Географиялық диктанттар жинағы 6-7 сынып Оқу-әдістемелік құрал

630

Географиялық диктанттар        жинағы 6-7 сынып Оқу-әдістемелік құрал

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2013 ж

 

Жұмыстың аталуы:  6-7 сыныптарға арналған  «Географиялық диктанттар»  жинағы

 

Құрастырған: Абдрахманова К. С. 1 санатты география пәнінің мұғалімі.

 

Тасқала ауданы, Ы. Алтынсарин атындағы ЖББО мектептің жаратылыстану пәндерінің   әдістемелік  бірлестігі басылымға ұсынады
Рецензенттер:

  1. Аудандық әдістемелік кабинетінің  меңгерушісі Мендығалиева З.А.
  2. ӘБ жетекшісі: Бирниязова А.А.

 

 Оқу — әдістемелік құралға география пәні бойынша  6-7 сыныптарға арналған  географиялық  диктанттар жинағы  енгізілген. Оқу — әдістемелік  құрал талапкерлердің  ҰБТ дайындалуына көмек ретінде ұсынылады. Орта мектеп мұғалімдері диктанттар жинағын оқу барысында оқушы білімін тексеруге пайдалана алады.

 

 

Аудандық білім бөлімінің эксперттік кеңесінің шешімімен ұсынылды.

Әдістемелік кеңес №     отырысында, №     хаттама, 

 2013  жыл.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

 

Түсініктеме ………………………………………………………….4 бет

 

6  сынып

I тарау

Жер туралы географиялық білімінің дамуы …………..5 бет

 

II тарау

План және карта ………………………………………………..6-7 бет

 

III тарау

Жер қабықтары …………………………………………………8- 9 бет

 

IV тарау

Биосфера. Географиялық қабық………………………………………………………….. .10-11 бет

 

 

V тарау

Жер бетіндегі адамзат …………………………………………………………………….  12-13 бет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7 сынып

I . Кіріспе. Материктер мен мұхиттардың зерттелу кезеңдері.                                                 Материктер мен мұхиттардың  карталары. ………………………………………………………

 

I бөлім. Жер планетасы табиғатының басты ерекшеліктері ……………………………

Литосфера және жер бедері ……………………………..

 

Атмосфера және климат……………………………………..

 

Дүниежүзілік мұхит……………………………………………..

 

II бөлім. Материктер мен мұхиттар. Солтүстік жарты шар материктері

Еуразия ………………………………………………………………….

 

Солтүстік Америка …………………………………………………

 

Оңтүстік  жарты шар материктері

Оңтүстік Америка…………………………………………………..

 

Африка…………………………………………………………………..

 

Аустралия ………………………………………………………………

 

Тынық мұхит, мұхиттық аралдар ………………………

 

Антарктида…………………………………………………….

 

III – бөлім. Жер – біздің ортақ үйіміз……………………………

 

 

 

 

 

 

 

 

Түсініктеме

Ұсынылып отырған географиялық диктант жұмыстары оқушылардың білімдерін тексерудің тиімді әдістерінің бірі болып табылады.

Жұмыстың мақсаты: оқушылардың география пәнінен білімдерін тексере отырып, жүйелі білім алуға бағыттайды.

Географиялық диктант жұмыстарын тарауды, тақырыптарды бекітуде пайдаланған тиімді. Диктант сұрақтары оқушының қабылдауына жеңіл, түсінікті. Географиялық диктант жұмыстары оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, өздігінен жұмыс жасауға баулиды, пәнге деген қызығушылығын арттырады. Мұғалім диктанттың сұрақтарын нөмірі бойынша оқиды. Оқушы әрбір сұрақтың  нөміріне сәйкес  жауапты нөмірлеп, жазып отырады, сұрақты жазбайды немесе   интерактивтік тақтаға  сұрақтарды алдын- ала жазып қоюға болады. Соңынан  тақтада алдын- ала жазылып қойылған  диктанттың  жауаптары ашылып, оқушылар өзін — өзі, немесе  жолдасының жауабын тексеріп  бағалайды.

Бұл жұмыс түрі аз уақыттың ішінде  бір тарауды  қамтитын   жауап  алуға, тарау көлемін сынып оқушылары   қалай   меңгере  алғанын   байқауға , жеке  оқушының   білім  сапасын   анықтауға  жол  ашады,  әр оқушының жеке  жұмыс   істеу  мүмкіндігін  көрсетеді.  Бұл  жұмыс  түрінде   баланың  алаңдап,  бос  отыруға мүмкіндігі  жоқ, оның назары   сұраққа  дұрыс  әрі  тез  жауап  жазуға, уақытында  толық  үлгеруге  ауады.

Оқушылардың   білімін тексеру мен бағалауда   көбіне берілген тапсырманы  оқушылардың   өздері орындайды,  сәтті шыққан тапсырмалар  оларды қуантып, оқуға ынтасын  арттырады,   географиялық диктанттың  сұрақтарына  нақты жауап бере  алады,  оқушы өзін- өзі  және  жолдасының білімін  тексеріп бағалап, біліміндегі  кемшіліктерді жоюға  мүмкіндік  туады. Оқуға  берілетін  мерзім  шектеліп   отырса,  нәтижелі  жауап  алуға   болады. Тарау  көлемі  сұрақтар  саны  ескеріліп,  жауап  беру сапасы   бойынша   бағаланады.

Күтілетін нәтиже: оқушылардың география пәнінен  білімдерін жүйелейді,  пәнге қызығушылықтарын арттырады, өз бетімен жұмыстануға баулиды.

