«Жаңа Бағдарлама бойынша 7 модуль идеясын тарату» (семинарға келген ұстаздармен жүргізілген жұмыс)

 

 

 

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ  АЛАҢ

 

 

 

«География сабақтарында ақпаратты коммуникативті технологияларды қолдану» атты география пәні мұғалімдерінің қалалық семинарында

өткен коуч-сессиясында оқылған баяндама

 

Тақырыбы:

«Жаңа Бағдарлама бойынша

7 модуль идеясын тарату»

(семинарға келген ұстаздармен жүргізілген жұмыс)

 

Математика мұғалімі: Сабиханова Г.Г.

 

 

 

 

13 ақпан 2014 жыл

 «География сабақтарында ақпаратты коммуникативті технологияларды қолдану» атты география пәні мұғалімдерінің қалалық семинарында өткен

коуч-сессиясы жұмысы

 

Мақсаты: Оқу-тәрбие үрдісін ізгілендіру жағдайларында мұғалімдердің педагогикалық біліктілігі мен теориялық деңгейін жоғарлатуда жаңа Бағдарлама бойынша 7 модуль идеясын тарату.

Міндеттері:

  • Қазіргі заман талабына сай жаңа технологияларды тәжірибеге енгізу.
  • Мұғалімнің педагогикалық-кәсіптік құндылықтарын жетілдіру.
  • Әр педагогтың өзіндік білім көтеруіне жағдай туғызу.

Күтілетін нәтиже: Бағдарлама бойынша 7 модуль идеясын пайдаланып өткізген сабақтан көрсетілген іс-тәжірибені таратып, ой бөлісу.

Оқыту формасы: АКТ

Сілтеме: видео материалдар, слайд презентациялар

Ресурс: интерактивті тақта, проектор, слайдтар, PowerPoint бағдарламасы, видео материал.

Бағалау түрі: «Cтикерге тілек жаздыру»

 

Жүргізген математика мұғалімі  Г.Г. Сабиханова

 

Мұғалім әрекетіУақытСеминарға қатысушы ұстаздардың әрекеті
Ұйымдастыру

Мұғалімдермен амандасып, өзін таныстырды, интерактивті тақтаны пайдаланып семинар тақырыбына байланысты өзінің іс-тәжірибесіне тоқталып, баяндады, сұрақтарға жауап берді. Шығармашылық жұмыс ұйымдастырды.

7 минМұғалімнің баяндамасын мұқият тыңдап, баяндамаға қатысты сұрақтар қойды.

 

 

Шығармашылық жұмыс атқарды.

 

 

Коуч-сессияда қолданылған слайдтар:

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы:

«Жаңа Бағдарлама бойынша

7 модуль идеясын тарату»

(семинарға келген ұстаздармен жүргізілген жұмыс)

 

Математика мұғалімі: СабихановаГ.Г.

 

Қазақстан  Республикасы  педагог   кадларының біліктілігін арттырудың  деңгейлі бағдарламалары  аясында  ІІІ деңгейлі бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту курсын аяқтап, қазір сол Бағдарламамен жұмыс жүргізудемін.Бағдарламадағы жеті  модулімен сабақ берудің тиімді жақтарын әлем бойынша қолданып кележатқан әдіс тәсілдер . Бұл модулдің  кейбір жақтарын  кеңестік педагогикада да қолдандық, оған мысал   тақырыптық сабақ кезінде деректі фильмдер, диофильмдер, кино қолдану болды. Әрине жаңа сабақты меңгеруге өзіндік тиімді жақтары болды . Бірақ оны кең көлемде қолдану  қолжетімсіздіктен болса керек.  Қазіргі таңда   ғаламтор арқылы кез-келген тақырыпқа  керек материалдарыңды таба аласың. Бұның өзі білімді сапалы берудің жолы екенін мойындаймыз.

Ақпараттық – коммуникациялық технологиядың  дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін  де уақытылы өзгертіп отыруды талап етеді.

АКТ оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп мұғалімдерге сабақ беруге көмектесетін маңызды құрал болып отыр. Сондықтан оқу барысында осы техгнологияларды ойланып қолдануды қажет етеді.

Технологиялық, педогогикалық және мазмұндық білім болып үшке бөлінеді. Білім берудің жалпы негіздерін білім беру мақсаты мен міндеттерін білуге негізделетін оқу мен оқыту үдерістері, тәжірибесі мен әдістері туралы білімділік. Оқушыға бүкіл өміріне жеткілікті білім береді, білімді арттырады. Әр сабақ алдын ала зерттеу мен тәжірибеге негізделеді, оқытуды қолдайды, оқыту үшін бағалау мен оқытуды бағалауды қолданады. Оқушының іскерлік пен белсенді қатысуын ықпал етеді. Әлеуметтік және жеке процеске ықпал етеді, мазмұндық оқытуды жүзеге асырады, кәсіби дайындық деңгейін жетілдіреді.

