Дарынды балалармен жұмыс жүргізу.

1207

Дарынды  балалармен  жұмыс жүргізу.

 

Балам дейтін жұрты болмаса,жұртым дейтін бала қайдан шығады?

А.Байтұрсынов.

ХХІ ғасыр –білімділер ғасыры.Ғасыр талабына сай зерделі, ой-өрісі жоғары азаматты қалыптастыру- мемлекетіміздің стратегиясы болып отыр.  Дарындылықты дамыту білім саласына қатысты заңнамаларда жақсы көрініс тапқан. Мысалы, 1989 жылы 20 қарашада БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы қабылдаған «Бала құқықтары туралы» конвенцияның 29,31 баптарында қатысушы мемлекеттер баланың «… жеке тұлға ретінде дамуына, баланың бойындағы дарынын және ақыл-есін, дене бітімдік қабілеттерін барынша толық дамытуға, …келіседі», «…Білім алу тұлғалық, дарындық, саналық және шымырлық қабілеттің барынша дамуына бағытталуы керек » делінген. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 17 шілдедегі қабылданған «Білім туралы» заңында «жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту»   білім беру жүйесінің міндеттері деп көрсетілген.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын таныту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. Дарынды балаларға білім беруді әр ғылымның бүгінгі дәрежесіне сәйкес жүргізу бір жағынан қоғамға талантты мамандар даярлауда тиімді болса, екінші жағынан қоғамға ерекше дарынды балалардың тек өзінің интеллектуалдық дамуын қамтамасыз етеді.
Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт-бағдар бере білу ерекше қиын іс.

Дарындылықты анықтаудың дайын үлгісі, әдіс-тәсілдері жоқ. Дарындылық, жеке қабілеттілікті дамыту, интеллектуалдық, шығармашылық мәселесіне педагогтар, психологтар, әдіскерлердің көптеген еңбектері арналған. Бүгінгі таңда дарынды балалар мәселесін зерттеуге қатысты философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерде маңызды ой-пікірлер жинақталған. Бұл мәселенің түп тамыры ғасырлар тереңінде жатыр. Адамның психологиялық ерекшеліктері жөніндегі идеялар, оның ішінде қабілеттілік туралы ойлар сонау ертедегі грек философтарының еңбектерінде, қайта өрлеу дәуірі ғалымдарының және алдыңғы қатарлы әр елдің озық ойлы педагогтерінің еңбектерінде кездеседі. Қабілеттілік пен дарындылық мәселесі- Орта Азия мен Қазақстан ойшылдарын да толғандырған мәселе. Мысалы, Әл-Фараби «Бақытқа жету трактаты» еңбегінде этикалық мәселелермен қатар, адам қабілеттілігіне білім беруде түрлі озық әдіс-тәсілдерді қолдану жолдарына көңіл бөледі. Абай «жетінші қара сөзінде» баланың ақыл-ойы, қабілеттілігі туралы мынадай пікір айтады: «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі- ішсем, жесем, ұйықтасам деп туады. Бұлар- тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды, һәм өзі өспейді, таппайды. Біреуі білсем екен деп, не көрсе соған талпынып, жалт-жұлт еткен болса, оған қызығып, аузына салып дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан  ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да тұра жүгіріп, «ол немене?» «бұл не?» деп, «ол неге үйтеді?», «бұл неге бүйтеді?» деп, көз көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен дегені». Баланың білсем екен, үйренсем деген талабын ұштайтын, жеке ерекшелік қасиет, қабілеттерін ескере отырып оларды біліммен, іскерлік, дағдымен қаруландыратын, танымдық ой-өрісін және шығармашылық әлеуетін дамытатын мұғалім-ұстаздың ерекше мақсатты қызметінің қажеттілігі жоғары. Шәкәрім Құдайбердиевте «Насихат» атты өлеңінде өмірдің тұтқасы өнер мен білімде, өнерлі озады, білімді ғаламды билейді, ғылым таусылмас кен, оны жас күніңде үйрен деп насихаттайды.

Сондықтан қай уақытта да дарынды тұлғаны дамыту өзекті мәселе болып келеді.

Дарындылық мәселесін зерттеушілердің еңбектері көп болғанымен, дарындылықтың мән-мағынасы жөнінде олар ортақ бір пікірге келе қоймады.

Дарынды балалармен жұмыс істеу дарындылықты айқындаудан басталады.Ол үшін алдымен бала бойындағы қабілеттікті, бейімділікті тани білуіміз қажет. Ғылыми зерттеулерде баланың әр кезіндегі қабілеті, белгілі бір іс-әрекетке бейімділігі жас кезінен белгілі бола бастайтынын дәлелдеген.

