Модуль таңбасымен берілген теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу және модуль таңбасы бар функциялардың графигін салу

207

Модуль таңбасымен берілген теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу және модуль таңбасы бар функциялардың графигін салу

Бағыты:     Жаратылыстану-математика

Өзектілігі:    « Модуль таңбасымен берілген теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу және модуль таңбасы бар функциялардың графигін салу» қолданбалы курсы бағдарламасы оқушылардың теориялық білімін  нығайтып, математикалық  заңдылықтарды терең біліп, дәлелдей алуға ,өздігінен іздендіру арқылы шығармашылық дамуын шыңдау  мақсатында құрылған.

Курс бағдарламасы  бойынша оқушылар күрделі модуль таңбасы бар теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу, модульді пайдаланып иррационал теңдеулерді шешуге, модуль таңбалары бар  тригонометриялық және квадраттық функциялардың графиктерін тұрғызу арқылы математикадан  терең білім алуға мүмкіндігі мол.

Бағдарлама :  10 сынып оқушыларына  және мұғалімдерге арналған.

Жиілігі: Курс бағдарламасы 10 сынып оқушылары үшін  аптасына 1 сағатқа есептеліп, барлығы 34 сағатқа жоспарланған.

Қажеттілігі: Математика пәні жалпы  білім берудің негізгі компоненті болып табылады. Оның оқушы қатысты басты мақсаты –оқушылардың математикалық сауттылығын  арттыру ,олардың білімдерін тиянақты болуын қамтамасыз ету болып саналады. Математикалық білім- оқушының жоғары деңгейде дамуы мен шығармашылық  іс-әрекет тәжірибесімен қаруланған , бүгінгі жағдайда  бағдарлама алуға дайын  тұлға ретінде қалыптасуы үшін қажет. Оқушының ойлау қабілетін дамытуға, олардың математиканы оқуға деген ынта –талабын арттыруға жәрдем етеді.

 

 

Түсінік хат

Қазіргі заман математика ғылымының өте кең тараған кезеңі .Ал талапқа сай математикалық білім берудің басты шарты  математикалық мәдениеттің  деңгейін көтеру болып табылады.

Математикалық есептерді шешу , теоремаларды дәлелдеу оқушылардың ойын оятып , ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамытуда , батыл қимылдар жасауға , шығармашылық ізденіске тәрбиелейді.

Ендеше  оқушылардың математикаға дайындығын  жан-жақты жетілдіру  қазіргі  аса маңызды міндеттердің бірі.

10-11 сыныптардағы  жаратылыстану-математикалық бағыттағы  математика курсында  қосымша түрде қолданбалы курс қарастырылады . 10 «А» сыныбына  математикадан  қолданбалы таңдау курсында  санның модулі туралы ұғым және оның қасиеттерін пайдаланып , модуль таңбасы бар теңдеулер мен теңсіздіктерді шешуді таңдап алдым.Себебі  Ұлттық бірыңғай тесттерде  математикадан берілетін есептер ішінде  модуль таңбасы бар   теңдеулер мен теңсіздіктерді шешуге көптеп кездеседі. Бірақ бұл тақырыптың есептерін шешуге  мектеп бағдарламасында  сағат бөлінбеген .Сондықтан   модуль  таңбасы бар   теңдеулер мен теңсіздіктерді шешудегі оқушылардың білімдері саяз болғандықтан ондай есептерді шешуде қиындыққа кездеседі. Сол мақсатпен осы тақырыпты таңдап алдым.

Қолданбалы курс бағдарламасында есептердің мазмұны, оқулықтағы  және ҰБТ –дағы есептер. Есептердің шығарылу жолдары  алдымен әртүрлі тәсілдермен көрсетіліп, ал қалған есептерді оқушылардың өздерінің тиімді тәсілді таңдап алуына баса назар аударылады.Шешімдерді іздеудің математикалық методтарын, логикалық пайымдаулардың , математикалық модельдердің  , адекваттылық  мәселелерін  оқушылар меңгеріп алуларына зор көңіл бөлінеді.

Мақсаты мен міндеттері: Оқушылардың ғылымға деген қызығушылын дамыту, пәндік білімін тереңдету, оқушылардың ақыл-ойын кеңейту, логикалық ойлау қабілетін қалыптастыру, жүйелі түрде өздіктерінен табысты нәтижелі білім алуға бағыттау.

