Информатика сабағында жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып оқушылардың құзыреттілігін арттыру арқылы шығармашылықтарын дамыту.

87

Информатика сабағында жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып оқушылардың құзыреттілігін арттыру арқылы шығармашылықтарын  дамыту.

 

            Еліміздегі өзгерістер, қайта жаңғырулар білім беру жүйесіне де айтулы реформалар мен жаңа мақсаттар әкелді. ХХІ ғасырда адамдар жаңа технологияның тасқынының куәгері болды. Компьютер мен интернет, жаңа байланыс құралдарын, жаңа материалдар мен қызмет көрсетулер, жаңа ғылыми жаңалықтар, осының бәрі оқушылардың ой-өрісіне әсерін тигізді және таң қалдырды.

            Қоғамдағы жаңа өзгерістер және оның тез ақпараттандырылуы мен даму жылдамдығы білім беруге қойылатын талаптарды да түбегейлі өзгертіп, қоғам қажеттілігін қанағантандыру үшін білім беру саласына төмендегідей міндеттерді қойып отыр: білім сапасын арттыру, әлемдік білім беру кеңістігіне ену, білім беру жүйесін ақпараттандыру, интернет желісін пайдалану, электрондық оқулықтар, мультимедиалық технологияларды пайдалану, теллекоммуникациялық технологияларды пайдалану, қашықтықтан басқару және т.б.

            Бүгінгі байланыс қатты жетілді. Жаңа ұрпақты жаңа өмірге бейімдеуге ақпаратты жүйелерді компьютер, интерактивті тақта, интернет оқытуда информатика пәні мұғалімі еңбегі өте зор. Мұғалім-ақпараттанушы емес, оқушының жеке тұлғалық және интелектуалды дамуын жобалаушы.

            Оқушының ақпараттық құзыреттілігін дамытудағы маңызы. Компьютер адам қызметінің барлық саласында еңбек өнімділігін арттыру құралына айналды. Жеке тұлғаның ақпараттық мәдениеті негіздерін қалыптастыру оқушылардың компьютерде жұмыс істеуді игеруімен тығыз байланысты. Ақпараттық технологияның ерекшеліктерін айта келе, осы технологияны меңгеруде мұғалімнің кәсіби шеберлігі, ақпараттық технологияны тиімді және ұрымды пайдалана білуі басты мәселе болып саналады. Ақпараттық технология ғана білім беру мен тәрбие беру процесіндегі мұғалімнің қосымша құралы ретінде ғана қолданылады.

            Дұрыс және тиімді пайдаланылмаған ақпараттық технология оқушының білімі мен білік дағдысынның дамына, денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан, ең алдымен ақпараттық технологияны пайдаланып сабақ беруші мұғалім ақпараттық технологияны меңгеру деңгейі жоғары, оқушының жас ерекшеліктеріне сәйкес санитарлық –гигиеналық нормаларды білуі тиіс. Ешбір ақпараттық технология, компьютер, т.б. құралдар мұғалімнің рөлін арқара алмаайды.

            Ақпараттық құзыреттілік

  • Сыни тұрғыдан ұсынылған ақпараттар негізінде саналы шешім қабылдауға;
  • Ақпараттарды өз бетімен табуға, талдауға, іріктеу жасауға, қайта құруға, сақтауға, түрлендіруге және тасымалдауға, соның ішінде қазіргі заманғы ақпараттық –коммуникациялық технологиялардың көмегімен аталған жұмыстарды жүзеге асыруға;
  • Логикалық операцияларды (талдау, жинақтау, жалпылау, құрылымдау, тікелей және жанама дәлелдеу, аналогия бойынша дәлелдеу, модельдеу, ойша эксперименттеу, материалдарды жүйелеу) қолдана отырып, ақпараттарды өңдеуге;
  • өзінің оқу қызметін жоспарлау және асыру үшін ақпараттарды қолдануға мүмкіндік береді.