Қабілет-дәреже әр адамда әр түрлі денгейде болады.Іс-әрекетті шығармашылықпен орындау мүмкіншілігін қамтамасыз ететін қабілеттің түрін дарындылық деп атайды.Біреулер «Дарындылық-іс-әрекеттің белгілі бір салада ерекше жетістіктере жетуге жағдай жасайтын, адам қабілеті дамуының жоғарғы дәрежесі» десе, енді біреулер «Дарындылық үш қасиеттің – ортадан жоғары ақыл-ой қабілеттілігі, шығармашылық жол таба білу және мақсатқа құштарлықтың үйлесімділіг» дейді (америкалық педагог Дж.Рензулли).Ал педагогикалық энциклопедияда төмендегідей анықтама берілген: «Дарындылық-белгілі бір әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғары деңгейі». Белгілі психолог Н.С. Лейтестің айтуынша : «Дарынды бала-бұл белгілі бір салада жетістіктері  айқын көрінетін немесе сондай жетістіктер   әлеуеті мол бала». Дарындылық – қабілеттердің жиынтығы, қызметтің бірнеше түрінен көрнекті нәтижеге жеткен, қоғамға пайдалы ісімен көзге түскен жеке адам.

Сондықтан да, біз баланың дарындылығы деп, оны өз құрдастарымен салыстырғанда бірдей жағдайда білім игеру деңгейінің шоғырлығымен аса ерекше байқалатын шығармашылық қабілетінің байқалуы деп түсінеміз.
В.Крутецский өзінің математикалық қабілеттіліктің құрылымын зерттеген еңбегінде: «Егер қабілеттіліктер деген ұғымды жеке психикалық қасиеттер деп түсінсек, онда дарындылық дегенді адамның ерекше қабілетінің жиынтығының бірлігі деуге болады»,-деп тұжырымдады.
Дарындылық ұғымымен қатар шығармашылық, талант, данышпандық ұғымдары да бар.

Шығармашылық-өзінің жаңашылдығымен, өзгешелігімен ерекшеленетін өнім алуға мүмкіндік жасайтын, жеке тұлға бойындағы қабілеттіліктің, білім мен біліктіліктің болуы.
Талант-қабілеттіліктің ең жоғары деңгейі.

Данышпандық-қоғам өмірінде тарихи маңызы бар, шығармашылықпен сипатталатын дарындылықтың жоғары деңгейі.

Дарынды балаларды анықтау-баланың дамуын таңдаумен байланысты ұзақ процесс. Осы айтылғандарды ескере отырып, дарынды балаларды анықтаудың мынадай ұстанымдары тұжырымдалды:

  1. Баланың қызығушылығы мен бейімділігіне барынша сәйкес келетін қызмет аясында баланың іс-әрекетіне талдау жүргізу.
  2. Дамытушылық ықпал ете отырып, баланың психологиялық кедергілерін жоюға мүмкіндік беретін тренингтік әдістерді пайдалану.
  3. Баланың дарындылық белгісін оның психикалық дамуының нақты деңгейінде ғана емес, сондай-ақ оның болашақтағы даму мүмкіндігін де есепке ала отырып бағалау.
  4. Жұмыс нәтижесін талдау, бақылау, әңгімелеу, мұғалімдер мен ата-аналардың сипаттамалық бағалары.
  5. Түрлі ақпарат алу көздерін пайдаланып, бала қабілеттерін кең көлемде қамтуға мүмкіндік беретін баланың мінез-құлқы мен іс-әрекетін жан-жақты бағалаудың кешенді сипаты. Білім беру жүйесінде жаңаша мазмұн беру арқылы жан-жақты дамыған шығармашыл, рухани ой-өрісі кең жеке тұлғаны тәрбиелеу міндеті тұр.

Осы айтылған тұжырымдарды қорыта келе, дарынды балалардың қабылетін дамытудың келесі жолдарын іріктеп алуға болады:

  1. Сабақтар, ОҚҒ-ның жұмысы;
  2. Пәндік үйірмелер;
  3. Тіл мерекесі;
  4. Абай оқулары;
  5. Олимпиадалар;
  6. Интеллектуалдық ойындар, дебат (пікір сайыс) клубы;
  7. Ғылыми-практикалық конференция (ізденімпаздық жұмыс, зерттеу жұмысы, рефераттар қорғау, жоба қорғау);
  8. Оқушылардың білім деңгейлерін арттыру (мұражайға бару, белгілі адамдармен кездесу);
  9. Шеберлер байқауы (ақындар айтысы, шешендер сайысы, би үйірмесі, шебер қолдар үйірмесі);
  10. Оқушылардың аудандық, облыстық, республикалық шығармалар, жобалар байқауларына қатысу.

