НӘТИЖЕГЕ БАҒЫТТАЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА ОҚЫТУДЫҢ ҮШӨЛШЕМДІ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕСІН САБАҚТА ҚОЛДАНУ

НӘТИЖЕГЕ БАҒЫТТАЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА ОҚЫТУДЫҢ ҮШӨЛШЕМДІ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕСІН САБАҚТА ҚОЛДАНУ

 

Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп, халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай-ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген. Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар мен сыңдарлы саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог қауымының ойлауына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына, жаңа идеялармен жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық.

Ел  президенті  Н Назарбаев  өз Жолдауында  «Ұлттық   бәсекелестік  қабілетті    бірінші   кезекте   оның    білімділік   деңгейімен   айқындалады»  дей келіп,  білім   саласында   түбірлі     өзгерістерге    әзірліктің    қажет   екенін    баса  айтты. Қазіргі    таңдағы   білім    саласында,  жүргізіліп    жатқан  реформаның   басты мақсаты – ой-өрісі   жаңашыл,  шығармашылық   деңгейде   қызмет   ете   алатын,  дүниетанымы    жоғары,  білімдік  бәсекеге    қабілетті  жан — жақты  қалыптасқан  жеке  тұлға  тәрбиелеу.  ХХІ ғасыр   табалдырығын   білім  мен  ғылымды  иновациялық   технология   бағытымен  дамыту  мақсатымен   аттауымыз   үлкен  үміттің  басты  нышаны болып  табылады. «Бұлақ  көрсең көзін  аш» дегендей,  мұғалімнің  міндеті —  оқушы  бойында  жасырынып   жатқан  мүмкіндікті  ашу. Кез-келген  бала  оқу  әрекетінде  адамзат  баласының  өмір  бойы  жинақтаған  тәжірибесін  меңгеріп, сонымен  қатар,  шығармашылық  іс-әрекеттерді  орындау  арқылы  өзінің  ішкі  мүмкіндіктерін  дамытады. Білім   беру  үрдісінде  проблеманы бала өзі  шешуге  талпыныс  жасап, өз  қызығушылығын   қанағаттандыруға,  өз  идеясын  жүзеге  асыруға  әрекет  етеді.

Қазіргі мектептің мақсаты – бүгінгі күн талабына сай нәтижеге бағдарланған білім бере отырып, өзін-өзі жетілдіретін, өмірлік белсенді көзқарасы бар, әлемдік мәдениетті танып білуші, жан-жақты дамыған адам, шығармашыл тұлға тәрбиелеу. Шығармашыл мұғалім ғана шығармашыл тұлға тәрбиелей алады. Сондықтан балалардың шығармашылық қабілеттерін деңгейлік тапсырмалар орындату арқылы дамытуға арналған бірнеше сабағымыздың жоспарын алдағы уақытта жинақ түрінде шығарсақ деген ойымыз бар.

Біз бірнеше жылдан бері қолданылып жүрген профессор  Қараев  Жауынбай  Амантурұлының  оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі  технологиясы  жаңаша өзгерген  мақсатпен  оқушылардың  өздігінен  танып, іздену іс -әрекеттерін  меңгертуді  талап  етеді.  Бұл  технологияда  бірінші  орында  оқушы  тұрады   және  өз  бетімен  білім  алудағы   белсенділігіне  аса  назар  аударады. Пәнге    танымдық  қызығушылықты  дамытудың  үш  шарты  бар.

Бірінші  — мазмұнның   жаңғыртылуы,  бұрын жария  етілген фактілерді  жаңаша  сипаттау.  Ілімнің  практикалық  мәнін  ашып  көрсету.

Екіншісі — өз  бетінше  жұмыс  істеудің  әрқилы  түрлерін,  оқытудың  проблемалық  тұрғыда  қолға  алған  материалды  зерттеу  негіздеріне  және  оқушының  шығармашылық, практикалық  жұмыстарына  бағытталған  оқыту  тәсілдері.

Үшіншісі  — оқушының  қабілетін  ұштау,  мұғалімнің  оқушыға  көмек  беруге  дайын   тұруы,  олардың   мүмкіндіктеріне  қолдау  көрсету  қабілеті,  талап  қоюшылдығы  мен  адалдығы,  балаларды  көтермелей  білу,  сондай – ақ  оқушылардың  өзара  бәсекелесіне  көмек  көрсете  білу  қасиеті.