 

Кіріспе

Жер туралы географиялық білімінің дамуы

 

  1. Географияның ежелгі дамыған елдері.
  2. «География ғылымының атасы».
  3. Ұлы географиялық ашулар заманы.
  4. XV ғ. алғашқы глобусты ойлап тапқан неміс картографы.
  5. Америка жағалауларында тұңғыш жеткен, Орталық Американың аралдарын зерттеген теңіз саяхатшы.
  6. Үндістанға баратын теңіз жолын ашқан португалдық теңіз саяхатшысы.
  7. Жаңа дүние Американы ашқан итальяндық теңіз саяхатшысы.
  8. 1577 жылы Отты жер аралын, Тынық және Атлант мұхиттарының арасын қосатын бұғазды ашқан.
  9. Тұңғыш рет жер шарын айналып шыққан испандық теңіз саяхатшысы.
  10. Аустралия, Жаңа Зеландия жағалауын зерттеген ағылшын теңіз саяхатшысы.
  11. Солтүстік полюсті ашқан саяхатшы.
  12. Оңтүстік полюсті ашқан норвег саяхатшыcы.
  13. Антарктида материгін ашқан орыс саяхатшылары.
  14. Қазақтың тұңғыш географ-ғалымы.
  15. Орта Азиядағы Тянь- Шань тауларын зерттеген  экспедицияны басқарған орыс саяхатшысы.

 

 

Жауаптың нұсқалары:

  1. Васко да Гама (1469-1524 жж.)
  2. Френсис Дрейк
  3. Грекия, Рим
  4. Эратосфен (б.з.б. 276-194 жж.)
  5. XV ғасыр соңы мен XVII ғасыр ортасы
  6. 1911 ж. Руал Амундсен
  7. Мартин Бехайм
  8. П. П. Семенов (1827-1914жж.)
  9. 1492ж. Христофор Колумб (1451-1506 жж.)
  10. Фернан Магеллан (1480-1521жж.)
  11. Америго Веспучи (1451-1512 жж.)
  12. Ф.Белинсгаузен, М. Лазарев
  13. Шоқан Уәлиханов (1835-1865 жж.)
  14. Джеймс Кук (1728-1779 жж.)
  15. 1909 ж. Роберт Пири

 

 

Дұрыс жауабы: 1-3; 2- 4; 3-5; 4- 7; 5-9; 6-1; 7-11; 8-2;

9- 10 ; 10- 14; 11- 15 ; 12-6; 13- 12; 14-13;  15- 8 .

 

 

 

 

 

 

 

 

II тарау

План және карта

 

1  Жергілікті  жерде  көкжиек  тұстарын  ажырату.

  1. Белгілі бір затқа қарай жүргізілген бағыт пен солтүстік бағыттың арасындағы бұрыш.

3.00 азимут қандай көкжиек тұсы.

  1. 2700 азимут қандай көкжиек тұсы.
  2. Жер бетіндегі өлшенген қашықтықты қағазға түсіргенде қанша  рет кішірейтілгендігін  көрсететін  бөлшек сан.
  3. Жер бетінің қағазға кішірейтіліп түсірілген  нұсқасы.

7.Жер бетіндегі нүктенің мұхит немесе теңіз деңгейінен бастап есептелінетін биіктігі.

  1. Жер бетіндегі кез-келген нүктенің басқа нүктеден айырмасы.
  2. Жер бетіндегі салыстырмалы биіктікті өлшейтін құрал.
  3. Картадағы абсолюттік биіктіктері бірдей нүктелерді қосатын қисық сызықтар.
  4. Ең ұзын параллель.
  5. Жер бетіндегі солтүстік пен оңтүстік полюстерді бастыра жүргізілген шеңберлер.
  6. Меридиандарға кесе — көлденең жүргізілген  шеңберлер.

14.Жер бетіндегі географиялық ендік пен бойлықтан тұратын нүкте.

  1. Жер бетінің белгілі бір масштабқа сәйкес кішірейтіліп, шартты белгілермен  жазықтықтағы  сызбасы.

 

 

Жауаптың нұсқалары:

  1. Солтүстік
  2. Батыс
  3. Бағдарлау
  4. Масштаб
  5. Азимут
  6. Салыстырмалы биіктік
  7. План
  8. Абсолюттік биіктік
  9. Горизонтальдар

10.Деңгейлегіш

  1. Географиялық карта

12.Экватор

  1. Географиялық координаталар
  2. Параллельдер
  3. Меридиандар

 

 

Дұрыс жауабы: 1-3; 2-5; 3-1; 4-2; 5-4; 6-7; 7-8; 8-6; 9-10; 10-9; 11-12; 12-15; 13-14; 14-13; 15-11.

 

 

 

 

 

 

 

 

Жер қабықтары

Литосфера

 

  1. Жердің ең сыртқы қабаты.
  2. Жер қыртысы және мантияның жоғарғы  кристалдық тау жыныстарынан  тұратын   қабаты.
  3. Жер қыртысынан шамамен 2900 км  тереңдікке дейінгі қабат.
  4. Жердің ең орталық өзегі.
  5. Тау жыныстарын құрайтын заттар.
  6. Мұхиттардың түбінде ұзыннан- ұзақ созылып жататын су асты тау  жоталары.
  7. Жердің терең қойнауында жоғарғы температура   мен үлкен қысым жағдайында  түзілетін, газға  бай, балқыған   отты қоймалжың   зат.
  8. Жер қойнауындағы ығысулар мен  ыдыраулардың әсерінен туатын  жер асты  дүмпулері  мен  жер бетінің тербеле қозғалысы.
  9. Жер сілкіну ошағының дәл  үстінде   жатқан  жер бетіндегі нүкте.
  10. Жердің терең қойнауындағы жер сілкіну пайда болатын жер.
  11. Жанартау атқылағанда жер бетіне шығып, төгілген отты қоймалжың зат.
  12. Жанартау атылғаннан кейін төбесінде пайда болатын ұңғы.