Ақпараттық құзыреттіліктің келесі бағыттары бойынша білім алушының білім беру деңгейіндегі жетістіктері:

  • Ақпараттық ізденісті жоспарлау;
  • Ақпаратты белгілі мен белгісізге бөледі,
  • Ұсынылған ақпараттан қойылған міндеттерді шешуге қажеттілерін бөліп алады,
  • Анықтамаларды, энциклопедияларды қолданады, кітаптардың мазмұны бойынша және сайттағы сілтемелер бойынша бағдар жасай алады.
  • Алғашқы ақпаратты алу;
  • Бақылау (қойылған міндетке сәйкес жоспар бойынша эксперимент) жүргізіледі,
  • Оқушыға сұрақ қоя отырып, ақпаратты алады,
  • Ақпарат көздерінен қажеттісін бөліп алады,
  • Ақпаратты екінші қайтара алу;
  • Берілген екі немесе одан да көп негіздеме бойынша ақпараттарды бөліп алады және жүйелейді,
  • Ақпаратты алғашқы өңдеу;
  • Алынған ақпаратты қарапайым берілген құрылым (1 белгі бойынша) аясында жүйелендіреді,
  • Ақпараттарды өңдеу;
  • Алынған ақпаратты дәл баяндай алады,
  • Ақпараттың жеткіліксіздігін немесеөзінің түсінбегендігін ескеретеді,
  • Ұсынылған ақпарат көздерінен дәйектерді таба біледі және оларды негіздей алады,

Информатика пәнінен оқушылардың білімін тексеруге арналған тапсырмалар арқылы шығармашылықтарын дамыту. Оқушылардың ой-өрісі  мен дүние танымын кеңейтіп, білім сапасының мейлімше өсуіне оқушылардың қаблетіне қарай саралап оқытудың ықпалы зор.

мен өз тәжірбем арқылы, сынып оқушыларының білім дәрежесіне қарай оқытудың нәтижелі болатындығына, балалардың сабаққа деген ынтасы, белсенділігі арта түсетіндігіне көзім жетіп келеді.

Саралап оқытудың көп пайдасы бар. әр бала қысқа да нұсқа сөйлеуге үйренеді. әрбір деңгейдегі бала білуге құмарта түседі, 1 – деңгейден 2-деңгейге, 2-деңгейден 3-деңгейге өтуге талпыныс жасайды.

Мұндағы мақсатым — өз бетімен дами алатын, әр түрлі өмірдің қиындықтарына төзе білетін, белсенді, білімді оқушыны тәрбиелеу.

Бұл технология біріншіден, дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. өйткені ол оқушының ойлануын, елестету мен есте сақтауын, ынтасын, белсенділігін, білім сапасының дамуына көмектеседі. әр оқушы кемінде мемлекеттік деңгей алуына кепілдік береді.

Технологиясы оқушының да, мұғалімнің де белсенді шығармашылық, қызметін дамытуға бағытталған. Осыған сәйкес мен 7- сыныбында информаитка пәні бойынша деңгейлік тапсырмалар беріп, оқушыларды қалыптастыра бастадым.  Деңгейлік тапсырмалар: 1,2,3,4 деңгейде беріледі.1 деңгейдегі тапсырмалар – мемлекеттік стандарт деңгей, бұны орындауға барлық оқушылар міндетті, 2-3 деңгейлер бірте – бірте күрделенеді және бұл деңгейлік тапсырманы орындауға оқушылар  құқылы, ал 4-деңгейде шығармашылықпен жұмыс істей алатын, өзіндік пікірін жеткізе алатын, ойын дәлелдей алатын қабілетті оқушылар орындайды. Бағалау балдық жүйемен асырылады. 1-деңгейді орындаған оқушы -5 балл, 2-деңгейге -10 балл, 3-деңгейге -15 балл, 4-деңгейге -20 балл.

