Жиырма тиын

34

Сабақтың тақырыбы: Жиырма тиын
Мақсаты:
1. Оқушыларды мәтінді дұрыс әрі түсініп оқуға үйрету, мәтін авторы туралы мәлімет беру.
2. Оқу дағдыларын, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Өз ойын еркін айтуға дағдыландыру. Сөздік қорын сөз байлығын молайту.
3. Адамгершілікке, бірін – бірі сыйлауға, ата – ананы құрметтеуге, айтқанын тыңдауға, қамқор жанашыр болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: оқулық, бор, интерактивті тақта, автор суреті, мақал – мәтелдер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылардың бір – бірімен ұлттық амандасуы. Оқушыларды түгелдеу, оқу құралдарының түгел болуын қадағалау, оқушы назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үйге берілген М. Әлімбаевтың Не жомарт? Кім жомарт? өлеңін жатқа сұрау. ІІІ. Өткен сабақты қорытындылау
ІҮ. Жаңа сабақ
Сабақты математикалық жұмбақ жасырудан бастау.
1. 10 + 10 = ? болады (20)
2. Өткен жылы бүкіл қазақ халқы тәуелсіздіктің неше жылдығын тойлады? (20 жылдығын)
— сонымен бүгінгі тақырыбымыз «жиырма тиын» деп аталады.
Қазір біз тиын емес, теңге деп сөйлейміз. Егемендік алғаннан соң 1993 жылы ұлттық төл теңгеміз айналымға енді.
— Балалар, енді осы тақырыбымызға сай мақал – мәтелдердің жалғасын табу, мағынасын түсіндіру.
— Дұшпан күлдіріп айтады,
Дос жылатып айтады
— Жүз сом ақшаң болғанша,
……………………………………..
3. Жәнібек Кәрбозин өмірі. Ақын, 1933 жылы 15 мамыр күні Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Дегерес ауылында туған. 1953 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. «Кербақбай», «Қолғанат», «Қарабек пен қарақшы» т.б. балаларға арналған пьесалар жазды. Оның балаларға арналған «Бәйшешек», «Менің шеберханам», «Ысқырық», «Біздің Бекен қайда екен?», «Біздің ауыл балалары» сияқты өлең жинақтары бар.
4. Мәтінмен жұмыс
а) оқып беру, мазмұнын оқушылармен бірлесе отырып түсіну, талдау.
ә) сөздік жұмыс
милығына –
5. Сергіту сәті: Кім үлкенді тыңдаса
6. Мәтін соңындағы сұрақтарға жауап беру.
7. Мәтінді оқушыларға оқыту.
8. Ойын «Сырлы сандық»

Ү. Қорытынды
Мақалмен қорытындылау «Басыңа іс түссе, жақсы көмек етеді, жаман күліп кетеді» сондықтан балалар «Адам болам десеңіз»
Мына қасиеттердің қайсысына жақын қайсысынан аулақ болу керек?………

ҮІ. Үйге тапсырма: Мәтінді түсініп оқу, мазмұнын айтуға дайындалу, мақалды жаттау.
ҮІІ. Бағалау.