СЫНДАРЛЫ ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫ-САПАЛЫ БІЛІМГЕ БАСТАР ЖОЛ

78

 

СЫНДАРЛЫ ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫ-САПАЛЫ БІЛІМГЕ БАСТАР ЖОЛ

Білім берудің негізгі мақсатына қатысты қазіргі қоғамда жаңа ұғым пайда болды. Мұғалім, ең алдымен, оқушыда өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастыруға ат салысу керек. Өйткені, бұл-тұлғаны ұлттық және әлемдік мәдениетке үйлесуге апаратын сара жол. Бүкіл дүние жүзіндегі болып жатқан осындай құндылықтардың өзгеруі жаңа ғасырға жас ұрпақты дайындау міндетімен байланысты. Біздің қоғамға жаңа мағлұматтарды қабылдап қана қоймай, оны ойлана отырып, сыни талқылап, ой елегінен өткізе білетін оқушылар керек. Яғни, оқушылар мағлұматтар мен идеяларды өз беттерімен, тәуелсіз меңгеріп, осы алған мәліметтері пайдалы болатындай ойланулары керек. Олар жаңа идеяларды әр түрлі көзқараспен зерттеп, шынайылығы мен пайдасын талқылап, идеяның жалпы құндылығын анықтай алулары қажет. Жиырма бірінші ғасырға аяқ басқан жас ұрпақты жарқын болашаққа лайықты өмір сүруге жақсылап дайындау — білім беру саласында қызмет атқарып жүрген кез-келген маман үшін кезек күттірмейтін мәселе. Яғни, гуманизм мен демократия идеялары басты бағыт болып тұрған жаңа ғасырда білім беру жүйесіне де жаңа тәжірибелер енгізу керек. Сонда ғана болашақта нәтижелі жұмыс атқарамыз. Осы идеяны құптаушы ретінде 45 минуттық әрбір сабағымда оқушылардың бойына аталған дағдыларды қалыптастыруға тырысамын.  Деңгейлік курстың бірінші деңгей сертификатына қол жеткізгеніме көп уақыт өткен жоқ, курстың бізге бергені өте көп болды.  Мектепке енгізген біздің басымдығымыз әріптес, ата-ана, оқушылардың сауалнама нәтижесінде шықты: Сын тұрғысынан ойлауға үйретудің әдіс-тәсілдерін қолдана отырып  білім сапасын арттыру. Сондықтан сабақтар көрсетіп, өзгерісті өзімізден бастау басқа мұғалімдерге бағыт-бағдар бергенде өзімізге тиімді болады. Іс-әрекеттегі зерттеудің Ферранс (2000) ұсынған жеке мұғалімнің іс-әрекеттегі зерттеуі, бірлескен іс-әрекеттегі зерттеу,  мектептің кеңейтілген іс-әрекеттегі зерттеуі,  кеңейтілген аймақтық іс-әрекеттегі зерттеу секілді түрлері бар. Басымдығымызбен байланыстырып, сын тұрғысынан ойлауға үйретудің әдіс-тәсілдерін қолдана отырып  оқушылардың оқуға деген ынтасын қалай арттыру болады? деген сауалды қоя отырып, жеке мұғалімнің іс-әрекеттегі зерттеуін жүргіздім. Сондықтан нақты осы сынып турасында ағылшын тілінен мен сабақ беретін 8 «Б» сыныбындағы оқушылардың сабаққа деген ынта, ықыласы төмен мәселемді шешуге тырысып, жоспар құрдым.

Оған дейінгі сабақтарда Не? Қашан? Қайда? секілді сұрақтарды қазіргі әрбір сабағымда Не себепті деп ойлайсың? Олай айтуыңа не негіз болды? Қандай дәлелдер келтіре аласың? сұрақтарына алмастырдым. Оқулықтан тыс ізденуге тапсырмаларды жиі беремін, бұл оқушылардың өзін-өзі дамытуына көп ықпалын тигізеді. Сабақ барысын мұғалім, яғни өзім хабарлап отырғаннан гөрі оқушылар осы үдерісті мұғалімнің бағыттауымен өздері жүзеге асырса, қызығушылық жоғары болады. Қызығушылық бар жерде білім сапасының да  нәтиже болатыны анық.