Аталған жаңа бағалау әдісі әр оқушының дамуын қадағалайтын педагогикалық мониторинг құруға мүмкіндік береді. Ол үшін сабақтың соңында жиналған ұпайларына сәйкес нүктені оқушы өзі «даму мониторингі» бетіне, белгілеуі тиіс. Және осы ұпайға сәйкес бағаны сынып журналына қойып отыру керек. Бұл жағадайда әр оқушы әр тақырып бойынша бағаланады. Ал ұстазға сабақтан тыс уақытта оқушымен жеке жұмыс істеуі үшін үлгерімі төмен оқушыға қажет тақырыпты анықтауына және оқу сапасын көтеруіне мүмкіндік туады.

Бұл технологиямен жұмыс істегеніме көп бола қойған жоқ. Осы жылдың ішінде мол тәжірибе жинай алдым деп айта алмаймын. Бірақ мұғалімнің ынтасы, жұмыс істеуге деген құштарлығы білім беру жүйесінде нәтижеге жеткізетіндігін байқадым. Сонымен бірге сынып оқушыларының арасынан білім деңгейлерін анықтап, ары қарай дамытуға көп көмегін тигізді.

Шығармашылық қабілет әр баланың қабілетінде болуы мүмкін. Біздің міндетіміз – оқушыға оның бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету, қабілеттің дамуына түрткі бола білу.

Сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін:

  — информатика сабағында оқушылардың ой еңбегі мен қабілетін арттыру

және дамытудың тиімді әдістерін қалыптастыра білу;

— берілген тапсырмалардың тәсілдерін біліп, оны ұғыну;

— қосымша әдебиеттер оқып, білім деңгейін толықтыру;

Оқушылардың қызығуын арттыру мақсатында ойын элементерін пайдалану.

Информатика пәнін мектепте оқытудың басты үш мақсатының бірі – практикалық (қолданбалы) мақсаты. Бұл оқушыларды практикалық қызметке, басқа пәндерді оқыту үрдісінде практикалық есептерді шешуге және келешекте ақпараттық қоғамда өмір сүруге дайындау болып табылады. Осы орайда информатика пәнінен практикалық тұрғыда дидактикалық материалдарды қолдану ерекшелігі жоғары.

Дидактикалық материалдар информатика оқулығының негізінде алынған өзіндік бақылау және қосымша тапсырмалардың, пысықтау сұрақтарының және қызметты есептердің жиынтығы болып табылады. Мұндағы жұмыстар әр сыныптағы информатиканы оқытудың жалпы тақырыптық жоспарына сәйкес жазылуы тиіс. Оқу құралы мұғалімнің жазба жұмыстарын жүргізуде әдістемелік көмек көрсету және оқушылардың біліміне, біліктілігіне, дағдысына қойылатын талаптардың бағдарын анықтауға мүмкіндік жасай алады.

Өзіндік жұмыстар және қосымша жұмыстардың мазмұны оқулықтың теориялық материалдар мен жаттығулардың мазмұнымен тығыз байланысты болуы шарт. Оқу құралының мазмұнына енген материалдар оқушылардың дайындық деңейін ескере отырып, түрлендіріп беруге ыңғайланып жасалады. Дидактикалық материалдарға өзіндік жұмыс тек оқыту сипатында жаңа өтілген материалдарды пысықтауға және бекітуге арналып беріледі. Ол тапсырмалар оқушылардың біліктіліктерін, дағдыларын қалыптастыруға көмектесуге және олардың білімдерін тексеруге бағытталған.

Дидактикада оқу әдістемелік кешенінде нақты пән бойынша бағдарламада көрсетілген білімді меңгеруге және тәрбиелік міндеттерді неғұрлым толық іске асыру мақсатында құрылатын және оқушылардың жеке басының дамуына жәрдемдесетін дидактикалық оқу құралының жүйесін түсіндіреді. Бұндай кешенде оқулық басты рөл атқарады. Оқу әдістемелік кешеніне мыналар жатады:

  • Жұмыс дәптері;
  • Мұғалім үшін әдістемелік материалдар;
  • Оқушылардың өзіндік жұмыстары үшін дидактикалық материалдар;
  • өзін — өзі тексеру материалдары;
  • анықтамалық материалдар, т.б. жатады.

