Сабаққа психологиялық талдау

379

Сабаққа психологиялық талдау

 

Сабақтың психологиялық мақсаты:

  1. Балалардың дамуын нақты оқу материалын және нақты сабақты оқып- үйрену шегінде жобалау;
  2. Сабақтың мақсаттық ұстанымында тақырыпты оқып- үйрену міндеттері мен алдыңғы жұмыста қол жеткізген нәтижелерді есепке алу;
  3. Оқушылардың дамуын қамтамасыз ететін психологиялық-педагогикалық ықпалдың жекелеген құралдарын қарастыру.

Сабақтың стилі:

  1. Сабақтың мазмұны мен құрылымын дамыта –оқыту қағидаларына сай анықтау, оның ішінде:
    • жүктеменің оқушының есте сақтауы мен ойлауына сәйкестілігі;
    • оқушылардың жаңғырту және шығармашылық іс-әрекетінің көлемін анықтау;
    • білімді дайын күйінде (мұғалімнің сөзінен, оқулықтан, оқу құралынан және т.с.с.)  және өз бетінше саралау үдерісінде меңгертуді жоспарлау;
    • мұғалім мен оқушылардың проблемалық –эвристикалық оқытуды жүзеге асыруы (проблеманы кім қояды, кім құрастырады, кім шешеді);
    • мұғалім жүзеге асыратын оқушылардың іс-әрекетін бақылау, саралау және бағалау, сонымен қатар оқушылардың өзара сыни бағалау, өзін-өзі бақылау және өзін-өзі саралау есебі;
    • оқушыларда іс-әрекет тудыру (жасалған жұмыспен байланысты туындаған оңтайлы сезімдер түсініктемесі, қызығушылықты көтермелеуші ұстанымдар, қиыншылықты жеңуге  деген еріктік күш-жігер және т.б. ) мен күштеудің арақатынасы (бағалауды еске салу, қатаң ескерту, ақыл айту, т.б.);

 

  1. Мұғалімнің өзін-өзі ұйымдастыру ерекшеліктері:

 

    • сабаққа дайындаған және ең бастысы- психологиялық мақсатты  түйсінуі және оны орындауға деген ішкі даярлығы;
    • сабақтың басындағы және оның барысындағы жұмысшы көңіл-күй (жинақылық, сабақтың тақырыбы және психологиялық мақсатымен үндестігі, қуаттылық, алға қойған мақсатын жүзеге асырудағы табандылығы, сабақтың барысындағы барлық оңтайлы (оптимистік) көзқарас, педагогикалық тапқырлық, т.б. )
    • педагогикалық такт (оқиғалар, көріністер);
    • сабақтағы педагогикалық ахуал (қуанышты, шынайы қарым-қатынасты қолдау, іскерлік такт және т.б); (тактты әдеп деп беруге келмес пе екен?)

 

Оқушылардың танымдық қызметін ұйымдастыру:

 

  1. Оқушылардың ойлауы мен елестеуінің өнімді жұмысы үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету шараларын белгілеу;
    • оқушылардың оқып-үйреніп жатқан объектілер мен құбылыстарды қабылдау және оларды түйсіну жолдарын жоспарлау;
    • көзжеткізу, сендіру түріндегі ұстанымдарды қолдану;
    • оқушылардың зейіні мен жинақтылығының орнықты жағдайларын жоспарлау;
    • оқушылардың жадында жаңа білімдер мен біліктерді қабылдауы үшін қажетті бұрынғы алған білімдері мен біліктерін өзектендіру жұмыстарының түрлі нысандарын қолдану (әңгімелесу, дербес сауалнама, қайталау тапсырмалары) ;

 

 

 

 

 

 

 

  1. Жаңа білімдер мен біліктерді қалыптастыру үдерісіндегі оқушылардың ойлау мен елестету қызметін ұйымдастыру;
  • оқушыларда білімдер мен біліктілердің қалыптасқан деңгейін (нақты сезімдік ұғымдар, түсініктер, «жаңалықтардың» жинақ бейнелері, қорытындыларды түзу) анықтау;
  • оқушылардың ұғымдар түсінігін қалыптастырудың, түсіну деңгейлерінің, ойлау қызметі мен елестетуін ұйымдастырудағы жаңа бейнелерді жасаудың психологиялық заңдылықтарына сүйену;
  • оқушылардың белсенді және өзбетінше ойлауын қамтамасыз ететін жұмыс тәсілдері мен нысандарын (сұрақтар жүйесі, проблемалық ситуациялар жасау, тапсырмаларды проблемалық-эвристикалық орындаудың түрлі деңгейлері, жетіспейтін және артық мәліметтері бар тапсырмаларды қолдану, өз бетінше жұмыс барысында шешуге болатын интеллектуалды қиындықтар түзу, тапсырмаларды оқушылардың танымдық дербестігін дамыту мақсатында күрделендіру) жоспарлау;
  • түсіну деңгейін (бейнелеу, салыстыру, түсіндіруден жинақтау, бағалау, өзектендіруге қарай) арттыру және ой толғау және ойды қорыта білу білігін қалыптастыруға басшылық жасау;
  • оқушылардың шығармашылық жұмыстарының алуан түрлерін қолдану (жұмыс мақсатын, орындау шарттарын түсіндіру, материалды іріктеу мен жүйелендіруге, сонымен қатар жұмыс нәтижелерін өңдеу мен рәсімдеуге үйрету);
  1. Жұмыс нәтижелерін бекіту:
  • дағдыларды жаттығулар арқылы қалыптастыру;
  • бұрын меңгерген біліктері мен дағдыларын жұмыстың жаңа жағдайларына көшіруге үйрету, механикалық үдерісті болдырмау.

Оқушылардың  ұйымшылдығы:

  1. 1. Оқушылардың оқуға деген қатысы, олардың өзін-өзі ұйымдастыруы және интеллектуалды дамуының деңгейі;
  2. Оқушылардың білімділік деңгейі бойынша мүмкін топтары, аталған жағдайларды сабақ барысында оқушылармен жүргізілетін жұмыстардың жеке, топтық және жалпы нысандарының үйлесімін анықтауда есепке алу.

Оқушылардың жас ерекшеліктерін есепке алу:

  1. Сабақты оқушылардың жеке және жас ерекшеліктеріне сай жоспарлау;
  2. Сабақты күшті және әлсіз балаларды ескере отырып өткізу;
  3. Күшті және әлсіз оқушыларға деген дифференциалды тәсіл.