Бұл бағдарлама оқушылардың ойлана білуіне, өз оқуына таңдау жасау, басқалардың идеяларына күмәнмен қарау қабілеті ретінде түсіндіріледі.  Мұғалім шеберлігі арқылы баланың білімді игеруге қызығушылығын ояту қажет. Ал ол сұрақ әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы баланың алдына жан-жақты мақсат қойып, іске асыруына жол көрсетеді. Сыни тұрғыдан ойлаудың әдістерін қолданғанда, үнемі әріптестермен бірге талқылап, тәжірибені ой елегінен өткізіп отыруды жөн деп санаймын. Сабақтарымда көптеп қолданатын стратегияларым: «Джигсо», «Ассоцация», «Кластерлеу», «Бес жолды өлең», «Әдеби үйірме», «Эссе», «ББҮ», «Түртіп алу», «Миға шабуыл», «Инсерт», «Екі жақты түсіндірме-күнделік», «Автор орындығы», «Үш қадамды сұхбат», «Сөзжұмбақ», «Кубизм», «Галереяға саяхат», «Бірін-бірі оқыту», «Дөңгелек үстел», «Сиқырлы қалам»,  «Ойлан, жұптас, талқыла», «Пікірталас», «Құрылымдалған шолу» т.б. Және әдіс-тәсілдерді өзіме қолайлы етіп сабақтың әр кезеңдеріне ыңғайлап бөліп қойдым. Сабақ беретін сыныптарымдағы оқушылар бұл әдіс-тәсілдерге төселген, ережелерін біледі, басқарушылық, көшбасшылыққа ұмтылып, өзін-өзі басқара алады. Сонымен қатар оқушылардың оқуға деген ынта-ықыласының артқандығын, адами жақсы қасиеттердің қалыптасқандығын, мұғалімнің шыдамдылық, төзімділік сияқты сапаларымен қатар оқушылардың басқаны қабылдау, түсіну, сыйлауды үйренгендігіне көз жеткізіп, әрі қарай әдістемемді жетілдіруді мақсат етудемін. Сыни тұрғыдан ойлау әдісін өте аз пайдаланамыз, енжарлыққа бой алдырамыз, ендігі ойым келешекте осы әдісті әр сабағымда пайдалану.  Сыни тұрғыдан ойлау баланың оқуға деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, кез келген нәрсені бақылап, талдай алатын, озық ойлы, білімді, өзін-өзі реттей алатын тұлғаны тәрбиелеуде көп көмегін тигізеді.

Топтарда бірлесе жұмыс жасауда өзіміздің ережелерімізді жасап алғанбыз. Оны сынып бөлмесінің оқушылардың көзіне көрініп тұратын жерге іліп қойғанмын. Жауапкершілік, сыйластықтың болуы; Топтарға бөлгенде топ құрамының әртүрлі болып отыруын естен шығармау; Кезекпен сөйлеп, топтардың ұтымды жұмыс жасау дағдысы. Ал оқушылар үшін бұл жоба бойынша жұмыс жасау үшін төмендегідей міндеттер орындалып отырғаны дұрыс деп таптым: өз алдарына сұрақтар қойып, оның жауабын табуға тырысу; өз бетімен білім алуға ұмтылу; зер сала тыңдай білу; өз пікірін дәлелмен жеткізу; Топта, жұпта, жеке жұмыстардағы ізденіске жетелейтін әдістерге тез бейімделу. Өзім үшін оқушылармен ашық, достық қарым-қатынас орнату; Жұмыстың әртүрлі формаларын, сын тұрғысынан ойлауға үйретудің әдіс-тәсілдерін тиімді ұйымдастыра білу; Оқушылардың өз бетімен білім алуына ықпал жасайтын стретегияларды дұрыс қолданып, өз шығармашылығыммен ұштастыра пайдалануды міндеттер етіп алдым.