Жеке тұлғаның өзінің іс — әрекетін өз бетімен анықтап, өзін — өзі дамыта алатын дәрежеге жетуі үшін білім беру мазмұнында ғана емес, сонымен қатар, оқушыларды жеке тұлға ретінде қарастыруға мүмкіндік беретін оқушылардың білімін бағалау жүйесінде жұмыс дәптері қолданылып жүр.

Жұмыс дәптері деп оқушылардың білімділік және біліктілік дағдыларын жетілдіру үшін оқытудың жаңа технологиясы негізінде дифференциалдық және дербес деңгейлік ұстанымдарының талаптарына сәйкес өткізілетін әртүрлі сабаққа арналған жаңа тұрпаттағы оқу құралын айтамыз.

Жұмыс дәптерінің міндеті – бағдарламада берілген оқу материалдарының мазмұны мен көлемін бөлшектеп алу және білім беруді жүйелеу болып табылады. Оқушылардың әр қайсысына жұмыс дәптерін тарата отырып, олардың білімін өтілген материалдар бойынша қаншалықты игерненін тексеріп, бағалау өте тиімді әдіс болып саналады.

Жұмыс дәптері оқушылардың білімін, өз бетінше жұмыс істеу мүмкіндіктерін арттырып, өтілген материалдарды пысықтауға, бекітуге және оқушылардың біліктіліктерін, дағдыларын қалыптастыруына көмектесіп, оқушылардың білімдерін тексеруге арналып жасалынады. Орта мектепте жұмыс дәптерін қолдану  оқушылардың шығармашылық белсенділіктеріне сәйкестенділіліп, олардың жас ерекшеліктерін ескеріліп жасалынуы тиіс. Жұмыс дәптерінде дәптерінде ұсынылатын қосымша тапсырмалар және сұрақтар өте анық, түсінікті, оқушылар ой тұжырымдарын жасауға ыңғайлы болуы тиіс.

Жұмыс дәптері оқушылардың пәнге деген қызығушылығын және түрлі қабілеттерін дамытуға, танымдық мүмкіндіктерін арттыруға көмектеседі және оқушылардың білімін тереңдетуге, дамытуға, өз бетінше жұмыс жасауға, ойлау қабілеттерін арттыруға көмектеседі. Информатика сабақтарында оқушылардың жеке –дара жұмыс істеуі оқытудың барлық кезеңдерінен бастап, олардың алған білімдерін жүйелеу, қорытындылау және тексеру қызметтерінде де жүргізіле береді. Оқу процесін ұйымдастыруда жұмыс дәптерін материалдарды қайталауда, бірнеше тақырыптарды өтіп оларды қорытындылау және де білімді тексеру кезеңдерінде пайдаланған жөн.

Жұмыс дәптерінің ерекшелігі – ол әр өтілген материалдар бойынша сыныптағы барлық оқушыларды қамтып, олардың сабаққа қатысуын қадағалап, барлық оқушыларды бағалай алады.  Орта мектептерде информатика пәніне арналып жасалған жұмыс дәптері әр түрлі әдістемелік технологиялар арқылы оқушылардың қабілеттілігін тексеруге және бағалауға мүмкіндік береді. Бағалау әдістеріне мына төмендегілер жатады:

  • оқулықтағы материалдар бойынша сұрақтарға жауап алу әдісі. Бұл сұрақтарға оқушылар нақты түрде дұрыс жауаптарын жазулары тиіс;
  • Өтілген материалдар бойынша тест алу әдісі. Бұл тест сұрақтарына оқушылар дұрыс жауаптарын көрсетіп қоюлары тиіс;
  • Оқушылардың ойлау логикасын қалыптастыруға арналған әдістер. Мұнда оқушыларға арналған сөзжұмбақтар, ребус, фильворд т,б. Беріледі, яғни өтілген материалдарға арналып жасалынады. Бұл әдіс оқушылырдың қызығушылықтарын арттырады.

