БОСНИЯ ЖӘНЕ ГЕРЦЕГОВИНА

56

     БОСНИЯ ЖӘНЕ ГЕРЦЕГОВИНА

Сабақ мақсаты:

 А) білімділік: Босния және Герцеговинаның экономикалық-географиялық жағдайы,  табиғат жағдайлары, ресурстары, халқы, экономикасы туралы білім қалыптастыру;

Ә) тәрбиелік: саяси саналылыққа, экономикалық-экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу;

Б) дамытушылық: дүниетаным, ой-өрісін, картамен жұмыс және өздік жұмыс жасау дағдыларын арттыру;

Сабақ түрі: лекция

Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар

Жаңа сабақ:                     БОСНИЯ ЖӘНЕ ГЕРЦЕ­ГОВИНА

БОСНИЯ ЖӘНЕ ГЕРЦЕ­ГОВИНА — Балкан түбегі­нің орталығында, негізінен, Динар таулы қыратын алып жатқан мемлекет.

Жерінің аумағы 51,3 мың км2.

Халқы 3,9 млн адам (2005-ж)

Халқының орналасу тығыздығы 1км2-ге 76,3 адамнан келеді.

Халқының 31,4%-і ­сербтер, 17,3%-і — хорват­тар, қалғандары албан, түрік және т.б. ұлттар өкілдері.

Ас­танасы — Сараево қ.

Ресми тілдері: босния, серб, хорват тілдері.

Тұрғындарының көп­шілігі мұсылмандар (40%-ы), бұған қоса православие (31%) және като­лик (15%) дініндегілер де тұрады.

Париж бейбіт келісімі бо­йынша Босния мен Герцеговинаны 3 адам­нан тұратын Президиум бас­қарады. Заң шығарушы ор­ган — Парламент ассамблея­сы, үкіметті Министрлер кеңесі басқарады.

Табиғаты. Босния мен Герцеговинаның жер бедері тау­лы. Климаты жерортатеңіз­дік, континенттік. Қаңтар айының көп жылдық орташа темп-расы

-1 — 30С, шілде­де 200С. Жылдық орташа жауын-шашын мөлш. 400-­600 мм. Тау аңғарларымен өзен арналарыңда емен, шыр­ша, қайың аралас орман өскен. Кен байлықтары: темір, қорғасын, мырыш, боксит және т.б.

Тарихы. Қазіргі Босния мен Герцеговина жерін 6 — 7 ғ-ларда славян­дар қоныстана бастады. Олар 7 — 14 ғ-ларда алдымен князьдікке, кейіннен корольдікке бірікті. 15 ғ-дан бастап Осман сұлтандығына бағынды. Ал 1878 ж. Австрия — Венгрияның қол астына өтті. l-дүниежүз. соғыстан кейін, 1918 жылдан бастап Югославия корольдігінің қол астына көшті. 1941 ж. елді Германия басып алып, «тә­уелсіз Хорват үкіметінің» бас­қаруына берді. 2-дүниежүз. соғыстан кейін Югославия­ның құрамына oдaқтac 6 рес­публиканың бірі ретінде кір­ді. 1990 ж. қараша айында Босния мен Герцеговина республикасында 1-­рет көппартиялық сайлау өтті. Нәтижесінде республика түр­ғындары мұсылман, серб, хорват болып 3-ке бөлініп, өзара қақтығыстар орын алды. 1992 ж. сәуір айында мұсылмандар мен хорваттар елдің тәуелсіздігін жариялады да, БҰҰ-ның құрамына кірді. Бұған серб тұрғында­ры көнбей, екі жақ ортасын­да қарулы қақтығыстар бас­талып, соғыс 1995 жылдың қыркүйек айына дейін созыл­ды. АҚШ, Ресей және Еуро­па Одағы елдерінің араласуы­мен 1995 ж. 14 желтоқсанда Босния мен Герцеговина Югославия, Хор­ватия өзара бейбіт келісімге қол қойды.

Экономикасы. Елде металлур­гия, машина жасау, химия, көмір өндірістері жақсы да­мыған. Босния мен Герцеговинаның экономикасына елдегі азаматтық соғыс (1992-1995 ж. қарашасына дейін) үлкен зардап әкелді. Ел экономикасының қалпына келуіне көптеген мемлекеттердің көмек қолын созуы мол ықпалын тигізді. Ел экономикасының негізін ауыл шаруашылығы құрайды. Ауыл шаруашылығында негізгі дақылдар – темекі, қант қызылшасы, жүгері және бидай.Сербиямен шекаралас ауданда жеміс-жидек, әсіресе өрік көптеп өсіріледі. Таулы аудандарда қой шаруашылығы дамыған.

Экспорты: текстиль, темекі және ауыл шаруашылығы өнімдері т.б

Импорты: азық-түлік тағамдары, машина жасау өнімдері т.б

Негізгі сауда серіктестері: Хорватия, Германия, Италия, Словения.