8-сыныпта өткен «Values» тақырыбындағы сабаққа төмендегідей мақсаттар қойып алдым: Real Conditional-ды меңгерту; “The smell of  bread” мәтінін оқу арқылы өз пікірлерін айта алуға дағдыландыру; Сын тұрғысынан ойлауын дамытатын тапсырмалар орындату арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулу; Оқушыларды тыңдай білуге, қолайлы ортада жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Оқушыларды «Гүл күлтелері» ойыны арқылы топтарға бөлдім. Оқушыларға «Бір-бірімізге гүл сыйлаймыз» дегенде, арлы-берлі жүреді, «Үш күлтелі гүл сыйлаймыз» дегенде, үшеуден, «Алты күлтелі» дегенде, алтаудан бірігеді. Ең соңында «Бес күлтелі гүл» дегенде, бесеуден бірігіп, сол топтар бойынша орындарына отырады.   Үй жұмысына   «Art is long, life is short» тақырыбында эссе жазу тапсырылған. Кіріспе кезеңінде мақал-мәтелдердің қалып қойған сөздерін тауып, бас әріптерін қосу тапсырылды.

  1. Find the missing words of proverbs.

1.Virtue is its own reward.              2.All that glitters is not gold.

3.He laughs best who laughs last.   4.Better unborn than untaught.

  1. East or West — home is best. 6. Art is long, life is short.     Сөйтіп, жаңа сабақтың  Values тақырыбы шығады.  How do you understand the meaning of the word “Values”?  «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі арқылы әр оқушының тақырып жөнінде не білетінін жазу үшін 3 минут уақыт бердім. Оқушылар содан кейін жұптасып, жазғандарымен бөлісті.

Негізгі бөлімге «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісінің талқыла бөлігі арқылы көштім. Яғни, оқушылардан топтарда жұмыс жасап, өзімнің ойлап тапқан әдісім «Жаңылыспаған идея» әдісі арқылы оқушылар жұмыс қорғайды. Бірінші топ ойларын плакатқа суретпен жеткізді, екінші топ ассоцация арқылы көрсетті, үшінші топ диалог құрастырды.  Әр топ төмендегі бағалау парақшалары арқылы бір-бірінің жұмыстарын бағалап, пікірлерін айтып өтті.

Groups’ marking papers

Measure of marking 1-group 2-group 3-group
Explanation the theme
Explanation of the speaker
Decoration
Points

“The Smell of bread” мәтінін компьютерден  тыңдап, оқушылар бір мәрте оқып, «Әдеби үйірмелері» стратегиясы арқылы орындап шықты.  Баяндап берушілер-өз ойына сүйене отырып мәтін мазмұнын айтып берушілер. Зерттеушілер кейіпкердің түр-түсі, мінез-құлқына сипаттама береді. Сұрақтар құрастырушылар мәтін мазмұнына байланысты жоғары деңгейлі сұрақтар дайындап, оқушыларға қояды. Сілтемелер табушылардың міндеті-мәтін мазмұнына байланысты тұрақты тіркестер, мақал-мәтелдер тауып айту. Бейнелеуші суретшілер оқиғаны қойылым түрінде жеткізеді. Ал дәнекерлер мәтін мазмұнын өмірмен байланыстырады. Топтар бір-бірінің жұмыстарына екі жұлдыз, бір тілек айтады.

«Миға шабуыл» сұрақтары арқылы мәтін мазмұны талқыланады.

  1. Was the baker a good man? Why or why not?
  2. Do you think the judge was a wise man?
  3. Do you agree with the judge? Why or why not?
  4. Do you know a story like this one? Tell it to the class. What is the difference about two stories?

Оқушыларға грамматикалық материал түсіндіріледі. Unreal Conditional

Өзім ойлап тапқан «Балықшы ауы» ойынын ойнату арқылы жаттығу жұмысы орындалады. Шеңбер құрай отырып, тоқыма жіпті бір-біріне лақтырып, тапсырмаларды орындайды. Жіп қалыңдаған соң, кеттік балық аулауға деп орындарына оқушыларды жайғастырамын. Әрі қарай оқулықтағы жаттығулар орыфндалады.

Қорытынды кезеңіне «Дөңгелек үстел» әдісінің ауызша түрін қолдандым. Үш топқа үш ақ парақ беріп, тақырып төңірегінде real conditional-ды пайдаланып, бір сөйлем айтады,  екінші оқушы ол сөйлемді қайталап, өзінің сөйлемін қосады. Осылай топ мүшелерінің барлығы айтып болғанша, жалғаса береді. Егер уақыт жеткілікті болса, бұл әдісті жазбаша орындатуға да болады.

