Миуалы ағаш. Мұхаметжан Етекбаев

Сабақтың тақырыбы: Миуалы ағаш. Мұхаметжан Етекбаев.

Сабақтың мақсаты:

1.Ж.Жабаевтың өмір жолы мен шығармашылығы туралы, Сүйенбай ақын,Қарасай батырлардың ерлігі туралы мағлұматтарын кеңейту.Әңгіме мазмұнына талдау жасай отырып,жазушы идеясын ұғындыруға ықпал ету.

2.Оқушылардың жеке тұлға ретінде өзіндік пікірлерін айта білу қабілетінің,көркем сөйлеу тілдерінің,ой-өрістерінің дамуына ықпал ету.

3.Оқушылардың бойында үлкенге құрмет,ата жолын қуу,мұра тұту,ұлттық құндылық,Отан алдындағы борыш сезімдерінің оянуына ықпал ету.

Сабақтың көрнекілігі: «Ж.Жабаев атамыздың өмірінен»атты кітап,өлеңдерінен үзінді,Сүйінбай ақынның әндер жинағы кітапшасы,Қарасай батырдың суреті,долананың суреті,долананың емдік қасиеті жайында кітапшалар.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

«Аттандыру» ұғымы туралы ой қозғау.

Аттандыру ____________________________________________

____________________________________________

____________________________________________ т.с.с.

  • Барған жолы ақ болсын деп қандай ырым жасалғанын білесің бе?
  • Ал бүгінгі сабағымыз кім туралы болмақ деп ойлайсыңдар?

2.Мағынаны тану.

БілемінБілдімБілгім келеді

 

Мәтінді тізбектей,мәнерлеп оқу арқылы «Түртіп алу» бойынша оқыту.Артынан кестені толтыру. («Білдім»)

3.Ойтолғау.

— Автор неліктен әңгімені «Миуалы ағаш» деп атады екен?

— Долананың адам ағзасына тигізер пайдасы қандай?

Дәптермен жұмыс,керек деректерді жазып алу.

  • Миуалы ағашты қорғауының себебі неде екен түсіндің бе?
  • Үлкендердің табиғатты қорғауға деген көзқарасы қандай?
  • «Қасиетті орын», «қасиетті ағаш» деген сөз тіркестерін қалай түсінесің?
  • Үлкенді сыйлау,құрметтеу,ұлттық мұра,құндылықтың әңгімедегі алар орны қандай?
  • Ағаштың сол таңдағы қандай пайдасы болған?
  • Басты кейіпкерлердің атын атамай,басқаша қалай атар едің?

Дәптермен жұмыс.

  • Басты кейіпкерлер атап отырған қасиетті орын қалай аталады? Олай болса аталуының себебі неде?
  • Әңгімеде тарихқа шолу қалай жасалады?

Мәтінге жоспар құру;

-жеке

-жұпта

-топта

-Егер сен жазушы болсаң,әңгімені қалай аяқтаған болар едің?

-Мәтіндегі ерекше әсер еткен сөйлемдерді тауып оқыту.

-Өздеріңнің араларында Сүйінбай,Қарасай,Жамбыл,Әлиасқар,Әлімжандар сияқты туған жерінің табиғатын аялайтын азаматтар табылар ма екен? Қоршаған заманның адамдары нені көбірек ойлайды? Оған не себеп болған?

«РАФТ»әдісімен ой қорыту.

  • Р – рөл- оқушы,
  • А- аудитория-адамдар,
  • Ф- форма,
  • Т- тақырып.

4.Сабақты қорыту.

Кестені толтыру.

Әңгімедегі негізгі оқиғалар («Т кестесі» бойынша жазу)Басты кейіпкерлерӘңгіменің мазмұнына сай қандай мақал-мәтел айтар едің?

 

5.Үйге тапсырма.Әңгімені оқу,мазмұндау.Әңгімедегі басты кейіпкерлерге мінездеме жазып келу.