М.Мақатаев « Қарттарды сүйем »

48

Сабақтың тақырыбы: М.Мақатаев « Қарттарды сүйем »

Сабақтың мақсаты:1.М.Мақатаевтың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату,мәнерлеп оқи отырып, түсінігін әңгімелеу дағдыларын қалыптастыру.2.М.Мақатаев туралы түсінік беру,қарттарға көмек көрсету, сөздік қорларын көбейту.3.Туған халқының талантты ақынына деген сүйіспеншілік сезімін оятып, адамгершілік тәрбие беру.

Көрнекілік; М.Мақатаевтың суреті,сызбалар, « Аман-сау жүрші, қарттарым »

Сабақтың барысы; I.Ұйымдастыру кезеңі

II Үй тапсырмасын тексеру  -Балалар, біз қандай үлкен бөліммен танысып жатырмыз?- «Қадірлі әкелерім, мейірлі аналарым ».

III Жаңа сабақ

М.Мақатаевтың бір шумақ өлеңімен бастау

Ақ қырау тұрған ақпанда

Ағаштар сырға таққанда.

Бозарып тұрып ақ таңда,

Есіңе мені алғайсың,

Есіңе мені алғайсың! Балалар, осы өлең шумақтары сендерге таныс па?

Ендеше, бүгінгі жаңа сабағымыздың мақсаты:Мұқағали Мақатаев атамыздың өмірімен және Мұқағали атамыздың қарттарды құрметтеу,қадірлеу жайында жазған « Қарттарды сүйем » өлеңімен танысамыз.

1931жыл 9-ақпан.Алматы облысы,Райымбек ауданы,Қарасаз ауылы

-Атасы-Мақатай, әжесі-Тиын -Әкесі-Сүлеймен, шешесі-Нағиман -Жан жары – Лашын

-Алғашқы өлеңдерін 10жасынан жаза бастаған -Қызы-Алмагүл, ұлдары-Айбар,Жұлдыз

-Кітаппен жұмыс

1.Өлеңді мәнерлеп оқып беру

2.Өзбетімен жартылай дауыспен түсініп оқу/ Таныс емес сөздерді түртіп алу/

3.Сөздікпен жұмыс    мұрагер-        кемеңгер-         дана-        сиреп –

4.Дауыстап, мәнерлеп тізбектей оқыту  5.өлеңнің мазмұнын ашу, талдау -Балалар, осы өлең кімдер туралы екен?- Қарттар туралы.

IV Ой топтастыру « Қарт» сөзін естігенде көз алдарыңа кімді елестетесіңдер?Қарт сөзін басқа қандай сөздермен алмастыруға болада?

Сергіту минуты

V Поэзия минуты  -↑Балалар,қазір біздің мектебімізде қандай оқулар өтіп жатыр?-Шәкәрім оқулары .Ал былтыр қандай оқулар болды? /Шәкәрім, Абай, Б.Момышұлы, М.Мақатаев/

Қанеки, кім М.Мақатаевтың қандай өлеңдерін жаттап еді?

VI Сабақты қорыту Үйге тапсырма Өлеңді жаттау ,эссені аяқтау