Сыныптағы диалогтың маңыздылығы

57

Сыныптағы диалогтың маңыздылығы

Ғылыми  зерртеу нәтижелері сабақта диалогтің маңызды рөл атқаратының көрсетті. Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызуғышылығын арттырумен қатар олардың білім деңгейінің өсіуне үлес қосатындығын атап көрсетті. Выготский кіші жастағы  балаларды когнитивті даму әрекеттері әлеуметтік қарым — қатынас үдерісінде, яғни анағұрлым қабілетті оқушылармен араласу және мәдениет, қоршаған ортамен өзара   қарым — қатынас жасау арқылы оқушыларды ересектерше ойлау әдісіне үйрету кезінде қалыптасатын оқушы ретінде суреттейді. Сонымен қатар Выготский когнитивті дамудың, оқушылар өздерінің «Жақын арадағы даму аймағында» жұмыс істесе, жақсаратындығын атап көрсеткен.

Александр (2004) білім берудегі әңгімелесуді  қарым қатынас  жасаудың бірсаранды үдерісі емес, керісінше, идеялар екіжақты бағытта және осының негізінде  оқушының білім алу үдерісі алға жылжыды деп тұжырымдайды. Диалог барысында оқушылар (сонымен қатар олардың мұғалімдері де ) келісілген нәтижеге жету үшін күш жігерін жұмсайтын және Мерсер (2000) зерттеуіне әңгімелему оқушылардың білім алуының ажырамас бөлшегі болып табылады және әңгімелесудің үш түрі бар.

 

Барлық  жылдам оқыту технологияның негізгі тілдік қарым-қатынас тудыру арқылы оқыту болып табылады. Сөйлесу –бұл адамдардың тіл арқылы байланыс жасау процесі. Ақпараттық коммуникативтік  біліктілікті қалыптастыруда сөз, сөз тіркесі, сөйлем, бейімделген мәтіннен басқа оқушы мен оқытушы арасында белгілі бір жағдаят немесе тақырыпқа сай іс-әрекеттік білім беру дәрежесіне байланысты болуы керек. Ол үшін көп жұмыс жүргізілу қажет. Тіл үйретуде ең басты міндет-оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіру. Оқушылар тілдің грамматикасын білу  арқылы бір-бірімен сөйлесуді, сұрақ қоюды үйренеді.

1.Сұрақ-жауап әдісі ең тиімді әдіс, оқушылардың көру қабілеттерін ойлау   қабілеттермен ұштастыра дамытады.

Мен өз тәжірибемде оқушыларды ауызекі сөйлеуге үйрету үшін оқушыларға әр түрлі  деңгейдегі сұрақтарды қойдым (thick and thin question). Мысалға сұрақтарды «Кім? Не?» демей, «Неге?, Не себептен бұлай ойлайсыздар?, Қалай?, Не үшін?». Бұндағы менің мақсатым әр оқушыға ой түрткі жасау. Жұмыстың нәтижеге бағытталуының өзі осында емес пе?! Оқушыларға бұндай сұрақтар түрі біраз қиындық туғызған тәрізді, мысал ретінде Нариман атты оқушы «Мадонна не себептен әйгілі әнші?» деген сұраққа, барлық білгенін ортаға сала білді, баланы осы сәтте бірнеше параметр бойынша бақылауға, тіпті бағалауға болады. Мысалы біріншіден, білім деңгейі, екіншіден, тіл меңгеруі, оны жеткізуі, үшіншіден, ынтасы мен қызығушылығы, төртіншіден, өзін көрсете алуы сияқты. Тіпті, оқытушыға алдындағы тұлғаның дарындылық қабілетін осы жерден анықтау қиындық туғызбайды. Ал Алшын жан -жағына алақ -жұлақ етіп, көршілерінен көмек күтіп тұрды. Осы кезде баланың ынтасы мен деңгейін байқауға да әсерін тигізеді. Не себептен Алшын қиналды? бұл оқушының сөздік қорынын аздығынан болғаны ма, әлде басқа да себептер әсер етті ме? Әрине, бұл мені ойландырды. Бұндай оқушылар және біреу ғана емес. Бұл менің алдымда тұрған үлкен мәселе. Бұны мен осылай қалдырмауым керек. Ендеше алдағы жұмыста осы проблеманы шешу жолын іздеу- менің еншімде. Бірінші сабақтарда мен оқушылардың жауаптарына қанағаттанбай «жоқ, ол бұлай емес», деп әдеттегідей жауап бердім, бірақ мұғалімдерге арналған нұсқаулықтан өзіме түйгенім, әңгіме дебат барысында «ия, бұл солай», немесе «мүмкін ойланарсың», «жарайсың» деген сөздермен әрдайым ынталандырып отырдым. Менің ойымша, мен камера алдында біраз сасқалақтап калған сияқтымын. Кей кезде тақырыптан тыс сұрақтарда пайда болды. Неге, не себептен? Қосымша әдебиеттерден оқи келе, бұндай әрекеттер сабақта болуы мүмкін, себебі  оқушы мен мұғалім арасында диалогты құруда оған шығармашылықпен қарайтыным байқалды.