  • Оқушыларды модель құруға;
  • Қойылған мәселені шешу үшін қажетті алгоритмді құруға;
  • Ыңғайлы математикалық әдістерді таңдауға үйрету;
  • Эксперименттік жұмыстарды орынды жүргізу және есептеу,өңдеу;
  • Зеттеу нәтижелеріне математикалық тұрғыда баға бере білу;
  • Өз бетінше білім алу қабілеттерін дамыту;
  • Математикалық ойлауды тереңдету;
  • Оқушылардың математикалық қабілеттерін ,іздену дағдыларын арттыру;
  • Ғылыми көпшілік әдебиеттерді өз беттерімен пайдалана білуге үйрету.

Пәнаралық байланыс : математика, информатика,сызу ,геометрия, тарих,әдебиет.

Күтілетін нәтиже:

  • Оқушылардың математикалық білімінің жоғарлауы;
  • Қиындығы жоғары есептер шығару арқылы шығармашылық жұмыстану деңгейінің жоғарлауы;
  • білімдерін ұшқырлау арқылы ҰБТ –дан жоғарғы  нәтижеге жету  ;

Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі:

  • тестік тапсырмалар;
  • бақылау жұмысы;
  • математикалық сынақ;
  • рефераттар жазу.

 

Ұсынылған әдебиеттер оқушылар үшін:

1.Әбілқасымова.А,Е  «Алгебражәнеанализ бастамалары »

  1. Миндюк Н.Г Баймұханов.Б «Алгебра»
  2. Интернетпен жұмыс

4.Электронды оқулық. .«Репетитор көмекшісі» журнал

 

Ұсынылған әдебиеттер мұғалімдер  үшін:

  1. Гайдуков И. И. Абсолютная величина: Пособие для учителей. 2-е изд.М., 1968.
  2. Зильберберг Н.И. Алгебра для углубленного изучения математики. Псков, 1992.
  3. Литвененко В.Н., Мордкович А.Г. .Практикум по решению математических задач:

Алгебра. Тригонометрия. М., 1984.

  1. Мордкович А.Г. Кое-что о радикалах // Квант. 1970. №3.
  2. Спатару К. Абсолютная величина числа. Кишинев, 1966.
  3. Шарыгин И.Ф. Факультативный курс по математике: Решение задач:Учебное пособие для

10       класса средней школы. М., 1989.

  1. Анарбекова А., Ж. Бейсеков, Ж. Назанов, А. Таниргенов, 2007.

Сборник разноуровневых тестовых заданий для подготовки к единому нациольному

тестированию    (ЕНТ) по алгебре для поступающих в Вузы.

  1. С.Е. Ляпин Сборник задач по элементарной алгебре.
  2. И.Я.Танатар Геометрические преобразования  графиков функций.

 

Қолданбалы курс бағдарламасының  білім мазмұны:

 

Кіріспе (1 сағат).Модуль таңбалары бар теңдеулерді шешу (10сағат).Санның модулі. Санның модулі анықтамасын пайдаланып өрнектердің мәнін шешу.Модуль және түбірі бар өрнектерді түрлендіру. Модуль таңбасы бар теңдеулерді геометриялық тәсілмен шешу. Модуль таңбасы бар теңдеулерді квадраттау тәсілімен шешу. Модуль таңбасы бар теңдеулерді модульдің анықтамасын пайдаланып шешу. Модуль таңбасы бар теңдеулерді интервалдар әдісімен шешу. Модуль таңбасы бар теңдеулерді модульдің  негізгі  қасиеттерін  пайдаланып шешу. Модуль таңбасы бар теңдеулер жүйесін шешу.

