Бастауыш сынып мұғалімдерінің үздік бірлестік жетекшісі» облыстық конкурсы.

198

Бастауыш сынып мұғалімдерінің

үздік бірлестік жетекшісі» облыстық  конкурсы.

 

Музыка ойнап тұрады.№1 слайд шығады.

1 б. –Білім әлеміне қош келіпсіздер!

2 б.- Добро пожаловать в мир знании!

3 б.- Welcome to the world of knowledge!

 

-Бұлттар неге ауады?

-Жаңбыр неге жауады?

-Маса неге шағады?

-Өзен неге ағады?

-Шөптер неге қурайды?

-Толқын неге тулайды?

-Деген сансыз сұраққа жауап тапқан әр уақытта.

 

Учитель, поднявшийся на небывалую высоту,

Кладезь мысли знании,

Учитель, рассыпающий тепло своей души!

 

Make the teacher great,

The warmth of her heart

The beauty of knowledge

Teacher gives out.

 

Білім ойдың сұлуын,

Асу еткен ұстазым.

Жүрегінің жылуын

Шашу еткен ұстазым!

Нұргүл Құлжағазықызы Мұқанова

Ұстаз (ақырын музыка ойнап тұрады)

  • Педагогикалық калейдоскоп

(музыка, сөзімен әдіс бірлестік жетекшісін таныстырады)

  • Видеоматериал

Қайырлы күн.

Мен- ұстазбын,

Бала жайын ойлайтын,

Шәкіртінің қызығына тоймайтын.

Мен ұстазбын,

Білім шыңын бойлайтын,

Компьютердің құлағында ойнайтын.

Мен –ұстазбын,

Конструктор, сценарист

Тіл маманы, математик, программист.

Мен-ұстазбын,

Суретшімін, сазгермін, көріпкелмін, керек десең балгермін.

Мен-ұстазбын, психолог, тәлімгер

Күндіз-түні болып жүрер әбігер

Ойға да кетем,

Япыр-ай, қашан босаймын

Диагностика, мониторинг жасаймын.

Мен-ұстазбын,

Әрине, мен дидакпын

Теорияны терең білер,

Қас шебермін, практикпін.

Толық емес тұлғамын, еліктей

Сангвиникпін, жүремін мен желікпей.

Білемін алда, көп екенін белестің

Валеологпын, мен дилетант емеспін.

Мен- ұстазбын

Полилингвист маманмын

Жетекшісі бірлестіктің

Құзыретті адаммын.

Мен-ұстазбын

Жасампаз да дауылпаз

Шәкірттерім олимпиадалық жеңімпаз

Ең негізгі кәсібім менің-педагог

Мен сонымен жаман адам болған жоқ.

Қайырлы күн, құрметті әріптестер!

Қазақ мектебінің болашағы туралы Мағжан Жұмабаев: «Әрбір елдің келешегі-мектебіне байланысты»- деп айтып кеткен.

«Үш тілді оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектептерді ашу» туралы ҚР Білім және Ғылым министрлігі 2007ж. 7-тамыздағы №387 бұйрығына сәйкес Республикамызда ашылған 31 мектептің бірі – Шәкәрім атындағы №5 мектеп-гимназия. (музыка)

1-видео

Үш тілде оқыту –заман  талабы.

Мектепте үш тілдік ортаны қалыптастыруға талпыныс жасалып отыр.

Көп тілді оқыту –жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемнің ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең басты қажеттілік.

 

Мақсатымыз – көптілді мемлекеттер арасында әлеуметтік-мәдени қатынастар жасай алатын, түрлі елдердің мәдениеті, әдебиеті,тарихымен танысып, өзінің елі мен мәдениетін басқаларға таныта алатын, санатты да саналы тұлғаны жетілдіру.

2-видео

Мектепте би –полилингвистикалық ортаны қалыптастыруда ұйымдастырушылық, әлеуметтік, психологиялық, лингвистикалық факторлар есепке алынуда.

Әдістемелік қызмет –ұстаздар іс-әрекеттерін пәрменді ұйымдастыруға, жеке тұлғаны дамытуға  және  өздік дамуына  жағдай туғызу үшін құрылған ғылыми -әдістемелік орталық.

Мектепте 8 әдіс бірлестігі жұмыс атқарады. Бастауыш сынып әдіс- бірлестігі 2005 жылдан  бастап кафедралық жүйеде жұмыс істейді.

Бірлестік жұмысының жаңа бағыты –ұстаздарды ғылыми жетістіктермен ақпараттандыру ғана емес, олардың өзін-өзі  ұйымдастыру,өзін-өзі дамыту, өздік білім алу негізінде жаңа компетенцияларды иеленуін педагогикалық шығармашылығының дамуын қамтамасыз ету.

Әдістемелік қызмет ауқымындағы іс- әрекеттердің ұтымды ұйымдастырылуы үшін межелі жобаланған жұмыс жоспарын құру- пәрменділік кепілі.

Білім беру ісін өркендетуші бір фактор –бірлестіктің жоғары және орта арнаулы оқу орындарымен тығыз да нәтижелі байланыста болуында.

3-видео

Бастауыш әдіс бірлестігі  бірнеше жыл қатарынан қаламыздағы оқу орындарымен тығыз байланыста. Атап айтқанда, М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі, Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік Университетімен, Семей мемлекеттік педагогикалық институтымен, Евразиялық гуманитарлық колледжімен байланыс жасауда.

