Орталық Қазақстан.

70

 

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

№8 орта мектептің география пәні мұғалімі

Бегейбай Дина Медетқызы

 

 

Сыныбы: 9

Тақырыбы: Орталық Қазақстан.

 

Сабақтың мақсаты:

  • БілімділікОрталық Қазақстан экономикалық ауданының экономикалық-географиялық жағдайы мен табиғат ресурстарына, еңбек ресурстарына баға беру.
  • Дамытушылық-оқулықтағы сурет, сызба-схема, атласты, кестелерді пайдаланып қосымша деректермен тест орындау арқылы өз бетімен ізденуге дағдыландыра отырып, оқушы ойын, қабілетін дамыту.
  • Тәрбиелікэкономикалық байланыстарды қарастыра отырып, экологиялық мәселелерге тоқталу. Оқушыларды ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

 

 

Көрнекіліктер: 9-сыныпқа арналған атлас карта, Қазақстанның әкімшілік-территориялық картасы, дидактикалық материалдар, интерактивтік тақтаны пайдалану, интернет слайдтары қосымша ізденіс материалдары

 

 

Сабақ түрі:Дәстүрлі сабақ

Сабақ типі:Жарыс сабақ

Әдіс-тәсілдер: танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру иллюстративті (бейнелі) , сұрақ-жауап, баяндау, пікір айту.

 

:

 

Сабақ жүрісі:

І Ұйымдастыру:

  • Сәлемдесу, түгендеу
  • Сынып бөлмесін дайындау
  • Оқушыларды сабаққа дайындау

 

 

 

ІІ Үй тапсырмасы.

 

  1. Қазақстанды экономикалық аудандарға бөлген кім?
  2. Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданының құрамында неше облыс бар?
  3. Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданының маманданған саласы?
  4. Батыс Қазақстан экономикалық ауданының құрамында неше облыс бар?
  5. Батыс Қазақстанның маманданған саласы?
  6. Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданының құрамында неше облыс бар?
  7. Солтүстік Қазақстанның маманданған саласы?
  8. Шығыс Қазақстан экономикалық ауданының құрамында неше облыс бар?
  9. Шығыс Қазақстанның маманданған саласы?
  10. Орталық Қазақстан экономикалық ауданының құрамында неше облыс бар?
  11. Орталық Қазақстанның маманданған саласы?
  12. Сонымен қатар Алматы мен Астана бұлар …

 

 

ІІІ Жаңа сабақ

 

  1. Орталық Қазақстанның экономикалық-географиялық жағдайы
  2. Табиғат ресурстары
  3. Халқы

 

 

 

Орталық Қазақстан

 

Аумағы – 428 мың шаршы км

Құрамы – Қарағанды облысы

Халқы –1332 мың адам

 

 

. Орталық Қазақстан республикасының шағын әрі тұйық  Нұра және Сарысу өзендерінің алабы алып жатқан ортанғы бөлігі – ежелгі таулы өлке – Сарыарқаға, батысында Оралдан және шығысында Кузбастан бірдей қашықтықта орналасқан . Бұл ауданның географиялық орнының осындай ерекшелігі Оралдың металлургия кәсіпорындарын кокстелетін көмір мен негізгі жабдықтаушы ретінде мемлекетаралық маңызын арттырады,ал континентті Қазақстанның орталығына орналасуы – климатының қуаншылықты және тұщы су тапшылығы сезінуіне себепші болды .

Табиғат ресурстарына тас көмір, мыс, корунд, әктас, отқа төзімді саз, пирофилит және құрылыс материалдары кездеседі.

Өлкенің негізгі байлығы жер қойнауындағы кен орындары – Қарағанды алабының кокстелетін тас көмірі мен Жезқазған, Қоңырат, Саяқ мыс кендері. Құрылыс материалдары ауданның кез келген жерінде бар. Сонымен қатар, темір, марганец кендері, полиметалдар, сирек металдар кездеседі.

Экономикалық ауданда темір мен марганецтің 40-қа жуық кен орындары белгілі. Маңыздылары: Ақтау,Үшқатын, Қамыс, Қаражал, Қарсақпай, Балбырауын, Жезді, Найзатас.

Полиметалдар құрамында қорғасын, мыс және түсті металдар болады.Аудандағы маңызы бар полиметалл кен орындары: Гүлшат, Қызылеспе, Ақшағыл, Алаайғыр, Қарағайлы, Жәйрем.

Сирек металдардан аудан аймағынан вольфрам, молибден, ванадий, висмут, сурьманың, т.б. мол қоры табылған.Вольфрам, молибден-Жоғарғы Қайрақты, Шығыс Қайрақты, Қоңырат, Қараоба кеніштерінде өндіріледі. Табиғи сирек кездесетін күміс, рений, кадмий, висмут, кобальт, сынап, сурьма металдары Орталық Қазақстанның мыс кендерінде мол.

Республикамыздағы ерекше кокстелетін көмірдің және шойын мен болаттың, марганец кенінің 100 %-ы Орталық Қазақстанда шығарылады. Республикамыздағы вольфрам, молибден, мыс кендері түгел дерлік осы ауданда өндіріледі. Аудан аймағында су тапшылығы шешу мақсатымен Ертіс-Қарағанды каналы салынған. Жезқазған, Балқаш зауыттарында дүниежүзінде теңдесі жоқ жоғары сапалы мыс кені өңделеді.

Қарағанды облысы асбест қоры жөнінен республикада екінші орында.           Өнеркәсіптік мәні бар кен орындары Ешкіөлмес, Қарсақбай қыраттарында орналасқан.

Халқы.Ауданның байырғы тұрғындары — қазақтар. Жалпы халқының саны — 1339.4  мың адам. Басқа ұлттардан орыс, украин, неміс, татар, беларусь, корей, молдовандар тұрады. Халықтың орташа тығыздығы 1 км2-3.1 адамнан келеді. Ауданның орталық бөлігінде халық, тығыз, ал шығысында сирек қоныстанған. Халықтың басым көпшілігі өндіріс тораптарының маңында шоғырланған.

Орталық Қазақстанда қала халқы басым (86%).Қала халқының басым бөлігі Қарағанды,Теміртау,Жезқазған,Балқаш өнеркәсіп тораптарында тұрады.Көмір өндірудің артуына байланысты, оған жан-жақтан адамдардың ағылып келуі есебінен қала халқы тез өсуде.Ауыл қалқы аудан көлемінде әркелкі орналасқан,басым көпшілігі солтүстікте өзендер торы жие аудандарда шоғырланған.

 

 

 

 

 

 

 

 

ІV Бекіту сұрақтары:

  1. Орталық Қазақстанның экономикалық-географиялық жағдайы қандай?
  2. Орталық Қазақстан қандай экономикалық аудандармен шектеседі?
  3. Орталық Қазақстан қандай табиғат ресурстарына бай?
  4. Аудан халқының саны қанша?

 

 

Үйге тапсырма: Орталық Қазақстан