Жұмыс дәптері оқулық бойынша мұғалім жаңа сабақты түсіндіріп болғаннан кейін, оқушыларға жеке-жеке таратылып беріледі. Сабақ соңында мұғалім жұмыс дәптерін жинап алып, жаңа өтілген материалдар бойынша оқушылардың қаншалықты жаңа материалдарды қабылдағанын, сабаққа қатысуын, оқушылардың білімі мен біліктілігін, өз бетінше жұмыс жасау қабілетін, әр сабақ сайын сабаққа қатысқан оқушыларды үнемі қадағалап, олардың білім деңгейін бағалап отырады.

Қорытынды. Қазіргі кезде қазақ тілінде информатика пәніне арналған оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар, дидактикалық материалдардың тапшылығы белгілі. Информатика пәні сабақтарында оқушылардың қызығушылықтарын дамытуға арналған дидактикалық материал ретінде осы жұмыс дәптерін, деңгейлік тапсырмалар қолданудамыз.

Осы жұмыстар нәтижесінде оқушылар нені үйренді?

-оқушы өзінің білімі мен біліктілігін оқу процесінде меңгерненін көрсетеді;

-оқушының өз бетінше білім алу дағдысын қалыптасады;

-жеке тұлға тұрғысынан қарағанда оқушы өзінің жеке білімін жасауды

үйренеді;

-кез-келген дағды мен білік ол практикада немесе теорияда болсын оқушының меңгернен іс- әрекетінің әдісі болады;

-оқушы бос уақытын тиімді пайдалана алады;

Мұғалімнің және оқушының шығармашылық жұмыстарының ғылыми деңгейін қалыптастыруда, жаңа құндылықтар, ізденістер жасау. Ұстаз үшін нәтижеге жету шәкіртінің білімді болуы ғана емес, білімді өздігінен алуы және алған білімдерін қажетіне қолдану болып табылады. Бүгінгі бала –ертеңгі жаңа әлем.

Оқушының дамына әсер етуші әлеуметтік фактор негізінде оқушы, мұғалім, ата –ана, басқа пән мұғалімдері ынтымақтасуы керек.

Заман талабына сай жаңа технология әдістерін үйрету, бағыт-бағдар беруші – мұғалімдерміз. Оқушылардың жаңа тұрмысқа, жаңа оқуға, жаңа қатынастарға бейімделуі тиіс. Осы үрдіспен бәсекеге сай дамыған елдердің қатарына ену ұстаздар қауымана зор міндеттер жүктелетінін ұмытпауымыз керек.

 

 

 

 

ӘДЕБИЕТ:

 

 

  1. Құдайбергенова Г. Құзыреттілікті қалыптастыру жолдары.
  2. Бағаева И.Д. Мұғалімнің кәсідилігін анықтау
  3. Қ.Р. жаңа формация мұғаліміне үздіксіз білім беру Концепциясының жобасында (Астана 2005)
  4. Нағымжанова М. Инновациялы-креативті технология /Өскемен.2005/
  5. Қазақстан мектебі №5.2006
  6. нұрғалиева Г. Таутаева Г. Тілеуова С. Ақпараттандыру –білім беруді реформаландырудың негізгі механизмі                  / 262-263 бет /
  7. информатика пәні маманы даярлау барысында қазіргі қоғамдық концепциялар және олардың жаңа ақпараттық технологиялармен өзара байланысы.
  8. Т.М.Клейман. школы будущего: Компьютеры в процесе обучения. М:Радио и связы, 2006
  9. «Информатика негіздері» ғылыми әдістемелік журнал
  10. М.М. безруких. С. П. Ефимова «Знаете ли вы своего ученика?
  11. Е. Ы. Бидайбеков, Ж.К. Нұрбекова , А.Е.Сағымбаева «Информатикадан оқушылардың білімін бақылау, бағалау» әдістемелік құрал                   /Алматы 2003/
  12. Ш.Т.Шекербекова, А.Е. Сағымбаева «Информатика» әдістемелік құрал /Алматы 2005/
  13. Сыни тұрғысынан ойлау технологиясы Стил С., Крутис С..