Оқушылардың өткен тақырыптардан алған білімдерін тиянақтау,екі таңбалы сандарды қосуға, теңдеуді шешуге, есептерді шығаруға қатысты білімдерін пысықтау.

36

Сабақтың тақырыбы: Білімді тиянақтау

Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушылардың өткен тақырыптардан алған білімдерін тиянақтау,екі таңбалы сандарды қосуға, теңдеуді шешуге, есептерді шығаруға қатысты білімдерін пысықтау.

Дамытушылығы: Тез есептеу, есте сақтау, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, банк қызметі туралы түсінік беру.

Тәрбиелілігі: Тапқырлыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Ойын сабақ.

Сабақтың әдісі: Ой қозғау, сұрақ-жауап, жеке жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, кестелер, қима кеспелер т.б.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Біздер тату баламыз,

Өсіп алға барамыз.

Есептерді шығарып,

Біз білімді боламыз.

ІІ. Қызығушылықты ояту

Жаңа сабақтың тақырыбымен мақсатымен таныстыру;

Балалар банк деген не?

Қандай банктерді білесіңдер?

Бүгін біздің сабағымыз ойын түрінде өтеді. Бұл ойынға үш банк қатысады:

І қатар – «Альянс» банкі

ІІ қатар – «Халық» банкі

ІІІ қатар – «Нұрбанк» банкі

Бүгін осы 3 банктің қайсысы жақсы жұмыс істейтін тұрақты банк екенін тексеруді тапсырды. Сондықтан бүгін сабақты дұрыс ұғуымыз керек, тез есептеп, ойлап жауап беруіміз және тәртіп сақтауымыз керек.

ІІІ. Ой қозғау. Қайталау. Оқулықпен жұмыс

Ойын «Сынап көр». Теңдеуді шешу.

Әр қатар әр бағанаға шығарады:

12000●х=24000

80000:х =4000-2000

х–200=63:7

  1. IV. Ауызша жұмыс

Ойын «Тез ойлан».

Сандарды кері және тура санау:

54378         32                        364736

88347         28                        873647

«Бәйге» ойыны

Әр қатар әр бағанаға шығарады:

І қатар  2 қатар    3 қатар

25000 : 5       65534:7=        34872:8=

2758●3=       25050:5          25055 : 5

  1. Жеке жұмыс

Банк бастықтары тақтада парақшамен жұмыс орындайды. Банк бастықтары тапсырманы дұрыс орындаса, сол дұрыс орындаған банк иесіне жаңа сейфтің кілті тапсырылады.

VІ. Дәптермен жұмыс

(10 987+2 987)∙2

(10 987-2 987)∙2

10 987-2 987∙2

(10 987-2 987):2

 

VІІ. Сергіту сәті

VІІІ. Ой толғаныс

І қатар  Тік төртбұрыштың ауданы

35 см 2 ені -5см  Ұзындығы қандай?

2 қатар    Ауданы 81 см 2 шаршының қабырғасын тап.

3 қатар    төртбұрыштың ауданы 24 см2  бір қабырғасының ұзындығы 4 см. Екінші қабырғасының ұзындығын тап.

ІХ. Қорытынды

Шығармашылық тапсырма: «Ойлан тап» ойыны

Х. Бағалау.