Білім беруде электрондық оқыту жүйесін енгізу.

96

Білім беруде электрондық оқыту жүйесін енгізу.

 

 Мақсаты:

  1. 1. Әлемдік ақпараттық білім кеңістігінің деңгейіне көтеру, оқыту үрдісін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту.

2.Қазіргі ақпараттық технологияны қолдана отырып оқушылардың дүние танымын,сөйлеу мәдениетін,ауыз екі және жазба тіл дағдыларын қалыптастырып,логикалық қабілетін шыңдау.

  1. Электрондық оқулықтарды пайдалану,оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, ойлау жүйесін қалыптастыру, тілге деген қабілетін жетілдіру, шығармашылық шеберлігін арттыру.

 

Қазіргі кезеңдегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Тіпті бірқатар дамыған елдерде бұл идея ұлттық қағидаға айналған. Сондықтан халықаралық ұйымдар әлем елдерінің бәсекеге қабілеттілік рейтингісін анықтауға кірісіп, оның территориясы мен тұжырымдамалары жасалып жатыр. Ал Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін жүзеге асырудың тиімділі жолдары Елбасының “Бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы” жолдауында айқындалған.

Елбасымыз “Қазақстан -2030” Қазақстан халқына арналған Жолдауында “Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді.[9]   Олар қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгереді, олар бейбіт, абат, жылдам өркендету үстіндегі, күллі әлемге әйгілі  әрі сыйлы өз елінің патриоты болады” деп көрсетілгендей , ертеңгі  келер күннің бүгінгіден  гөрі нұрлы  болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш – білім. Мемлекетіміздің болашағы – бүгінгі мектеп оқушыдары. Оларға бірдей талап қойып, олардың табиғи қабілеттерін, нақты мүмкіндіктерін анықтап, соған негіздеп оқыту – бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналды.

Инновациялық үрдістің негізі – жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Оқушылардың ой — өрісін, ұлттық мәдениетін, ұлттық рух пен сана-сезімін дамытып, алғыр тұлғаны қалыптастыру оқу, тәрбие  жүйесіндегі инновациялық технологияларды соның ішіндегі ақпарат технологиясын ағылшын тілі сабағында қолдану үлкен жетістіктерге жетелейді деп ойлаймын.

Мұғалімнің күнделікті кәсіби шеберлігін арттырып, білімін шыңдай түсуі үшін күнделікті оқып-білу, тәжірибе жинақтау қажет. Осы заманғы сабақ берудің озық технологиясын меңгеру кезек күттірмейтін міндет екенін әрбір мұғалім білуі тиіс.

ХХІ ғасыр – озық технологиялар ғасыры. Сондықтан, білім беру жүйесінде жаңа технологияларды тиімді пайдалану заман талабы. Әсіресе шет тілін үйренуде мұның пайдасы өте зор. Себебі, тіл үйрену арқылы адам бүткіл бір ұлттық мәдениеті мен әлеуетін қатар үйренеді. Ал оны толықтай меңгеру үшін оқулықтың аздық етері анық. Адам көру, есту арқылы тіл қолданушылардың мәдениетін тезірек сезінеді.Яғни, өзінің де сол тілді меңгергендердің қатарына қосылуы жеңілдей түседі.

Адам іс — әрекеттің әртүрлі салаларында, сонымен қатар, білім саласында ақпараттық технологиялардың жаңаша құралдарын қолдану бүгінгі күні үлкен өзектілікке ие болып отыр. Отандық және шетелдік оқулықтарда білім процесін компьютерлендіру ең өзекті факторлардың бірі ретінде қарастырылады. Білімді дамыту үшін білім берудің үйреншікті әдісінен оқыту процесінде оқушының пәнге деген қызығушылықтарын арттыратын білім берудің жаңа белсенді әдісіне көшу керек.Бұл тапсырманы оқыту процесінде тек жаңа технологияларды қолдану арқылы жүзеге асыруға болады. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында (3 бап) белгіленгендей, білім беру жүйесін ақпараттандыру, мемлекеттік білім саясатының негізгі қағидаларын жүзеге асырудың маңызды бір механизмі болып табылады.[6] Ақпараттық ортаны құруға негізделген білім берудің жаңа жүйесін қалыптастыру және педагогикалық практикаға жаңа ақпараттық құралдарды, сонымен қатар, басқа да жаңа технологияларды енгізу білім жүйесін дамытудағы стратегиялық тапсырма болып саналады.

