Туған өлкем

176

Тақырыбы: Туған  өлкем

Сабақтың мақсаты:  1)Балғын жастарға туған өлке тарихын зерделеуге,таным

түсінігін кеңейтуге көмектесу. Асты-мұнайға,үсті-адами

рухани құндылыққа толы қасиетті,киелі өлке туралы

білгендерін ортаға салғызу.Туған жердің тарихына үңіле

білуге,болашақта елдің тұтқасы өзіміз  боламыз деген

түсінік қалыптастыру.Елін,жерін,тілін,әдеп-ғұрпын

құрметтейтін,өз Отанын сүйетін тұлға қалыптастыру

2)Тілін дамыту,ойын жеткізе білуге үйрету.

3)Оқушыларды саяси саналылыққа ,өз елін,жерін

қорғауға,құрметтеуге,сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың  түрі:  аралас  сабақ

Сабақтың  әдісі :  сұрақ-жауап,  баяндау,  әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Қ.Жұмағалиевтың  суреті,  сызба,  слайдтар

 

Сабақтың  бөлімдері Сабақтың  жүрісі
 

Ұйымдастыру  бөлімі

-Оқушылардың  назарын  сабаққа  аудару

*Поэзиялық  минут

-Ана  тілің, арың  бұл,

Ұятың  боп  тұр  бетте.

Өзге  тілдің  бәрін  біл,

Өз  тіліңді  құрметте!

-Бізге  қазір  қандай  сабақ?

 

 

 

 

Үй  тапсырмасын  тексеру

-Үйге  қандай  тапсырма  берілді?

Тест сұрақтары арқылы  білімдерін  тиянақтау

 

1-сұрақ:

Қарабатыр қандай  қиыншылыққа  кездесті?

А.Оны  ұрлап кетті.

Ә.Ол  адасып кетті.

Б.Ол ауырып  қалды

2-сұрақ:

Қай  құс  оның  жанына  бірінші  болып келді?

А. Қарға

Ә.Сауысқан

Б. Қарлығаш

3-сұрақ:

Баланың  өтінішін қай құс орындады?

А. Қарлығаш

Ә. Аққу

Б.Сауысқан

4-сұрақ:

Ол еліне  қалай  хабар  берді?

А. Өз елінің таңбасын  қанымен  салды.

Ә.Көйлегін  жыртып, құстың  мойнына  байлады

Б.Хат  жазып  жіберді

(Барлығында  да «А» жауабы  дұрыс  болуы керек)

 

Қысқаша  үй  тапсырмасына  шолу:

-Егер  бала  өз елінің  таңбасын  білмейтін  болса,  не  болған  болар еді? Ол еліне  хабар  бере алар ма еді ?

-Бала  неге елін сағынды  деп  ойлайсыңдар?

-Туған  жер  туралы  қандай  мақал-мәтел  білесіңдер?

-Біз  туған  жер  туралы қандай  шығармалармен   таныстық?

 

Жаңа   сабақ -Барлығымыз  да  өзіміздің  туған  жерімізді  жақсы  көреміз.Біреулер  туған  жерін  жақсы көргенде  оған арнап өлең  шығарады,  біреулер  ән салады,  біреулер сурет салады.

-Бүгін  біз сондай туған  жеріне  деген махаббатын өлең  түрінде  жеткізген  тамаша  ақын ағамыз Қайрат  Жұмағалиевтың «Туған  өлкем» атты  өлеңімен  танысамыз.

1.Автормен  таныстыру

Сызба  арқылы  таныстыру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қайрат Жұмағалиев 1937 жылдың 16 қыркүйегінде Батыс Қазақстан облысының Орда ауданында туған.

 

   Ақын, аудармашы,  балалар  жазушысы
«Кім  көріпті  мұндайды?», «Сақара»

 
-Қайрат  ағамыздың  басқа  ақындардан  бір ерекшілігі  бар.Ол  Қазақстанның  барлық  жерін  де  жырға  қосты,  жатсынбаған,  бөліп  жармаған.Мысалы, «Жетісу  таңы», «Сарыадырым», «Қарағанды  түні»  деген  өлеңдері  осының  дәлелі.

-Біз  бүгін  «Туған  өлкем» деген  өлеңімен  танысамыз.

 

Өлеңмен  жұмыс -Мұғалімнің  оқуы

2.Іштей  оқу

3.Дауыстап  оқу

Сөздік  жұмысы

Өлеңде  келтірілген  түсініксіз  сөздермен  жұмыс

1-шумақта:  кермиық  Далам- кең  дала  мағынасында

Түнек-қараңғы

2-шумақта: ықылым- ерте  заман

арда  теңіз- асау, толқыны  қатты  теңіз

3-шумақта: Қиырсыз  түз-шеті  жоқ  елсіз   дала.

 

Өлең  оқылып  болған соң,  ондағы  күрделі  сөз  тіркестері  немесе  сипаттауларды  таптыру: өр  тау,  қызыл  құм, арда  теңіз т.б.

 

Сергіту сәті

Шаршағанда  туған жер  туралы өлең  тыңдап,  сергігенге  не  жетсін.

 

 

Дәптермен  жұмыс

Дәптерлеріне  күннің  жадын  жаздыртып, тақырыпты  да   жазу

-Біз  де  өз  өлкеміз  туралы  тебіреніп,  шығармашылық  жұмысқа  кірісейік.

Шығармашылық  тапсырмалар:

1-қатар:   Маңғыстау  сөзін  септеу

2-қатар:    Маңғыстау сөзінен  жаңа  мағынаға ие сөздер

туғызу

3-қатар:   Маңғыстау  сөзін  жекеше, көпше  түрде

тәуелдеу

 

 

Бекіту

 

Туған өлкем

 
-Туған  өлке  туралы  тағы  кімдердің  шығармаларымен  танысып едік?

-Өлең сендерге  ұнады ма?

 

Ой  толғау:

Мына сөздер  қай  өлке  туралы айтылған?

( Асан  Қайғының  Маңғыстау  өлкесі  туралы  айтылған  сөзі келтіріледі)

 

 

Қорыту

 

Үйден  туған  жерлерің  туралы  шығарма  жазып келіңдер.

-Сабаққа  жақсы  қатысқан  оқушыларды  бағалаймын.

 

-Енді  қолдарыңдағы  дөңгелекті   мына  қалташаларға   салыңдар:

 

 

 
Сабақ  жақсы  өтті          Сабақ  онша  ұнаған  жоқ