ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ ОҚУШЫ ҚҰЗЫРЛЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

69

ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ ОҚУШЫ ҚҰЗЫРЛЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

 

Қазақстан Республикасының 50 елдің қатарына қосылуынада еліміздің білім көрсеткіші маңызды рөл атқарады. Бұл білім беру жүйесіндегі жаңа технология, әдістердің енуімен сипатталады. Қазіргі кезде мұғалім сауатты, жан-жақты құзырлы, әлеуметтік көзқарасы қалыптасқан, шығармашыл болмаса еңбегінің жемісін көруі екіталай. Қоғам мұғалімнен жоғары білімді , сапалы маман болуымен қатар жан-жақты, қоғам жағдайында өмірге толыққанды адам тәрбиелеуді талап етеді. Ол заман талабына сай білім беруде шығармашылықпен айналысып, оқу-тәрбие процесінде жаңа технологияны шебер қолданғанда ғана білімі мен білігі жоғары жетекші тұлға саналады.

Қазқстан Республикасының «Білім туралы» Заңында  «Білім беру  жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық  құндылықтар, ғылым мен практика  жетістіктері негізінде  жеке  адамды  қалыпстыруға  және кәсіби  шындауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар  жасау; … оқытудың жаңа технологияларын  енгізу, білім беруді  ақпараттандыру,  халықаралық ғаламдық коммуникациялық   желілерге шығу» делінген. Бұл міндеттерді шешу үшін  мектеп ұжымдарының, әр  мұғалімнің күнделікті  ізденісі  арқылы  барлық  жаңалықтар    мен қайта құру,  өзгерістерге  батыл  жол ашарлық  жаңа тәжірибеге,  жаңа қарым қатынасқа өту  қажеттігі туындайды. Сондықтан да әр мұғалім өз  іс — әрекетінде  қажетті  өзгерістерді, әр түрлі  тәжірибелер  жөніндегі  мағлұматтарды, жаңа әдіс  тәсілдерді дер  кезінде  қабылдап, дұрыс пайдалана  білуі  керек. Еліміздің  экономикалық, саяси-мәдени   дамуына  үлес қосатын, әлеуметтік өркениетке  көтерілетін, парасатты, денсаулығы мықты азаматын тәрбиелеу-ұстаздар қауымының  бүгінгі  таңдағы мерейлі  міндеті.

Нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесі ұғымымен қатар құзыр, құзырлылық ұғымдары білім беру жүйесіне енді. Тақырыпты талдамас бұрын құзыреттілік сөзіне тоқталып өтсем:

«Құзырлылық» ұғымы соңғы жылдары педагогика саласында тұлғаның субъектілік тәжірибесінде ерекше  көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым.  Құзырлылықтың (латын тілінде «Competens») тікелей аудармасы белгілі сала бойынша жан-жақты хабардар білгір деген мағынаны қамти отырып қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде үкім шығара алады дегенді білдіреді. Шетел әдебиеттерінде «Құзырлылық» — «Терең білім», «Тапсырманы талапқа сай орындау қабілеті», «Қызметті өзектерінде орындау қабілеті»  деген мағынада ашылады. Ресей ғалымдарының еңбектерінде құзырлылық мазмұны «әлеуметтік – психологиялық», «коммуникативтік», «кәсіби – педагогикалық» түсініктер арқылы ашылады.

Құзыреттілік – ауқымы кең ұғым.  Ол кез келген мәселені шеше білетін ақыл иесі мен танымдық мүмкіндіктері жоғары деңгейдегі маман. Оқушы отбасында, достарымен қарым-қатынаста  өз білімін жетілдіретінін ескерсек, мектеп қабырғасында қалыптасқан құзыреттіліктің негізгі мақсаты оқушыны сол әлеуметтік ортаға бейімдеуге көмек көрсету деп білген жөн. Ол мақсатқа жету үшін сабақты жаңа технология мен  тәсілдерді қолданып өткізуге болады.

Оқушының құзырлылығын қалыптастыруда информатика пәнінің тиімділігін атап өткім келеді. Осыған орай бастауыш сыныпта «Ақпараттық мәдениет негіздері» пәнін енгізу мынадай мақсатты көздейді:

  • Сезімді ынталандыру;
  • Білім, білік дағдыларын дамытуға қызығушылығын арттыру;
  • Жауапкершілігі мен міндеттерін қалыптастыру
  • Есеп пен талдау дағдыларын үйрету
  • Логикалық және ақпараттық ойлау қабілетін дамыту

Сезімді ынталандыру деген білім беруге жағдай жасау, сабақ кезінде мадақтау және көтермелеп отыру, оқытуда ойын түрлерін тиімді пайдалану, алға қойған мақсатты жүйелеу болып табылады. Бұл жас баланың ақыл-ойның дамуы мен әлеуметтік даярлығы үшін өте қажет.

Заман талабына сай күнделікті сабақта аудио және бейне қондырғылар мен теледидарды, компьютерді қолдану оқушылардың қызығушылығын арттырады. Сонымен қатар, түсінбей қалған материалдарын қайталап қарап шығуына мүмкіндік береді. Сабақ барысында қолдану үшін  мен мынадай  ойын  түрінде  қосымша тапсырмалар тобын жинақтадым. Олар мына тақырыпты қамтиды:

  • Нысанды таныстыр.
  • Образдық ойлау
  • Сенің ойыңдағы компьютер
  • Логикалық тапсырмалар
  • Ертегі құрастыру
  • Ребус құру
  • Крассворд құру
  • Шығармашылық жұмыстар

Нысанды таныстыр- оқушыларға суреттер беріледі.Ақпараттың   қолдану аймағын табыңыз және түсініктеме беріңіз — Мысалы:

— нысан,  сағат , уақытты көрсетеді, сандардан тұрады. Тықылдаған дыбыс шығарады. Көлемі, пішіні әртүрлі болады.