Білім беру жүйесін ақпараттандыру – оқыту мен тәрбиелеудің психл-педагогикалық мақсатын дамытуға бағытталған жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануды теориялық және практикалық тұрғыдан қамтамасыздандыру. Басқаша айтқанда ақпараттық технологияларды оқыту үрдісіне тиімді пайдалана білу және оның әдісьемесін меңгеру.Білім беруді ақпараттандыру:

  • әрбір адамға білім алудың өзіне тиімді жолын таңдауға мүмкіндік беретін білім берудің ашық жүйесін орнықтыруға;
  • білім алудың техникасын түбірімен өзгертуге;
  • оқыту үрдісінде оқушылардың танымдық іс-әрекетін тиімді ұйымдастыру;
  • электронды білім беру ресурстарын пайдалану арқылы даралап оқытуға т.б. Жаңа ақпараттық технологиялар білім беруде ең алдымен мектептерде тәжірибелі ұстаздардың білімін игеруге, жан-жақты білім алушылардың санын көбейтеді.Қазіргі кезде кез-келген тақырып бойынша мәліметтерді алу үшін Интернетті пайдалануда өте бай тәжірибелерге қол жеткізілуде. Жаңа білім жүйесі интернеттің пайда болуының арқасында дамығанын барлығы мойындайды. Көптеген әдіскерлер видеофильм, электрондық оқулықтар, мультимедиялық презентациялар, анимациялық суреттер және т.б. көмегімен шетел тілінде монолог және диалог түрінде сөйлей алу қабілетіне ие болу оңай емес.Сондықтан, мұғалімнің маңызды тапсырманың бірі шет тілі сабағында жаңа технологиялардың түрлі амалдарын қолдана отырып, сөйлеудің шын ситуацияларын құру болып табылады. Шет тілін үйрету процесінде компьютер технологияларын қолдану сабақты қызықты жолмен өткізуге көмектеседі. Мысалы, анимациялық суреттер, видеокөріністер, презентациялар және электрондық оқулықтар.

Компьютер мониторындағы көріністер оқушылардың іс-қимылының арқасында өзгеріп отырады.Бұл динамикалық және оқушының бар ойын өзіне бағыттайды,сонымен қатар,оқу процессінде оқушының белсенділігі оянады.Нәтежиесінде окушы ақпаратты оңай әрі тез қабылдайды және оқушының ынтасы мен қызығушылығы жоғарылайды.

ХХІ ғасырды қоғамдық ақпараттандыру ғасыры деп жай атамаған.Компьютер адам іс-әрекетінің барлық салаларында қолданылады.Дүниежүзілік қоғамдастықта қоғамдық өмірдің барлық саласын глобальді ақпараттандыру процесі дамытылуда.Экономикалық жағдай,адам өмірінің сапасы,ұлттық қауіпсіздік және мемлекеттің дүниежүзілік қоғамдастықтағы рөлі ақпараттық-технологиялық дамудың және оның даму қарқынының даму дәрежиесіне байланысты.Барлық экономикалық дамыған елдерде және көптеген дамушы елдерде білім беру жүйесін ақпараттандырудың қарқынды процесі жүріп жатыр.Жалпы білімді жоғарылату жолдары жасалып жатыр және оқыту процесіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізуде көп қаражат бөлінуде.Оқыту процессіне компьютерлік технологиялард қарқынды енгізілуде,арнайы мультимедиялық оқулықтар және оларды қолдану техникасы туралы әдістемелер,шет тілін үйрету процессінде компьютерлендіру жеткілікті дамып келеді.

Білім беру процессінің сапасын,жоғарылататын және оқу материалын қабылдаудың тиімділігін көтеретін,диолог және монолог түрінде сөйлеуге үйрету.

Жаңа технологиялардың көмегімен сөйлеуге үйретудің тиімді жолдары жүзеге асырылуда.Видеофильмдер мен мультимедиялық презентациялар электрондық оқулықтардың көмегімен диолог және монолог түрінде сөйлеуге үйретудің тиімді әдісі,әрі оқушылардың ынтасы мен қызығушылықтарын оятады және берілген материалды оңай әрі тез арада игеруге мүмкіндік береді.