 

 

 

 

Біздің мектепте дарынды оқушылар аз емес.

Атап кетсек соның ішінде ерекше мектепте көзге түсетін мына оқушылар: Перженица А., Зинько Д., Цекова А., Блажевич К,.Машкина В.,Шишкинв Н.,Кошкинбаева А., және т.б.

Осы оқушылар өз дарынды қабілеттерін дамыта білетін оқушылар. Адам өмірге өзіндік қасиеттері мен қабілеттерімен келеді. Ал баланың бойындағы туа біткен қасиеттерді дамытатын — тәрбие мен оқыту. Неғұрлым баланың қабілеті мен талантын дамытуға ертерек көңіл бөлінсе, соғұрлым оны толық ашуға мүмкіндік туады. Бала бойында ерекше қасиеттерді оған жақын жасы үлкендер дұрыс жеткілікті бағаламаса, оның «өзгелер» сияқты болып қалып қоюуы мүмкін. Сондықтан мектебіміздің оқушыларына дұрыс бағыт-бағдар көрсетіп, тәлім-тәрбие беру мектеп ұжымының басты міндеті деп санаймыз.

Мектебімізде дарынды оқушылармен жұмыс практикалық тұрғыда негізінен төрт бағытта ұйымдастырылады. Олар: интеллектуалдық, спорттық, өзін-өзі басқарушылық-ұйымдастырушылық, көркемөнерпаздық.

Мектеп оқушылары қабілет-қарымына, дарынына қарай өз қабілеттерін осы бағыттағы жұмыстарға қатынаса отырып дамыта алады. Енді аталған бағыттағы жұмыстарға жеке-жеке тоқталсақ.

 

  1. Ақыл-ой, тіл, интеллектілік жағынан дарындылармен жұмыс оушыларды ойлауға, есте сақтау қабілеттерін арттыруға, сөйлеу өнеріне, ғылыми тұрғыда ізденуге, жадын дамытуға, пікір таласып ойталқыға түсуге, көркем сөйлеп қисындауға үйретеді. Бұл бағытта мектепте төмендегідей шаралар дәстүрлі өткізіліп отырады. Олар: оқушылардың ғылыми жобалар сайысы, көркемсөз оқу шеберлері додасы, интеллектуалдық марафон және тағы басқалар. Бұл шаралардан негізінен оқушылардың ой-өрісі жоғары деңгейде дамиды. Жадта сақтау қабілеттері шыңдалады. Нағыз шығармашылық деңгейге көтеріледі. Осы бағыттағы шараларға қатынасып жоғары деңгейде көрсеткіштер көрсеткен (аудандандық «Мұқағали» оқуларының ІІІ орын жүлдегерлері Зинько Д., Байрактар А.), (аудандық «Абай-Шәкәрім» оқуларының І орын жүлдегері Цекова А.), (Облыстық оқушылардың ғылыми жобалары сайысында Блажевич К. ІІІ орын) сияқты оқушылардың шығармашылығы мен қарымын, дарындылығын атап өтуге болады.
  2. Спортпен шұғылдану салауатты өмір салтын ұстанудың маңызды бағыты. Бұл бағыттағы жұмыстарды жүргізуде волейбол, жеңіл атлетика,баскетбол, шахмат, футбол,тоғызқұмалақ, дойбы, сияқты ойын және спорт түрлерінен сайыстар мен жарыстар, сыныптан тыс шаралар өткізіліп отыр. Оқушылар спорттық шараларға жоғары деңгейде атсалыса отырып жоғары көрсеткіштерге де жетуде. Арнайы тоқталар болсақ: ( Акмол а. өткен жарыстарда баскетболдан- 4 орын, волейболдан- 3 және 2 орындарға ие болды) . Сакольский Р., Олейник А., және  Кошкинбаева А.  сияқты оқушыларымыз облыстық жарыстарға да  белсенді қатысып, жоғары көрсеткіштер көрсеткен.
  3. 3. Өзін-өзі басқарушылық-ұйымдастырушылық бағытында атқарылған шаралар да оқушылардың қарым-қабілетін, дарыны мен шығармашылығын дамытады. Мектепте оқушылардың өзін-өзі басқаруы бағытында құрылған «Мир» қоғамдық ұйымының өзіндік орны бар. Ұйым оқушылардың мектеп бойынша өз ойларын жүзеге асыру алаңы. Оқушылар ортаға салған тың идеяларды жүзеге асыруға кең мүмкіндік береді. Ұйым өз жұмысын мектептегі оқушылардың барлық қоғамдық басқа ұйымдарымен, бірлестіктерімен атқарады. Ұйым мүшелерінің өзіндік атқаратын қызметтері өзара бөлінген және айына бір рет өздері мектепішілік шара ұйымдастырады.
  4. 4. Көркемөнерпаздық .

