындай мәселе туғызу, оны шеше отырып, оқушылар білімді белсенді қабылдайды.
  • дамыта оқыту технологиясы. Мақсаты мен мағынасы: оқыта отырып, жеке тұлғаны және оның қабілеттілігін дамыту. Барлық оқушының дамуы жолындағы жұмыстарды қамту.
  • Түсіндіре басқарып, оза оқыту технологиясы. Мақсаты мен мағынасы: барлық оқушыны табысты оқыту, сабақты пысықтауға әуелі озаттар, сосын орташалар, ең соңында нашар оқитындар қатыстырылады; бірте- бірте толық дербестікке жету, өзара көмек, білім, білік, дағдыны дамыта меңгерту.
  • оқытудың комьютерлік технологиясы. Мақсаты мен мағынасы: шәкіртті «ақпараттық қоғамға» даярлау. Мұнда оқыту оқушының тікелей компьютермен қатынасы арқылы орындалады: жеке қасиеттеріне қарай комьютерге бейімделеді.
  • деңгейлік саралап оқыту технологиясы. Мақсаты мен мағынасы: әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту.
  • бағдарламалап оқыту технологиясы. Мақсаты мене мағынасы: ғылыми негізде түзілген бағдарлама негізінде оқытудың тиімділігін артыру. Бағдарламаланған оқу материалдары кадр, файл сияқты оқыту бөлігі арқылы беріледі.
  • өздігінен даму технологиясы. Мақсаты мен мағынасы: дербестікке тәрбиелеу. Әркім табиғат берген даму жолымен жүріп, өзін- өзі дамытады.
  • сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы. Мақсаты мен міндеті: білімнің болашақта қажетке жарауын қалыптастырады. сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой- толғаныс кезеңдерін түзіледі. сабақ кезінде үйренуші не үйрегенін саралап, салмақтап, оны қандай жағдайда, қалай қолдану жағдайда, қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді; қайта қарап, өзгерістер енгізеді.
  • шоғырландырып оқыту технологиясы. Мақсаты мен мағынасы: оқу процесі құрылымының психологиялық табиғи ерекшеліктерін қабылдауға жағдай туғызу, сабақтарды блокқа біріктіру нәтижесінде пәндерді терең үйрену.
  • белсенді оқыту технологиясы. Мақсаты мен мағынасы: оқушылардың белсенділігін ұйымдастыру, болашақ кәсіптік қызметінің пәндік және әлеуметтік мазмұнын модельдеу.
  • толық меңгеру технологиясы. Мақсаты мен мағынасы: меңгерген білімін тәжірибеде жүзеге асыру, қолдану.

Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы сабақ түрлері мен педагогикалық технологияларды меңгеру.

Қазіргі білім беру саласындағы қазіргі сабақ түрлері мен  оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын меңгермейінше, сауатты, жан-жақты білгір маман болу мүмкін емес. Жаңа сабақ түрлері мен педагогикалық технологияны меңгеру мұғалімнің зейін-зерделік, кәсіптік, адамгершілік, азаматтық және басқа да көптеген ұстаздық келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі.

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

  1. Нұрматова Р. Оқытудың жаңа технологияларын оқу — тәрбие ісіне енгізу. – 2009. – №6. Б. 26 – 29.
  2. Бөкенбаева Г. Жаңа инновациялық технология түрлерін пайдалана отырып, оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу
  3. Сығаева Р. Сабақ берудің жаңа технологиясы – оқушылардың білім сапасын көтерудің кепілі