Оқушылардың сабаққа кері байланысы тақтаға ілініп тұрған смайликтерге олардың стикерді жабыстыруы арқылы көрінді.

The lesson was very informative. I’ve got a lot of useful       information. I was active. I answered well.

The lesson was quite interesting. I’ve got some information. I understood almost everything. But I was a little tensed. I’ve made a few mistakes.

The lesson was dull. It was difficult for me to take part in it. I’ve made a lot of mistakes. I wasn’t ready for it.

Бұл сабақ үлгімді өз тәжірибеммен бөлісу үшін беріп отырмын. Өзім сабақ беретін 8-сыныптардың ішінде 8 «Б» сыныбына жаңаша үлгідегі сабақ бойынша жүргіземін. Бұл сыныптың оқушылары салыстырмалы түрде оқу үлгірімінен де, өз-өздерін ұстауы, өмірге басқаша көзқараспен қарауы барлығынан ерекшеленіп, алда тұрады. Былтырғы оқу жылында сыныпта 10 оқушы жақсыға, 6 оқушы орташаға үлгерсе, биылғы оқу жылында пәнге деген қызығушылықтары ерекше оқушылардың 15-і жақсыға, тек біреуі орташаға үлгеріп отыр. Бұл бағдарлама идеяларының тиімділігіне көзім жеткеннен кейін, енді басқа да сыныптарда қолдануды қолға алмақпын.

Жаңа формация мұғалімі-рефлексияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық, зерттеушілік, дидактикалық-әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы, коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құзыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани-адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға. Шығармашыл мұғалім үшін біреудің тәжірибесін қайталағаннан гөрі өз жаңалықтарын, білгендері мен түйгендерін басқаларға ұсына алуының, шығармашылық бағыттылықтың болуының мәні зор.  Сондықтан  ағылшын тілі пәні бойынша өзім  оқытатын  сыныптарда сабағымды қайткенде қызықты, тартымды етіп өткізем, қойған мақсатқа қалай қол жеткіземін деген сұрақтардың шешімін табудың жолдарын іздестіріп жүремін. Сол орайда туған өзім ойлап тапқан, ағылшын тілі пәнін оқытудың өзіндік ерекшеліктерін ескеріп жасаған оқушылардың сыни ойлауын дамытататын  20 шақты  әдіс-тәсілдер, ойындарым бар, солардың бірнешеуін әріптестеріме ұсынамын:

«Мәтін мәні» әдісі («Meaning of the text»). Мәтін мазмұнын игеруде, оны өз сөзімен баяндауда тиімді тәсіл болып табылады. Ағылшын тіліндегі көлемді мәтіндерді оқығаннан кейін осы кестені толтыруды сұраңыз! Оқушы маңызды оқиғаларды мәтіннен іздей отырып, тез игереді.

Басты кейіпкерлер Оқиға Оқиғаның басталуы Оқиғаның ұласуы Оқиғаның аяқталуы

 

Main characters Event Beginning of the event Continued  of the event End of the event

«Қызықты әңгіме» ойыны (game «An interesting story»). Ойын жаңа сөздерге сөйлем құрау, грамматикалық материалға байланысты мысалдар келтіруде тиімді. Бұл ойынды сергіту сәтінде ұйымдастырса да болады. Шарты: Оқушылар шеңбер қүра тұрып, бір оқушы бір сөз айтады, екінші оқушы оның мағынасына сәйкес келесі бір сөзді айтып жалғастыра береді. Сөйлем аяқталған кезде жаңадан сөйлем бастауға болады. Егер оқиға қызықты болып өрбіп бара жатса, шеңберді екінші, үшінші айналымға дейін жалғастыруға болады. Сонда қызықты бір әңгіме шығады.