Мектебімізде жоғарыда айтқандай бірнеше қоғамдық негіздегі үйірмелер жұмыс жасайды. Олар: «Родина» би үйірмесі. Үйірме оқушылардың жас ерекшелігіне қарай үш топқа бөлінген. 1-4 сыныптар «кіші топ», 5-7 сыныптар «орта топ», 8-11 сыныптар «жоғары топ».Би үйірмесі мүшелері, сияқты оқушылар ерекше қабілеттерін көрсете білді. Үйірме бірнеше рет аудандық, облыстық би додаларынан бас жүлде және І орындарға ие болған.

«Тополек» (ансамбль ложкарей)  үйірмесі, «Былина» орыс ұлттық аспаптар оркестрі ( «Ақмола жұлдыздары» облыстық көркемөнерпаздар  сайысы сыйлықтарының лауреаты,солист Зинько Д.)

Дарынды және шығармашылық қабілеті жоғары балалармен жұмыс істейтін мұғалімге қойылар талап та, көтерер жүк те ауыр.Ол қалыпты деңгейден ерекше, өзі де ізденуші, зертеуші, шығармашылық тұлға болуы керек.

 

 

Дарынды балалармен жұмыс жасайтын мұғалімдерге төмендегідей талаптар қойылады:

 

— кең пейілді, нақты болу;

 

— интеллектуалды дамуының жоғары болуы;

 

— іскерлігімен, қызықтыратын тақырып ауқымы кең болуы;

 

— белсенді, тынымсыз, мінез-құлық икемі;

 

— әзілдесе білуі;

 

— өзін-өзі жетілдіру барысында көзқарасын өзгертуге әзір болуы;

 

— өзіндік дүниетанымдық көзқарасы болуы;

 

 

Орташа балалармен салыстырғанда,дарынды балалардың

даму деңгейі

 

  • оңай оқиды,
  • үлкен тіл байлығына
  • және сөз қорына ие
  • абстраттік ойлау
  • қабілеттері ертерек қалыптасады,
  • тапқыр, қажырлы,
  • шығармашылыққа бейім
  • өзгенің ұстанымын қабылдауы қиын келеді
  • жоғары әлеуметтік мұраттарымен ерекшеленеді
  • адамдардың көңіл-күйін байқағыш келеді
  • әділетсіздікке ерекше ұшқыр жауап береді

 

 

Дарынды  оқушылармен жұмыс барысында  қолданылып жүрген  психологиялық әдістемелер:

 

  • “Дарындылық картасы” әдәстемесі (Савенков)
  • Джонс креативтілігі сұрақнамасы
  • Оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің диагностикасы
  • Оқу мотивін анықтау сұрақнамасы
  • Баланың профильдік қызығушылығын анықтау әдістемесі
  • Жалпы дарындылықты анықтау әдістемесі ( ата аналарға сауалнама)

 

Оқушының дарындылығын  анықтауда қолданатын   әдіс тәсілдер :

  • Баланың отбасылық жағдайын зерттеу
  • Шығармашылық қабілетін анықтау
  • Сауалнамалар, тренингтер өткізу
  • Пәндік олимпиадаларға, ғылыми жоба сайыстарына қытысу

 

Дарындылықты дамыту жолдары

 

 

 

Әдістемелік бірлестік

 

 

 

Әдістемелік кеңес

 

 

Мектеп әкімшілігі

 

Нәтижелерінің  көрсеткіштері

 

  • -оқытуда белсенді шығармашылық
  • -алдағы іс-әрекетке мотив/себеп/қалыптастыру
  • -білімнің түрлі қайнар көздерін пайдалану
  • -оқушының күшті жақтарына сүйену
  • -оқушының дербестігіне және дербес іс-әрекет жасауына сүйену
  • -жеке тұлғаға бағытталған тәсіл

 

 

 

Жұмыс жоспары мынадай жүйелеу кезеңдеріне бөлінеді:

 

І. Ерекше қабілетті  оқушыларды анықтау

ІІ.  Оқушы қабілеттілігінің бағытын анықтау

ІІІ.  Ой өрісін дамыта түсу үшін  жұмыс жүйесін құру

ІV .  Дарынды оқушылармен жекелеген жұмыстар жүргізу

 

Жеке тұлға ретінде баланың ашылуы үшін педагог-мұғалім қолдауы:

 

 

  • -пән олимпиадасындағы жетістіктері
  • -ғылыми-жоба жарыстарындағы жетістіктері
  • -интеллектуалдық бәсекеге қатысуы
  • -шығармашылық байқауларға қатысуы
  • -балалардың жетістіктерін ерекше тіркеп көрсетіп отыруы

 

 

Олимпиадаға дайындық жоспар шаралары.