Технологиялық білім оқытудың қосалқы құралдары туралы білім. Бұл білімдер технологиялық құрылғылар саласындағы жеткілікті хабардарлықты да, оларды басқару үшін  қажетті дағдыларға ие болуды дәл меңзейді.

2006 жылы Мишра және Кёлердің пайымдауынша барлық үш білім саласы арасында өзара байланысты іске асыруға қабілетті мұғалім жоғары деңгейдегі кәсіпқой болып табылады.

Қорыта келгенде, жекелеген пәндерді оқытуға білім технологияларын интеграциялау мұғалімнің қарқынды дамуына оқудың барлық үш аспектісіне өзара байланыста белсенді қолдануына дайын болуын қажет ететіндігін және бұл оқу мен оқыту үдерістерін білікті түсіну көрсеткіші болып табылатындығын баса айту керек.

Бұл модель оқушылардың талантын, дарынын  ашуға мүмкіндік береді.

Барлық мұғалімдер балаларға білім беруде барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшін қолайлы орта жасауға тырысады. Тәжірибеге жасалған талдау оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруда мектеп бүкіл оқушылар үшін мектеп стандарттарын күрделендіре отырып бастауыш буын деңгейінде «жалпы мектептік саясатты» және орта буын деңгейінде «кеңейтілген» мектеп тәсілін құрған жағдайда  анағұрлым жоғары деңгейге қол жеткізе алатынын  көрсеткен.

Тексеру парағын  зерттеулерге негізделген  және ең үздік оқушыларды  анықтайтын сенімді өлшемдерді  тиімді қолдануға  болады, олар төменде көрсетілген .

  • Есте сақтау және білім
  • Өз білімін жетілдіру
  • Ойлау қабілетінің жылдамдығы
  • Мәселені шешу
  • Икемділік
  • Күрделілікке деген сүйіспеншілік
  • Шоғырлану
  • Ерте символдық белсенділік

Осы белгілер оқу барысында оқушыларды  мұқият бақылауға алуды қажет етеді.  Сонымен қатар оқушыларды жас ерекшеліктеріне де мән беру керек. Жас ерекшеліктеріне қарай  оқудың когнитивтік тәсілдерді пайдаланып  Бихевиостер ортаны зерттеген болса Гешталып теориясының ізбасарлары тұлғаның  ақыл-ой үдерістеріне сүйенген. Осылайша, іс-қимыл немесе білім алу үдерісі ретінде сана оларды едәуір қызықтырған.

Оқытудағы гуманистік тәсілде адамның өсуіне ерекше назар аударылған. Бұл тәсілдің негізін қалаушылар – Маслау мен Роджерс  пирамиданың ең төменгі

деңгейінде  физиологиялық  қажеттіліктер, ең жоғарысында өзін іс жүзінде  таныту орналасқан . Жоғарғырақ деңгейге өту  тек төмен  орналасқан қажеттіліктер орындалған жағдайда  ғана мүмкін болады. Маңызды орын алатын  тәсілдің бірі зейін  14-15 жастағы  оқушылар аса маңызды суреттерді

көбірек есте сақтаған зейіндерін 5-6 жастағы балаларға қарағанда тиімді пайдаланған. Сондықтан оқыту нәтижесінде қоры.тынды тапсырмаларды  оқушы үшін тартымды, олардың жас ерекшеліктеріне сай келетіндей қолдану тиіс.Балалардың креативтілігін дұрыс түсіну үшін, шығармашылық, зияткерлік қабілеттер мен дарын арасындағы  айырмашылықты түсіну қажет.

Білім берумен білім алудағы жаңа тәсілдер әлемдік стандарттарға сай келу үшін қажет. «Білім алуды үйретудің » қозғаушы күші «метатану» болып табылады.  Басқаша айтқанда, оқу бар, бірақ  сонымен қатар бірге білім алуды үйрету де бар.  Адамдар ойлауға қабілетті  және ойлау туралы  ойлануға да қабілетті.  Бұл орайда мұғалімнің оқушыға қоятын  талаптары

* білім міндетін қоятын талаптарды түсінуге.

* Жеке ойлау үдерістерін және олардың жұмыс қағидаттарын зерттеуге.

* Нақты міндет үшін сәйкес келетін стратегияларды таңдауға көмектеседі.