Лингвистикалық білім берудің ақпараттық ресурстары классикалық  дәстүрлі таратушылармен қоса (оқу құралдары,монографиялар,журналдар)техникалық дидактикалық   материалдары-аудио және бейне курстары мультимедиалық компьютерлік білім беретін бағдарламалар болып табылады.

Қазіргі кездегі оқушыларды оқытудағы ең қажетті педагогикалық инновацияның бірі мультимедиялық компьютерлер,электрондық оқулықтар. Себебі адам көру,есту арқылы тілді тезірек үйренеді.Есту арқылы тілінің шет тіліне дағдылану тез әрі ешбір акцентсіз болады.Сондықтан қазіргі таңда шет тілін оқытуда мультимедиа яғни жаңа ақпараттық технологиялар пайдалануы қажет.

Білім беруді ақпараттандырудың президенттік бағдарламасы электронды оқулықтарды жасауға себепші болды. Бүгінгі күнде мектептегі білім берудің мазмұнының 60%-ы және кәсіби білім берудің 10%-ы түрлі сандық интерактивті мультимедиялық білім беру ресурстарын (СИМБР): электронды оқулықтарды (ЭУ); мультимедиялық оқыту бағдарламасын (МОБ); виртуалды саяхаттарды (ВС); электронды дидактикалық құралдарды (ЭДҚ) және т.б. жасау жолымен сандық форматқа көшірілгені бізді қуантады. [1]

Электронды оқулықтардың, дәстүрлі қағаз кітаптардан айырмашылығы «жанды» болып келеді және педагогика ғылымдарының негізін салушы Ян Амос Каменский тұжырымдаған: «Барлық мүмкін деген нәрселерді қабылдауды сезіммен жүзеге асыру керек, атап айтқанда: қабылдау үшін көруді, көзбен; естуді есту қабілетімен,; иістерді иіс түйсігімен; дәмге тиістіні дәммен; түйсікке қатыстыны түсіну жолымен. Егер қандай да болмасын затты бірнеше сезіммен қабылдау керек болса, бірнеше сезімді салу» дидактиканың алтын ереклеріне сәйкес келеді. [12]

Оқылатын пәннің әр тақырыбын авторлар көзбен көру арқылы ұсынған. Мектеп оқушылары оқу материалын көру арқылы қабылдауды қамтамасыз ететін түрлі суреттер, сызбалар, фотосуреттерді көре алады, тарихи және географиялық карталарды, көркем экспонаттарды және тағы басқа көптеген нәрселерді қарастыра алады. Электронды оқулықта, қарастырылып жатқан құбылыстардың өзара байланысын және олардың түпкі мағыналарын ашатын жан бітірімдер ерекше орын алады.Мысалы, оқушы физика, химия, биология пәнінен тәжірибелер жүргізіп және зертханалық жұмыстарын үйінде отырып компьютерде орындай алады.

Оқу материалын бірнеше рет көре алу мүмкіндігі балалардың жеке басының ерекшілігіне сай: біреулеріне өмір бойы есте сақтап қалу үшін бірақ рет қарап шығу жеткілікті, екіншілеріне – материалды бірнеше рет қарап шығу қажет. Бұның барлығы мүмкін, өйткені оқушы электронды оқулықпен жеке жұмыс жасайды.

Ал  бұның мұғалімге қандай көмегі бар. Оқу материалы түгелдей көркемделген. Мұғалімге  көрнекі дидактикалық құралдарды даярлау қажет емес.Көркемделуі кәсіби деңгейде орындалған. Слайдтар – бұл принтер арқылы қағазға басып шығаруға болатын қолайлы таратылым материалы.

Электронды оқулықтар және СИМБҚ – ның басқа да түрлері интерактивті, олар дыбысталған, оларда оқушының жауаптарды елеусіз қалмайтын шынайы сонымен қатар тапсырмаларды орындай және сұрақтарға жауап бере отырып оқу үрдісінің белсенді қатысушысы болады.

Барлық электронды оқулықтар қазақстандық білім беру стандартына сәйкес жасалған. Олар нақты бір сабаққа бағытталып қана қоймай, сондай-ақ жалпы оқытылу пәнінің мазмұнына бағытталған, бұл оқушыға оқу материалын біртұтас етіп және олардың өзара байланысын көрсете алады.

