ЛОГИКАЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАР АРҚЫЛЫ ОҚУШЫНЫ ЖҮЙЕЛІ ОЙЛАУҒА ҮЙРЕТУ

213

 

ЛОГИКАЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАР АРҚЫЛЫ ОҚУШЫНЫ ЖҮЙЕЛІ ОЙЛАУҒА ҮЙРЕТУ

 

Қазіргі кезеңде мектептің алдына қойылып отырған басты талаптардың бірі- рухани дүниесі бай, жан-жақты дамыған жеке тұлға тәрбиелеу. Баланың шығармашылық қабілетін дамытудың жолдары, құралдарын анықтау психология мен педагогика ғылымдарында өте ертеден зерттеліп келеді.

Бүгінгі таңда оқытушылар алдында оқушыларға тек дайын білімді репродуктивті (білімді есте сақтау, жаттау, қайталап айтып беру) әдіс арқылы оқыта салмай, жүйелі түрде білімді өзі меңгеретін, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын, өзгеше ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр.

Білім сапасын арттыру мақсатын көздеген оқытушылар заман талабына сай оқушыларды жан-жақты түлға ретінде дамыта отырып, оқыту үрдісінде педагогикалық  жаңа технологияларды пайдалануда. Шығармашыл тұлғаны шығармашылықпен жұмыс істейтін оқытушы ғана қалыптастыра алады.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеті — ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен іс-тәжірибе жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптстыруға, дамытуға ж»не кәсіби шыңдауға бағытталған бідім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» деп атап көрсетілген.

Чехтың ұлы педагогі Ян Амос Коменский «Ұстаз оқушыға өзінің тәсілдерін үйретуден бұрын алдымен оның бойында білім алуға деген талпынысты оятып алуы  қажет. Егер шәкірттің бойында оқуға деген ынта – ықылас оянбаса, онда жүз мұғалім оған төніп тұрса да одан түк шықпайды» деген болатын. Білім, біліктерін оқушылардың зердесіне қалай ұялатудың ұтымды жолдарын, әдістерін талмай іздеу – әр ұстаздың міндеті. Баланың жасырын, тіпті тым терең жатқан қабілеттерінің көрінуіне мүмкіндік жасау үшін қызығу қабілетін ояту қажет. Мектеп оқушыларының шығармашылық қызығуын қалыптастыру өте маңызды, күрделі және көп салалы мәселе болып есептеледі. Шығармашылық дегеніміз- адамның өмір шындығында өзін- өзі тануға ұмтылуы, ізденуі.

Шығармашылық іс- әрекет — ойды түжырымдап айту, аталған мәселені шешуде тиімді әдістерді қолдану, негіздеу, оны тәжірибе жүзінде қолдану барысында нәтиженің нақты көрініс беруі. Бұл — әр адамның өзін-өзі жасампаздықпен қайта құра алуы, қоғамдық талаптар тұрғысынан өзіне сыни баға бере алуы, айналаны өзгертуге қатыса алуы деген сөз.

Шығармашылық іс-әрекет оқушының жеке тұлғасының қалыптасуына, танымдық біліктердің жетілуіне, өз іс-әрекетіне жауапкершілік, өз болашағына және қоғам өміріндегі құндылықтар мен дұрыс көзқарас ұстанымдарының қалыптасуына мүмкіндік береді.Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға ықпал жасау үшін біз олардың дербес ойлануын жандандыра түсуге тиіспіз. Оқушы тарихты «зерттеп үйрену» кезінде оқу материалын «жаттап, қайталай бермей» өткеннің оқиғалары мен адамдарына өзінің көзқарасын білдірсе, өткенмен сұхбат құра отырып оның тәжірибесін өз бойына дарытып іштей нәр алса, оқушы рухани жағынан биіктей түседі.

Қазақстан Республикасының Ата Заңының 20-бабында «Әркімнің шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі» делінген.

Оқушылардың шығармашылық қабілетін шығармашылық ойлауы мен шығармашылық тұрғыда жұмысын дамытуда логикалық тапсырмалар орындатудың маңызы зор. Логикалық тапсырмалар оқушыларды белсенділікке тәрбиелеу, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру, сондай-ақ оқушыларды икемділік пен шеберлікке баулу мақсатында пайдаланылады.

Логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үш негізгі бағытта іске асыралады:

кызығуын арттыру (біліктілігін кеңейту, өзіне талап қоя білуі);

ойлау және қабылдау қабілетін дамыту;

шығармашылық ізденісін дамыту.

Шығармашылық тапсырмалар орындау барысында бала шығармашылық ойлауға бейімделіп қуанышқа бөленеді. Оқу үдерісінде оқушылардың шығармашылық сипаттағы тапсырмаларын жүйелі түрде ұйымдастыру және оны болашақтағы кәсіби бағдарымен сабақтастыра қарастыру мұғалімнің педагогикалық құзіреттілігіне байланысты. Оқушының шығармашылық тұлғасын үш сапалық тұрғыдан қарастыруға болады.

1.Танымдық сапасы – оқушының қоршаған ортаны түсінуге ұмтылуы.

2.Шығармашылық сапасы – ойлау белсенділігі, ой тереңдігі, өзекті мәселені табу,

шығармашылық  қызығуының тұрақтылығы.

3.Ұйымдастырушылық сапасы – берілген тапсырманың мақсаты мен міндеттерін

түсіну, мақсатқа жетуге қажетті іс-әрекетті таңдай білу, коммуникативтік  қабілеттері т.б.

Бүгінгі күнде шәкіртке білім беру әрбір жаңа материалды түсіндіруде, ойлау қабілетін дамытуда, жұмыс жүргізуді күшейту мәселесін және де өз Отанының, халқының патриоты етіп тәрбиелеу мақсатын өз алдына қоюда. Бұл мәселені оқушуының қызығуын, қабілетін дамытатын әр түрлі іздену, танып білу тапсырмаларын беру арқылы жүзеге асыруға болады.

Оқушыларды логикалық танып білу, іздену тапсырмаларына мысал келтірейік: Алматы, Қызылорда, Астана. Қарағанды, Орынбор. Осы қатардан артық сөзді көрсету қажет.Тарихи негізде қарастырсақ, артық сөз Қарағанды, ал қалғандары Қазақстанның астанасы болған қалалар.

Логикалық тпасырмалар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру төрт кезеңнен тұрады:

  • Машық. Сергіту.
  • Оқушылардың шығармашылық қабілетінің негізі болған психикалық механизмдерін дамыту
  • Іздену тапсырмаларын орындау.

Оқушыларға белгілі түсініктен жаңалықты көруге тәрбиелеу мақсатында, шығармашылық тапсырмаларын орындату.

Бірінші кезең. Сергіту.

         Бұл кезеңде репродуктивті тапсырмалар беріледі. Оқушы өте ұқыптылықпен әрбір сауалды тыңдап, оған айқын, тез жауап беруі қажет.

  • Қазақстанда қанша ұлт өкілдері бар?
  • Қазақстанның қандай астаналары болған?
  • 8+5 орысша қалай айтылады? (Жауабы: он үш)
  • Жетіні жетіге қосып, оны жетіге бөлсе қанша болады? 7+7:7 (жауабы:2)
  • Соңғы әрпі «Р»мен аяқталатын айларды атаңдар және олар есеппен санағанда нешінші? (Олар қаңтар, сәуір, мамыр; 1;4;5)
  • Елдердің есімдері мен астаналарын және оны керісінше анықтаңдар: Бейжін, Финляндия, Мәскеу, Лондон, Қазақстан, Франция, Анкара,Сеул, Жапония, Бағдат, Рим, Бразилия,т.б.

Бұл тапсырмалар балалардың білім дәрежесіне қарап беріледі.

Сандық диктант

Егер оқушы мұғалімнің айтқанын дұрыс деп есептесе, өз парағына «1», егер дұрыс емес болса «0». Мысалы:

Қазақстан – еуразиялық мемлекет.

1916 жылғы Торғай көтерілісінің жетекшісі – Б.Әшекеев.

