НОРВЕГИЯ КОРОЛЬДІГІ

114

НОРВЕГИЯ КОРОЛЬДІГІ

Сабақ мақсаты:

 А) білімділік: Норвегия Корольдігінің экономикалық-географиялық жағдайы, мемлекеттік құрылымы, халқы, экономикасы туралы білім қалыптастыру;

Ә) тәрбиелік: саяси саналылыққа, экономикалық-экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу;

Б) дамытушылық: дүниетаным, ой-өрісін, картамен жұмыс және өздік жұмыс жасау дағдыларын арттыру;

Сабақ түрі: лекция

Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар

Жаңа сабақ:            Н о р в е г и я  К о р о л ь д і г і

НОРВЕГИЯ (Norge), Н о р в е г и я  К о р о л ь д і г і (Kongeriket Norge)­Солт. Европадағы мемлекет. Батысын және қиыр солтүстігін Скандинавия түбегі алып жатыр. Солтүстігі — Ба­ренц теңізі, батысы — Норвегия, Сол­түстік теңіздер, оңтүстігін Скагеррак бұғазы алып жатыр. Құрлықта Швециямен, қиыр шығысында Финляндия және Россиямен шектеседі.

Жер аумағы — 385,2 мың км2.

Халқы 4,6 млн адам (2005).

Халықтың орналасу тығыздығы – 1км2 – 11,9 адамнан келеді.

Астанасы­ — Осло қ.

Әкімш. жағынан 19 фюлькеге ( губерния) бөлінеді (құрамына 435 коммуна кіретін). Солтүстік Мұзды мұхиттағы Шпицберген архипелагы, Медвежий аралы, Атлант мұхитының солт. бөлігіндегі Ян-Майен, оңт. бөлі­гіндегі Буве аралдары Норвегияға қарайды.

    Мемлекеттік құрылысы. Норвегия — коп­ституциялы монархия. Қазіргі конституциясы 1814 ж. 17 мамырда қабылдан­ған (1905 және 1946 ж. едәуір өзгертілген, толықтырылған). Мемл. бас­шысы — король. Формальды түрде корольдің билігі зор: премьер-министр мен министрлерді т. б. қызмет адам­дарын тағайындап босатуға, соғыс жа­риялауға бітім жасауға ерікті, қарулы күштеріне қолбасшы және мемл. шір­кеу басы да сол. Заң шығарушы орга­ны — парламент — стортинг (155 де­путаты 4 жылға сайланады.). 20-ға толған азаматтар сайлауға құқылы. Атқарушы үкімет билігі премьер-ми­нистр басқаратын үкімет қолында. Король мен барлық министрлер ерекше орган — Мемл. кеңес құрады. Ол айрықша заң жобалары мен ел басқару мәселесін қарайды. Король тағайындайтын фюлькесман, оның жанындағы фюлькестинг қала, село коммуналық кеңестерінің өкілдерінен тұрады. Ком­муналарды жергілікті өкілдер басқа­рады.  Норвегияның сот жүйесі: 1-2 инстан­ция сотын және Жоғ. сотты король тағайындайды.

    Табиғаты. Норвегия — таулы ел. Территориясының 2/3бөлігі теңіз деңгейінен 500 м биік жатыр. Бат. жағалауы фьордтармен тілімделген. Жағасы не­гізінен тік биік жартасты (Согне-фь­орд, Хардангер-фьорд) келеді, Жайпақ жағалауының кей жерлерінде Трон­хеймс-фьорд және Осло-фьорд сияқты қойнаулар, көптеген ірі (Лофотен, Вестерелон, Сенья, Магерё, Сёрё) жә­не шағын аралдар, шхерлер бар. Ел территориясының басым бөлігіне Скандинавия таулары (ең биік жері Гальхёпигген (2469 м) жайласқан; жергілікті жерде фьельд аталатын бұ­ның оңт. жағы Ютунхеймен, Довре­фьелль, ІОстедальсбре, Телемарк литол. таулы үстірттерден құралады. Норвегияның таулы өңірлерінде рельефтің­ пенеплен, нyнaтак, қоймаңдай тас сияқты формалары көп кездеседі.

   Климаты — негізінен қо­ңыржай; қиыр солтүстігінде субарктикалық, теңіз жағалауында мұхиттық климат. Ауа райына жылы Солт. Ат­лант ағысы көп әсер етеді. Қаңтар айын­дағы ауа темп-расы теңіз жағалауында -2-40 С, Скандинавия тауларында  -90 С, оңт. жағында -10-120 С; шілдеде 10-150 С, кейде  тіпті солтүстігінің өзінде ауа температурасы +250 С-қа дейін көтеріледі.. Жыл­дық жауын-шашын мөлшері тау жо­таларының бат. беткейлерінде 2000-­3000 мм, шығ. беткейлерінде 300-800 мм. Таулық мұздықтар ауд. 5000 км2.

