Қытай. Үндістан

94

«Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі

_____________________________

 

Қысқа мерзімді жоспар

 

05.05.2014 ж География 7-сынып «В»
  Сабақтың тақырыбы Қытай. Үндістан
  Сабақтың мақсаты Оқушылар топтық ынтымақтастықта жұмыс жасай отырып, Қытай мен Үндістанның табиғат жағдайы мен табиғи ресурстарының жіктелуі, халқының құрамы, шаруашылығы туралы білімдерді меңгерту.
  Оқу нәтижесі Қытай мен Үндістанның географиялық орнын анықтай отырып, олардың табиғат жағдайларының әр түрлілігін;

Табиғат ресурстарының жіктелуін;

Екі елдің халық санының көбею себептерін;

Елдердің шаруашылығының дамуын;

Жоғарыда аталғандарды өзбетімен меңгеріп, түсініктерін қалыптастырып, географиялық мазмұндағы таным-түсініктерін күнделікті тұрмыстық немесе өмірлік жағдаяттармен байланыстыра алады.

  Сілтеме 7-сыныпқа арналған оқулық «Материктер мен мұхиттар географиясы» Алматы «Атамұра» 2012 ж; қосымша ақпараттар; интернет
  Тапсырмалар Топтық тапсырмалар: «Бедерлер», флипчартпен жұмыс, адасқан объектілер, топтастыру

Жеке жұмыс: Тест, геодиктант, картамен жұмыс.

  Сабақта қолданылатын материалдар Топтық тапсырмалар, дүние жүзінің саяси картасы, компьютер, интер.тақта, қағаздар, маркерлер, стикерлер, т. б.
  Қамтылатын модульдер Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Оқыту мен оқудағы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу

Оқытуды басқару және көшбасшылық

Сабақ кезеңдері Мұғалімнің іс әрекеті Оқушылардың іс әрекеті
І Ұйымдастыру

2+1=3 мин

Оқушылармен ынтымақтастықты қалыптастыру, миға шабуыл жасау сұрақтары және соған сәйкес суреттер арқылы топқа бөлу.Топ басшысын сайлау. Оқушылар Қытай, Үндістан және Қазақстан елі деп, 3 топқа бөлінеді. Оқушылар топ басшысын сайлайды.
Сәлемдесу

Сәлемдесу жаттығуы.

Біз сіздермен әлем халықатрының әртүрлі амандасу тәсілдерімен амандасатын боламыз. Ол үшін 4 топқа бөлініп шеңбер құрайық. 1-топ, «замбезилік», 2-топ «солтүстік африкалықтар», 3-топ «үндістандықтар», 4-топ «қытайлықтар» болып амандасады.

Замбези-қол шапалақтап, отырып тұрады.

Солт.Африка-қолын маңдайына, ерініне, төсіне қояды.

Қытай-иіледі.

Үндістан-екі алақанын бір-біріне тигізіп, маңдайының тұсына қояды.

Оқушылар берілген жаттығуды орындау арқылы көңілдерін көтеріп, сабаққа белсенділігі артады.
ІІ Үй тапсырмасы

1+(4*1) =5 мин

«Гүл сыйлаймын»

Бұл кезеңде гүл ұстаған оқушы басқа топтың оқушысына гүлді беріп сұрақ қояды, екінші оқушы жауап береді де, ары қарай жалғастырады.

1 топ      2 топ

2 топ      3 топ

3 топ      4 топ

4 топ      1 топ

 

Оқушылар мәлімет беріп, топ арасында сұрақ беріліп, жауап алады.
  Сергіту сәті

      3 мин

«Массаж» тренингі

Оқушылар ортаға шығып, шеңбер құрып, «Диқаншы ата» әңгімесінің сюжетімен бір-бірінің арқасына массаж жасайды.

Тренинг арқылы оқушылар сергіп, жаңа тақырыпқа дайындалады.
ІІІ

 

Жаңа сабақ

   3 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5+(3*2)=11 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

3 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

4 мин

 

 

 

 

 

 

 

3 мин

 

 

Сабақтың тақырыбын анықтау мақсатында «Бедерлер» ойыны ойналады.

Ойын шарты бойынша ұяшықтардың артына суреттер жасырылады. Соны топтар саудаласу арқылы ашады. Бастапқы ұяшық 7-ден басталады.

Оқушылар ұяшықтарды ашу арқылы суреттерді көріп, жаңа тақырыпты ашады.

 

Постер қорғау

Жаңа тақырып бойынша 3 топқа тапсырма беріледі. Сол бойынша постер қорғалады.

1-топ: Қытай мен Үндістанның табиғаты мен табиғат ресурстары.

2-топ: Қытай мен Үндістанның халқы.

3-топ: Қытай мен Үндістанның шаруашылығы.

Оқушылар топпен бірігіп берілген тапсырма бойынша постермен жұмыс жасайды. Тақтаға шығып, топ мүшелері бірігіп тапсырмасын қорғайды.
        Жұбыңды тексер

Бұл кезеңде оқушыларға тест сұрақтары таратылады.

Тест сұрақтарына жауап белгілейді.
Адасқан объектілер

Тақтада географиялық оьъектілер мен атаулары орындары шатастырылып беріледі. Дұрыстарын сәйкестендіру керек.

Оқушылар тақтада берілген тапсырмаға мұқият зер салып, адасқан объектілерді біріктіреді.
             Геодиктант

Оқушылардың барлығына геодиктант таратылады. Бүгінгі тақырып бойынша мәтін беріледі. Мәтіннің кейбір сөздері қалып қойған, оқушылар қалып қойған сөздерді жазады.

 

 

Геодиктантпен жұмыс жасай отырып, керекті мәліметтерді естеріне түсіреді.
ІV Бекіту

7 мин

Топтастыру

Тақтада тақырып жазылады. Оқушылар тақырып бойынша не білгендерін тақтаға жазады.

Сабақты қорытындылау мақсатында оқушылар бүгінгі сабақта алған білімдерін тақтаға жазады.
V Бағалау, Кері байланыс

2 мин

Бағалау бетшесі арқылы өздерін бағалайды.

Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдың?

Топ басшысы топ мүшелерін  бағалайды.

Сабақ туралы пікірлерін айтып стикерге жазып жапсырады.

VI Үйге тапсырма

1 мин

«Ұлы Қытай қорғаны» мен «Тәж-Махал» туралы  мәлімет әкелу.

Қытай мен Үндістанды кескін картаға түсіріп келу.

Дәптерлеріне жазып алады.