Желкенді қайықтың үлгісін дайындау

294

Сабақтың тақырыбы: Желкенді қайықтың үлгісін дайындау

Сабақтың мақсаты: Желкенді қайықтың үлгісін дайындауға үйрету, қауіпсіздік ережесін сақтауға үйрету.

Сабақтың міндеті: Баланың ақыл-ойын, ой-өрісін, қол еңбегін дамыта түсу.

Сабақтың тәрбиелік мәні: еңбек ету қабілеттерін арттыра отырып, еңбектене білуге, сүюге, өнерлілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, баяндау, ойын.

Көрнекіліктер: сөзжұмбақ, ғажайып сандық, еңбек туралы жазылған нақыл сөздер, қатырма және түрлі-түсті қағаздар, желім, қайшы.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық өткізу:

-Қане қанат жазайық,

Қарлығаш боп ұшайық.

Ұшып-ұшып алайық,

Орнымызға қонайық.

(баяу, шапшаңырақ, өте жылдам).

  • Келген қонақтарға бәрің қарап алыңдар деп (сабақ үстінде алаңдамауларын ескертемін)
  • Біз сабақты ойын түрінде бастаймыз. Осы ойын арқылы үй тапсырмасын тексертесіңдер және өтілген сабақты қайталап еске түсіреміз.

2-ойын. «Ғажайып сандық» деп аталады.

Сандық ашылмайды. Ол үшін сендер еңбек туралы мақал-мәтел айтуларың керек деп, оқушыларға мақал-мәтел айтқызып, өзім де «Адамды адам еткен – еңбек», «Еңбек – еңбек бәрін жеңбек» деген мақалмен толықтырып, оның мағынасына тоқталып өтіп, сандықты ашамын. Сұрақтарға жауап аламын.

  1. Үй тапсырмасы бойынша жарыс автокөлігіне қосымша жасап келген машиналарына шолу жасау;
  2. Жаңа сабақты бастамас бұрын сөзжұмбақ шешу.
Ж Е Л К Е Н Д І

 

Қ А Й Ы Қ

«Желкенді» сөзіне талдау жасау (түбірін, қосымшасын табу)

  1. Қызыл сызықтың ішіндегі бүгінгі жаңа тақырыбымыз болып саналады – деп, тақтаға желкенді қайықтың суретін ілемін.
  2. Ал енді желкенді қайықтың бөлшектерімен танысайық – деп, сурет бойынша таныстырамын және желкенді қайықтың үлгісін көрсетемін.
  3. Енді қайықтың үлгісін жасауға кірісейік. Ал іске сәт! – деп алып, оған керекті заттарды дайындатамын.

1) Қатырма қағаз, түрлі-түсті жұқа қағаз, желім, қайшы.

2) Қайықтың корпусын дайындау үшін оны қатырма қағаздан қорапша жасап аламыз.

 

Желкеннің, діңгектің жасалу жолдарын көрсету.

  1. Қорапша мен желкенді жасап болғаннан кейін сергіту сәтін өткізу.

«Ор теке» (домбырамен).

  1. Сонымен біз не жасадық?

(желкенді қайық)

Желкенді қайық қандай бөліктерден тұрады екен?

(қайықтың корпусы және діңгегі, желкені болады)

  • Қайықты адамдар не үшін пайдаланады?
  • Олай болса, желкенді қайық деген сөзді қалыптастырып, сөйлем құрап жіберейік.

 

  1. Қайықты бағалау.

Осымен сабақты қорытындылау.

  1. Үйге тапсырма:

«Желкенді қайықты» әшекейлеп келу.