Шет тілін меңгертуде менің өзекжарды мәселем: «Сөздік қорын дамыта отырып, қатесіз, таза, еркін ағылшын тілінде сөйлету». Осы мәселені шешу жолында мен өз сабақтарымда электрондық оқулықтарды, мультемедиалық оқулықтарды пайдалана келе, дәстүрлі қағаз бетіндегі оқулыққа қарағанда артықшылығы басым болатындығына көз жеткіздім:

  1. мультемедиялқ мүмкіндіктерді қолдану: музыкалық немесе дикторлық дайындау, анимация, графикалық қойылым, бейне клиптер, слайд-шоу және т.б.
  2. жүйенің басқару құрылымы – оқытушы өз ойын, көзқарасын, өз кезегінде материалдың ұсынылуын, әртүрлі аудиторияға бір ғана оқу мәліметтерін ұсынуға мүмкіндік алады және анықтамалық жүйе ретінде қолдана алады.
  3. жүйенің білімді бақылаумен тез арада нәтиже алуы, орындалған жаттығулардың бағалануы.

Жаңа технологиялар негізінде білім сапасын арттыру жұмыстарының мысалы ретінде, тек білім беру тәсілдерін (электронды оқулықтар, бейне сабақтар, тестілеуші бағдарламалар т.б.) ғана емес, білім беру саласын басқаруды автоматтандыру болады.

Өз сабақтарымда электронды оқулықтарды, мультемедиалық оқулықтарды пайдалана отырып жеткен жетістіктерімді атап өтетін болсам:

  1. кроссворд, кесте және сызбаларды құру үшін дербес омпьютерді қолдану арқылы грамматикалық және лексикалық оқу материалдарын өңдеу;
  2. досына ағылшынша хат жазу мен дұрыс безендіруді үйрену т.б.
  3. ағылшын кабинеті үшін ағылшын тіліндегі сөздерді сауатты безендіру мен көркемдеуді білу;
  4. дербес компьютерді пайдалану арқылы оқушылардың өзіндік және топтық жұмыс жасауды игеру мен білім алуды кеңейту;
  5. итернет желісін пайдалану арқылы оқушылар электронды пошта арқылы хат-хабар алмасу,өзінің ойын еркін жеткізу, білім қорына ену, сөздіктер мен энциклопедияларды пайдалана алады т.б.

Дербес  компьютердің мультемедиялық мүмкіндіктерін пайдалану, оқушылардың шығармашылық, интеллектуалдық қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдысын қалыптасуына әкеледі. Ағылшын тілі сабағында электрондық оқулықтарды қолдану арқылы оқушылар жұппен, топпен жұмыс жасайды. Жұмыстың бұл түрі оқушылар арасында ағылшын тілінде диалог орнатуда, грамматикалық білімдерін бекітуде пайдаланылады. 9-11 сынып оқушыларына көбінесе белгілі бір тақырыпқа жобалық жұмыстар жазуға тапсырмалар беремін.

Ағылшын тілінде оқулықтарда жоқ материалдар іздейді. Тапсырма бойынша оқушы газеттерден, кітаптардан, интернеттен керректі мәліметтерді іздеп, тауып жазып әкеледі, қысқаша мазмұнын ағылшын тілінде айтып береді. Оқушыларға мұндай жұмыстар ұнайды. Бұл мен үшін пайдалы материал болса, олар үшін шығармашылық жұмыс. Мен үнемі өз сабақтарымда өтілген әр түрлі тақырыптарды меңгерту, пысықтау, саралау бағытында тәжірибемде міндетті әдіске айналған саралау-салыстыру, құрастыру жұмысын жүйелі жүргізіп отырамын. Екі елдің басты ерекшеліктері мен кейбір ұқсастықтарын тауып, салыстыру жұмыстарын жүргізу арқылы оқушылардың қосымша материалдармен жмыстануға, ізденуге мүмкіндіктер бере отырып, өз білімдерін көрсете білулеріне қол жеткізе алдым.

Сабақтарыма қысқаша тоқталып өтсем:

Сабақтың тақырыбы :  Kazakhstan. 11 – сынып.