Болашақ маман иелері ұстаздардан дәріс алып, іс-тәжірибе жинақтайды. Ұстаздарымыз жоғары және орта арнаулы оқу орындарының базасында өтетін ғылыми-практикалық конференцияларға қатысады.

Жемісті еңбек –бәрін де жеңбек

Пән негізіндегі кәсіби сайыстардан мұғалімдердің жүлделі орындарды жүйелі иеленуі- инновациялық бағыттағы үздіксіз әрекеттердің нәтижесі.

Білім беру жүйесінің парадигмасының өзгеру жағдайында сапалы еңбек ету мақсатында ұстаздардың кәсіби компетенттіліктерін жетілдіру біліктілік дәрежесін көтеру, әдістеме шеберлігін арттыру мәселелерінің оңтайлы шешімін табу –заман талабы.

Ұлтымыздың ұлы ұстазы А.Байтұрсынов: «Білім – біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік – сол білімді іске асыра білу дағдысы» — деп айтқандай, ұстаздарымыз бірнеше жыл қатарынан аймақтық мұғалімдер білімін жетілдіру институты ұйымдастырған курстарда дәріс беруде.

Республикалық,облыстық «Дарын» ҒПО ұйымдастырған фестиваль, оқу әдістемелік семинарлар, ғылыми конферецияларға қатысып озық іс тәжірибелермен бөлісуі, өзіндік авторлық бағдарламалармен әдістемелік әзірлемелер даярлауы мұғалімдердің шығармашылық әлеуетінің жоғарлығының көрсеткіші.

Мұғалімдердің өз іс-тәжірибелерін оңтайлы зерделеу арқылы баспа беттерінде айшықтауы ақпараттық құзырлығы қалыптасуының көрінісі.

Озық педагогикалық технологияларды ұтымды пайдалану әдістерімен ұстаздарымыз әр түрлі дәрежедегі семинарларда іс-тәжірибелерімен бөлісіп отырады.

Білімді тұлға –сапалы білім жемісі.

Жетістікке қол жеткізудің негізі- мұғалім мен оқушы қызметін ұйымдастыру бағыттарының дұрыс таңдалуы.бастауыш сынып оқушылары жыл сайын қалалық, облыстық оқушылар олимпиадасында жүлдегер атанып, командалық І, ІІ орындар иеленді. Биылғы жылы Х – облыстық бастауыш сынып оқушыларының олимпиадасында «Индиго» тобы жеке команда болып қатысып, І орынды иеленіп қайтты.

Оқушылардың деректілігін, өрісін кеңейтетін, білім мазмұнына қызықтыратын, ұлттық мәдени құндылықтарға құрметпен қарайтын және әлем халықтарының мәдениетімен танысуға мүмкіндік беретін полилингвистикалық дамыған орта жасау – басты мәселе болып отыр

Бүгінгі бала- ертеңгі дана.

Оқушылардың дара білімділіктері мен қабілеттіктері негізінде олардың мүмкіндіктерін пайдалану арқылы интерактивті әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану, қызығушылығын арттыру-ұстаздың басты міндеті.

Оқушылардың деректілігін, өрісін кеңейтетін, білім мазмұнына қызықтыратын, ұлттық мәдени құндылықтарға құрметпен қарайтын және әлем халықтарының мәдениетімен танысуға мүмкіндік беретін полилингвистикалық дамыған орта жасау – басты мәселе болып отыр.

 

«Оқу мен тәрбие –егіз ұғым»

Ұлы ойшыл Әл-Фараби: « Адамға ең алдымен тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы» деген. Бастауыш сынып кафедрасында тәрбие жұмысы «Ұстаз-ата-ана- шәкірт» ынтымақтастық педагогикасы негізінде жүзеге асады.

«Адамның адамшылығы – жақсы ұстаздан» деп Абай атамыз айтқандай, оқушыларды ұлтжандылыққа, имандылыққа, әдептілікке тәрбиелеуде ұстаздар қауымы тер төгіп еңбек етуде.

«Үйірменің үйретері көп» дегендей бастауыш сынып оқушыларына арналған 7 үйірме жүйесі жұмыс жасайды. Дебат, айтыс, қуыршақ, драма, жас қаламгер үйірмелеріне оқушылар қызыға қатысады.

Оқушыларды шешендікке, тапқырлыққа тәрбиелеу мақсатындағы «жас ақындар» үйірмесіне  оқушылар қызығушылықпен  қатысады. Республикамызға танымал Сара, Қарлығаш, Фархад, Нұржан сынды ақындарымыз —  мектеп  мақтаныштары.

Қоғамның ақпараттық үдемелі қарқынмен дамуы жағдайында алған білімдерінің негізінде, өзін-өзі танитын, өзін-өзі дамытатын, адамгершілік тұрғысынан дұрыс шешім қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны даярлау – басты мақсатымыз.

«For me a good teacher is the best of all, because she іs the heart of school».   

         «Самое дорогое для меня – хороший учитель, потому что он- сердце школы»

    «Маған жақсы мұғалім бәрінен қымбат, өйткені ол мектептің жүрегі»-деп Ы.Алтынсарин атамыз айтқандай қол жеткен табыстарымыз бен шыққан асуларымыз ұстаздар қауымының жүйелі жұмысы мен нәтижелі еңбегінің арқасы.