13.Мезгіл- мезгіл ыстық су мен бу  шапшып тұратын қайнар.

  1. Жер бетінің жазықтардан оқшау көтеріліп жатқан биік бөлігі.
  2. Жалғаса тізіліп жатқан таулар.

16.Тау жыныстарының ауа, ылғал  және  тірі организмдер әсерінен  бұзылуы .

  1. Абсолюттік биіктігі 200  м- ден аспайтын  жазық.
  2. Абсолюттік биіктігі 200 м – ден 500 м – ге  дейінгі  жазықтар.
  3. 500м – ден астам биіктіктегі  жазықтар.

20.Мұхиттағы тереңдікті тез және үздіксіз өлшейтін  құрал.

 

Жауаптың нұсқалары:

  1. 1. Мұхит ортасы жоталары
  2. 2. Минерал
  3. 3. Литосфера
  4. Жер қыртысы
  5. Мантия
  6. Ядро
  7. Үгілу
  8. Магма
  9. Кратер
  10. Жер сілкінісі
  11. Гейзер
  12. Жер сілкінудің эпицентрі
  13. Тау
  14. Лава
  15. Ойпат
  16. Жер сілкіну ошағы
  17. Тау жотасы
  18. Эхолот
  19. Қырат
  20. Таулы үстірт

 

Дұрыс жауабы: 1-4; 2-3; 3-5; 4-6; 5-2; 6-1; 7-8; 8-10; 9-12; 10-16;

11-14; 12-9; 13-11; 14-13; 15-17; 16-7; 17-15; 18-19; 19-20; 20-18.

 

Атмосфера

 

  1. Жер шарын жан- жағынан қоршаған ауа қабығы.
  2. Атмосфера құрамында ең көп мөлшерде кездесетін газ.
  3. Атмосфера қабаттары.
  4. Ауаның жер бетіне түсіретін салмағы.
  5. Атмосфералық қысымды өлшейтін құрал.
  6. Тәулік ішінде  ең жоғарғы ең төменгі температуралар айырмашылығы.
  7. 1 м3 ауадағы су буының  нақты  мөлшері.
  8. Белгілі бір жағдайда су буларының сұйық күйге айналуы.
  9. Ауаның жер бетіне іргелес қабатында өте майда су  тамшыларының жинақталуы.
  10. Жер бетінен біраз биікте  атмосферада жинақталған   ұсақ су тамшылары мен мұз түйіршіктерінің шоғыры.
  11. Ауаның ылғалдығын өлшейтін құрал.
  12. Атмосферадағы 50- 55 км  биіктіктегі қабат.
  13. Ауаның жер бетінде горизонталь бағытта қозғалуы.
  14. Тәулігіне бағытын 2 рет ауыстыратын  жел.
  15. Жылына бағытын 2 рет  ауыстыратын  жел.
  16. Атмосфераның қысқа мерзімдегі жай- күйі.
  17. Тропосфераның бір – бірінен  температурасы, мөлдірлігі, ылғалдығы  жөнінен  ерекшелік  жасайтын  үлкен бөліктері .
  18. Белгілі бір жердегі ауа райының  көп   жылдық   орташа  жай- күйі.
  19. Жер шарындағы 23,5 солтүстік пен оңтүстік   ендіктер арқылы  жүргізілген  параллельдер.
  20. Атмосфералық құбылыстар жайындағы  ғылым.

 

 Жауаптың нұсқалары:

  1. Температураның тәуліктік амплитудасы
  2. Барометр
  3. Конденсация
  4. Атмосфера
  5. Атмосфералық қысым
  6. Азот
  7. Бұлт
  8. Тропосфера, стратосфера, атмосфераның жоғарғы қабаты
  9. Абсолюттік ылғалдылық

10.Тұман

  1. Тропиктер
  2. Муссон
  3. Гигрометр
  4. Климат

15.Стратосфера

  1. Бриз
  2. Метеорология
  3. Ауа — райы
  4. Жел
  5. Ауа массалары

 

 

Дұрыс жауабы: 1-4; 2-6; 3-8; 4-5; 5-2; 6-1; 7-9; 8-3; 9-10; 10-7; 11-13; 12-15; 13-19; 14-16; 15-12; 16-18; 17-20; 18-14; 19-11; 20-17.

 

Гидросфера

 

  1. Жердің су қабығы.
  2. Дүние жүзіндегі ең үлкен  мұхит.
  3. Дүниежүзілік мұхит бөліктері.
  4. Мұхит суының тұздылығының өлшем  бірлігі.
  5. Теңіздің түбіндегі  жер  сілкінуден  пайда  болатын толқын.
  6. Мұхит пен теңіз суының  зор  көлемде  бір  жерден екінші  жерге ауысып   тұруы.
  7. Дүниежүзілік мұхиттағы ең  терең  шұңғыма.
  8. Өзеннің  бастауынан  сағасына дейінгі кең, ұзын ойыс .
  9. Өзеннің өзенге, көлге теңізге, құятын жері.
  10. Өзеннің барлық салаларымен жиынтығы.
  11. Жер бетінің  өзенге су жиналатын  бөлігі.
  12.  Жер  шарындағы ең биік  сарқырама.
  13.  Өзендегі су деңгейінің кенет көтерілуі.
  14.  Жер бетіндегі суға толған табиғи  ойыс.
  15.  Дүние  жүзіндегі ең ірі көл.
  16.  Жер қыртысының жоғарғы  бөлігіндегі сулар.
  17.  Жердің терең  қабатындағы  қысымды су.
  18.  Құрамында еріген   заттар мен газдар  кездесетін жер асты суы.
  19. Мұхиттар мен теңіздерде  қалқып  жүретін мұзтаулар.
  20. Жасанды су қоймасы.

