Сенімхат

131

Сенімхат

Сенімхат – белгілі бір адамның өз өкілеттігі мен құқығын екінші бір адамға берілгенін жазбаша түрде растайтын құжат.

Құрылымы:

  • құжат аты;
  • жазылған жері мен уақыты;
  • сенімхат берушінің және алушының фамилиясы, аты- жөні, мекен – жайы қоса көрсетілген негізгі мәтін;
  • ұйым мөрі басылған, растайтын жазба.

 

 

 

 

 

 

 

 

Сенімхат

Семей қаласы                                                                              02.06.06ж

 

Мен, Әбішева Айғаным Серікқызы, Қайдарова Ләззат Саматқызына/ Семей қаласы, Аймауытов көшесі, 21-үй, 41- пәтер, жеке куәлік № 000776897 10.03.94ж ҚР ІІМ берген/ менің №30 орта мектебінен  мамыр айындағы еңбекақымды алуына сенім білдіремін.

 

Қолы                                         А.С. Әбішева.

А.С. Әбішеваның қолын растаймын:

№30 орта мектептің директоры:                 қолы                     Н.П. Зайцева.

МӨР

02.06.06ж

 

 

1- тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

 

  1. Сенімхат қандай құжат?

2.Сенімхаттың неше түрі болады?

  1. Ресми сенімхаттың жеке сенімхаттан айырмашылығы неде?
  2. Сенімхат қандай мерзімге дейін өз күшін сақтайды?
  3. Қандай жағдайда ол өз күшін жояды?

6.Сенімхат қайда куәландырылады?

  1. Сенімхаттың құрылымы қандай?

 

2- тапсырма Сөз тіркестерімен сөйлемдер құра.

Сенімхат жазу, сенімхатты куәландыру, сенімхатпен танысу, сенімхатқа қол қою, сенімхаттан бас тарту, өкілетті етемін.

 

 

БӨЛІСУ
Алдыңғы жазбаҚолхат
Келесі жазбаТүсініктеме