«Балықшы ауы» әдісі («Fishing net» method). Ағылшын тілі сабақтарында жаңа тақырыпты бекітуге өте қолайлы әдіс. Мұғалім сабаққа алдын ала тоқыма жіп дайындап әкеледі. Сабақтың соңында мұғалім, оқушылар шеңбер бойымен тұрып, мұғалім бір сұрақ қойып тоқыма жіптің ұшын өзі ұстап, оқушыға лақтырады. Оқушы ол сұраққа жауап беріп, ұшын өзі ұстап, келесі оқушыға лақтырады. Осылай сұрақтар жалғаса береді. Тор әбден қалыңдаған соң, мұғалім «балық аулауға кеттік деп», оқушыларды орындарына отырғызады.                 «Дене мүшелері» ойыны (Game «Parts of the body»). Оқушыларға «Дене мүшелері» тақырыбын үйреткен кезде мұғалімдерге таптырмас ойын. Екі оқушыдан жұптастырып, 3-4 жұпты тақтаға шығарып жарыстырады. Шарты: Мұғалім бір әріпті атайды, оқушы сол әріптен басталатын жанындағы жұбының дене мүшелерінің барлығына стикерді жабыстырады, қай жұпта стикер өте аз  жабысқан және қателер  болса, сол жұп ойыннан шығып, қалған жұптар әрі қарай  ойынды жалғастырады.   Ескерту: Мұғалім дене мүшелерінің бас әріптерін сабақтың алдын ала ойластырып алғаны жөн. Себебі кей әріптерден басталатын дене мүшелері мүлдем жоқ.

 «Гүл күлтелері» әдісі («Petals of flower» method) – сандарды меңгертуде қолданылатын, ағылшын тілін бастауыш сыныптарда оқытатын  мұғалімдерге арналған әдіс. Оқушылардың барлығын ортаға шығарып, мұғалім шартын түсіндіреді. «Бір-бірімізге гүл сыйлаймыз» («We’ll give flower to each other») дегенде, оқушылар арлы-берлі жүреді, «Үш күлтелі гүл сыйлаймыз» («We’ll give flower with three petals») дегенде үшеуден бірігеді, біріккен оқушылардан тыс қалып қойғандары ойыннан шығып отырады.  «Жеті күлтелі гүл…» дегенде, жетеуден бірігіп әрі қарай осы реттілікпен жалғаса береді. Ең соңында қалған оқушылар жеңімпаз аталып, мұғалім гүл сыйласа да болады, бұл олардың сабаққа деген назарын ынталандыру болып табылады. Осылай оқушылардың қандай сандарды меңгерген, меңгермегендігін анықтап, әрі қарай сабақты жалғастыра бересіз.

 «Жаңылыспаған идея» әдісі (method «Right idea»). Әр топқа тақырып төңірегінде 3-4 сұрақ беріліп, сол сұрақтардың жауабын жаңылыспай нақ көрсететіндей жұмыстар қорғайды. Оқушылар жұмысты қандай түрде қорғайтындарын өздері шешеді, ең бастысы  тақырып ашылу керек.  Өзімнің сабақтарымда осы әдісті қолданғанда, оқушылар сұрақтың жауабын плакатқа кесте түрінде көрсетті, сурет салды, көрініс қою арқылы диалог түрінде жеткізді, тіпті кейде мұғалім рөліне еніп, түсіндіріп берген кездері де болды.

Қазіргі білім беру жүйесінің басты мақсаттарының бірі оқушылардың өзара әлеуметтік қарым-қатынасын жетілдіру, мұғалім оқушылардың жеке тұлғасын дамытуға басымдық беріп, күрделі әлеуметтік-мәдени жағдайларда бағдарлап отыру. Осыған орай топтарда жұмыс жасату арқылы олардың достық қарым-қатынастарын қалыптастырып, өзара әрекеттестіктерін дамытып отырамын. Топтарға бөлуде кейде теңсіздіктер кездесіп жататыны белгілі. Бір топқа кіл «мықтылар», енді бір топқа кіл «әлсіздер» түсіп жатады. Сондықтан барлық пән мұғалімдеріне топқа бөлудің мынадай тәсілдері менің тәжірибемді шыңдай түскені рас.

Сан есімдер тақырыбында оқушыларды рет-ретімен санатып, тақ сандарды бір топ, жұп сандарды бір топ етіп отырғыздым.

Ағылшын жазушысы Шэкспирді өткен кезде оның үш цытатасының сөздерін бөлек парақтарға араластырып тастап, оқушыларға біреуден алуын, алған сөздерінен өзара әрекеттесе отырып сөйлем құрауын сұрадым. Үш сөйлемді құраған оқушыларды үш топқа отырғыздым. Уақыт болса, цытатаның мағынасын сұрап жіберуге болады. Осы әдістің тағы бір нұсқасы: Лондон тақырыбын жүргізгенде, ондағы үш суретті бөліктерге қиып, оны құрастыруын сұрадым. Құрастырған сурет туралы не білетіндерін сұрауға болады.