Норвегия территориясында жер беті ағын суларының торы өте жиі. Та­улы аймақтармен ағатын өзендерінің суы мол, аңғарлары өте енсіз, арналары шоңғалды келеді; су құламалары кездеседі. Өзендері қар-жаңбыр суларымен қоректенеді, көктемде және жазда тасиды; энергия қорына бай. Ірі өзендері — Гломма, Логен (Гуд­брансдаль), Логен (Нумедаль) . Көлде­рінің жалпы ауданы территориясының 4%-н; негізінен мұздықтар және тек­тоник. қозғалыстар әсерінен пайда болған. Ең ірі көлі — Мьёса.

Н-да тундралық күлгін топырақ ба­сым тараған; оңтүстігі ғана таулы шөгінді топырақты. Шыршалы, қа­рағайлы, орманды алқаптар жиі кезде­седі. Түлкі, сілеусін, құну, сусар, бұ­лан, ақкіс, солтүстік бұғысы, қоян, ти­ін т. б. мекендейді. Теңіздері балыққа бай. Жануарлар мен өсімдік дүниесін сақтау үшін Бёргефьелль, Роннане, Нордкап-Хорнвика, Нордмарка, Фок­стумюра, Юнкердальсура ұлттық парктері мен қорықтар құрылған. Та­биғи жағдайына қарай Н. территория­сы – Финмаркен таулы Үс­тірті (жері таулы тундралы және орманды тундралы, климаты өте қа­тал), Хьелен таулы аймағы мен Лофотен-Вестеролен аралдары (рельефінде алпілік формалар басым, қылқан және ұсақ жапы­рақты орманды келеді), Батыс Жа­ғалау (ірі фьордтармен тілімделген, мұхиттың климаты), Биік Фье­льдтер  өңірі (таулы тундралы және тундралы шалғынды өсімдік өсе­ді, көп жылғы қар жамылғысы және мұздықтар шоғырланған), Сканди­навия тауларының шығыс беткейлері (ірі өзен аңғарларымен тілімделген, тайгалық орман жа­мылған) аудандарға бөлінеді.

   Халқы. Н.- бір ұлтты ел; халқының 98%-і норвегтер. Олардан басқа саам (20 мың), квен (норвегия финдері) , оңт. аймақтарында шведтер (20 мың), даттap (18 мың), немістер (10 мың) тұрады.

Ресми тілі — норвег тілі. Ді­ні жөнінен Н. тұрғындарының 87,8%-ы протестантизмнің лютерандық тобына жатады. Ресми календары григориан­дық. Ірі қала­лары Осло, Берген, Трон­хейм, Ставангер, Кристиансанн, Драм­мeн.

Экономикасы. Норвегия өнеркәсібі дамыған ел. Норвегияда суэнергетикасы, орман, балық, минералдық ресурстар, мұнай т.б. табиғи байлықтар мол. Экономикасында теңіздегі кеме қатынасы мен балық аулаудың маңызы зор. Машина жасау, металл өңдеу және экспортқа байланысты электротехника, кеме жасау салалары дамыған. Норвегияда темір рудасы, титан, пирит, мыс, мырыш, тас көмір, мұнай және газ өндіріледі. Энергетикасы СЭС-терге және импорттық мұнайға негізделген. Жалпы электр энергиясын өндірудің 99%-ы СЭС-тердің үлесіне тиеді. Ірі СЭС-тері: Токке, Рана, Винье, Тонстад, Эура, Недре-Рессога, Нес, Сульдаль, Нуре, Фортун, Люсе, Матре.

Ауыл шаруашылығында негізгі сала — мал шаруашылығы. Таулы рельеф басым болғандықтан жері ауыл шаруашылығына аз игерілген.

Экспорты: мұнай және мұнай өнімдері, машина жасау және балық өңдеу өнеркәсіптері өнімі, электорметаллургия, электрохимия, целлюлоза-қағаз т.б.

Импорты: кеме, машина және өнеркәсіп жабдықтары, автомобиль, қара металдар, мата, азық-түлік т.б.

Негізгі сауда серіктестері: Ұлыбритания, Германия, Нидерланд, Швеция, Франция, АҚШ.

БӨЛІСУ
Алдыңғы жазбаФИНЛЯНДИЯ
Келесі жазбаИСЛАНДИЯ