Органикалық дүниенің даму тарихы

67

Сабақ жоспары

 

Пәні: Биология

Сабақтың тақырыбы: Органикалық дүниенің даму тарихы

 

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: макроэволюция және оның бағыттарына байланысы ұғымдарды пысықтау жжәне тіршілік дамуындағы бес заман туралы жалпы түсінік қалыптастыру;

Дамытушылық: сабақта әр түрлі жұмыс түрлерін ұйымдастыру арқылы оқушылардың интеллектуалды қабілеттерін дамытып, салыстыру, талдау өзіндік ой қорытындысын жасауға жаттықтыру;

Тәрбиелік: оқушыларды геохронологиялық кестені пайдалана отырып, органикалық дүниенің бірлігі мен даму тарихы, ағзалық әлем эволюциясының дәлелдерімен байланыстар мысалдары арқылы дүниеге ғылыми көзқарастарын қалыптастыру;

Кәсібилік:  сабақта  қолданылған  оқыту әдістерін  меңгеруге қызығушылығын тудыру, бағалау өлшемдерін меңгерту, өзіне сыни көзқараспен қарауға тәрбиелеу.

 

Сабақтың типі:  Білімді бекіту

Сабақтың түрі:   Практика

 

Сабақтың технологиясы,  әдіс – тәсілдері: Дамыта оқыту технологиясы және проблемалық оқыту технологиясы элементтері, эвристикалық әңгіме, оқулықпен және өзіндік жұмыс, жаттығу әдісі, проблема шешу, тест,тірек-сызбалармен жұмыс, кесте толтыру

 

Қолданылатын көрнекіліктер: Геохронологиялық кесте «органикалық дүниенің даму тарихы», тірек-сызбалар, «архей заманындағы ороморфоздар», «мезозой заманыдағы органикалық дүниенің дамуы», суреттер: «органикалық дүниенің даму тарихы» оқулықтың алғашықы және соңғы мұқабасы, ақпарат материалдары, тест тапсырмалары, қосымша және   негізгі оқулықтар

Қолданылатын әдебиеттер: 

  1. Т.Қасымбаева, Л.Аманжолов, Ж.Әкімов, Тіршіліктану.Алматы «Рауан» 1997ж
  2. А.Р. Соловьева, И.М.Илиясова Биология оқыту әдістемесі. Алматы. «Атамұра» 2005ж
  3. Шың кітап Биология Жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған оқулық
  4. Оқушының қысқаша анықтамалығы Биология Алматы, 2004ж
  5. А.Үсенбекова Тіршіліктанудан жұмыс дәптері 10-11 сынып. Алматы 2000ж
  6. «Биология және салауаттылық негізі» журналдары
  7. А.Акимушкин Занимательная биология Смоленск 1999г

 

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

Мақсаты:Оқушыларды сабақтағы  жұмысқа дайындау.Өзара салемдесу оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, құрал – жабдықтарды түгендеу журналға белгі соғу

 

Мақсат қою: оқушыларды сабақтағы жұмысқа дайындығын сабақ тақырыбын хабарлау мақсат – міндеттерін қою

 

ІІ.Тірек білімдерді өзектілеу:

Мақсаты: Оқушылардың   тірек білімдер  бойынша білім деңгейін анықтау, түзету тірек білімдерді жаңғырту арқылы  негізгі кезеңдегі белсенді оқу – танымдық әрекетке дайындау

1) БЛИЦ – сұрау:

  • Биологиялық прогресс және биологиялық регресс дегеніміз?
  • Ароморфоз, дигенерация және идиоадаптация ұғымдарына сипаттама беріңдер
  • Органикалық дүниенің қандай дәлелдемелері бар?
  • Тіршіліктің пайда болуы жөнінде қандай теорияларды білесіңдар т/б

 

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Тақырыбы: Органикалық дүниенің даму тарихы

       Жоспары:  1. Архей және протерозой заманы

  1.   Полезой және мезозой заманы
  2. Кайнозой заманы

 

