Генетикалық есептер шығару.

426

 

Сабақтың тақырыбы: Генетикалық есептер шығару.

Сабақтың мақсаты:

Оқыта үйрету ойыны арқылы оқушылардың ізденпаздығын, ойлау қабілетін дамыту, ой-өрісін кеңейту, генетикалық заңдылықтарды қолдана отырып  есептер шығара алатын жеке тұлға қалыптастыру.

Сабақтың типі: дәстүрлі емес

Сабақтың түрі: экспедиция сабақ

Сабақтың әдісі: дамыта оқыту, деңгейлеп оқыту

Сабақтың көрнекілігі:слайдтар, сұрақтар, кестелер, деңгейлік есептер,

Венн диаграммасы, үлестірме материалдар.

Сабақ барысы

Кіріспе: ұйымдастыру кезеңі

Топқа бөлу

Сабақтың барысымен таныстыру

«Ойын жүрісі»- сабақ кезеңдері

Сабақ экспедиция түрінде өткізіледі. Экспедиция арқылы білім шыңына жету. Ойын 2 сатыдан тұрады.

  1. Экспедицияға дайындау

А. « Жолға не  алу керек ?»

Екі топқа екі жол сөмке ұсынылады онда биологиялық терминдер жазылған қағаздар бар. Екі топтағы оқушылар терминдерді бөліп алып, терминдерге түсінік береді.

1-топқа:

Генетика.Тұқымқуалаушылық. Модификациялық өзгергіштік. Дальтонизм. Доминантты. Гомозиготалы. Фенотип. Кроссинговер.

 

 

2-топқа

Цитология. ДНҚ. Мутация. Гемофилия. Рецессивті. Гетерозиготалы. Генотип.Конъюгация

Ә.  «Метеоболжам»

Интербелсенді тақтада бірнеше бұлттардың, күннің суреттерін таңдап онда жасырылған 1-деңгейдің тапсырмасын орындайды.

  1. Генетикалық символ арқылы белгіле:

а) ата-ана

ә) ұрпақ

б) аналық

в) аталық

г) доминантты

ғ) рецесивті

д) гомозиготалы

е) гетерезиготалы

ж) дигетерозиготалы

з) дигомозиготалы

и) дені сау қыз бала

к) дені сау ер бала

қ) тасымалдаушы қыз

л) ауру ұл бала

м) ауру қыз бала

 

Бұл сұрақтарға толық жауап берген топ 2-ойынға өтеді.

 

2-«Шыңға жету». Шыңға жету үшін екі аудан асу керек

 

Мұнда 2-деңгейлік тапсырмалар орындайды.

 

Моногибридті будандастыруға есептер шығару.

 

  1. Қызанақтың қызыл түстісі сары түстіден басым. Қызыл гетерозиготалы мен сары дарақта қандай ұрпақ күтуге болады ? Олардың барлық генатипі

мен фенотипін сипаттап жазыңдар.

  1. Адамда солақайлық басылыңқы белгі, оң қолды жақсы меңгеру – басымдық. Оңқай гомозиготалы әйел мен солақай еркектің ұрпағы қандай болады ? Барлық генотиптер мен фенотиптерді сипаттаңдар.
  2. Теңіз шошқасының кара түсі ақ түстен басымырақ болады. Қара және ақ гомозиготалылардан қандай ұрпақ күтуге болады ? Барлық дарақтардың генотиптері мен фенотиптерін сипаттап жазыңдар.
  3. Адамда көгілдір көз басылыңқы белгі, қой көздік басым белгі. Қой көзді гетерозиготалы әйел мен көгілдір көзді еркектен қандай ұрпақ болады ? Барлық дарақтардың генотеитері мен фенотиптерін сипаттап жазыңдар.

 

Дигибридті будандастыруға арналған есептер.

  1. Мынадай генотиптері бар өсімдіктер қандай гометалар түзе алады: ААВВ,

АаВВ, ааВВ, ААВв, ААвв, АаВв ?

  1. Бұршақ тұқымының сары түсі-А, жасыл түсіне-а ға қарағанда доминантты.

Ал, тегіс пішінді В бұдыр пішінді-в дан басым. Мына генотиптердің, тұқымдарының түстері мен пішіндерін анықтаңдар:

ааВВ, Аавв, , АаВВ, ааВВ, ААВВ, ААвв.

  1. Екі белгісі бойынша гомозиготалы сабалақ жүнді қара қоянды тегіс жүнді ақ қоянмен будандастырған. Егер жүннің сабалқақ қара түсті болуы доминантты қасиет көрсетсе, бірінші ұрпақтағы будандардың генотиптені мен фенотиптері қандай болуы мүмкін ?
  2. Алманың қызыл түсті және домалақ пішінді болуы доминантты, ал сары түсті сопақ пішінді болуы рецесивті гендермен анықталады. Аталған екі жұп белгі бойынша гомозиготалы қызыл домалақ жемісті дигетерозиготалы қызыл домалақ жемісті мен будандастырғанда олардың ұрпақтарынан генотип және фенотип бойынша қандай ажырауды күтуге болады ?

 

               2 – асу: « Тасты жартас»

Бұл асуда ІІІ деңгейлік тапсырмаларды орындайды.

Жыныс пен тіркес тұқым қуалау заңдылығына сүйеніп есептер шығару.

  1. Дені сау ерлі-зайыптылардың отбасында дальтонизмнің белгісі бар бір ер бала және дені сау қыз бала дүниеге келген. Осы аталған адамдардың барлық генотипін анықтаңдар.
  2. Гемофилиямен ауыратын ер адам әкесі гемофилик дені сау әйелге үйленген. Осы отбасында дені сау балалардың дүниеге келуі мүмкін бе ?

Сабақтың соңында көп ұпай жинаған топ « шынға » жетті деп есептелінеді. Көзге түскен ең озат оқушы « Нағыз альпинист» атанады.