ҚазЦИК-тің тұңғыш төрағасы- С.Меңдешов.

Бірінші «Алтын киімді адам» Сарыарқадан табылды.

Ұлы Отан соғысы 1941 жылы 22 маусымда басталды.

«Ленинградтық өренім» жырының авторы- Ж.Жабаев.

Бірінші ғарышқа ұшқан адам Т.Мұсабаев.

Қазақстанда мемлекеттік тіл-қазақ тілі.

Жалпы жауап:10101101

(Торғай қөтерілісінің жетекшісі- А.Иманов; алғаш «Алтын адам» Есік қорғанынан, Алматы маңына табылды; Тұңғыш ғарышкер – Ю.Гагарин).

Сауал және тапсырмалар ойлау қабілетін арттыратын  санат боцынша берілсе, мысалы:

  • Кіші жүздің Ресейге қосылған жылының соңғы екі санын атаңдар.
  • Алғашқы қазақ ханының аты неше әріптен тұрады?
  • Қазақтың жазба әдебиетінің негізін салушы ақынның шын есімі кім?
  • Абылай хан тағына неше жасында отырған?

Екінші кезең. Оқушының психикалық механизмдерін дамыту. Есте сақтауды машықтандыру білімді ауыстыра алмайды, бірақ білім сапасын көтеруге негіз болады.

1.Көру қабілетін дамыту

Төмендегі сөздерді үш мәрте ұқыптылықпен оқып шығып, есте сақтау керек, дәптерді жауып қойып сауал тапсырмаларын орындаймыз.

Сақ.  Көшпенді. Қола.

Геродот.  Шырақ. Рабад.

1)Соңғы сөз неше әріптен тұрады?

2)Қанша сөз тек бір буыннан тұрады?

3)Қанша сөз «Қ» әрпімен аяқталады?

4)Кісі есімі нешеу?

5)Бұл сөздерді қатыстырып сөйлем құра.

2.Есту қабілетін дамытатын тапсырмалар

         Тақырыпқа қатысты бірнеше сөзді ауызша айтып шығып, оны сол естіген реті бойынша дәптерлеріне жазғызып шығу.

 

3.Зейінді дамыту үшін тапсырмалар.

1)Тәуелсіздік шежіресіне анықтама беру                                     1-кесте

1991.16.12. 1991.02.10 1991.29.08 1991. 21.12.
1992. 29.09 1993. 28.01 1995.30.08 1992 . 02 03

 

Жауаптар:

1991 16.12. Қазақстанның тәуелсіздік алған күні.

1991 02. 11 Тұңғыш қазақ космонавты Т.Әубәкіров ғарышқа ұшты.

1991 21. 12. Алматыда ТМД-ның құрылуы жөнінде шешім қабылданды.

1992 29.09. Тұңғыш дүние жүзі қазақтарының құрылтайы өткізілді.

1993 28.01. Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясы қабылданды.

1995 30.08. жаңа Конституция қабылданды.

1992 02.03. Қазақстан БҰҰ-ға мүше болды.

2)Реттік орын бер:

2-кесте

Оқиғалар Реттік орны
КСРО-ның құрылуы I
ТЖМК-ның құрылуы II
Ту мен елтаңбаның бекітілуі IV
Алғашқы әнұранның қабылдануы V
Ішкі істер әскерінің құрылуы III

 

3)Сәйкестендіру тестісі:

1.Патша                                 а)Ғұндар

2.Гуньмо                                ә)Сақтар

3.Хан                                               б)Оғыздар

4.Гурхан                                в)Қарақытай, қидандар

5.Жабғу                                 г)Қаңлылар, қыпшақтар

6.Қаған                                  д)Түріктер, түркештер,қарлұқтар

7.Шанью                                е)Үйсіндер

Есте сақтау қабілетіне негізделген зейінді тұрақтандыратын, қабілетті арттыратын негізгі тапсырмалардың сабақта көптеп пайдаланылуы, балаларды әрдайым жиынтық әр түрлі қиылыстарға даяр, өзінің қабілетіне сенімді және жалпы білім алуда саналы жоғары дәрежеге жететіндігін көрсетеді.

