Еуразия жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер

43

Қарағанды облысы, Қарқаралы қаласы

№ 44 орта мектептің география пәнінің мұғалімі

Адамбаева Айгуль Омирсериковна

Сабақтың тақырыбы: Еуразия жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер

Сабақтың оқыту мақсаты: Еуразия жағалауындағы мұхиттар мен теңіздердің материкке тигізетін әсерін сын тұрғысынан ойландыру арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай туғызу.

Міндеттері:      — Ынтамақтастық атмосферасына ықпал ету;

— Дербес оқуға жетелеу;

— Жұпта, топта жұмыс істеу машықтарын жетілдіру;

Сабақтың оқу жабдығы: Атлас. Еуразияның физикалық картасы, плакат, интерактивті тақта

Қолданылатын модулдер: Сын тұрғысынан ойлауға үйрету, оқыту мен оқуда АКТ – ны пайдалану,  талантты және дарынды балаларды оқыту, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

Сабақтың әдіс тәсілдері:  сұрақ –жауап, іздендіру, түсіндіру, салыстыру, әңгімелеу, талдау.

Стратегиялар:  «Топтастыру», «Еркін жауап стратегиясы», «Ой салу», «Ментальды карта»,   «Рефлексия»

Бөлімдері Эпизод Мұғалімнің іс -әрекеті Оқушының іс -әрекеті Ресурстар

 

Кіріспе 7

 

Амандасу

Оқушылардың көңіл күйлерін сұрау

«Көпір»

Үй тапсырмасын пысықтау

 

 

 

 

Топтастыру

14  аланы   3-топқа  бөлемін.

 

 

1.     Еуразия материгінің ауданы қанша?

2.     Қанша дүние бөлігінен тұрады?

3.      Материкті зерттеген зерттеушілерді ата?

 

Оқушылар топқа бөлінеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Суреттер

Тұсаукесер

 

10  Ой қозғау

«Дүние жүзілік мұхит деген не?»

Еуразия материгі жағалауына саяхат жасайық: «Қандай мұхиттар Еуразия жағалауын  шайып жатыр?»

(топ ішінде спикер, тайм спикер, хатшы рөлдерін болу)

Оқушылар өз білетіндерін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Қолдан жасалған материал

Ватман

Атлас

Негізгі бөлім 5 Семантикалық карта

«Сәйкестігін табыңдар» ойыны.   Алдарына тапсырма таратылады.

1.                   Солтүстік теңіз бен  Жерорта теңізінен алынатын  пайдалы қазба түрі
2.                   Асыл тастар (інжу-маржан) қай мұхиттан алынады?
3.                   Бұл  аймақ   мұнай мен газдың  қоры   және оларды өндіру жөнінен дүние жүзінде алдыңғы орынды иеленеді.
4.                   Жаздың аяғы мен  күздің басында  жиі байқалатын  құйын тәріздес  жойқын дауылдар
5.                   Итбалықтар,  морждар, жағалауларда  ақ аю тіршілік етеді.
6.                   Ең ластанған теңіз
Оқушылар интерактивті тақтадан тапсырма жауаптарын  балалар  өздері  тауып,  сәйкестендіреді.

 

А) Парсы шығанағы

В) мұнай

С) Солтүстік мұзды мұхиты

Д)Тайфундар

Г)Үнді мұхиты

Е)Жерорта теңізі

 

Таратпа материал
15

 

 

 

 

 

 

 

 

Мағынаны тану.

«Теңізде жүзу  саяхаты» 

1-топ.  Норвегия мемлекетінің азаматтарысыңдар. Норвегия астанасынан шығып,  Жапонияға  теңіз жолы арқылы  келу керек. Жол бойында кездескен аралдарды,  бұғаздарды,  ағыстарды атаңдар.  Қандай тура бағытты ұсынар едіңдер?

2-топ.  Қытай елінің астанасына    саяхатқа келдіңдер. Саяхатты әрі қарай  Шри-Ланка аралына дейін  теңіз жолы арқылы   жалғастыру керек. Жол бойында кездескен аралдарды,  бұғаздарды,  ағыстарды атаңдар.  Қандай тура бағытты ұсынар едіңдер?

3-топ.  Сауд Арабиясы елінен шыққан  мұнай тиелген танкер-кеме  Францияға қарай  сапар шекті. Сендер ол кемеге қандай көмек берген болар едіңдер? Жол бойында кездескен аралдарды,  бұғаздарды,  ағыстарды атаңдар.  Қандай тура бағытты ұсынар едіңдер?

Балалар шығармашылық   жұмыспен айналысады. Топ ақылдасып, бір тоқтамға келеді. Топбасшы  топтық жұмысты қорғайды.

 

Атлас
« Мені анықта» ойыны.

 Кескін картада сандармен көрсетілген  теңіздер беріледі.  Сол теңіздердің атауын анықтаңдар.

 

 

Жауаптар:

1.     Солтүстік теңіз

2.     Жапон теңізі

3.     Қызыл теңіз

4.     Араб теңізі

5.     Қара теңіз

 

Кескін карта

Атлас

флипчарт

Қорытынды 5 Қорытындылау

Бағалау:сабақтың әр бағыты жазылған бағалау парағы арқылы оқушылар өз -өздерін бағалайды.

 

Өз жұмыстарын топта бағалайды.

 

Бағалау парағы
3 Рефлексия.

Стикерлер таратылады.

Не ұнады, не ұнамады? Ұсыныс

Оқушылар сабақ барысында не ұнады, ұсыныстарын, пікірлерін жазады .

стикерлер