Мінездеме

1232

Мінездеме

Мінездеме – белгілі бір ұжымнан адамды өмірбаяндық, біліктілік, кәсіптік, адамшылық тұрғыда жазбаша сипаттайтын құжат.

Құрылымы:

  • тақырыбы;
  • мінездеме берілетін адам туралы қысқаша мәлімет;
  • негізгі мәтін
  • қорытынды;
  • мінездемені талап етуші ұйымның аты;
  • мінездеме жазылған дата;
  • мінездеме берушінің қызметі, аты — жөні, қолы.

 

 

 

 

 

 

Мінездеме

Семей қаласының  «№30жалпы білім беретін мектеп»мемлекеттік мекемесінің

9»Б»сынып оқушысы  Асқаров Арлан   Қалибекұлына.

1990 жылы 15 ақпанда туған.

Асқаров Арлан Қалибекұлы 1985 жылдан бастап №30 орта  мектепте оқиды. Оқу барысында  өзін жақсы жағынан көрсете алды. Сабақты «4» пен »5»-ке оқиды. Математика пәнінен қалалық олимпиадаға, оқушылар арасында өтетін ғылыми конференцияларға  қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Өзінің терең білімін, ғылыми – зерттеу жұмысқа деген зор оқу қабілетін көрсете алды.

Асқаров А.Қ мектептің тәрбиелік іс- шараларына үнемі қатысады, сонымен қатар өз сыныбының старостасы. Жергілікті баспасөз басылымдарына шыққан мақалалары  бар.

Мінезі ашық, іскер, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары. Өз жұмысына, сабаққа ынталы, адамдармен тез тіл табыса білетін Асқаров Арлан Қалибекұлы мұғалімдер мен сыныптастарының арасында сыйлы және олардың зор ықыласына бөленген.

Мінездеме әскери комиссариаттан өту үшін берілді.

 

 

17.12.06ж                                                       Мектеп директоры     қолы               Н.П. Зайцева                                                                                                    

                                                                                                        мөр

Сынып жетекшісі   қолы           С.Р. Қайырбаева.

 

 

1- тапсырма. Досыңа мінездеме жаз.