Оқушылардың алған ақпаратты сақтауының орташа пайызы дәріс 5%, оқу 10%, аудио – визуал20%, көрсетілім 30%, талқылау 50%, практика 75%, білім беру 90%.

Мұғалім оқушылардың зер салып тыңдауын сақтап қалу мақсатында жұмыс үдерісі барынша күрделі және әр түрлі болуын қадағалайды. Оқушы оқу үдерісіне белсенді қатысқанда ғана материалды терең меңгеруге қол жеткізеді. Егер оқу үдерісі оқушы мен оқу материалдарын қосатын «көпірді салуға» негізделсе онда оны үйлестіретін мұғалім көпірдің екі жағын да қадағалай білуі тиіс. Оқушылардың не білетінін және нені жасай алатынын, сондай – ақ олардың қызығушылықтарын, әр оқушының нені жақсы көретінін және не істегісі келетінін түсінуге тырысады:

  • Жаңа білім беру адамның нені білетіні мен түсініктерімен байланысты;
  • Білім беру оқушының бастапқы білімі мен дағдылар назарға алып оларды өрістетуді мақсат еткен мәнді болады;
  • Оқушыларға гипотеза жасауға, оны қорғауға, сынақтан өткізуге және құруға уақыт бөлінеді;
  • Оқушылардың бір – бірін оқытуға мүмкіндік беріледі;
  • Мұғалім оқушыға рефлекцияны ынталандыру және өз идеаларын ойластыру арқылы алған білімдерін қорытындылап талдауға көмектесуі тиіс.

Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтың маңызды рол атқаратынын көрсетті.  Диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын атқару мен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлкен үлес қосады.
Зерттеулерде ересектермен интеративті қарым қатынас пен достарымен бірігіп жүргізген жұмыстың, балалардың оқуына және когнетивті дамуына әсер ететіндігі айтылған. Мерсердің зерттеуіне сәйкес әңгімелесу оқушылардың білім алуының ажырамас бөлшегі болып табылады және әңгімелесудің үш түрі бар. Әңгіме дебатта – ой пікірлерде үлкен алшақтық болады және әрқайсысы өз шешімінде қалады. Зерттеушілік әңгіме – әркім ақылға қонымды әңгіме ұсынады. Топтық әңгіме – айтылған пікірлермен тыңдаушылардың әрқайсысы механикалық түрде кездесе беру.

Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» ол маңызды мәселелерді талқылауды және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. СТО бақылаудың тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. СТО-да диалогтық оқыту ұжымдық және өзара білім алмасуға жағдай туғызады және қолдаушы болып табылады. Балардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін табуды қажет ететін негізгі ерекшіліктері ұтқырлық: ең жақсы түсініктемені табуға ұмтылу, сыңаржақтылықтың болмауы: барлық қорытындыларды бағалау, пайым: дәлелдердің деңгейі мен маңызын мойындау, тәртіп: тиянақты, нақты және жан жақты болу.  Сабағымда оқушыларды 4 топқа бөлген соң өз жас шамаларына сәйкес тапсырмалар бердім.

Флейвелл мен оның әріптестері (1995) метасана қабілеті жасқа байланысы өзгереді және жасы үлкенірек балалар метаконитивтік ақпаратты көптеген мөлшерде игерілетіндіктен олардың үлгерімі жоғарырақ деп тұжырымдаған. Осыны басшылыққа алып, өтілетін тақырып бойынша оқушыларға алдын-ала үйге өздерінің бойларының ұзындықтарын, өздерінің салмақтары мен толық жастарын, сондай-ақ оқулықтың осы тоқсанда математика пәнінен алған бағаларын жазып келу тапсырылған. Ондағы мақсатым тақырып бойынша оқушылардың жас шамаларына сәйкес топ мүшелерінің бойларының ұзындықтарының, салмақтарының, жастарының және математика пәнінен алған бағаларының арифметикалық ортасын табу, сыни тұрғыдан ойлаудың ең оңтайлы тәсіл – балалардың жеке басының тәжірибеден дәлелдерге мән беруге ынталандыру. Осы тұрғыда 5-сынып оқушылары «Сандардың арифметикалық ортасы, модасы,өзгеріс ауқымы» тақырыбы бойынша оқушылар өздерінің аздаған зерттеу жұмыстарын жүргізіп, есеп шығарады

2 тапсырмада сондай-ақ оқушыларға сәуір айының 4 күндегі ауаның тәуліктік орташа температурасын бақылау тапсырылған. Бақылау нәтижесінде оқушылар «Өзгеріс ауқымы» деген ұғыммен танысып, оны өз дәлелдемелерімен негіздеді.  Оқушылар өздерінің құрдастарымен, сарапшыларымен диолог жүргізу барысында тәжірибе жинақтап және ой-әрекетінің жоғары деңгейіне көтерілуге талпына отырып, баламалы мүмкіндіктер туралы сыни тұрғыдан ойлап, зерттеу жүргізуге қабілетті бола түседі».