 

Жауаптың нұсқалары:

  1. Тынық мұхиты
  2. Саға
  3. Гидросфера
  4. Цунами
  5. Мұхит ағысы
  6. Өзен аңғары
  7. Промилле
  8. Мариан шұңғымасы
  9. Анхель сарқырамасы 1054 м
  10. Көл
  11. Тасқын
  12. Өзен жүйесі
  13. Теңіздер, шығанақтар, бұғаздар
  14. Минералды су
  15. Артезиан суы
  16. Бөген
  17. Айсберг
  18. Өзен алабы
  19. Каспий теңізі
  20. Жер асты сулары

 

 

Дұрыс жауабы: 1-3; 2-1; 3-13; 4-7; 5-4; 6-5; 7-8; 8-6; 9-2; 10-12; 11-18; 12-9;

      13- 11; 14-10; 15-19; 16-20; 17-15; 18-14; 19-17;20-16.

 

 

 

VI тарау

Биосфера

Географиялық  қабық

 

  1. Тіршілік қабығы.
  2. Жер бетіндегі  табиғат жағдайлары  бірдей  ортаны мекендейтін организмдер  жиынтығы.
  3. Атмосфера, гидросфера және  литосфераның  тоғысып, бір – біріне әсер етуінің  нәтижесінде түзілген  жердің  ерекше  қабығы.
  4. Географиялық  қабықтың  құрамдас  бөлігі.
  5. Географиялық  қабықтың  ендік бойымен созылып  жататын  ірі бөлігі.
  6. Климат жағдайлары, топырақ  пен өсімдік  жамылғысы, жануарлар  дүниесі  бірдей ендік.
  7. Негізгі географиялық белдеулер.
  8. Жазда да, қыстада температура үнемі жоғары , жыл мезгілдері байқалмайтын  табиғат  белдеуі.
  9. Дала мен шөлдің  аралығындағы  өтпелі зона.
  10.  Қоңыржай  белдеудің  қылқан  жапырақты орманы.
  11.  Әр жерінде шоқ- шоқ  немесе  жеке  ағаш  пен  бұта кездесетін  шөп басқан  алқап.
  12.  Мүк пен  қына, бұта өсетін, мұз басып жатқан  зона.
  13.  Таулардағы табиғат кешенінің алмасуы.
  14.  Бір- бірімен   өзара  тығыз байланысты   табиғат  компоненттерінің  біртұтас жүйесі.
  15.  Организм мен қоршаған ортаның  қарым – қатынасын  зерттейтін  ғылым.

 

    

Жауаптың нұсқалары:

  1. Географиялық қабық

2.Тайга

  1. Биосфера
  2. Географиялық зона
  3. Экваторлық, тропиктік, қоңыржай, поляр белдеулер
  4. Табиғат компоненті
  5. Экваторлық белдеу
  6. Биоценоз
  7. Тундра
  8. Географиялық белдеу

11.Табиғат кешені

  1. Шөлейт зонасы
  2. Экология
  3. Саванна
  4. Биіктік белдеу

 

 

 

  Дұрыс жауабы: 1-3; 2-8; 3-1; 4-6; 5-10; 6-4; 7-5; 8-7;

    9-12; 10-2; 11-14; 12-9; 13-15; 14-11; 15-13.

 

 

 

 

VII  тарау

Жер  бетіндегі адамзат

 

  1. Халықтың санының өсуі туралы  ғылым.
  2. Жер бетіндегі халық саны.
  3. Халық санын реттеу мақсатында жүргізілетін шаралар жиынтығы.
  4. Тұрғылықты халқы жоқ материк.
  5. Ең халқы көп мемлекет.
  6. Жер бетіндегі нәсілдер саны.
  7. Мемлекеттердің Жер шарындағы орны мен шекарасын көрсететін  карта.
  8. Жер көлемі жөнінен дүние жүзінде 1 орын алатын мемлекет.
  9. Жер көлемі жөнінен дүние  жүзінде  2 орын  алатын  мемлекет.
  10. Қазақстан Республикасы орналасқан материк.
  11. Қазақстанның жер көлемі.
  12. Қазастан Республикасының халқының саны.
  13. Елдің астанасы Алматыдан  Астана  қаласына  көшірілген  жылы.
  14. Ақмола қаласының Елбасының жарлығымен Астана қаласы болып аталған жылы.
  15. Қазақстандағы облыс саны.

 

 

Жауаптың нұсқалары:

  1. Демографиялық саясат
  2. 2,7 млн км 2
  3. Антарктида
  4. 16,3  млн  адам (2009)
  5. Канада
  6. Демография
  7. 14 облыс
  8. Саяси  карта
  9. 7 млрд
  10. 1998 ж. 6 мамыр
  11.  Ресей  Федерациясы
  12. 1997 ж. 10 желтоқсан
  13.  Еуразия
  14.  Қытай ( 1 млрд. 300 млн .)
  15.  Еуропоидтық, монғолоидтық, негроидтық

  

 

 

    Дұрыс жауабы: 1-6; 2-9; 3-1; 4-3; 5-14; 6-15; 7- 8; 8-11; 9-5; 10-13;

11-2; 12- 4; 13-12; 14-10; 15-7.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе . Жер шарының материктері, аралдары мен мұхиттары.                    Материктер мен мұхиттардың зерттелу кезеңдері

 

  1. Жер шарының жалпы ауданы.
  2. Материктік арал.
  3. Маржандық арал.
  4. Дүниежүзілік мұхиттың жалпы ауданы.
  5. “География ғылымының атасы”.
  6. Каспий теңізі мен сол аймақты мекендейтін сақтар туралы жазған.
  7. Исландияны ашып, Гренландия мен Солтүстік Америка жағалауына жеткен Солтүстік Еуропа тұрғындары.
  8. «Үш теңіздің аржағына саяхат» еңбегін жазған.
  9. 1909 ж. Солтүстік полюсті ашқан.
  10. XIX ғ. ортасында Африканы зерттеген ағылшын  саяхатшысы.
  11. Америка жағалауларына тұңғыш жеткен, Орталық Американың аралдарын зерттеген теңіз саяхатшыcы.
  12. Жаңа дүние Американы ашқан итальяндық теңіз саяхатшысы.
  13. Жаңа Гвинея аралын зерттеген орыс ғалымы.
  14. Оңтүстік полюсті зерттеген норвег саяхатшысы.
  15. Африка материгінің Конго өзенін зерттеген.

