Жемістер

  1. Сабақтың тақырыбы.     Жемістер
  2. Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік : Оқушыларға жемістердің пайда болуы,   жемістердің түрлері жайлы білім беру.

ә) Тәрбиелік: Оқушыларды жеміс ағаштарын және қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.

б) Дамыту: Жемістердің түрлері бойынша оқушылардың ойын дамыту.

  1. 3. Сабақтың өту әдісі:  Сұрақ жауап, СТО топтастыру, пирамида, венн диаграммасы,

Сабақтың түрі: ИБО әдістемесі

  1. Пән аралық байланыс: Биология, география.
  2. Сабақтың көрнекілігі: Плакат, суреттер, жемістер
  3. Сабақ жоспары:

а) Ұйымдастыру кезеңі

І. Қызығушылықты ояту  «О й с е р г е к»

  • Өздігінен тозаңдану
  • Айқас тозаңдану
  • Жел арқылы айқас тозаңдану
  • Бунақденелілер арқылы айқас тозаңдану

І «Проблеманы айқындау кезеңі»

Сынып оқушыларын 2 топқа бөлу. 1. топ «Құрғақ жемістер»    2.топ «Шырынды жемістер»

Үй тапсырмасын тексеру

Біліміңді тексер

  • Жынысты көбеюге гүлдің қай бөлімдері қатынасады?
  • Тозаңдану деген не, оның қандай түрін білесіңдер?
  • Бунақденелілермен тозаңданатын өсімдіктердің негізгі ерекшеліктері қандай?
  • Өсімдіктер жел арқылы айқас тозаңдануға қалай бейімделген?
  • Ұрықтану қай кезде жүреді?
  • Ұрықтану жолын түсіндіріңдер.

Желмен және бунақденелілермен айқас тозаңданатын өсімдіктерге тән
түсініктемелердегі белгілердің рет санын тиісті орнына жазыңдар

  1. Желмен айқас тозаңданатын өсімдіктер:
  2. Бунақденелілермен айқас тозаңданатын өсімдіктер:

  1.Тозаңдары құрғақ, майда, жеңіл, өте көп. 2. Гүл күлтелері ашық реңді. 3. Аталық жіпшелері ұзын, төмен қарай иіліп сәл ғана қимылға тербеліп тұрады. 4. Гүлдері аңқыған хош иісті. 5. Гүлдері реңсіз. 6. Гүлдеріндегі шірнеліктерінен тәтті шірне бөледі. 7. Аналық аузы ірі,түкті. 8. Гүлдерінде иіс болмайды. 9. Тозаңдарының ең сыртқы қабығы қалың, тікенекті, ілмешекті, бүртікті, өсінділері болатындықтан тегіс емес. 10. Гүлдері көбінесе жай гүлсерікті. 11. Гүлдері қос гүлсерікті, пішіндері алуан түрі. 12. Гүлінде шірнеліктері болмайды.

ІІ. «Проблеманы шешу кезеңі» Мағынаны тану

Өсмдік гүлдеп болғаннан кейін аналық жатыны сақталып, ұрықтанып жеміске айналады. Қалған бөлімдері қурап түсіп қалады. Жеміс – көбею мүшелерінің соңғы даму сатысы. Ол – бір ғана гүлден дамиды. Жеміс ішінде тұқымы бар гүлді өсімдіктердің көбею мүшесі. Барлық гүлді өсімдіктердің жемістері шырынды және құрғақ деп 2 топқа бөлінеді.

Аталық пен аналық қосылып жеміс түзеді

Жеміс 2-ге бөлінеді Құрғақ және шырынды

Құрғақ жеміс қабы қаттыСүректенген  боладыШырынды жеміс – шырыны мол  жұмсақ болады
Бұршаққап ———- Асбұршақ, БедеЖидек ——-    Қызанақ, Картоп,Жүзім, Қарақат
Бұршаққын —- Орамжапырақ, ШомырЖидек тәрізді —- Мандарин,Апельсин
Қауашақ —- Меңдуана, СүттігенСүйек жеміс — Өрік, Шие,Алхоры, Шабдалы,

 

Қанатты жеміс —- Үйеңкі, Қайың
Дәнек —- Бидай, Жүгері,  Арпа, Күріш
Тұқымша – — Бақбақ,Таусағыз,   Өгейшөп

Мына жемістерді ажыратып атаңыздар

          Әр топқа беріледі. Топ ішінде суреттегі жемістерді ажыратып, атап береді.

 Қабырғамен жұмыс.  2  топ оқушыларымен ой дамыту жұмбағын жүргізу.  Жұмбақ

  1. Қалың киім ұнатады

Шешіндірсең жылатады    (пияз)

  1. Сабағы: қысқарған
  2. Жапырағы – параллель жүйкелі
  3. Тамыры – шашақ
  4. Пайдасы – тамақ-тымау

Жұмбақ                         

  1. Басым дене-денем бас

Мойным қысқа бұрылмас   (орамжапырақ)

  1. Сабағы – Қысқарған
  2. Жапырағы – Ромб
  3. Тамыры – Негізгі
  4. Пайдасы – Тамақ, салат

Жұмбақ                        

  1. Көп дөңгелек саларсың өрмелеп сен

Айың күнің біткенде терермін мен   (Жүзім)

  1. Сабағы – Өрмелегіш
  2. Жапырағы – Ромб
  3. Тамыры – Негізгі
  4. Пайдасы – Тосап, Сусын

Жұмбақ                          

  1. Ұзын мұртты сары бас

Қойынында наны бар     (Бидай)

  1. Сабағы – Тік
  2. Жапырағы – Доға жүйкелі
  3. Тамыры – Шашақ
  4. Пайдасы – Ұн, нан, талқан

 

ІІІ. «Проблема шешімін қолдану кезеңі»

Пирамидамен жұмыс жүргізу

1Гүл
2Жеміс, аталық
3Аналық, түр, тозаң
4Ұрықтанады көктемде, ағаш су
5Құрғақ, шырынды, тосап, тамақ, күту

Барлық өсімдіктер гүлдейді. Аталық пен аналықтың қосылуы нәтижесінде жеміс пайда болады. Жеміс ағаштары көктемде гүлдейді. Жемістер құрғақ, шырынды болып екіге бөлінеді. Жемістер тез пісу үшін су керек.

 

2  топ оқушыларымен венн диограммасымен жұмыс жүргізу.

 

Құрғақ жемісҰқсастығыШырынды жеміс
асбұршақорамжапырақ

шалқан

меңдуана

үйеңкі

қайың

бидай

жүгері

бақбақ

жаңғақ

 

гүлжеміс

ұрықтанады

тозаңданады

тамыр

пайдасы бар

витамин

тамақ

тұқым

жасуша

қызанақжүзім

картоп

мандарин

апельсин

лимон

өрік

шие

алхоры

шабдалы

пияз

 Кестемен жұмыс жүргізу

Р/сӨсімдік атауы Құрғақ Шырынды Тұқым саны
1Картоп+
2Өрік+1
3Бидай+
4Қауын+
5Шие+1
6Асбұршақ+

Глоссарий «Тәртіп орнат»

1.Гүлді  өсімдіктердің жемістері                                  А.Жидек жеміс
2. Қызанақ, жүзім                                                            Б.Құрғақ, шырынды
3.  Қос ұялы, ішінде пердесі бар                                   В. Қауашақ                                                                                                   4. Бір, үш, бес ұялы, көп тұқымды                              Г. Бұршаққын
5. Қабығы қатты, сүректенген, құрғақ болады        Д. Құрғақ жемістер
6. Жемістің жеміс серігі қатайып кетеді                     Е. Дәнек
7. Бір тұқымды жеміс                                                     Ж. Қанатты жеміс
8. Жеміс серігінің біраз бөлігі жұқарған                     З.Құлпынай, итмұрын
9. Жинақталған жемістер                                              И. Жаңғақ

123456789
         

Кері байланыс

Не білемін?Нені білдім ?Нені білгім келеді?
   

 

  1. Үйге тапсырма беру.                       §24   Жемістер
  2. Оқушыларды бағалау.
  3. Оқушылармен қоштасу.
 

Кезеңдер

 

 

Топтар

I

Зымыран сұрақтар

II

Тапқыр болсаң, тауып көр

III

Ойлы болсаң, озып көр

IV

Кім жүйрік?

V

Сөз ойла, тез ойла

 

Ойшылдар

 

Тапқырлар

 

 

Қорытынды