Образдық ойлау – сөздер, суреттер  беріледі, артық элементтеі алып тастайды.

Сенің ойыңдағы компьютер  —  оқушылар қиялына сүйене отырып компьютер құрастыруы керек. (сурет, макет)

Логикалық тапсырмалар логикалық есептер, ойындар беріледі.

 

Ертегі құрастыру –  информатика ғылымының элементтерін, компьютердің құрылғылары мен қызметтерін кірісітіріп ертегі құрастырады.

«Баяғыда бір компьютердің баласының туылған күні болыпты. Қонаққа көптеген компьютерлер, құрылғылар келеді. Олардың жақсылап той тойлап жатқанын көрген терезе қатты қызыға да , қызғана қарайды. . Терезе ашылып кетіп, үйдегілер тоңып қалады. Сол кезде процессор терезені жауып, ішінен перде орналастырады. Терезе енді оларды көре алмай қалады. Компьютер тойды жақсы өткізеді.»

«Баяғыда процессор шал мен монитор кемпір болыпты. Олардың жалғыз баласы пернетақта  болады. Баласы үйленетін жар іздейді. Бірақ жер шарын іздестірсе де таба алмайды. Бір күні шаршап келе жатса алдынан программист шал шығады. Сен іздегеніңді 3 үш күн 3 түн жүрсең алдыңнан бір үлкен тау шығады, сонда үлкен мысық  тұтқынға алып отыр дейді. Егер құтқарсаң сол сенің жарың болуға лайықты деп жол көрсетеді. Пернетақта бар күшін бойына жинап келіп, жолға шығады. Барса үлкен мысық пырылдап ұйықтап жатыр екен. Қалай құтқарамын, кімді құтқарамын деп ойлайды. Сөйтіп мысыққа егер қарның үнемі тойсын десең интернетті ал деп  сыйлыққа беріп, құтқарып алады. Сөйтсе айдай сұлу маус екен. Сол күннен бастап маус пернетақтаға жақсы жұп болған екен.»

Ребус құру – информатика терминдерін қолданып  ребус құру

Крассворд құру — информатика терминдерін қолданып крассворд құру

Шығармашылық жұмыстар – практикалық жұмыс кезінде балалардың қиялын дамыту мақсатында өзіндік тапсырмалар мен тақырыптық тапсырмаларды орындау

«Кім жылдам?» — мәтінді тез теру жылдамдығын анықтау

 

Тапсырмаларды орындау кезінде балалардың қызығушылығы жоғары, белсенді болады.  Тәжірибе көрсеткендей әдеттегі бірсарынды сабақта үндемей отыратын оқушылар ойын   кезінде өте белсенді болатын кездер жиі кездеседі. Өйткені ойын кезінде олар тең құқыққа ғана қолы жетіп қоймай, басқаларды өзіне қарататын  мүмкіндікке ие болады. Олардың әрекеттері еркін және батыл болып, ойлаудың тереңдігін көрсете  бастайды.

Басқа әрекеттер сияқты сабақтағы ойын әрекеті де белгілі бір мақсатқа негізделіп,   оқушылар оның қажеттігін сезінулері керек. Ол үшін мұғалім оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін ескеріп, ойынның мақсаты, міндеті, мазмұны мен жүрісін анықтап алуы қажет. Оқу ойындарының мазмұны қызықты, балаларды тартатындай болуы және әрбір ойын әрекеті оқушылар үшін құнды,  белгілі бір қорытынды алумен бітуі қажет. Нәтижесінде оқушылар:

  • Өз бетімен оқуға, жұмыстануға дағдыланады.
  • Шығармашылық ізденіске жетелейді.
  • Өз ісіне деген сенім пайда болады.
  • Әр нәрсеге сын көзбен қарауға үйренеді.
  • Салыстыруға, қорытынды жасауға үйренеді.
  • Шығармашылық белсенділік артады.

 

Қорыты келгенде, сабақ барысында қолданған ойын түріндегі қосымша тапсырмалар оқушының :

  • ақпараттық құзыреттілік — өзінің оқу қызметін жоспарлау және жүзеге асыру үшін ақпаратты қолдануға , логикалық операцияларды қолдана отырып, ақпаратты өңдеуге, өз бетінше мақсат қоюға және оны негіздеуге, мақсатқа жету үшін танымдық қызметті жоспарлауға және жүзеге асыруға;
  • коммуникативтік құзыретілік — өзіндік пікірін білдіруге, түрлі көзқарас және әртүрлі бағыттағы адамдармен сұхбат жүргізе білу
  • пәндік  құзыреттілік — мақсатқа жетуде алған білім, біліктігі мен өмірлік тәжірибесін байланыыстыру қабілетінің   қалыптасуына ықпал етеді.

Жалпы информатика пәні оқушылардың қоршаған әлем туралы білімін логикалық фактормен байланыстыру, оқушының логикалық ойлау қабілеттерін дамыту мүмкіндіктерін ашады. Жалпы білім беретін мектептерде бастауыш сыныптардан бастап «информатика» немесе «Ақпараттық мәдениет негіздері» пәнін оқыту жуық арада толығымен күшіне енетініне сенім ім мол. Себебі омір соны талап етеді.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  • «Информатика негіздері» ғылыми әдістемелік журнал №3 2009
  • Интернет «Оқушы құзырлылығын қалыптастыру жолдары» мақаласы
  • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Орта білім беру негізгі ережелері. 2009 жыл, №4
  • «Информатика негіздері» журналы 2009 жыл, №5
  • Ершов А.П. Компьютеризация школы и математическое образование.

//Информатика и образование, 1992, №5,6, С.3-13.