  

 

Жауаптың нұсқалары:

  1. 361, 1 млн. км 2
  2. Үлкен Тосқауыл рифі
  3. Александр Македонский (б.з.б 324- 329 жж.)
  4. 510,2 км 2
  5. Мадагаскар
  6. Викингтер
  7. Давид Ливинстон
  8. Эратосфен
  9. Христофор Колумб
  10. Афанасий Никитин
  11. Н. Н Миклухо-Маклай
  12. Роберт Пири
  13. Генри Стэнли
  14. Америго Веспуччи
  15. Руал Амундсен

 

 

 

Дұрыс жауабы: 1-4; 2- 5; 3- 2; 4-1; 5- 8; 6-3;7- 6; 8-10; 9-12; 10-7; 11-9 ; 12-14;

13- 11; 14-15; 15-13.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I бөлім

Жер планетасы табиғатының басты ерекшеліктері

Литосфера және жер бедері

 

  1. Геохронологиялық кесте арқылы жүргізіледі.
  2. Литосфералық тақталар теориясын ұсынған ғалым.
  3. Жер бедерін өзгертетін сыртқы күштерге жатады.
  4. Ежелгі платформаларда қатты кристалды жыныстардың жер бетіне шығып жатқан бөлігі.
  5. Жер қыртысының түрлері.
  6. Жер қыртысының қозғалмалы белдеулері.
    7. Жер қыртысының тұрақты бөлігі.
  7. Жер бетінің терең жарықтар жиынтығы.
  8. Ежелгі біртұтас материк.
  9. Көк – жасыл балдырлар кең таралған эра.
  10. Герцин қатпарлығы болған эра.
  11. Жас платформалар.
  12. Лавразияның құрамына кіретін материктер.
  13. Гондвананың құрамына кіретін материктер
  14. Ежелгі платформалар

 

 

Жауаптың нұсқалары:

  1. Геосинклиналь
  2. Күн сәулесі
  3. А. Вегенер
  4. Рифт
  5. Пангея
  6. Геологиялық жыл санау
  7. Протерезой
  8. Қалқан
  9. Платформа
  10. Материктік және мұхиттық
  11. Шығыс Еуропа, Сібір, Аустралия
  12. Еуразия, Солтүстік Америка
  13. Африка, Аустралия, Антарктида
  14. Тұран, Батыс Сібір
  15. Палеозой

 

 

 

 

 

Дұрыс жауаптары: 1- 6; 2- 3; 3-2; 4- 8; 5-10; 6- 1; 7- 9;

8-4; 9-5; 10-7; 11- 15; 12- 14; 13- 12; 14-13; 15-11 .

 

 

 

 

 

 

 

Атмосфера және климат

 

 

  1. Ауа райы “жасалынатын” орын.
  2. Климаттық элементтердің таралауы картада бейнеленеді.
  3. Ауа массаларының горизонталь бағытта қозғалуын атайды.
  4. Жер бетін он үш климаттық белдеулерге бөлген ғалым.
  5. Экваторға қарай 30-шы ендіктердегі жоғарғы қысым белдеуінен соғатын желдер.
  6. Картада қысымы бірдей нүктелерді қосатын сызықтар
  7. Белгілі бір жерге тән ауа райының ұзақ жылдар бойы қайталанатын құбылысы.
  8. Картада температуралары бірдей нүктелерді қосатын қисық сызықтар.
  9. Тұрақты желдердің қалыптасуы … байланысты.
  10. Ауа массаларының негізгі түрлері.
  11. Салмағы ауыр, төмен қарай өрлеген ауа қысымы.
  12. Салмағы жеңіл, жоғары қарай өрлеген ауа қысымы.
  13. Жер шарының 30 о с .е пен 30 о о.е белдеу.
  14. 66,5 с.е — 90 о.с.е аралығындағы белдеу.
  15. Қысы суық, жазы ыстық жыл мезгілдері жақсы байқалатын белдеу.

 

 

Жауаптың нұсқалары:

  1. Изобарлар
  2. Пасаттар

3.Тропосфера

  1. Климат
  2. Изотермалар
  3. Б. Алисов
  4. Изосызықтар
  5. Арктикалық, қоңыржай, тропиктік, экваторлық
  6. Жел
  7. Қысым белдеулерге
  8. Төменгі қысым
  9. Солтүстік полярлық белдеу
  10. Жоғары қысым
  11. Қоңыржай белдеуі
  12. Тропиктік белдеу

 

 

 

Дұрыс жауабы: 1-3; 2-7; 3-9; 4-6; 5-2; 6-1; 7-4; 8-5; 9-10; 10-8; 11- 13; 12-11; 13- 15; 14-12; 15-14.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дүниежүзілік мұхит

 

  1. Дүниежүзілік мұхиттың ауданы
  2. Мұхит суының қасиеттері.

3.Мұхит суының тұздылығының көрсеткіші.