3-тапсырманы Барнс (1976) пен Мерсердің (2000) айтуларынша: «Зерттеушілік әңгіме – мұғалімдердің оқушыларды әңгімеге тарту кезінде дамыту қажет болып табылатын әңгіменің түрі» деген идеясын ескеріп, сабақ тақырыбына сәйкес мынадай тапсырмалар бердім:

1-топқа: «Жаңбыр жауған күнде қандай киім модасын байқауға болады?». Оқушы жауабы: «Жаңбыр жауғанда адамдар қолына қолшатыр ұстайды, су өткізбетін плащ киеді, аяқтарына боти киеді» деді.

2-топқа: «Далада 40˚ аяздағы адамдар киімнің модасы қандай?». Оқушылар жауабы: «40˚ аязда адамдар тон, шуба, қалың бас киім, қолғап киеді, шәрпі байлайды, аяқтарына қыстық етік немесе пима киеді. Аяздағы киім модасы осындай».

3-топқа: «Далада 40˚ ыстықтағы киім модасы қандай?» деген сұраққа оқушылар: «Далада 40˚ ыстық болса, адамдар қысқа жең көйлек, футболка, шорты және аяқтарына жеңіл жаздық башмактар киеді» деп жауап беріп, өз ойларын сурет салып та жеткізді.

4-топқа: «Сабақта отырған оқушылардың киімінің модасы қандай?». Оқушы жауабы: «Ұлдар костюм-шалбар, ақ көйлек, галстук, туфли киіп отыр. Қыздар ақ кеудеше, қара юбка, туфли киген» деп жауап берді.

Осындай зерттеушілік әңгіме барысында оқушылар өз сыныптастарымен шағын топтарда жұмыс істеді. Оларда ортақ проблема болды, бұл мәселе бойынша бірлескен түсінік қалыптастырды, идеялармен пікір алмасып, бір-бірінің идеяларын талқылады, баға берді, ұжымдық білім мен түсінікті қалыптастырды. Оқушылар зерттеушілік әңгімеге тартылғанда, өз ойларын дауыстап айтты, болжамдар ұсынып, талқылады. Талқылау кезінде олар мүмкін, «егер», «бәлкім» деген сөздерді қолданып, өз идеясын дәлелдеу үшін «сондықтан» деген сөзді пайдаланып, топ тарапынан қолдау қажет болғанда «Солай емес пе?» деген сұраққа сүйенеді.

Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау. Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды. Олар қолданатын кез келген нысанның артында тек қана обьективті немесе жеткілікті дәрежеде обьективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес сондай – ақ баланың дамуы, оқуы және уәжі туралы түсінік, сонымен қатар өзін – өзі бағалау қабілеттілік және күш жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады. Бағалау формативті және жиынтықты болып екіге бөлінеді. Егер бағалау мақсаты баға қою, сертификаттау немесе оқытудың алға жылжуын тіркеу үшін оқыту қорытындысын шығару болса, онда өзінің функциясы бойынша бағалау жиынтық болып табылады және оны кейде оқытуды бағалау деп атайды.

Білім беруді, әдістеуді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған бағалау формативті немесе оқыту үшін бағалау (ОүБ) болып табылады.

Білім берудегі басқару және көшбасшылық. Мұғалімдер дамыту жұмыстарын жүргізу барысында рефлексияны, жоспар құруды, кеңес беруді біртіндеп жүзеге асыру әдісі арқылы қолдау таба алады. Алғашқы қадам – әрбір ұстаз үшін маңызды шешімдерді талап ететін құндылықтар мен мәселелерді анықтау. Келесі қадам – өгерістер бағдарламасы жөнінде әріптестерінің кеңестері. Осы әрекет басымдылықтарын ұғынуы мен келісуі бойынша атқарылған жұмыстардың соң мектептегі мәжілісте қаралып, мақұлдану мүмкін.Мақұлданған соң мұғалім өзінің мәселесі бойынша нақты жоспар құра бастайды. Бұл жоспар жүзеге асатындай және оның құрамына кіретін әрбір әлеуетті қатысушы оны талқылай алатындай болу керек. Егер бұл келісу мен кеңесу үдерісі тиімді болса, онда дамыту жұмысы да жоспар бойынша жүзеге асырылады. Дегенмен мұндай жұмыс мектеп әкімшілігі тарапынан ұйымдастырылып, қолдау көрсетілгені маңызды.