 

 

  • Тестілеу тапсырмалары
  • Мәтінді аудару жұмысы
  • Өлеңді мәнерлеп оқу
  • Шығармаға дайындық
  • Мазмұндама дайындық
  • Грамматикалық жұмыстарға талдау жасау

 

 

 

 

Оқу үрдісі балаларға арналған жоспар ( үлгі) :

Аты-жөні Өтілетін тақырыптары Мерзімі
1 Ахмедьянов Ә. Фонетика,сөз таптары Жыл бойы
2 Ковалев Я. Мәнерлеп оқу,жаттау Жыл бойы
3 Вербицкая А. СҚС,лексика, тест Қыркүйек-қазан,жыл бойы
4 Цекова А. Ғылыми жоба Қыркүйек-қазан

 

Дарынды балалармен жұмыс жоспары

 

Жұмыстың мазмұны Мерзімі
1 Әрбір сыныптағы дарынды балаларды анықтау қыркүйек
2 Сыныптағы оқушылардың ерекше қасиеттерін іріктеу қазан
3 Дарынды балалардың бейініне қарай шығармашылық ізденіс жұмысына тарту қазан
4 Оқушылардың ойын жүйелі жеткізуге үйрету үнемі
5 Дарынды балаларды пәндік олимпиадаға дайындау жыл бойы
6 Дарынды балаларды мектепішілік аймақтық, қалалық, облыстық пән олимпиадасына қатыстыру жыл бойы
7 Өз қабілеттеріне қарай үйірмелерді таңдай білу қараша
8 Шығармашылық ұжымдық іс-шарада басты пәндерге қатыстыру үнемі
9 Түрлі байқаулар, фестивальдарға, спорттық жарыстарға қатысуға ықпал жасау қаңтар
10 Дарынды балаларды баспасөз беттерінде жарық көрген материалдар мен таныстырып отыру үнемі
11 Оқушы нәтижесін баспасөз беттеріне жарыққа шығару. жыл бойы

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

 

  1. 1. «Бала құқығы туралы конвенция». БҰҰ Бас Ассамблеясы (11.1989 жылы қабылдаған;)
  2. 2. «Білім туралы» ҚР Заңы. 27.07.2007 жылы қабылданған;
  3. 3. «Бала құқықтары туралы» ҚР Заңы. 8.08.2002 жыл;
  4. 4. «Из опыта работы с одаренными детьми школы инновационного типа» Н.Н.Волошина. «Творческая педагогика» №3,2001г.
  5. 5. «Қарапайым мектепте де дарынды оқушы көп». Атырау қаласы.К.Х. Мұңайтбасова. Мақала.
  6. Бастауыш мектеп». №5. 2009 жыл. «Дарындылықты дамытудағы мұғалімнің рөлі». Авторы: М.Жантурина
  7. 7. Қазақстан Республикасы Конституциясы. 2005ж.
  8. 8. «Қазақстан Республикасында 2015жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы». Астана. 2004.

9.«Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде » ,№7.2008ж. «Дарынды балалардың шығармашылығын дамыту » С.Нұралина;

  1. 10. «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде » ,№2.2006ж. «Дарынды оқушылармен жұмыс » М.Құрманбаева
  2. 11. «Педагогика және педагогикалық технологиялар». Ақтөбе. 2001ж.
  3. 12. «Сынып жетекшінің шығармашылық үлгісі мен оқушы жастар ұйымының өзін-өзі басқару міндеттері». Алматы. 2009ж. Авторы:
  4. 13. «Одаренный ребенок в массовой школе». М. 2001г. А.И.Савенков.
  5. 14. «Основные современные концепции творчества и одаренности». Динамическая теория одаренности. Ю.Д Бабаева. М. 1997г.

15.“Оқушылардың дарындылығы мен шығармашылық қабілеттерін       арттыру жолдары” Г.С.Жағырапова.2006ж.

16.Токенова А.Дарынды балалармен жұмыс істеу жолдары.Ашық сабақ сайты.Мақала.

  1. «Бастауыш мектеп». №10.2010 жыл. «Дарындылықты дамытудағы мұғалімнің рөлі». Б.Байдильданова.