Осы шартты іске асыруда «Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі» педагогикалық технологиясының маңызы зор екеніне бірнеше жылдардағы іс-тәжірибиемізден көзім жетті. Соның дәлелі, 2009 жылы 3-сыныптарындағы факультатив сабақтарына арнап Ж.Қараевтың «Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі» педагогикалық технологиясына сүйеніп, қосымша «Математикадан өзіндік жұмыс дәптерін», 2012 жылы екінші және төртінші сыныптарға математикадан факультатив сабақтарына арналған «Жұмыс дәптерін» жаздық.    Ондағы тапсырмалар математикадан факультатив сабақтарына арналып 34 сағатқа жасалған. «Жұмыс дәптерімен» жүйелі жұмыс жасау арқылы оқушының математикалық ойын, шығармашылық ойлау қабілетін дамытады. Күнделікті тақырыптар бойынша оқушының алған білімдерін әр аптаның соңында осы оқу құралын қолданып, тексеріп отыруға болады. Берілген тапсырмалар жеңілден күрделіге қарай құрылғандықтан, тапсырманы әр бала өзінің әлі келгенінше және мұғалім мен ата-ананың көмегімен орындауына мүмкіндігі бар. Осылайша, үлгірімі төмен оқушының өзі де біртіндеп ІІІ, ІҮ деңгейлік тапсырмаларды орындап үйренеді. Әр тоқсанның соңында білім сапасының мониторингі оқу құралының соңындағы бағалау көрсеткішімен сараланып отырылады. Ол арқылы баланың математикаға деген қызығушылығы артады.

Осының нәтижесінде үлгірімі төмен оқушының өзі де біртіндеп ІІІ,ІҮ деңгейлік тапсырмаларды орындап үйренеді; өзіндік жұмыс нәтижесі әр тоқсан мен жыл соңында қорытынды жұмыстарының нәтижесіне сай алған бағаларын даму дәрежесінің көрсеткішіндегі бағаларға сәйкестендіріп белгілеп, оның даму дәрежесінің көрсеткішінің графигі сызылады. Бұл график балаларды қатты қызықтырады. Өзінің мониторингін өзгелермен салыстырып, алға қарай ұмтылады.

Даму дәрежесінің көрсеткіші (мониторингі)                             кесте № 1

ІҮ деңгей

 

 

ІІІ деңгей

 

ІІ деңгей

 

І деңгей

 

І-тоқс.     ІІ-тоқс.    ІІІ-тоқс.    ІҮ-тоқс.    жылдық

Ол арқылы баланың пәнге деген қызығушылығы артады. Жалпы айтқанда, жарық көріп отырған бұл жұмыс дәптері бастауыш сынып мұғалімдері мен ата-аналарға, оқушыларға көп көмек болады.

Сабақ барысында әр деңгей тапсырмасының дұрыстығын тексергеннен кейін, тақтада ілініп тұрған “Ашық журналға” белгілер қойылады. Мысалы, бастауыш сыныпта математика сабағында біз оқушылардың білім көрсеткішін  мына кесте бойынша бағалаймыз:(бір тақырып бойынша білім көрсеткіштері)

Ашық журнал                                                 кесте № 2

                                       Оқушының аты-жөніІ деңгейІІ деңгейІІІ деңгей  балл саныБағасыIV деңгей
1Үрмеғали

Ақжан

12«5»

 

2Агинов Нұрсұлтан9«4»

 

 

3

Әжікен

Ернұр

5«3»

 

2-сынып математика пәнінен «14 санының құрамы» тақырыбына жасалған сабақ жоспарының үлгісін ұсынамыз.                                                                                      кесте № 3

Оң жақ бағанадағы тапсырмаларды құрастырушы мұғалімдердің есіне І кезең. Төмендегі  «Көпір» тапсырмаларын оқушылар үйде орындап, бүгінгі сабаққа дайындалып келеді. Мұғалім алғашқы 5-7 минутта:

а) ұйымдастыру сәтін;

б) алдыңғы тақырыптың ІІІ кезеңінің  үш деңгейлік тапсырмаларын үйде аяқтап келу дәрежесін тексергеннен кейін

в) « Көпір» тапсырмаларын тексереді.

«Көпір»тапсырмалары өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау тапсырмалары1. 90 мен 20-ның айырмасының мәнін тап. Өрнекті жаз.   Ж: 90-20=70

2. Бірінші қосылғышы 20, екінші қосылғышы 7 болатын өрнек жаз. Қосындының мәнін тап.  Ж: 20 + 7 = 27

3. «Жасырын санды ата» ойыны

 

 

Ж: 8, 4, 5, 9.

