Плаунтектес өсімдіктер

63

Сабақтың тақырыбы: §18. Плаунтектес өсімдіктер

Мақсаты: 1. Білімділік: Плаунтектес өсімдіктердің құрылысының ерекшеліктерімен көбеюін түсіндіру.

  1. Тәрбиелік: Жаңа сабақ барысында қосымша әдебиеттерден ізденуге тапсырма беру арқылы ізденімпаздыққа тапсырма беру арқылы ізденімпаздыққа                                         жинақылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу
  2. Дамытушылық: Көкек мүгі мен плаунның құрылысын салыстыру арқылы плаундар ерекшелігі жайлы білімін толықтыру

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: тірек-сызбамен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: кестелер, суреттер, оқулық.

Пәнаралық байланыс: жаратылыстану пәні.

I . Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Сәлемдесу,түгелдеу.
  2. Оқушылардың құрал-жабдығын тексеру
  3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
  4. Үй тапсырмасын сұрау

Төмендегі кестенің сұрағына жауап толтырыңыз

 

Шымтезек мүгінің кездесуі
Шымтезек мүгінің жапырақ жасушалары 
Шымтезек мүгінің көбеюі
Ақ мүк дейтін себебі:
Жасыл мүктің басқа мүктерден айырмашылығы
Шымтезектен қандай шикі заттар алынады

III. Жаңа сабақты түсіндіру.

Плаунтектестер ерте дәуірде пайда болған.Олардың қазіргі кездегі өкілдері – көпжылдық мәңгі жасыл шөптекті өсімдіктер.Жойылып кеткен түрлерінің ішінде ағаштары да кездескен. Қазіргі кезде плаун туысының 100-дей түрі белгілі.Плаунтектестер тең және әр түрлі споралы өсімдіктер.Тең споралы плаунтектестердің кең тараған өкіліне шоқпарбас плаун жатады.

     Шоқпарбас плаунның көбею жолдары

 

Өсімді Жыныссыз Жынысты
Төселіп өсетін өркендерінің

үзінділері арқылы жүзеге асады. Мұндай үзінділердің

жас жасушаларынан алдымен қосалқы тамырлар, содан соң  жас  өркендер жетіледі. Осылай бір өсімдіктен бірнеше плаун пайда болады.

Споралар арқылы жүзеге асады. Споралар масақтарында жетіледі. Плаунның спора түзетін масағының өсіне көптеген үш бұрышты, ұшы үшкір спорофилдер бекиді. Спорофилл түрі өзгерген жапырақ. Осы спорофилдерде бүйрек тәрізді спорангий – споралар дамитын орын. Жерге түскен споралардың өнуінен басталады. Плаун спораларының өнуінің екі типі белгілі: жерүсті және жерасты. Бірінші жағдайда споралар жерге түскен соң бірнеше күннен кейін жерүсті өскіншелерін береді. Бұл өскіншелерін жартылай сапрофит ретінде қоректенеді.

 

 

Плаундар барлық жасыл өсімдіктер секілді фотосинтез процесінің нәтижесінде ағзалық заттар түзеді және ауаға оттегін бөліп шығарады. Плаундар жердің бетін жауып тұрады және топырақ түзу процесіне қатысады. Плаундардың практикалық маңызы шамалы. Спораларын көп мөлшерде жинап, дәрі-дәрмек жасауға пайдаланады. Шөбін қайнатып, тұнбасын іш жүргізетін, несеп айдайтын және өтті тазартатын дәрі ретінде медицинада қолданылады.

 

  1. Жаңа сабақты бекіту

Берілген сөйлемді аяқта

 

  1. Плаунтектестер ………………. пайда болған (ерте дәуірде)
  2. Қазіргі кезде плаун туысының ………. түрі белгілі (100)
  3. Қазіргі кездегі өкілдері ……… …………….(көпжылдық мәңгі жасыл шөптекті өсімдіктер)
  4. Тең споралы плаунтектестердің кең тараған өкіліне ………… (шоқпарбас плаун) жатады.
  5. Шоқпарбас плаунның жыныссыз көбеюі ………… (споралар ) арқылы жүзеге асады.
  6. ………………. – түрі өзгерген жапырақ (спорофилл)
  7. Плаун спораларының өнуінің екі типі белгілі …………… , ………….. (жерүсті және жерасты)
  8. Спораларын көп мөлшерде жинап , (дәрі-дәрмек) жасауға пайдаланылады.
  9. Үй тапсырмасы:
  10. §18. Плаунтектес өсімдіктер.
  11. Көкек мүгі мен плаунның құрылысын, көбеюінің сабағының ішкі құрылысындағы ұқсастық пен айырмашылықтарды кестеге сызып, дәптерлеріңе жазып келу