Гидросфера туралы ұғым. Дүниежүзілік су айналымы

159
Тақырыбы Гидросфера  туралы ұғым. Дүниежүзілік су айналымы
Сілтеме Календарлы —  тақырыптық жоспарлау,   6 сынып оқушыларына арналған «Физикалық география» оқулығы, энциклопедиясы.
Мақсаты Оқушыларды топпен жұмыс істеуге ұйымдастыру, гидросфера туралы ғылыми түсінік қалыптастыру. Әр түрлі білім көздерімен жұмыс жасауға дағдыландыру. Оқушылардың өз беттерінше жұмыс істеп шығармашылық  ойларын өсіру. Өз ойларын еркін жеткізуге, қорытынды жасай білуге дағдыландыру.
Күтілетін нәтиже «Судың да сұрауы бар» деген мақалдың мазмұнын түсіну. Мәтінді толық талдай білу, өз пікірлерін еркін жеткізу, өз ойларын дәлелдей алу, тату болып, бірігіп істеген жұмыстың нәтижелі болатынын ұғыну.
Ресурстар Дүние жүзінің физикалық картасы, глобус, фломастер, стикер, презентациялар, интерактивті тақта, кескін карта, атлас, энциклопедиялар 6 класс.
Қолданылған модульдер Сыни тұрғыдан ойлау, ақпаратты коммуникациялы технологияларды пайдалану.
Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен  амандасу,  сабаққа психологиялық дайындық жасау. Көңіл күйді көтеру. 1 мин
Миға шабуыл  Жерде неше географиялық қабық бар?Біз үлкен жер қабығын оқып бітірдік. Ол қандай жер қабығы? Дұрыс литосфера, яғни жердің тас қабығы. 1 мин
                   Сыныпты  3  топқа бөле отырып , үй тапсырмасын тексеру
Түрлі тапсырмалар 1 топқа – «сұрақ-жауап»

2 топқа – терминдік сөздермен жұмыс

3 топқа – танымдық ойын

Барлығына – тест

10 мин
                                                      Сергіту сәті.

Jado «Қамажай» видео

2 мин
Жаңа сабақ Таулардан өзен ағар сарқыраған

Айнадай сәуле беріп жарқыраған

Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта

Аралап тау мен тасты арқыраған

Көңілің суын ішсең ашылады

Денеңде бар дертіңді қашырады

Өксіген оттай жанып жануарлар

Өзеннен рақат тауып басылады.

— Балалар бұл кімнің  өлеңі білеміз бе? Дұрыс, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің өлеңі. Жалпы суретке қарап, оқылған өлеңге қарап қандай қабықты өтетінімізді біліп отырған сияқтымыз. Яғни,білім — теңіз кемесіне мініп гидросфераға сапарымызды жалғастырайық.

 

2 мин
Әңгіме-дәріс Гидросфера туралы түсінік беру.т.б. 3 мин
Топтық жұмыс 1 топ  — Табиғаттағы су

2 топ –Табиғаттағы су айналым (Үлкен және кіші су айналым)

3 топ — Судың маңызы мен ластануы, оны қорғау.

7 мин
Слайд қорғау Әр топ өздеріне тиесілі берілген тапсырма бойынша өз ойларын, пікірлерін айтып  еңбектерін қорғайды. 3×5=15мин
Бағалау Бағалауды  келесі параметрлер бойынша топбасшылар  жүзеге асырады.

Оқушының   аты- жөні Өткен сабақ Жаңа сабақ Қорытынды баға

 

2 мин
Рефлексия Қандай әсер алдық? Қандай қорытынды шығарар едің? 1 мин
Қосымша оқу және қосымша тапсырма § 35 оқу және сұрақтарға жауап беру, «Су  -тіршілік көзі» реферат жазу, сурет салу. Жұмыс дәптерін толтыру. 1 мин

 

Тақырыбы:  «Гидросфера  туралы ұғым. Дүниежүзілік су айналымы»

(ашық сабақ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыныбы: 6а

Өткізген: Буркутова М.М.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2014-2015 о.ж.

 

 

Ұйымдастыру кезеңі: Сәлеметсіздер ме балалар. Сабақты бастамас бұрын бір-  бірімізге көтеріңкі  көңіл күй сыйлап, сәттілік тілейік.

Мен саған…. тілеймін

Үй тапсырмасын тексеру: — Балалар біз қандай жер қабығын оқып бітірдік? Литосфера, яғни жердің тас қабығы. Енді осы тарауда оқып білген білімімізді тексеретін уақыт келді. Сыныпты үш топқа бөле отырып үй тапсырмасын тексеру.

  1. Сұрақ-жауап.

