Даңғой. Есентай Ерботин

32

Тақырыбы: Даңғой. Есентай Ерботин

Мақсаты: 1.Оқушыларға мәтіндегі негізгі ойды, идеяны
ұғындыру.

2.Мысалдағы қалтарыс, кәде, даңғой, желөкпелік қырсығы т.б. сөздерді пайдаланып, оқушылардың байланыстыра сөйлеу дағдыларын, мәнерлеп оқу және танымдық білімін арттыру, ой-өрісін жетілдіру.

3.Мақтаншақтықтың зиянын білгізіп, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге баулу.

Көрнекілігі: сюжетті сурет, парақша, «сиқырлы сандар» кестесі

Сабақтың жүру барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі.
1.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
2.Сабақ жоспарын таныстыру.
II.Үй тапсырмасын сұрау.
III.Жаңа білім.
1.Кіріспе әңгіме.Ұқыпсыздық, салақтық, ұрлықтан аулақ болу керек.Ондай жаман әдеттің бірі — даңғойлық яғни ретсіз мақтаншақтық.Бүгінгі оқитын мысал осы жөнінде.Оның авторы Есентай Ерботин балалар ақыны, оның шығармалары қысқа тақпақтар, жаңылтпаштар, ойын-өлеңдер, мысалдар.Олар өте қызықты оқылады. («Менің досым»).
2.Мысалды оқып, сюжетті сурет бойынша мазмұнын түсіндіру.
3.Оқулықпен жұмыс.Мәнерлеп оқу.
IY.Сергіту сәті.Қияр сөзін дене мүшелерімен жазу.
«Сиқырлы сандар» кестесі ойыны.
1.Шығарма неліктен мысалға жатады?
2.Қияр нені қиялдады?
3.Сол үшін не істеді?
4.Уақыт жеткенде қияр қандай күйге ұшырады?
5.Мысалда ақын қандай тұжырым жасайды?
6.Мысалдан қиярдың сөзін тауып оқы.
7.Өлең сөздеріне сүйене отырып, «мақтаншаұ» деген мағынаны білдіріп тұрған сөздерді тауып оқы.
(Дәптерге жазу. Мақтаншақ, даңғой, желөкпе).
8.Мысалдан «үлкен» деген мағынаны білдіріп тұрған сөзді
тауып оқы.(үлкен, нән, алып, дәу).
9.Мысалдың соңғы шумағына көңіл бөліп, оның неге жататынын анықта: — мақал-мәтел, -нақыл сөз.
10.Қалтарыс сөзін қатыстырып сөйлем ойла.
11.Кәде сөзін қатыстырып сөйлем ойла.
12.Даңғой сөзіне сөйлем ойла.
13.Өзіңді мақтап айт.
14.Досыңды мақтап айт.
15.Өзгені мақтаған немесе өзіңді мақтаған оңай ма? ұнай ма?
Жасырылған сөз: Таласпа, жаным-ай, Қолыңнан келмеске…(Абай).
«Нәтиже» басқышы.
1.Парақшада берілген сөздермен тілек айту.
Талап ————Өсек ————— Отан
Еңбек———— Өтірік ————— Ел
Рақым ——— Мақтаншақ —— Халық
Терең ой —— Еріншек ———— Ата-ана
Қанағат ——— Қызғаншақ ——- Мектеп
Білім ———— Ұқыпсыз ———— Туған жер
Y.Қорытынды:
2.Не өтілді?
Нені үйрендік?
YI.Үйге тапсырма1.Мысалды мәнерлеп оқу.2.Мазмұнын жазу.
YII.Бағалау.