4. «Тізбекті» мысалдарды шеш:

+1        +4        +4

 

 

Ж: 6, 10.

Біз қай санның еселіктерін жаздық оны басқаша қалай айтамыз?

Олай болса біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз: «14 санының құрамы»

ІІ кезең ( топтық жұмыс) жаңа сабақты топтық жұмыс барысында оқушылардың өз бетімен меңгеруіне жағдай жасау: а) оқушылар төмендегі «Білу», « Түсіну», «Талдау», «Жинақтау» тәсілдеріне сәйкес тапсырмаларын өздері толтырады (10минут); ә) жауаптарын мұғаліммен бірге талдайды (10 минут). Нәтижесі ауызша марапатталады.
Теория бойынша: « Білу»

(тақырып мазмұны бойынша кім? Не? Қандай? қалай? Нені? Қашан? Не істеді? Сияқты  сұрақтарға жауап беретін толық ақпарат іріктеліну керек)

Бос орынға қажетті сандарды жаз.

1. 10, 20, …, …., …., 60. Ж: толық ондықтар өсу ретімен орналасқан;

2. 90, 70, …, …., 10. Ж: толық ондықтар кему ретімен орналасқан;

4.       3.  «Санды ата» ойыны.

 

 

 

 
3.«Мысалдар тізбегі» ойыны. Оқушылар (8 + 6) өрнегінің мәнінен басталатын мысалды айтады. Мысалы, 5+3=8 , 8 – 4=4, 4 + 10=14  т.б.

 

Теория бойынша:  «Түсіну» неге?           неліктен? себебі? не үшін? сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарын тереңдету үшін қойылады.Себебін анықта.

1. Неліктен 80 мен 20-ның айырмасының мәні 60-қа тең?

Себебі: 8 онд. – 2 онд. = 6 онд.

2. Неге бірінші қосылғышы 10, екінші қосылғышы 4 болатын өрнектің мәні 14-ке тең?

Себебі: 1 ондыққа 4 бірлікті қоссаң 14 шығады.

3. Неге жасырын сандар: 8, 4, 5, 9 болады?

Себебі: 13-5= 8,  13-9= 4, 13-8 = 5,   13-4=9

4. Неліктен жасырын сандар 6 мен 10 болады?

ә) Себебі: 5+1=6+4=10+4=14

2. а) 1,3,6,8,7,10,12,13,14 сандарын 14-тен азайтуға болады.

ә) Неліктен?

Себебі: бұл сандар 14 санының құрамына кіреді.

 

Теория бойынша : «Талдау»

1.  Салыстыр

2. Айырмашылығы неде?

3. Ұқсастығы неде?

4. Тақырыптың басты идеясын жаз деген тапсырмалар болу керек. Немесе 1-3 тапсырмаларды  Венн диаграммасы  арқылы қамтуға болады

 

 

 

10 көлеміндегі                    Ұқсастығы                           14 санының

           сандар құрамы                                                                     құрамы

 

 

 

 

 

 

 

 

 
Тақырыптың басты идеясы неде?

а)  10 көлеміндегі сандарды қосу мен азайтуды пысықтау.

б)  Ондықтан аттап қосу және азайтудың сәйкес жағдайлары.

Ұқсастығы: екеуі де алгебралық амалдар.

Айырмашылығы: 10 көлеміндегі бірліктерді бірлікке қосып, азайтамыз.

14 санына кестелік қосу және азайтудың тәсілі

         Оқулықпен жұмыс (5 минут): төмендегі  «Қолдану» және оқушының тақырып мазмұнына  «Баға беруі» тәсілдеріне сәйкес, яғни рефлексия жасауға, эссе жазуға арналғанпрактика жүзінде бекіту тапсырмалары орындалады . Нәтижесі ауызша марапатталады.
 

Практикасы: «Қолдану»(оқулықпен жұмыс жүргізу барысында тек қарапайым тапсырмалармен бекіту жүргізіледі. Дайын формулалар арқылы есептер шығару орындалады)

 

1. Өрнектің мәнін тап:

12 мен 10-ның айырмасына 5-ті қос; 8 бен 9 санының қосындысынан 3-ті азайт.

