Әскери бөлімнің Жауынгерлік туы.Жауынгерлік Туының саптағы жағдайы.

80

Тақырып:Әскери бөлімнің Жауынгерлік туы.Жауынгерлік Туының саптағы жағдайы.

Абай атындағы мектеп-гимназия Алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-

Үйымдастырушысы Абдрахманов Серік Болатұлы.

 

Ұлттық сезім-өзінің ұлттық өкілдігін моыйндай отырып,ұлтына деген сүйіспеншілік,

жанашырлық,халық мұраларын бағалай білу.

  Жоғары сезімдер:парыз, адамгершілік,ержүректілік,ерлік,батырлық,қахармандық.

Максаты:жастардың Қазақстан Қарулы Күштеріне қызмет етуге мектеп қабырғасы-

нан бастап дағдыландыру,Отанға,елге,туған жерге дегенсуйіспншілігін арттырып,

жастардың бойында патриоттық сезімдерін қалыптастыру.

 

 

1.Әскери бөлімнің Жауынгерлік туы

Әскери бөлімнің Жауынгерлік туы-әскери бөлімнің енбегін айкындайтын,сондай-ақ

оның Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне жататындығын көрсететін ерекше

құрметті белгі.

Әскери бөлімнің Жауынгерлік Туы – жауынгерлік ар-намыстың,айбын мен данқтың

нышаны ретінде батырлық дәстүр мен қасиетті борышты еске түсіруге қызмет ете-

ді.

Жауынгерлік туды әскери бөлім құрылған кезде Қазақстан Республикасы Президен-

тінің атынан Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің,басқа да әскери құры-

лымдардың өкілі тапсырады.Әскери бөлімге Жауынгерлік Ту берілу кезінде Қазақ-

стан Республикасы Президентінің Грамотасы қоса беріледі.

Жауынгерлік Ту әскери бөлімде,атауы мен нөмірінің өзгеруіне қарамастан,барлық

уақытта сақталады.

Бейбіт және соғыс уақытында бөлімнің Жауынгерлік Туы үнемі өз бөлімімен болады.

Ол үнемі қарауыл күзетінде болуы тиіс.Жауынгерлік Туды әскери бөлімнен шығару

кезінде оны ту взводы күзетеді.

Әскери бөлімнің бүкіл жеке құрамы ұрыста өздерінің Жауынгерлік Туын жан аямай

және ерлікпен қорғауға міндетті,онықарсыластың тартып алуына жол бермеуі керек.

Кемеде көтерілген Қазақстан Республикасының әскери-теніз жалауы –кеменің

Жаунгерлік Туы болып саналады және оның мемлекттік мүлік ретінде қол сұғыл-

мауын бейнелейді.

Бөлім бойынша бұйрықпен Жаунгерлік Туға көбіне ордендермен және медальдар-

мен наградталған сержанттар немесе офицерлер қатарынан ту ұстаушы мен екі

ассистент тағайындалады.

Одан басқа,бригадаға Жауынгерлік Туды шығарған және сақтау орнына әкеткен

кезде оған ілесіп жүрү үшін бөлім бойынша бұйрықпен туды алып жүруші взвод

тағайындалады.Туды сақтау орнына алып бара жатқанда оның жанында ту ұстау-

шы,ассистенттер және белгі беруші-барабаншы болуы тиіс.

жауынгерлік Туды алып жүрген кезде ту ұстаушы мен ассистенттерде аспа бау

болуы тиіс. Бөлімге Жауынгерлік Ту үнемі жайылған түрінде шығарылады .Елеулі

қашықтыққа қозғалыс жасағанда Жауынгерлік Ту қабында алып жүріледі.

 

 

 

2.Жауынгерлік Тудың саптағы жағдайы

 

Саптағы орнында ту ұстаушы Жауынгерлік Туды еркін түсірілген оң қолмен аяқ

жанында ұстайды.Сабының төменгі ұшы оң аяқ табаны жанының ортасында болуы

тиіс.

Қарумен тәсілдерді орындаған кезде Жауынгерлік Тудың жағдайы өзгертілмейді.

Қозғалыс жасау үшін «АДЫМ»алдың ала командасы бойынша ту ұстаушы Жауын-

герлік Туды сол қолымен ұстайды,ал оң қолын төмен түсіреді.Бұл реттегі Жауын-

герлік Тудың жағдайы сабының төменгі ұшы жерден 50-60см биіктікте болуы тиіс.

 

Жауынгерлік Тумен қозғалыс кезінде автоматтармен қаруланған ассистенттер мен

туды алып жүруші взвод оларды «кеудеге»күйінде,ал карабиндермен қаруланғандар

— «иыққа»күийінде(қылыштармен қаруланған ассистенттер-«иыққа»күйінде)ұстауы

тиіс.Бұл ретте  «кеудеге» күіндегі автоматтар сағак пен ұнғы бастырмасынан сол

қолмен ұсталады.

 

3.Жауынгерлік Туды алып жүру үшін аспа

баудың смпаттамасы

 

Жауынгерлік Туды алып жүру үшін аспа бау ұзын және қысқа иық белдіктерінен

және Жауынгерлік Ту сабынын төменгі ұшын орнату үшін былғары құтыдан тұра-

ды. Ені 80мм иықтық былғары белдіктер ашық көгілдір түсті жібек матамен оралады

және шеттері ені 12-15мм алтын түстес металл оқамен көмкеріледі.

Ассистенттер үшін аспа бау ту ұстаушыға арналған сияқты,бірақ былғары құтының

орнына алтын түстес шашақ тігіледі.

 

4.Жауынгерлік Туды сақтау және ұстау тәртібі

 

Жауынгерлік Ту бейбіт және соғыс уақытының барлық шарттары мен жағдайларында

өз әскери бөлімімен бірге болады.Оны әр уақытта қарауыл күзетуі,ал оны әскери

бөлімге шығару кезінде ту ұстаушы взвод күзетуі тиіс.Әскери бөлімнін Жауынгерлік

Туы:

Әскери бөлім казармаларда орналасқан кезде және ол елді мекендерде орналасқан

кезде-бөлім штабының үй- жайында;

полигонда,оқу- жаттығуларда,жауынгерлік жағдайда әскери бөлім командирі көрсеткен

жерде болуы тиіс;

Бейбіт уақытта ерекше жағдайларда бірнеше әскери бөлімдердің жауынгерлік туларын

бірге сақтауға рұқсат етіледі.

Әскери бөлім казармаларда орналасқан кезде Жауынгерлік Ту сабына жиналған күйде

ордендермен,ордендер және тулар ленталарымен бірге әскери бөлімнің елтанбалы

сүргілі мөрімен мөрленген шынылы шкафта постыда сақталады.Ол тік күйде ту тұғы-

рына (ағаш сапты бкітуге арналған ойықты тұғыр)орнатылуы тиіс.

постыда Жауынгерлік Тумен ерлігі мен жауынгерлік айбыны үшін Қорғаныс министрінің

вымпелі күзетілуі мүмкін.

ҚРҚК Ішкі қызмет жарғысы

ҚРҚК Саптық жарғысы