ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ АРҚЫЛЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ.

85

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ АРҚЫЛЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ.

 

Елбасымыз А.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіндегі «Инновациялар  мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасы» тақырыбындағы лекциясындағы: сөзінде «Қазақстан қазіргі  кезде экономикалық  дамудың индустриялық кезеңіне аяқ басты…  Білім берудегі бүгінгі жаңа бағыт,әрбір жастың даралық сипаты, нақты мүмкіндіктерін  және өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға қабілеттілігін ескеру арқылы жүзеге  асырылуы тиіс», — деген болатын. Сонымен қазіргі  білім беруді түбегейлі жаңарту — Қазақстанның өркениетті дамыған  50 елдің қатарынан орын алуына кепіл болуы тиіс.

Бізде: «Бастауыш саты-бұл оқушы тұлғасы мен санасының қарқынды дамитын құнды, қайталанбайтын кезеңі. Сондықтан бастауыш мектеп-оқушыны тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы» деген ұғым қалыптасқан.  Ал  АҚШ-тағы  адамның әлеуетінің даму мүмкіндіктерін  зерттей иниститутының директоры Глен Доуман жапондық инженер  «Сони» фирмасының негізін қалаушы Масару Ибуконың «Үш жастан кейін бәрі кеш» деген кітабына жазған алғы сөзінде «бес жасқа дейін балалардың ми клеткаларының 70-80 пайызы дамып,жетіледі» дейді. Осыған  ғалымдарымыздың  бес жасқа дейінгілерде 90 пайыз таным қалыптасады деген дәлелдері сәйкес келеді. Олай болса бастауыш сыныпқа     танымы, ойлауы, шығармашылық қабілеттері кешеуілдеп немесе жетілген балалардың  келуі заңдылық. Өйткені қазіргі кезеңде 5 жасқа дейінгі балалардың көбі үйінде, ата-аналарының, ата-әжелерінің қолында тәрбиеленетіні рас. Сондықтан бала қабілеттерінің  дамып, жетілуі сол адамдардың тәрбиелік іс-әрекеттеріне байланысты.

Бәріміздің арманымыз – баламыздың жақсы азамат болып, достарымен, болашақ әріптестерімен тіл табысып, бақытты ғұмыр кешкені. Сондықтан да мектептің міндеті – балаға жалаң білім беру ғана емес, оны өмір сүруге бейімдеу. Ал бұған қалай қол жеткізуге болады?

Сапалы білім — дәстүрлі білім берудегі «білім» ғана емес, баланың шығармашылық әрекетке бейімділігі, оның тұлғалық қасиеттерінің дамуы болады. Бірақ қазіргі жағдайда

педагогикалық менеджмент тұрғысынан алғанда сапалы білім беруге көшуге кедергілер:

1.Оқытудың  дәстүрлі әдісіне негізделген бұйыру-әкімшілік педагогикасы.

  1. Сабақта педагогтың гностикалық функциясының басым болуы.

3.Сабақтың оқушыларда білім қалыптастыруға  бағытталған мақсаттар.

  1. Мазмұн негізінде мақсаттарды жобалау.

5.Сабақтың  «орташа оқушыға» бағдарлануы

  1. Бағалаудың бес балдық жүйесі
  2. Оқу тапсырмаларын оқу техникасын баяндамай жобалануы.
  3. Репродуктивті білімдерді қалыптастыруға бағытталған белсенді әдістерді

пайдалану. ( А.А.Жайтапова, Г.А.Рудик, Е.В, Белошниченко, А.С. Сатывалдиева.

21-ші ғасыр педагогикасы мектеп табалдырығында.  Алматы. 2009.

Осы кедергілермен жұмыс істеген дәстүрлі білім беру жүйесі Ж.Караевтың сөзімен айтқанда «75 %  технократтық, 3 % эстетикалық, 0 % рухани» тәрбие береді.