  1. Мұхит суының орташа тұздылығы.
  2. Тұздылықтың мөлшері … байланысты өзгереді.
  3. Ең тұздылығы жоғары теңіз.
  4. Тропиктерге таяу аудандардағы тұздылық мөлшері.
  5. Мұз суының неше пайызын мұз алып жатыр?
  6. Мұхиттың белгілі бір бөліктерін алып жатқан су.
  7. Ең ірі жылы ағыс.
  8. Ең ірі суық ағыс.
  9. Мұхиттағы тіршілік дүниесі.

13.Мүхит суының беткі бөлігінде еркін жүзетін тіршілік дүниесі.

14.Африканың шығысындағы суық ағыс.

  1. Мұхит түбіндегі тіршілік дүниесі.

 

 

Жауаптың нұсқалары:

  1. Промилле
  2. Қызыл теңіз
  3. 15 %
  4. 361 млн.км 2
  5. Су массалары
  6. Температурасы мен тұздылығы
  7. Батыс желдер
  8. 35 % о
  9. Планктон
  10. Жауын- шашын мен буланушылықтың арақатынасы
  11. Бентос
  12. 36 %0
  13. Бенгел
  14. Нектон
  15. Гольфстрим

 

 

 

Дұрыс жауабы: 1-4; 2- 6; 3-1; 4-8; 5- 10; 6-2; 7-12; 8-; 9-5; 10-15; 11-7 ; 12- 9; 13-14 ; 14-13; 15-11.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II бөлім.

Материктер мен мұхиттар

Солтүстік жарты шар материктері

Еуразия

 

  1. Еуразияның жер көлемі.
  2. Орталық Азия табиғатын зерттеген орыс саяхатшысы.
  3. Еуразияның теңіз деңгейінен ең төмен жатқан жері.
  4. Еуразиядағы ең аумақты климаттық белдеу.
  5. Еуразияның шығыс шеткі нүктесі.
  6. Жер көлемі жағынан Еуразиядағы ең үлкен мемлекет.
  7. Атлант мұхитындағы жылы ағыс.
  8. Еуразияның оңтүстік шеткі нүктесі.
  9. Жоғарғы температура тіркелген ыстық жері.
  10. Суыққа төзімді қодас мекендейтін тау.
  11. Суматра, Ява аралдарын ашқан.
  12. Батысты «эреб», шығысты «асу» деген Жерорта теңізінің шығыс жағалауын мекендеген тұрғындар.
  13. Еуразиядағы халық саны.
  14. Асыл тастар сапфир мен рубин өндіріледі.
  15. Тайгада мекен ететін қорғауға алынған жануар.

 

 

Жауаптың нұсқалары:

  1. 4 млрд. астам
  2. Дежнев
  3. Гольстрим
  4. 54 млн. км 2
  5. Н.М. Пржевальский.
  6. Өлі теңіз (-403 м)
  7. Қоңыржай белдеуі
  8. Памир
  9. Пиай
  10. Ресей Федерациясы
  11. Тар шөлі (+ 53о с)
  12. Үндістан түбегі мен Шри- Ланка аралы
  13. Уссурий жолбарысы
  14. Финикиялықтар
  15. Үнділер

 

 

Дұрыс жауабы: 1-4; 2-5; 3-6; 4-7; 5-2; 6-10; 7-3; 8-9;

9-11; 10-8; 11- 15; 12-14; 13- 1; 14-12; 15-13 .

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Солтүстік  Америка

 

  1. Испан тілінде «тау жотасы, тау тізбегі» деген мағынаны білдіретін тау. 2. Жердің солтүстік магниттік полюсінің орнын анықтаған саяхатшы.                                                               3. Солтүстік Американың ең биік нүктесі.                                                                                                  4. Солтүстік Американың  ірі, суы мол өзені.                                                                                           5. Жергілікті  үндістер “Үлкен өзен”  деп атау берген.                                                                              6. Әлемдегі ең үлкен, ең терең шатқал. (каньон)                                                                                   7. Солтүстік Америкада биік шөптерден тұратын дала.                                                        8. Солтүстік Американың оңтүстік жағалауындағы ең ірі шығанақ.                                                                                     9. Ниагара сарқырамасы … көлдерінің аралығында орналасқан.                                                                                       10. АҚШ аумағында 1872 жылы ұйымдастырылған дүние жүзіндегі алғашқы ұлттық саябақ.                                                                                                                                                                     11. Солтүстік шеткі нүктесі.                                                                                                                      12. XV ғасырда Ньюфаундленд аралын, Лабрадор түбегін ашқан итальян саяхатшысы.                                                                                                                                                13.Тас көмір, мұнай, газ көп кездесетін жері.                                                                                                         14. Материктің ең ыстық жері.                                                                                                                15. «Боинг» ұшағын жасау орталығы.

 

Жауаптары:

  1. Мексика
  2. Эри және Онтарио
  3. Кордильер
  4. Р. Амундсен
  5. Прерий
  6. Йеллоустоун
  7. Ұлы жазық пен Орталық жазық
  8. Мак- Кинли (6193м)
  9. Колорадо каньоны
  10. Миссисипи
  11. Джон Кабот
  12. Өлім аңғары (+ 57 о С)
  13. Маккензи
  14. Сиэтл қаласы
  15. Мерчисон

 

 

 

Дұрыс жауабы: 1-3; 2-4; 3-8; 4-10; 5-13; 6-9; 7-5; 8-1;

9-2; 10-6; 11- 15; 12-11; 13-7 ; 14-12; 15- 14.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оңтүстік  жарты шар материктері

Оңтүстік Америка

 

  1. Оңтүстік Американың Анд тауындағы көл.
  2. Материктің ең биік сарқырамасы.
  3. Материктегі ең биік сөнбеген жанартау.
  4. Оңтүстік Американың оңтүстігінде арал.
  5. Материктің оңтүстік шығысындағы суық ағыс.
  6. Материктің батысындағы шөл.
  7. Оңтүстік Американың геологиялық картасын жасаған неміс ғалымы.
  8. 1874 ж. материктің климатын зерттеген орыс климатологы.
  9. Ең суы мол өзен.
  10. Ежелгі инктер тілімен аударғанда «мыс тау».
  11. Боливия жеріндегі пайдалы қазба.
  12. Оңтүстігіндегі жазықтық.
  13. Амазонка өзендегі ең жыртқыш балық.
  14. Бразилия саваннасы.
  15. Жергілікті халық субтропиктік дала зонасын қалай атаған?