Ж: (12-10)+5=7      (8+9)-3=14

2. Теңдеуді шеш: х + 7 = 15

Ж: х + 7 = 15 теңдеуінде х-тың мәні  8  тең

 

 

2. 1) Өрнектеп жаз:

30 см = □ дм                                      5 дм = □ см

5 м = □ дм                                          30 дм = □ дм

Ж: 3дм, 50дм, 50см, 30дм

 

Практикасы

«Баға беру» (Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? деген тапсырмалар оқушыға жоғарыда алған білімін (теория бойынша) және біліктілігін  (практикасы бойынша) өмірдегі жағдаяттарды шешуге бағытталып қойылады

 

 

Сен қалай ойлайсың:

1. Нұрдана математикадан үйге берілген тапсырманы орындауы үшін 30 минут,

ал ана тілінен 20 минут уақыт жұмсады. Нұрдана үй тапсырмасын неше минутта орындады?

Ж: үй тапсырмасын 50 минутта орындады.

2.             Қолөнер үйірмесіндегілер 14 сырмақ сырып, оның 6-уын сатты. Неше сырмақ

3.             қалды?

Ж: 8 сырмақ қалды.

2. Кестені толтыр:

қосылғыш     4     6     2       5     2
қосылғыш      8    8       8       4      9
қосындының

мәні

    12    14   16      20    18

 

ІІІ кезең (кері байланыс- бағалау кезеңі):  Жеке жұмыс. Жоғарыда меңгерген мазмұнды үш деңгейге іріктеп ( әр деңгейдің білімділік, біліктілік, яғни құзыреттілік деңгейін анықтайтын тапсырмалар)  оларды біртіндеп орындату арқылы балл жинату барысында оқушының құзыреттілік деңгейін анықтап, әділ бағалау жүзеге асырылады. Бұл тапсырмаларды оқушылар сабақтың соңына дейін қалған 45 минуттың 40 минутында  орындайды +5 минут қорытынды  жасалады. Қалған тапсырмаладыр үйде  аяқтап келеді. Қорытынды балл саны дәстүрлі бағаға айналдырып, келесі сабақтың басында сынып журналына қойылады, мониторингке тіркеледі.
І деңгей  ( 5 балл).  Әр тапсырманың бағасы – 1 балл.
Теория бойынша:

«Білу»  (тақырып мазмұны бойынша кім? Не? Қандай?, қалай? Нені? Қашан? не істеді? Сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпараттар іріктелініп ІІ кезеңдегіге қарағанда керісінше қойылады)

 

1.14 саны шығатындай өрнек құрастыр:

 9 + 5 = 9 + 1 + 4 = 14                     14 — 5 = 14 — 4 — 1 = 9

1   4                                                 4   1

8 + 6                                               14 — 8

 

2. Жұлдызшаның орнына тиісті санды жаз:

15 = 9 + *  = 12 = 6 + *                            6 + *  = 13 = 5 + *

16 = 8 + *  = 14 = *  +7                            7 + *  = 11 = 3 + *

    а765
а + 5121110
а + 6131211
а + 7141312
Практикада: «Қолдану»              (ІІ кезеңдегіге қарапайым тапсырмалар үлгісіндегі тапсырмалар орындалады)1) Белгісіздің орнына тиісті цифрды қойып кестені толтырыңыз:

2)  Сұрақ белгісінің орнына қажетті санды тап:

а) 2, 3, 5, 8, 12, ..?

ә) 15, 12, 13, 10, 11, 8, ..?

Ж: а) 17    ә) 9

ІІ деңгей (5 балл+4 балл=9 балл).  Әр тапсырманың бағасы – 1 балл.
Теория бойынша:

«Түсіну»  неге? Неліктен? Себебі? Не үшін? Сұрақтары оқушының жоғарыда  берген жауаптарына оларды тереңдету үшін қойылады.)

Тұжырымдамадағы бос орындарға керекті сөз тіркесін қойып толықтырыңыз:

1) а) «Мысалдар құрастыр» ойыны.

 

 

 

 
Ж: 13=8+5    11=7+4                                            12-8=4      13-9=4

б) Неліктен? Себебі, бұл сандар 11, 12, 13 сандарының құрамына кіреді.

2) а) Күнді тап» ойыны. Әрқайсысының артында өтілген кестелік қосу және азайту жағдайлары жазылған «бұлттар» тақтаға ілінеді. Оқушылар кезекпен есептеулерді дұрыс орындаса, «бұлттар» ашылады.

 

 

 
1                    2                      3                    4                   5

б) Неліктен?