Екінші  ұстаз  Әбу Насыр Әл-Фараби «Ең бірінші тәрбие берілу керек, тәрбиесіз берілген білім адамзат үшін қауіпті» деген сөзінің  дұрыстығын  дәстүрлі білім берудің нәтижелері көрсетіп, дәлелдеп отыр.

Білімнің сапасы – ең алдымен мақсаттың және нәтиженің сапасы; одан кейін басқарудың, ұстаздың, педагогикалық әрекеттің, оқушының сапасы; ең соңында педагогикалық үрдістің сапасы. Осындай сапалылықты қамтамасыз ететін «сапалы» мұғалімдер шығармашыл болуы керек.

Қазіргі сабақ беру әлемдік проблемаларға салғырт қарамай , оларды адамгершілік тұрғыдан шеше алатын , өркениетті дамуға үлес қосатын тұлғаны қалыптастыруға  бағытталуы керек.

 

1-таблица. Қазіргі сабақтың бағыттары.

 

Неден бас тарту керек? Неге ұмтылу керек?
1 Пәндік білімді нақтылаудан «табиғат-қоғам-адам» дүниетанымының ірге тасын қалауға ұмтылу
2 Жалаң білімді игеру жүйесінен Білімдер рухын меңгеру жүйесін басшылыққа алу
3 Білімді «шайнап» беруден Оқушыға білімді өз қажеттіліктері шегінде өзі алуға мүмкіндік беру.
4 Басты мақсат білім беру емес Тұлғаның өмірлік маңызды қасиеттерін қалыптастыруға

Оқушыны университетке түсуге емес, өмірге дайындау.

5 Тек білімді жинақтауға Әлеуметтік даналыққа әкелуге

 

Баланың қызығушылығы есте сақтаудың көзі.

 

Балаға бастауыш сыныптардан бастап шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға әкелудің жолдарын көрсету керек. Шығармашылық — бүкіл тірішіліктің көзі. Мектеп табалдырығын аттаған баланың табиғи қасиеті «бәрін білсем» деген әрекет. Бұл оның  табиғи қажеттілігі, яғни оның табиғи  «сұранысы». Мектеп табалдырығын аттаған бастауыш  сынып оқушыларында  «қиын» немесе  «оңай» деген ұғым болмайды.  Бұл ұғымдарды қалыптастыратын  мұғалім.  Баланың табиғи қажеттіліктерін, «сұранысын»  қанағаттандыруға  бағытталмаған, білім берумен ғана шектелген   педагогикалық іс-әрекет, бала  бойындағы қызығушылық отын сөндіріп, қабілеттерін өшіріп, санасыз  ұрпақ шығарады.  Бала миы  шексіз ақпаратты сиғыза алады. Бірақ  ақпарат  баланың  қызығушылығымен  үндескенде ғана шығармашылыққа бағыт алады. Сондықтан  оқушыларға  тапсырмалар бере отырып, кітаппен өзіндік жұмыс жасату арқылы оқыту бала қызығушылығын, белсенділігін арттырумен қатар, олардың  икем, білік, дағдыларын қалыптастырады. Ол үшін тапсырмаларды Блум таксономиясы негізінде жасау қажет. Мысалы 1-сыныпқа Әліппеден  «Кім күшті» тақырыбындағы тапсырмалар баланы сөйлетуге, ізденуге, ойлауға ықпал етті.

1-тапсырма.

  1. Қалып кеткен сөзді тап.

—————————— ———-жүні қызыл екен,

  1. Мәтіндегі ең еңбекқор

тіршілік иесі.  ———————————

  1. Сөйлем құра:

Күшті, сен, болдың,неден ?

2-тапсыма

  1. Қасқыр нені жейді?
  2. Саған мәтіндегі әлсіздердің

қайсысы ұнайды?——————-

  1. Қатемді тап:

Қошақан қасқырдың құйрығын жеді

 

3 –тапсырма

  1. Мұзға барып құйрығын ауыртып

алған құс?—————————

  1. Тышқанның ала-жаздай жинаған

азығын таситын күшті кім?