 

 

Жауаптың нұсқалары:

  1. Пиранья
  2. Атакама

3 Анхель (1054 м)

  1. Фолкленд
  2. Титикака
  3. Охос-дель-Саладо (6880 м)
  4. А. И. Воейков
  5. Амазонка
  6. Отты Жер аралы
  7. Ла-Плата
  8. Александр Гумбольдт
  9. Кампос
  10. Анды
  11. Пампа
  12. Қалайы

 

 

 

Дұрыс жауабы: 1-5; 2-3; 3-6; 4-9; 5-4; 6-2; 7-11; 8-7;

9-8; 10-13; 11- 15; 12-10; 13- 1; 14-12; 15- 14.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Африка

 

  1. Африканың ең ірі аралы.
  2. Солтүстігіндегі суық ағыс.
  3. Виктория сарқырамасын ашқан зерттеуші.
  4. Африканың ең терең көлі.
  5. Орталық Шығыс Африканы зерттеген орыс саяхатшы ғалымы.
  6. Қатты бидайдың отаны.
  7. Тік жарлы әрі жақпарлы таулы қыраттар.
  8. Мұнай мен газ қорының мол жері.
  9. Тропиктік белдеудегі құмды дауыл.
  10. 20 о с.е пен о.е аралығымен  Мадагаскар аралын алып жатқан белдеу.
  11. Африканың ең биік нүктесі.
  12. Материктің ең төмен орналасқан нүктесі.
  13. Материк аумағының 40 % алып жатқан зона.
  14. Материктің экваторлық орманындағы ең аласа халық.
  15. Экономикасы жоғары дамыған мемлекет.

 

 

Жауаптың нұсқалары:

  1. Эфиопия
  2. Ахаггар, Тибести
  3. Мадагаскар
  4. Самум
  5. Канар
  6. Давид Ливингстон
  7. Танганьика
  8. Субэкваторлық белдеу
  9. Ассаль көлі (-153 м)
  10. В. В Юнкер
  11. Саванналар мен сирек ормандар
  12. Гвинея шығанағы, Жерорта теңізі жағалаулары
  13. Оңтүстік Африка Республикасы (ОАР)
  14. Килиманджаро жанартауы (5895м)
  15. Пигмейлер

 

 

 

Дұрыс жауабы: 1-3; 2-5; 3-6; 4-7; 5-10; 6-1; 7-2; 8-12;

9-4; 10-8; 11-14 ; 12-9; 13- 11; 14-15; 15- 13.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аустралия

 

  1. Материктің ең биік нүктесі.
  2. Ең аласа нүктесі.
  3. Шығысындағы маржандық құрылым.
  4. Материктің солтүстік- батыс жағалауы мен белгісіз аралды ашқан голландиялық теңізші.
  5. Макуори, Лахлан, Маррамбиджи өзен жүйелерін эерттеген ағылшын зерттеушісі.
  6. Материктің шығысындағы аласа тау.
  7. Уақытша кеуіп қалған өзендер.
  8. Аустралияны кесіп өтетін шеңбер.
  9. Материктің ең ірі көлі.
  10. Аустралияның ірі жануары.
  11. Аустралияның ең үлкен өзені.
  12. Материктің оңтүстігіндегі Джон Эйр атаған  шөл.
  13. Тасман аралындағы жыртқыш аң.
  14. Аустралияның байырғы халқы.
  15. Қоныс аударушы халықтардың ұрпақтары.

 

 

Жауаптың нұсқалары:

  1. Үлкен Тосқауыл рифі
  2. Стерт Чарльз
  3. Косцюшко
  4. Криктер
  5. Эйр көлі (- 16 м)
  6. Муррей
  7. Кенгуру
  8. Абель Тасман
  9. Налларбор
  10. Тасман қалталы құбыжығы
  11. Үлкен Суайрық жотасы
  12. Оңтүстік тропик
  13. Эйр
  14. Аустралиялық — ағылшындар
  15. Аборигендер

 

 

 

 

Дұрыс жауаптары: 1-3; 2- 5; 3-1; 4- 8; 5-2; 6-11; 7-4;

 8-12; 9-13; 10-7; 11-6;12-9; 13- 10; 14-15; 15-14.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тынық мұхит, мұхиттық аралдар

 

  1. Тынық мұхитына жер шарындағы барлық … сыйғызуға болады.
  2. Тынық мұхитымен шектеспейтін материк .

3.Тынық мұхит пен Мұхит аралдарының табиғатының құпияларын зерттеген саяхатшы.

  1. Мариан шұңғымасын ашқан саяхатшылары.
  2. Француз әскери теңізшісі Жак Ив Кусто басшылығымен жасап шығарды.
  3. Жаңа Зеландияның эндемиктері.

7.Тынық мұхитынан өтпейтін климаттық белдеу.

8.Тынық мұхитында басқа мұхиттарда кездеспейтін теңіз жануары.

  1. Тынық мұхитында жойылып кеткен теңіз жануары.
  2. Жаңа Зеландияда мүлдем жоқ.
  3. Жаңа Гвинея тұрғындарын зерттеген.
  4. «Қара аралдар».
  5. Сөнбеген жанартау.
  6. Мұхиттық аралдардағы ірі дамыған ел.
  7. Жанартаулық ең үлкен арал.