Сабақтың мақсаты: оқытудың компьютерлік технологиясы арқылы оқушыларды өз бетімен әрекеттендіре отырып, Қазақстан елінің тарихын, мәдениетін  таныстыра отырып, өзге шет елдің тарихы, мәдениетімен салыстыру.Оқушылардың коммуникативтік қабілетін дамыту, өзге ұлтты құрметтеуге, өө Отанын сүюге және өзара сыйластыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: мультемедиялық проектор,  электрондық оқулық, сызбалар,карта, тақырыптық суреттер.

  1.       Бұл сабақта «Ағылшын тілін үйренейік» атты «Sanasoft.Win Translate» компаниясы дайындаған 10-11 сыныптарға арналған электрондық оқулығын пайдаландым. [7] Оқулық оқушының дүниетанымын ,ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамытуға сонымен қатар оқушының ағылшын тілінде қатесіз,еркін сөйлеуіне үлесі зор. Оқулықтағы тақырыптпен қоса электронды оқулықтағы тақырыппен, жаңа сөздер грамматикалық материалдар сабақта алынды. Төмендегідей тапсырмаларды пайдаландым.

 

 

Келесі тоқталатын сабағым «Great Britain». [8]

Сабақтың мақсаты: Ұлыбритания елі туралы жаңа мәліметтермен таныстыру. Оқушылардың сөйлеу дағдысын, коммуникативтік қабілетін дамыту, дүниетанымын кеңейту. Оқушыларды өзге ұлты құрметтеуге, өз Отанын қадірлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: карта (Ұлыбритания), тақырыптық суреттер,электронды оқулық.

 

Сабақтарымда мәліметтерді салыстыру, ұқсастығын мен айырмашылығын анықтау, ойлау қабілетін дамытатын ойындар, баланың тез ойлап шұғыл шешім қабылдауын талап ететін, оны жан-жақты дамуға әсер ететін тапсырмалар алып отырамын. Оқушының ағылшын пәніне қызығушылығын, белсенділігін арттыраты, білім сапасын көтеретін бірден-бір құрал- электронды оқулық. Электронды оқулық оқушының танымдық қабілетін,ойлау,сөйлеу дағдысын қалыптастырады.

Әр ата-ана өз баласына сапалы білім беруді қалайды.Сабақтан-сабаққа, сыныптан-сыныпқа бұған көмекке келетін мектеп.Ал электрондық оқулықтар, өзінше бір репетитор ретінде мұғалімге оның дербес өздік жұмысын сапалы ұйымдастыруға көмектеседі.Бірақ бір маңыздылығы мұғалім бұл электронды оқулықпен өзі таныс  болуы тиіс. ( Электронды оқулық – бұл оқушыға ғана емес ,сонымен қатар мұғалімге де көмек.Оқулықтың жан-жақтылығының арқасында, олар әдістемелік деректер қоры бола алады.

Иоганн Вольфганг Гете айтқандай, «Біліп қана қою –аз, сол білгеніңді  істе қолдана білуің керек,ниеттену ғана аз, сол ниетіңді іске асыруың керек» — дегендей,әрбір мұғалім осы заманғы сабақ берудің жаңа үрдісін меңгеріп , қолданғаны жөн. [10]

Қазіргі талап – оқушыларды ойландыру, сезіндіру, ақпаратты құралдар арқылы өз беттерінше еңбектеніп оқуға баулу. Осы міндет тұрғысынан ағылшын тілі сабағында ойларын кемелдендіру тілдерін дамыту, сөз байлығы молайса, ой қабілеті шынықса, білім көлемдері де артады, тереңдейді және сапалы тиянақты болады.

 

 

Қолданылған әдебиеттер

 

1.Бархударов Л.С,Штеллинг Д.Г,”Грамматика английского языка”Москва

1963

  1. «Ағылшын тілі мектепте» журнал №6 2009

3.”Английский язык в школе”2007,№2,3.

4.”Мектепгегі шет тілі”2009-№4,5,2010 №3

5.”Первое сентября”журнал.2008 №1

6.Білім туралы заң 3-бап

7.”Sanasoft”,”Win Translate”-№2. 10,11-сыныптар-электрондық оқулық.

8.”Нeadway”-электрондық оқулық №1 2009-10сынып

9.“Қазақстан -2030” Қазақстан халқына арналған Жолдауы

10.«Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Президент жолдауы

11.Сафонова Е.В. «Использование современных информации и мультимедийных программ» 2006 №3

  1. «Педагогика негіздері» М. Жұмабаев