——————————————————

  1. Қатемді тап:

Жалқау болғандықтан күштімін,- деген екен құмырсқа.

 

Баланың шығармашылық қабілеттерін дамытуда әртүрлі жұмабақтар, ребустарды шешудің әсері зор.  Оқушылардың қызығушылығының артуы оны шешумен қатар  жұмбақтар, сөзжұмбақтар  мен ребустарды өздері жасауға, құрастыруға  ұмтылдырады. Ал олардың жұмысының сапасы  да  , егер  өзіндік жұмыстарды  жүйелі жүргізген жағдайда 1-сыныптан   4-сыныпқа дейін арта береді. Балалар бір-бірінің шығарған жұмбақтарын шешуін тауып , ойлау, дәлелдеу арқылы табылған шешім бала есінде ұзақ сақталып, салыстыруға, қорытуға үйренеді.

 

Сөзжұмбақ.

 

А Т А
А С Қ А Б А Қ
Т О Р С Ы Қ
А Н А
Н А Н
Б А Л Ы Қ

 

  1. Әкенің әкесі
  2. Дәнді дақыл аты.
  3. Қымыз құятын ыдыс
  4. Ең аяулы жан
  5. Ас атасы
  6. Суда жүзетін тіршілік иесі.

 

Менің әр сабақтағы алдыма қоятын мақсатым: Оқушылардың өз бетімен ізденушілік, шығармашылық қабілетін арттырып, сөйлеу мәдениетін, яғни сөздік қорларын көбейту. Мұғалімнің айтып, түсіндіргеніне қарағанда оқушының өз бетімен ізденушілігі арқылы жасалған жұмысы  білімнің берік есте сақталуына жағдай жасайды.  Жоғарыдағы сөзжұмбақ оқушының өзі жасаған жұмысы. Бұл оның шығармашылық жұмысқа ұмтылуының алғашқы сатысы.

Шығармашылық іс-әрекет оқушының сезімін дамытады. Тұлғалық қасиетерін өсіреді. Ол оны жасай отырып мейірімділік пен жауыздықты, батырлық пен қорқақтық, жалпы айтқанда ақ пен қараны ажырата алатын болады. Оның бұл ой еңбегі өмір туралы ой түюге, өзінің жақсы және жаман жақтарын ажыратуға  көмектеседі.

Мен өз әріптестерімді неғұрлым әр сабақты жаңа технологияларды, оның ішінде топтық жұмысты жиірек қолданса екен деймін. Себебі, бұл жұмыс түрі балаларға өте  қатты ұнайды, ізденеді,қызығады,өзінің білмей жатқанын мұғалімнен емес, жанындағы достарынан естиді. Өз ойын емін-еркін айту арқылы тілдік қоры дамиды. Өз тобын басқаруға, жанындағы досының пікірін тыңдауға, қатесін түзеп айтуға, басқа топтан қалыспау, яғни намыс, жігері оянады.Топтық жұмыста жақсы,нашар оқитын бала болып бөлінбейді, нашар оқитын балада өз үлесін қосып бір сөз болсын айтуға тырысады.

Бұл қазіргі білім сапасы ұғымымен түсіндіргенде, коммуникативтілік құзырлылығын қалыптастырады. «Табиғат-қоғам-адам» дүниетанымының ірге тасы қаланады.

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.

 

 

  1.    А.А.Жайтапова, Г.А.Рудик, Е.В, Белошниченко, А.С. Сатывалдиева.
  2. 21-ші ғасыр педагогикасы мектеп табалдырығында.  Алматы. 2009.

Б.А. Тұрсынбаева. Ұстаздық шығармашылық.  Алматы. 2007.

  1. Бастауыш сыныпта оқыту журналы. №4.2009
  2. К.С.Құдайбергенова.  «Құзырлылық табиғаты- тұлғаның өздік

дамуында»         Алматы  2006