АВСТРИЯ

140

АВСТРИЯ

Сабақ мақсаты:

 А) білімділік: Австрия Республикасының табиғат жағдайлары,  шаруашылығы, тарихы мен сыртқы экономикалық байланыстары туралы білім қалыптастыру;

Ә) тәрбиелік: саяси саналылыққа, экономикалық-экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу;

Б) дамытушылық: дүниетаным, ой-өрісін, картамен жұмыс және өздік жұмыс жасау дағдыларын арттыру;

Сабақ түрі: лекция

Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар

 

Жаңа сабақ:                   Австрия Республикасы

АВСТРИЯ, Австрия Р е с п у б л и к а с ы — Орта­лық Еуропадағы мемлекет.

Жер аумағы 83,9 мың км2.

Халқы 8,17 млн. (2005).

Астанасы — Вена қ.

Әкімш.­аумақтық бөлінісі жағынан 9 федералдық жерден тұрады.

Халқының 98%-і австриялық­тар,

Дінге сенушілердің 84%-і католиктер.

Мемл. тілі — не­міс тілі.

Заң шығарушы орга­ны — екі палаталы парламент.

Мемлекет басшысы — феде­ралдық президент.

Табиғаты. А. — таулы ел. Жерінің көбін Шығыс Альпі таулары алып жатыр. Ең биік жері — Биік Таузрн жотасын­дағы Грос- Глокнер шыңы  (3997 М). Кен байлықтарынан қоңыр көмір, мұнай мен газ, теміp кентасы, магнезит, гра­фит, қорғасын, мырыш, мыс, ас тұзы өндіріледі. Климаты қоныржай, шығысында континенттік болып келеді. Орта­ша тeмп-pa қаңтарда -1-40С, шілдеде 150-180С. Жауын­-шашынның жылдық мөлш. тау аңғарларында 500 мм-ден Альпі тауларында 2000 мм-ге жетеді. Кеме жүзетін үлкен өз. — Дунай. Жерiнің 38%-і орман, ол негізінен тау беткей­лерін көмкерген.

   Экономикасы. Австрия экономика­сы нapықтық қатынастар не­гізінде дамыған иңдустриялы-­аграрлы мемлекет. Ел экон-­сына ГФР компанияларының ықпалы күшті.  Австрия жылына 0,5 млн. т көмір, 1,0 млн. т мұнай, 4,5 млн. т болат және 54,9 млн. кВт сағ электр энергиясын өндіреді ([996 ж.). Дамушы өнеркәсіп салаларынан қара металлургия, алюминий өнер­кәсібі, машина жасау (станок­тар, транспорттық машина­лар, электротех. бұйымдар), химия өнеркәсібі (азот тыңайтқышы, күкірт қышқылы, жа­саңды талшық, резина шыға­ру), ағаш өңдеу және целлюлоза-қағаз өнеркәсібі өркен­деген.

А/ш-ңда мал ш-ның маңызы өте үлкен. Егіншілікпен қатар бау-бақша, жүзім шаруашылықтары да­мыған.  Австрияның ұлттық табысы жылына 202,8 млрд. американ доллары болса, оны жан ба­сына шаққанда 25,2 мың дол­лардан келеді. Соңғы көрсет­кіш бойынша Австрия Еуропа экон. аймағы бойынша алтыншы opындa. Экспортқа жылына 55 млрд. доллардың өнімі шыға­рылып, 65 млрд. доллардын өнімі сырттан әкелінеді. Ал дүн. жүз. ішкі жиынтық өнім­дегі А-ның үлесі 0,5%-тен сәл артық.

Тарихы. А. атауы алғашқы рет 996 ж. 1 қарашада жазылған құжатта кездеседі. 1156 жыл­дан бастап Австрия — «Қасиетті Рим империясы» құрамындағы герцогтық. 13 ғ-дың соңынан онда Габсбургтер әулеті билік жүргізді, 1453 жылдан — эрц­гepцoгтық.

18 ғ. Габсбургтер Бельгияны,  Италияны, поляк, украин жерлерінің біразын өзіне қаратты. 17-18 ғ-ларда А. мо­нархиясы Түркиямен, Фран­циямен, Пруссиямен болған соғыстарға қатысты. 1804 жылдан Габсбургтер империясы болып аталды. 1859 ж. Франция мен Италияға қарсы соғыста Ломбардиядан ай­ырылды. 1866 ж. Пруссияға қарсы соғыста жеңіліс тапты.

1867 ж. Австрия-Венгрия мо­нархиясы құрылды. l-дүн. жүз. соғыста Австрия — Венгрия Германияның басты одақтасы  болды. Австрия-Венгрия мо­нархиясы ыдырағаннан кейін 1918 ж. қарашада А. респуб­ликасы құрылды.

1938 ж. наурызда герман әскерлері А-ға басып кіріп, Гер­манияға қосып алды (энш­люс). А-ның фашистер үстем­дік еткен 7 жылы оның тари­xындaғы ең қаралы кезең бол­ды. 1943 ж. Мәскеуде КСРО, Англия, АҚШ Сыртқы істер министрлерінің кеңесінде қа­былдaнғaн декларация бойын­ша Германияның А-ны қосып алуы заңсыз деп танылды. 1945 ж. наурызда Кеңес әскер­лері А шекарасынан өтіп, 13 сәуірде Венаны азат eтті. Бірақ А бірден тәуелсіз мемлекет бола алмады. Бірнеше жыл бойы ол Франция, АҚШ, Ұлыбритания және КСРО арасыңда 4 оккупац. аймаққа бөлінген қалпыңда қала берді.

1955 ж. 15 мамырда Венада КСРО, АҚШ, Англия, Фран­ция, Австрия мемлекеттерінің өкілдері А-ның тәуелсіздігін қалпынa келтіру туралы шарт­қа қол қойды. А-дан шетел әскерлері шығарылды, сөйтіп ол қайтадан тәуелсіз ел болып, сол жылы қазан айыңда елдің парламенті А-ның тұрақты бейтараптығы туралы консти­туциялық заң қабылдады, ал 1955 ж. желтоқсаңда БҰҰ-ға мүше болып қабылданды. А-­ның сыртқы саясаты 1955 ж. 15 мамырдағы шартта көр­сетілген міндеттемелер мен тұpaқты бейтараптық мәрте­бесіне негізделген. 1996 жыл­дың қаңтарынан Еуропалық Одаққа мүше болып қабылдан­ды. 1992 ж. 19 ақпанда Қазақ­стан Республикасымен дипло­мат. қатынастар орнатты.