«Жас ғалым» ғылыми-практикалық ұйымының есебі

70

БАЯНДАМА

«Жас  ғалым» ғылыми-практикалық ұйымының есебі

 

Қазіргі уақытта түрлі білім жарыстарында, Қазақстан намысын халықаралық ареналарда биіктерге көтере алатын білімді де талантты жастарға деген сұраныс өте мол. Еліміздің болашағы білімді де, қабілетті жастардың қолында. Жастарға білім мен тәрбие беру мектеп қабырғасынан басталады.

Заман талабына сай білім бере отырып, оқушы бойында танымдылық қабілетін дамыту бүгінгі таңда ұстаз үшін жауапты іс болып табылады.

 

Бұл туралы Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты – қоғамның нарықтық қарым-қатынасқа көшу кезінде саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы, іскер, өмірге икемделген, жан-жақты мәдениетті жеке тұлғаны қалыптастыру» — деген тұжырымдамасында ашып көрсеткен.

 

Қоғамның осындай дарынды адамдарға деген қажеттілігін қанағаттандыру талабы білім беру жүйесінің алдында баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашылық қабілеті зор жеке тұлғаны қалыптастыру міндетін қойып отыр. Бұл жердегі мұғалімнің міндеті: әр оқушының бойындағы бейімділікті дер кезінде көре біліп, оны дамыту.

 

Осы мақсатта М.Әуезов атындағы орта мектебінің ИФМ әдістемелік бірлестігінде  «Жас  ғалым» ғылыми-практикалық ұйымы жұмыс істейді. Ұйымның жетекшілік ету менің міндетімде. Ұйымның ережесі, мектеп директоры бекіткен жұмыс жоспары бар.

2008-2009 оқу жылына дейін Ұйым бір бағытта жұмыс жасады. Атап айтсақ: аудандық «Дарын», Кіші ғылыми  академияларына  қатысып, жүлделі орын алып, облыстық, республикалық конференцияларына жолдама алу.

 

 

 

 

 

2004 жылдан бергі жұмыс нәтижесі  төмендегідей.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2008-2009 оқу жылында   Ұйым ішінде Қосымша білім беру бөлімін  аштым.

Мақсаты: эксперимент түрінде бастауыш сынып оқушылар арасынан қабілетті балаларды қабылдап, дамыта отырып, олимпиада, түрлі конкурстарға, конферен-цияларға қатыстыруға дайын-дау.

Қосымша білім беру бөліміне 9-17 жас аралығындағы балалар қабылданады. Бөлім туралы ереже, әр буынның оқушыларды қабылдауға арналған сынақ жұмыстары  құрылған.

Бөлімде келесі  буындар жұмыс жасайды:

  1. «Ұлан» – бастауыш сынып оқушылар буыны
  2. «Лидер» – жасөспірімдер буыны
  3. «Болашақ» – жоғарғы сынып оқушылар буыны

«Ұлан» буынына 7 оқушы  қабылданып, білім алуда.

 

 

 

 

 

 

 

Буын алдын ала құрылған күнтізбелік жоспар бойынша дәріс алады.

Біздің алдымызда топты жарып шығар алғыр, озық жеке тұлға дамыту мақсаты тұрғандықтан буын мүшелерінің алдына қойылатын талап: Оқушы  тек компьютерде жұмыс істеуді үйреніп қана қоймай заман талабына сай техникалық мамандықтарды игеруге алғашқы қадам жасай отырып,  «Лидер» буынына көшу үшін  ұйымның ұйымдастырған  конкурстарына қатысып, өздерінің шығар-машылық жұмысын қорғауы керек. Бұл жерде бала шығармашылық жұмысын көрсете білуге, жұмыстың жасалу жолдары туралы дұрыс баяндауға, өзін еркін ұстап, ойын толық жеткізуге үйреніп, дағдыланады. Жасалынған жұмыс жетістіктері ретінде мектебімізде өткізілген облыстық семинарға қатысушы мұғалімдер назарына топ мүшелері:

  1. Сатыбалдиев Тәңірберген Activstudio Professional бағдарламасында видеокамера құралын пайдалану жолдарын практика жүзінде көрсетіп, баяндап өтті;
  2. Сағынаева Айгерім жоғарыда айтылған бағдарламада алдын ала құрылып қойылған флипчартта компьютер құрауыш құралдары, олардың әр қайсының атқаратын міндеттері туралы айтып берді;
  3. Бауыржанова Ғалия Activstudio Professional бағдарламасында активойтта тест сұрақтарын құру жолдары туралы практикада көрсетіп, түсіндіріп шықты.