2.Өз ойын айту әдісі  оқушылардың ойлану, ойлауы арқылы    ауызша жүйелі айтып беруге дағдыландыру. Бұл жерде мен Джиксо әдісін қолдандым. Әр топтан бір лидер екінші топқа барып, өз түсінгенін айтып береді, және топтағы оқушылармен талқылайды. Осы Джиксо тәсілі арқылы менім түйгенім Айгерім, Арухан, Айжан өздерін мұғалім ретінде сезініп, ал сабақта әрдайым алаңғасарлық танытып жүрген Алшын, Алмат сол қыздардың айтқанына таң қалып, қол шапалақтаған сәттері болды. Содан түйгенім мұғалім айтушы, түсіндіруші емес, бағыттаушы  деген қағиданы сөз жүзінде емес, өзімнің ісімнен анық көргенімді жасыра алмаймын.Оқу пирамидасы бойынша Бефельдың дерек көзіне сұйне отырып, оқушылардың диалогтық оқыту бойынша бірін бірі оқыту арқылы оқушылардың алған ақпаратты сақтауы 90% құрайтынына көзім жетті.

3.Аударма әдіс екі тілде жазуды, оқуды, сөйлеуді үйрететін пайдалы әдіс. Кейбір  жеңіл мәтіндерді бірден ағылшын тілінен қазақша тілге аударту біраз қиынырақ, сондықтан оқушылар ұялы телефондағы  ғаламторға сүйеніп, сол арқылы аударды. Бұл жерде АКТ ның пайдасы тиді.

4.Диалог әдісі-бұл әдісті меңгерген оқушы оқытушымен және өзара кері байланысқа түсе алады. Әрине, бұл жағдайда оқушының алдында белгілі бір уақыт ішінде өздігінен ойлануға, түсінуге және ойын еркін жеткізуге  мүмкіндік туындайды.

Мысалы ретінде «Лондон» тақырыбына байланысты оқушыларға екі елден келген өкілдердің бір бірімен танысу диалогін,  бес минут ішінде құрастыруға бердім. Топ көшбасшысы бұл жерде әркімнің рөлін бөле  білді, дұрыс бағыт бере алды. Енді негізгі тапсырмаға  көшкен кезде бұрыннан бері алған білімінің қаншалықты екенін көруге мүмкіндік туды. Оқытушы ретінде  баланың

*білімін, тіл меңгеруін, қолдануын;

*қарым-қатынасын, ортаға бейімделуін;

*бәсекелестік қабілетін;

*белсенділігін бақылаумен қатар қалыптастыруға мүмкіндік тууы әдістің оң нәтижесін кқрсеткенәне көзім жетті.

Диалог құрастыруда өте жоғары деңгейде болмаса да  мен ойлағаннан гөрі жақсы жауаптар ала алдым. Бұл жерде тағы ұнағаны және де балаға ой еркіндігін берудегі  мені таңқалдырған жәйт- оқушылар екі елдің кейіпкерінің рөліне ене алу қабілеті, әртістік шеберлігін көрсете алуы. Бұл тек мені  ғана таңырқатпай, сыныптарына да үлкен әсер еткені  балалардың жүздерінен айтпай-ақ көрініп тұрды. Осы әдістің тиімділігін дәл осы тұста анық көрдім. Бұдан күнделікті бала өмірінде жиі қолданыста жүрген сөздерді пайдалана отырып, диалог сәтті өтті деп айта аламын.

Қорыта келгенде, әр оқушының қабылдауы әр түрлі, бірақ сол қабылдауды оқушыларға жеткізуші ұстаз. Ұстаз шеберлігі де осы тұста үлкен рөл ойнайды. Сондықтан менің пайымдауымша, білім берудегі оқушыларға дұрыс әрі жүйелі білім алуда мұғалімдердің берері көп.

 

Пайдалған әдебиет:

  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық (39 бет )Mercer, N., (1995). The guided construction of knowledge: talk amongst teachers and learners. [Жетекшілікпен білім алу: мұғалімдер мен оқушылар арасындағы әңгімелер.] Clevedon: Multilingual
  2. Alexander, R., (2004). Towards dialogic teaching: rethinking classroom talk. [Диалогтік сөйлесуді