Т.Қасымбаева, Л.Аманжолов, Ж.Әкімов, Тіршіліктану.Алматы «Рауан»  1997ж оқулығындағы алғашқы және соңғы мұқабадағы суреттерді демонстрациялай отырып сабақты тірек-сызбалардың көмегімен түсіндіремін

 

  1. Архей және протерозой заманы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Полезой және мезозой заманы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Кайназой заманы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Оқытушының қорытыны әңгімесі

 

ІV. Жаңа сабақты бекіту және үй тапсырмасын сұрау

Мақсаты: оқушылардың жаңа тақырып бойынша  білім деңгейін  тексеру, білімді қолдана білу білігін тексеру, бақылау және бағалау.

  1. Тақтада графопроектордан оқушыларға 15 сұрақтан құралған тест сұрақтары беріледі,(қосымша қолдарына таратылады), белгіленген 15 минут уақыттан соң экранға жауап эталоны ілінеді. Оқушылар өз-өздерін бағалап, нәтижесін оқытушыға хабарлайды.(үй тапсырмасы бойынша)

 

2) Замандар мен кезеңдер арасындағы сәйкестікті анықтаңдар:

 

Архей ——————————————————————————

Мезозой —————————————————————————

Кайназой ————————————————————————-

Протерозой ———————————————————————-

 

1-кембрий                                       7- пермь

2-карбон                                         8- девон

3-мел                                                         9- палегон

4-ордовик                                       10- венд

5-неоген                                          11-триас

6-силур                                           12-юра

 

3) Оқулықпен жұмыс:

.Қасымбаева, Л.Аманжолов, Ж.Әкімов, Тіршіліктану.Алматы «Рауан»  1997ж оқулығын пайдалана отырып төменде берілген саластырмалы кестені толтырыңдар.

 

Үдеріс

Қандай жүйелі санаттар түзіледі Негізгі қозғаушы күштері Өту мерзімі Амалдары не бағыт жолдары Биологиялық нәтиже
Микроэволюция
Макроэволюция

 

 

5) Сендердің ойларыңша жануарлар мен өсімдіктер ароморфоздарның қайсысы маңызды екнін көрсетіңдер.Олар қашан пайда болы?

 

Өсімдік Заман Кезең Жануар

 

Заман Кезең

 

6) Ұсынылып отырған тірек-сызбаның бос көздерін толтырып, түсініктеме беріңіздер:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Топтың жұмысына сипаттама беру, рефлекция жүргізу.

—  Сабақ материалы сіз үшін қызықты болды ма?

—  Не түсініксіз қалды?

—  Алдағы сабақтарда толығырақ білгіңіз келетін мәселе туралы айтарыңыз бар ма?

  1. Бағалау кезеңі

Сабаққа белсене араласып отырған , үй тапсырмасын толық орындағын және қосымша сұрақтарға жауап берген оқушыларды мадақтай отырып бағалаймын, бағасын журналға түсіремін.

 

VІ. Үйге тапсырма беру

Мақсаты: оқушылардың  сабақтағы оқу әректіне өзіндік  баға беру, үй тапсырмасын  орындау жөнінен нұсқау беру

* § 57 Органикалық дүниенің даму тарихы тақырыбын оқу,тақырып мазмұны бойынша лекция материалын толықтыру, ақпарат материалын жинақтау;

* Практикалық тапсырма:

Геохронологиялық кестені пайдалана отырып, органикалық дүниенің дамуына сипаттама беріңдер:

А) Архей заманындағы ароморфоздар

В) Өсімдіктердің құрлыққа шығуына себеп болған ароморфоздар

С) Жануарлардың құрлыққа шығуына себеп болға ароморфоздар

Д) Мезозой заманындағы органикалық дүниенің дамуы

* Оқулықтағы 235 бетте берілген 2 және 3 кестені толтыру.

* СӨЖ «Органикалық дүниенің даму тарихы»