Логикалық тест сұрақтарын үлкен тарауларды қорытқаннан кейін немесе тұтастай сынып материалдары бойынша дайындаған тиімді. Себебі бір немесе екі параграфты пысықтау кезінде  бұл әдіс пайдаланылса, тар шеңберде қаралады. Ал төмендегідей жағдайда оқушыдан зор білімді қажет етері сөзсіз. Мысалы:

  1. Көне түркі мемлекеттерінің көпшілігінің астанасы қызметін атқарған қала: А)Сығанақ

      В) Суяб

     С) Тараз

    Д) Отырар

    Е) Баласағұн

  1. Әз Тәуке дүниеден өтіп, Абылай өз шыңына көтерілгенше, Қазақ елінің тарих сахнасында басты рөль атқарған мемлекет қайраткері:

                            А) Жолбарыс

                            В) Сәмеке

                            С) Қайып

                            Д) Барақ

                            Е) Әбілқайыр

Жоғарыдағы әр сыныптан келіп отырған тест тапсырмаларын  талдайық. Бірінші мысалдағы сұраққа жауап табу үшін оқушы, әуеклі, көне түркі ме,млекеттеріне қанедай мемлекеттер жататынын білуі керек, екіншіден олардың барлығының астаналарын білуі шарт, үшіншіден, жоғарыдағы мәселелерді білген  жағдайда ғана, оларды салыстыра қарап, оқушы өз жауабын анықтайды.

 

Үшінші кезең. Әр түрлі деңгейдегі іздену тапсырмаларын орындау. Іздену тапсырмаларын орындау процесінде оқушы мұғалімнің көмегінсіз, өзіне жаңа білім және оны алу қабілетін ашады.

Төртінші кезең. Шығармашылық тапсырмаларын орындау, оларды екіге бөліп қарауға болады.

  1. Пәнмен байланысты шығармашылық тапсырмалар. Олар толық өз алдына жұмысты талап етеді, іздену қызметіне негізделген, ілімге шығармашылық кірісу және дәстүрлі емес тәсілдерді пайдалану.
  2. Интегративті сипатқа ие оның ерекшелігі, әр түрлі мектеп пәндеріне арналған тапсырмалар, білімді интеграциялауға (ұжымдастыру) негізделген.

Осы жұмыс сараптамасы төмендегі қорытындыны жасауға мүмкіндік береді:

  1. Таным тапсырмалары пәнаралық байланыспен құрастырылып, тұлғаның

психикалық даму негізіндегі – ес, зейін, ойлау қабілеттерін арттыру қажет.

  1. Тапсырмалар репродуктивті бағыттан, ақырындап іздену бағытына, таным

процесіне, кейіннен қарастырылған өзіндік шығармашылыққа өтуі қажет:

ойдың шапшаңдығы (аз уақыттың ішінде көптеген идеялардың пайда болуы);

ойға икемділік (бір ойдан екінші ойға өтуі);

оригиналдығы (шешім қабылдау қабілеті);

дүниетанымдығы (қоршаған дүниені тану);

Тапсырма – танымдық, іздену және шығармашылық процестің бастамасы. Дәл сол арқылы ойлаудың оянуы жүзеге асады.

Шығармашылық тапсырмалар толық өз алдына жұмысты талап етеді. Іздену қызметіне негізделген, ілімге шығармашылық кірісу, жеке тұлғаны қалыптастырып және еліміздің ғылыми әлеуетін жоғары деңгейге көтеретін ұрпақты даярлауға жол ашады.

 

Қолданылған әдебиеттер:

  1. С. Әлімқұлова «Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудағы логикалық тапсырмалардың маңызы» Қазақстан тарихы әдістемелік журналы, № 5 2006 жыл.
  2. Д.Айтахунова «Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудағы логикалық тапсырмалардың маңызы» Жалпы тарих және құқықтану мектепте журналы, №1 2004 жыл.
  3. Ж.Жақсығалиев «ҰБТ: логикалық тест – заман талабы» Қаратөбе ұстазы газеті 20 мамыр 2011 жыл