 

  1. Литосфера қандай қабат?
  2. Жердің құрылысын ата.
  3. Жер қыртысы дегеніміз не?
  4. Мұхиттардың астындағы жер қыртысының қалыңдығы?
  5. Мантия не мағына береді, оның қалыңдығы қандай?
  6. Минерал дегеніміз не?
  7. Тау жыныстары нешеге бөлінеді?
  8. 8. Жер сілкіну дегеніміз не?
  9. Сейсмограф қандай құрал?
  10. Жанартау деген не?

 

  1. Терминдік сөздермен жұмыс.

 

Тақтаға бірнеше терминдік сөздер жазылады. Оқушылар  сөздердің анықтамасын түсіндіреді. Ядро, мантия, сейсмограф, эпицентр, бархан, гейзер, лава, магма, эхолот,масштаб, компас т.б.

 

  1. Танымдық ойын.

 

Географиялық мәліметтерге, терминдерге байланысты оқушыларға төмендегідей ойындар беріледі. Бұл цифрлар нені көрсетеді?

200 м-ге дейін-

11022м-

8848-

1000-2000м дейін-

200-500и-ге дейін-

500м жоғары-

2900 км-

2-5 см-

3000 шамасында-

2000 м жоғары-

70-80 км-

3500 км-

Барлығына тест тапсырмалары беріледі.

  1. Жердің ең сыртқы қабығы:

А)биосфера, ә)атмосфера, б)литосфера, в)гидросфера.

  1. Жердің толық ішкі құрылысы:

а) литосфера, ә)мантия және ядро, б)литосфера және мантия.

  1. Еуразиядағы ең биік жанартау:

а)Везувий, ә)Қазбек, б)Ключи шоқысы, в)Эльбрус.

  1. Жер қыртысының қалың болатын жерлері:

а)таулар, ә)жазықтар, б)мұхиттар, в)мұхит-жазық.

  1. Жер сілкіну ошағы дүмпуінің жер бетіне шығатын жері:

а)кратер, ә)гейзер, б)эпицентр, в)жанартау.

  1. Фонтан сияқты атқылайтын бұлақ:

а)гранит, ә)лава, б)қайнар, в)гейзер.

  1. Шығу тегі жағынан шөгінді, жанғыш тау жынысы:

а)әктас, ә)тас көмір,б)кварцит,в)дала шпаты

8.Химиялық шөгінді тау жынысы?

а)құм тас, ә)әктас, б)тас тұзы, в)құм

9.Таулар ненің нәтижесінде пайда болады?

А)су тасқынынан, ә)жер қойнауында болатын ішкі күйлердің әсерінен,  б)космостық сәуледен,в)белгісіз

10.Ломоносов атындағы су жотасы қай мұхиттан?

а)атлант,ә)тынық, б)салт мұзды мұхиты,в)үнді

11.Мантияның қалыңдығы?

а)3500м, ә)2900м, б)65км, в)1800км

12.Жер қыртысының қай бөлшегі өте тереңде орналасқан?

а)су мұхиттың,ә)материктің, б)базальтті,в)гранит

 

Қорытындылау.

Сергіту сәті.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Таулардан өзен ағар сарқыраған

Айнадай сәуле беріп жарқыраған

Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта

Аралап тау мен тасты арқыраған

Көңілің суын ішсең ашылады

Денеңде бар дертіңді қашырады

Өксіген оттай жанып жануарлар

Өзеннен рақат тауып басылады.

— Балалар бұл кімнің  өлеңі білеміз бе? Дұрыс, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің өлеңі. Жалпы суретке қарап, оқылған өлеңге қарап қандай қабықты өтетінімізді біліп отырған сияқтымыз. Яғни, гидросфера қабығына сапар шегейік..

  1. Әңгіме-дәріс.

Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады

  1. Топтастыру.

Топтастыру арқылы гидросфера құрамы түсіндіріледі.

Гидросфера құрамы
Атмосферадағы ылғал
Мұхиттар
Теңіздер
Көлдер
Бөгендер
Мұздықтар
Жер асты сулары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Кестемен жұмыс.

Кесте арқылы гидросферадағы барлық су мөлшерлерін түсіндіру.

 

Су түрлері Мөлшері
Барлық су 1,6 млрд км3
Мұхиттар мен теңіздер 96,5 %
Мұздықтар мен тұрақты қарлар 1,7 %
Жер асты сулары 1,7 %
Өзен, көл 0,06 %
Тұщы су 2,5 %

 

 

  1. Тірек-сызбамен жұмыс.

Тірек-сызба арқылы д.ж. су айналымын түсіндіру.

Мұхит булануы
Бұлт
Жауын-шашын
Құрлық суларына қосылу
Мұхитқа қосылу

 

 

 

 

 

 

 

Қорытындылау.

  1. Жаңа сабақты бекіту.
  2. Б.Ү.Ү. кестесі.

 

Білгенім Үйренгенім Үйренгім келеді

 

 

 

  1. Қорытындылау, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру.