Көп таңбалы сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктеу және оған кері түрлендіру

187

Сабақтың тақырыбы: Көп таңбалы сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктеу және оған кері түрлендіру.

Білімділік мақсаты: Көп таңбалы сандарды оқу, жазу, салыстыра білу білік, дағды, іскерліктрін тиянақтау, жүйелеу.

Дамытушылық мақсаты: Есеп шығару, есептеу қабілеттерін арттыру;

Тәрбиелік мақсаты: Отан үшін жан аямай шайқасқан батырлардың ерлігін үлгі етіп, мақтаныш сезімдерін оятып, елін-жерін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу

Көрнекілігі: тапсырмалар, топ аттары жазылған қима қағаз

Сабақ түрі: Танымдық сабақ

Сабақ типі: Білім, білік, іскерлік қалыптастыру

Әдіс-тәсілдері: баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой туғызу, қызығушылығын ояту

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру Сыныпты үш топқа бөлу

ІІ. Жаңа сабақ

Математикалық диктант.

А) Бірінші разрядтың 9 бірлігі бар санды, ә) екінші разрядтың 9 бірлігі бар санды, б) үшінші разрядтың  9 бірлігі бар санды жаз

Топпен жұмыс:     Тапсырмалар:

І-топ. Үшінші разрядтың 7 бірлігі, екінші разрядтың 5 бірлігі және бірінші разрядтың 2 бірлігі бар,

ІІ-топ ә) бірліктер класының 702 бірлігі бар, б) бірліктер класының 700 бірлігі бар,

ІІІ-топ. в) бірліктер класының 52 бірлігі бар. Г) бірліктер класының 750 бірлігі  бар санды жаз, және оны разрядтық қосылғыштарға жікте.

№ 5 Интерактивтік тақтаға көңіл бөлу.

Жүздік мыңдар Ондық мыңдар Бірлік мыңдар жүздіктер ондықтар бірліктер
3 0 6 3 0 6
3

3

6

2

0

6

0

0

3

0

 

0

0

2

0

0

0

6

0

 

Әр санда  қай кластың қанша бірлігі бар? Әр санда қай разрядтың қанша бірлігі бар?  Осы сандарды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жаз.

№ 8  Жарыс ұйымдастыру.

500+8                                      300+6

500000+8000                          300000+6000

500+80                                    300+60

500000+80000                        300000+60000

500+80+8                                300+60+6

500000+80000+8000              300000+60000+6000

Өз беттерімен жұмыс істеу. № 9

Шығармашылық жұмыс:

Теңдік тура болатындай етіп, амал таңбаларың және  жақшаларды қой.

1* 2* 3* 4* 5* 6= 1

VІ. Сабақты қорыту:

Бүгін сабақта қандай тақырыппен таныстық?

Сабақ ұнады ма?