 

 

 Жауаптың нұсқалары:

  1. Т. Хейердал
  2. Орыстар
  3. Материктерді
  4. Қарағайлар
  5. Полярлық
  6. Африка
  7. Акваланг
  8. Су сиырлары
  9. Сүт қоректілер
  10. Теңіз құндызы
  11. Гавай
  12. Жаңа Зеландия
  13. Н. Н. Миклухо-Маклай
  14. Мауна-Лоа (4170 м)
  15. Меланезия

 

 

 

Дұрыс жауаптары: 1- 3; 2-6; 3-1; 4-2; 5-7; 6-4; 7- 5;

8-10; 9-8; 10-9; 11-13; 12- 15; 13- 14; 14- 12; 15-11.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Антарктида

 

  1. Антарктида жағалауындағы шартты түрдегі мұхит.
  2. Материктегі мұздың орташа қалындығы.
  3. Мұздың ең қалын жері.
  4. Оңтүстік поляр шеңберін 3 рет кесіп өткен ағылшын саяхатшысы.
  5. Оңтүстік полюске жеткен норвег саяхатшысы.
  6. Сөнбеген жанартауы.
  7. Материктің мұз астында жатқан бөлігі.
  8. Жер бедерінің ерекшелігіне қарай материк бөлінеді?
  9. Жазғы орташа температура.
  10. Жер шарының ең төмен температурасы.
  11. Жер шарының суық полюсі тіркелген стансасы.
  12. Күн сәулесін кері шағылыстыратын мұз жамылғысының мөлшері.
  13. Антарктида пингвиндерінің ең көп тарағаны.
  14. Салмағы 50 кг жететін пинвин.
  15. Жаз кезінде қардан босап, тез жылынатын жерлері.

 

 

Жауаптың нұсқалары:

  1. 4300 м
  2. Руаль Амундсен
  3. Оңтүстік мұхит
  4. Батыс және шығыс Антарктида
  5. 1720 м
  6. -30 о С — 50 о С
  7. Джеймс Кук
  8. «Восток»
  9. Тасты Антарктида
  10. Адели
  11. Эребус
  12. Император

13.(-89,2 о С)

  1. Антарктидалық шұраттар
  2. 90%

 

 

 

Дұрыс жауаптары: 1- 3; 2-5; 3-1; 4-7; 5-2; 6-11; 7- 9;

8-4; 9-6; 10-13; 11-8; 12-15 ; 13-10; 14- 12; 15-14.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                               III бөлім.

Жер — біздің ортақ үйіміз

 

  1. Тіршілік қабығы.
  2. Ақыл-ой сана қабығы.
  3. Сарқылатын табиғат байлықтары.
  4. Жер бетінің құнарлы жұқа беткі қабаты
  5. Бидай , арпа, сорго,тары , кофе , банан, мақтаның шыққан орталығы.
  6. Сарқылмайтын табиғат байлықтары
  7. Күріш, тары, ямс, май пальмасы, қарбыз, қауынның шыққан орталығы.
  8. (Жапонша «цу» -қойнау, «нами»-толқын) жанартаулық апаттан мұхитта пайда болатын толқын.
  9. Егіншілік пен мал шаруашылығы қай дәуірде пайда болды?
  10. Бастапқы тас дәуірі.
  11. Белгілі бір аумақта тұратын, ортақ тілі, мәдениеті, салт дәстүрі бар, тарихи дамудың ұзақ кезеңінен өткен адамдар тобы.
  12. Қоршаған орта мен ағзалардың қарым-қатынасын зерттейтін ғылым.
  13. Жер шарындағы халық тығыздығы жоғары аймақ.
  14. Табиғатты қорғаумен қатар ғылыми ағарту, мәдени эстетикалық бағытта пайдалануды жүзеге асыратын жерлер.
  15. Әлемдік діңдер.

 

Жауаптың нұсқалары:

  1. Ноосфера
  2. Топырақ
  3. Биосфера
  4. Күн сәулесі, климаттық ресурстар
  5. Батыс Африка
  6. Цунами
  7. Минералды ресурстар
  8. Палеолит
  9. Этнос

10.Эфиопия

  1. Оңтүстік Азия, Шығыс Азия, Батыс Еуропа, Солтүстік Американың шығыс бөлігі
  2. Неолит
  3. Экология
  4. Христиан, буддизм, ислам
  5. Ұлттық саябақтар

 

 

 

Дұрыс жауаптары: 1-3 ; 2-1; 3-7; 4-2; 5-10; 6-4; 7- 5;

8-6; 9-12; 10-8; 11-9; 12- 13; 13- 11; 14-15 ; 15-14.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                     

  Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Бірмағамбетов Ә., Мамырова К.  6 сынып. Физикалық география. Алматы  «Атамұра» 2011.
  2. Карпеков Қ.Д., Айтақынова Ш., 7 сынып. Материктер мен мұхиттар географиясы. «Арман-ПВ» баспасы, 2011.
  3. 6-10 сыныптар үшін оқушы анықтамасы. Алматы «Атамұра» 2005.
  4. Сиротин В.И., Сиротин И.В. Школьная география в вопросах и ответах.  Москва издательство «Аркти», 2001.
  5.  Лобжанидзе А.А.,  Түсіпбекова Г.М. Физикалық география. Жер ғаламшары. Алматы «Просвещение -Казахстан» 2009.
  6. Юрков П.М. Географические диктанты. – М.Просвещение, 1984.
  7.  Юрков П.М. Дидактический материал по физической географии из опыта работы. Москва «Просвещение» 1990.
  8. Интернет ресурстары. Info@geo2000.ru