Себебі: 6+7=13      14-8=6           9+2=11         5+7=12          14-6=8

3) а) Есеп құрастыр және шығар:

Барлығы тәрелкеде 14 алма бар. Егер тәрелкеден 6 (4,5,3) алма алынса, неше алма қалады?     Жауабы: 8, 10, 9, 11.

б) Неліктен? Себебі: 14-6=8.   14-4=10.  14-5=9.   14-3=11.

Теория бойынша:

«Талдау»

1.   Салыстыр

2.   Айырмашылығы неде?

3.   Ұқсастығы неде?

Тақырыптың басты идеясын жаз деген тапсырмалар болу керек. Немесе 1-3 тапсырмаларды Венн диаграммасы  арқылы қамтуға болады

5, 8, 9 цифрларын тек бір рет пайдаланып:

1) мәні 14-ке тең болатын қосындыларды жаз; 5+9; 8+6; 9+5.

2) 14 санынан азайтып өрнектер жаз; 14-5; 14-8; 14-9.

3) Анасы 14 самса пісірді. Оның 6-ына ет, ал қалғандарының ішіне ірімшік салды. Анасы неше ірімшік салынған самса пісірді? — (8). Неліктен? Себебі:

Етпен – 6 (с)

Ірімшікпен — ?(с)      -14(с)

Шешуі: 14 – 6 = 14 – 4 – 2 = 8

4    2

Жауабы: ірімшікпен 8 самса пісірді.

Тақырыптың басты идеясы неде?

Ондықтан аттап қосу және азайтудың сәйкес жағдайлары.

14 – 9 = 14 – 4 – 5 = 5              14 – 8 = 14 – 4 – 4 = 6     т.б.

4    5                                     4   4

Практикада:

«Қолдану»

(ІІ кезеңдегіге қарапайым тапсырмалардың өзгертілген  жағдайдағы нұсқасы орындалады)

1) «Кім жылдам?» ойыны. Уақытқа  шығару.

9 + 5 = 9 + 1 + 4 = 14           14 – 7 = 14 – 4 – 3 = 7

1    4                                        4    3

14 — 8 = 14 – 4 – 4 = 6          9 + 2 = 9 + 1 + 1 = 11

4   4                                      1   1

2) Үйдің әр бұрышында 1-1-ден мысық отыр. Әрқайсысына 3 мысық қарсы отыр.Үйде неше мысық бар?

Ж: үйде 4 мысық бар.

ІІІ деңгей (9 балл+3 балл=12 балл)  Әр тапсырманың бағасы – 1,5 балл.
Теория бойынша:

«Жинақтау (қорытындышығаруғабағытталған мазмұнды жүйеле, анықтама бер, кесте, сызба, ребус шеш деген сөздер тапсырма  шартында болу керек)

Нәрселерді санағанда,

Керек  ол бізге ауадай,

Айтыңдаршы, бұл қандай сан,

Жан-жағыңа қарамай?               (натурал сан)

 

Дүкеннен мен сабын алдым,

Оның және қабын алдым,

Екі дәптер, бір қарындаш,

Тіс ысқышты тағы да алдым.

Есептеші сонда бәрі

Қанша болды, қолда бары?           ( 6 )

 

Практикада: « Баға беру» (сен қалай ойлайсың? Не істер едің?  Сияқты тапсырмалар өмірдегі жағдаяттарды шешуге бағытталып қойылады2-тапсырма.  Сен  қалай  ойлайсың?

Қосу, азайту амалдарын білмесең өміріңде қандай жағдайлар болар еді?

Ж: Мысалы: заттардың санын білмей қиналар едік т.б.

3-тапсырма.  Тағы қандай жағдайлар кездесер еді?

Ж: ақшамызды санай алмас едік.

Математика – сын сабақ,

Жұмбақты шешіп,ойна күл.

Білімдіден мол талап,

Күтіледі, оны біл!

 

— Біз әр сабағымызды осы үлгідегіде өткізіп отырамыз. Бұл технология оқушылардың білім сапасын арттыруда нәтижеге жетуге ықпал ететіндігін іс-тәжірибеміз дәлелдеп келеді.

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Ж.У.Кобдикова. Үшөлшемді әдістемелік жүйе (ҮӘЖ) – нәтижеге бағытталған білім берудің тиімді механизмі, (педагог кадрлардың біліктілігін арттыратын курстарға үлестірмелік құрал), Алматы, 2008ж.
  2. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы // Астана . 2004. 28-б
  3. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы // Алматы 2010.6-б
  4. Қазақстан Республикасында 2015жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы

//Астана. 2004. 3-4б.