Модуль таңбасы бар теңсіздіктерді шешу. (8 сағат). Модуль таңбасы бар теңсіздіктерді геометриялық тәсілмен шешу. Модуль таңбасы бар теңсіздіктерді квадраттау тәсілімен шешу. Модуль таңбасы бар теңсіздіктерді модульдің анықтамасын пайдаланып шешу. Модуль таңбасы бар теңсіздіктерді интервалдар әдісімен шешу. Модуль таңбасы бар теңсіздіктер жүйесін  шешу. Модуль таңбасы бар функциялардың графиктері(10сағат) Модульмен берілген  функциялардың графигін салу. Модуль таңбасы бар функциялардың кризистік нүктелерін табу. Модуль таңбасы бар функциялардың экстремум нүктелерін табу. Модуль таңбасы бар  тригонометриялық функциялардың графигі. Модуль таңбасы бар  квадраттық функциялардың графигі. Модульді пайдаланып есептер шығару.(5сағат). Модульді пайдаланып иррационал теңдеулерді шешу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Курс бағдарламасы негізіндегі күнтізбелік жоспар

(аптасына 1сағат)

Мазмұны, тақырыбы Сағат саны Сабақ түрі Бағалау түрі Күтілетін нәтиже  

Уақыты

Қажетті

әдебиет

1 Кіріспе 1 баяндау 3.09
1 тарау.Модуль таңбасы бар  теңдеулерді шешу 9  
2 Санның модуліне анықтама.Анықтаманы пайдаланып өрнектердің мәнін шешу. 1 8.09
3 Модуль таңбасы бар теңдеулерді геометриялық тәсілімен шешу. 1 Геом.

тәсіл.

білу

15.09
4 Модуль таңбасы бар теңдеулерді квадраттау тәсілімен шешу 1 22.09
5 Модуль таңбасы бар теңдеулері модульдің анықтамасын пайдаланып шешу 1 29.09
6 Модуль таңбасы бар теңдеулерді интервалдар әдісімен шешу 1 Арал.

әдіс

06.10 №4,2000

миф

7 Модуль таңбасы бар теңдеулерді модульдің негізгі қасиеттерін пайдаланып шешу 1 13.10
8 Модуль таңбасы бар теңдеулер жүйесін шешу 1 20.10
Модуль таңбасы бар теңдеулерді шешудегі бір ерекше жағдай 1 реферат 27.10
9 Есептер шығару. 1тарауды қайталау 1 Бақылау жұмысы 3.11
II тарау. Модуль таңбасы бар теңсіздіктерді шешу 7
10 Модуль таңбасы бар теңсіздіктерді геометриялық тәсілмен шешу 1 17.11 №1

2007

миф

11 Модуль таңбасы бар теңсіздіктерді квадрттау тәсілімен шешу 1 24.11
Модуль таңбасы бар теңсіздіктерді модуль анықтамасын пайдаланып шешу 1 01.12 Алгорифм

№2,2007

 

12 Модуль таңбасы бар теңсіздіктерді интервалдар әдісімен шешу 1 08.12
13 Модуль таңбасы бар теңсіздіктер жуйесін шешу 1 Теңсіз

шешу

15.12
14 Есептер шығару.Қайталау 1 Тест 22.12 Тест жинағы

2010

15 Бақылау сынағын алу 1 Бақылау жұмысы 29.12
3 тарау Модуль таңбасы бар функциялардың графиктерін салу. 10
16 Айнымалысы модуль таңбасы арқылы берілген функциялардың графиктерін салу. 1 12.01 №1

2011

миф

17 Модульмен берілген функциялардың графиктерін салу 2 Граф

ерекше

19.01

26.01

18 Модуль таңбасы бар функциялардың кризистік нүктелерін табу 1 2.02
19 Модуль таңбасы бар функциялардың экстремум  нүктелерін табу 1 9.02

 

20 Модуль таңбасы бар  квадраттық функциялардың графигі

 

2 16.02

23.02

21 Модуль таңбасы бар  тригонометриялық функциялардың графигі 1 2.03
Есептер шығару 1 реферат 9.03
22 Бақылау сынағын алу 1 Бақылау жұмысы 16.03
4 тарау. Модульді пайдаланып есептер шешу. 7
23 Модуль таңбасы бар  теңдеулерді нақты сандар жиынында шешу жолдары. 2 06.04

13.04

1,2009

миф

24 Модуль таңбасы бар  тригонометриялық теңдеулерді шешу. 1 20.04
25 Модульді пайдаланып  иррационал теңдеулерді шешу. 2   27.04

04.05

26 Есептер шығару 1 Тест 11.05
27 Бақылау сынағын алу 1 Бақылау жұмысы 18.05