Жануарлар тақырыбын өткенде, сүйікті жануарларын сұрап алып, сол бойынша да бөлуге болады. Фигуралар арқылы да бөлуді көп қолданамын. Оқушылар төртбұрыш, үшбұрыш, дөңгелек арқылы бөлінетіндерін біліп, бірге жүретін достар бір фигураны таңдап алады. Сондықтан мұндай келеңсіздіктерді болдырмас үшін, фигуралардың түсін үш түрлі етіп, түс бойынша бөлініңдер дегенде, әртүрлі құрамдағы топтар шыға келеді. Әр сабақтың соңында оқушылардан сұхбат алып, сабаққа кері байланысын алып отырамын. Ол маған келесі сабақта оқушылардың ұсынысын ескере отырып және кемшіліктерді қайталамай жоспарлауға көмектеседі.

Зерттеу барысында бағдарлама идеясының бір модулі болып табылатын сын тұрғысынан ойлауды дамытуды тиімді қолдану қажеттігін түсіндім: жоспарлауға дайын болуы; бейімделгіштігі (басқалардың идеяларын қабылдай алуы); қайсарлығы (қиын тапсырмаларды кейінге қалдырмауы); жете түсінуі (өзінің және басқа адамдардың пікірін қадағалау); ымыралы келісімді іздеуі; коммуникативтілігі. Оның шарттары: сын тұрғысынан ойлауда тәжірибе жинау үшін уақыт және мүмкіндік беру; оқушылардың ойлауына жағдай туғызу; әртүрлі идеялар мен пікірлердің тууына мүмкіндік жасау; оқыту үрдісінде оқушының белсенділігін қолдау; әрбір оқушы сын тұрғысынан ойлауға қабілетті; оқушының өз пікірін білдіруге жетелеу және оның пікірін бағалау.

Үшінші мың жылдықтың білімді, саналы ұрпақтарына білім себуде әлі де ізденіп, өз шығармашылығымды жетілдіре беру қоғамның жақсаруына қосқан үлесім деп білемін. Сондықтан менің оқушыларыма бұл бағдарламамен сабақ жүргізу мынандай мүмкіндіктер берді: айқын мақсат қоя білу; белсенді қатысуды қолдау; жақсы дискуссияның болуына себеп тудыру; өзінің жеке сұрақтарын құрастыру мен қоюға деген ынталарын жандандыру; өзінің жеке пікірі мен ойын білдіруге көмектесу; оқуға деген оқушылардың ынтасын қолдау; басқалардың пікірлерін де сыйлау керек деген атмосфера құру; кейіпкерлерге деген сезімдері мен елестету қабілеттерін дамыту; өзгеруге себеп болады; сыни ойлауды дамытуды жоғары деңгейде қамтамасыз етеді.

Қорыта айтқанда, бұл курстың да ерекшелігі – оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға үйрету, мектепте алған білімді сыныптан тыс жерде тиімді, орынды қолдана алу. Осы тұрғыда бала бойында білім, білік, дағдының бірлігі-құзыреттіліктің қалыптасуы көп көрініс таба бермейтін қалып. Сондықтан алдағы уақытта жіберген кемшіліктерден (Уақытты тиімді пайдалану; Сын тұрғысынан ойлаудың әдіс-тәсілдерін енгізуді жетілдіруде, тапсырмалар дайындаудағы қиыншылықтар; Зерттеу сұрағын анықтаудағы кедергілер, яғни сауалнама нәтижесінің әртүрлілігі т.б.) сабақ алып, оны болдырмаудың жолдарын қарастырып, сын тұрғысынан ойлауға үйретудің әдіс-тәсілдерін басқа да сыныптарда қолдану, Б.есімді баланың әлі де сабаққа мардымсыз қатысуы, соның жолдарын зерттеу, сауалнаманы түрлендіру, бірлескен іс-әрекеттегі зерттеу жүргізуді алдағы уақытқа жоспарлап, ізденушілікпен жұмыс жасамақпын.

 

Пайдаланылған әдебиеттер: