Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар. Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері

332

 

Сабақтың тақырыбы Бірқалыпты  және  бірқалыпты  емес  қозғалыстар.Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері
Сілтеме

(дереккөздері)

 Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстарды,  жылдамдық және  жылдамдық бірліктері  туралы білу.

7 сынып физика және астрономиясы, «Атамұра», 2012ж.

Мақсаты Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстарды,  жылдамдық және  жылдамдық бірліктері  туралы түсінік  беру.
Міндеттері

1.Білімділік

2.Дамытушылық

3.Тәрбиелік

1 Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстарды,  жылдамдық және  жылдамдық бірліктері  туралы түсінік  беру

2.Өз бетінше жұмыс істеу, есептеу дағдыларын жетілдіру; ойлау қабілетін дамыту; сыни тұрғыдан ойлауды дамыту;

 

3.Топтық жұмыс жасауға бейімдеу; шапшаңдыққа, жауапкершілікке баулу; өзін-өзі реттеуді үйрету.

Түйінді идеялар  Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстарды,  жылдамдық  және  жылдамдық бірліктері  туралы білу.
Оқыту нәтижелері Жылдамдық  формуласын  және  жылдамдық бірліктерін , есептер шығаруда пайдалану.
Сабақтың көрнекілігі 7сынып      физика    және   астрономия     (Р.Башарұлы,У.Тоқбергенова,Д.Қазақбаева «Атамұра», 2012ж.), проектор, презентация, стикерлер,  АЗ парақтар, фломастерлер, түрлі-түсті борлар.
Сабақтың әдіс-тәсілдері АКТ,  миға шабуыл,топтық жұмыс:  сабаққа дайындық сұрақтары, жеке жұмыс, ассосация, бағалау
Сабақта орындала-

тын

жұмыстар

Уақыты Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті
Психологиялық ахуал туғызу 2 мин Сәлемдеседі, сынып оқушыларының көңіл-күйін сұрайды, түгендейді,  жақсы тілек тілейді.  Сәлемдеседі, барлығы  бірге тақпақ оқиды(№1 қосымша- төменде).Топ басшылары өз тобынан кімнің сабаққа келмей қалғанын баяндайды. Әр  бір  топқа  екі стикерден  беріледі, біреуіне тілек жазып, парталасына береді.
Миға шабуыл:

«Жіңішке  сұрақтар»,

5 мин Өткен  тақырыптан  сұрақтар  қойылады. Постермен жұмыс жасайды.
Жаңа сабаққа дайындық:

«Өткенге шолу».

 

5 мин

Өткенге шолу жасатады:

Алдыңғы  тақырыптан, ұзындықтың,уақыттың  өлшем бірліктерін ауызша  айту.

Жеке оқушылар жауап береді
 

Мақсат қою

 

1 мин

Жаңа тақырып атын, мақсатын слайд арқылы көрсетеді, баяндайды, оқушылардан сабақтың мақсатын толықтыруды сұрайды. Жеке оқушылар мақсат қоюға қатысады.
Жаңа тақырып   15 мин Тақырып мазмұнын слайд арқылы көрсетеді, сұрақ-жауап арқылы түсіндіреді Сұрақтарға жауап бере отырып, тақырыпты үйренеді.
Оқулықпен жұмыс  2 мин Тақырып  мазмұны  бойынша  сұрақтар  қойылады. Жеке оқушылар жауап береді.
Теңдікті  түрлендір  2мин Шапшаңдыққа баулиды. Жеке оқушылар  тақтаға   шығып,жылдам  түрлендіреді.
Кім шапшаң? 7 мин

 

Өтілген  тақырып  бойынша  есептер  шығарады. Дарынды оқушылар өздерін көрсете алады.
Қосымша тапсырма 2 мин Слайд арқылы көрсетеді:

Денелердің  жылдамдықтарын  салыстырады

Дарынды оқушылар өздерін көрсетуге мүмкіндік алады.
Үйге тапсырма 1 мин §17,18  оқу  №5жаттығу(4) Дәптерлеріне белгілеп алады.
Ассосация 2 мин  Топтарға А3 параққа ассосация жасауды ұсынады: Бүгін не үйрендік?  Топтық жұмыс жасайды, ассосация жазады.
Рефлексия 1 мин Стикерге сабақтан алған әсерлерін жазып тапсыруды сұрайды. Екінші стикерге өз әсерлерін жазып , мұғалімге табыстайды

№1 қосымша.

Психологиялық ахуал туғызу.

 

Біз бақытты баламыз,     Әділдікті жақтаймыз,

Оқып, білім аламыз.        Тәртіпті де сақтаймыз,

Іркілместен есепті           Ата менен ананың

Үйреніп-ақ  аламыз.        Үмітін біз ақтаймыз.

 

№2 қосымша

Жіңішке  сұрақтар

1 Қозғалыс  кезіндегі  өлшемдері  еленбейтін дене ……   .

  1. Дененің   қозғалыс кезінде  сызық  түрінде  қалдырған ізі   ….   .
  2. Қозғалыс түрлері: …..   .
  3. Сағат тілі ұшының қозғалыс траекториясы….. .
  4. Берілген уақыт  аралығында дененің  жүріп  өткен  траекториясының    ұзындығы ….
  5. Дененің бастапқы  және  соңғы  орнын қосатын  бағытталған  кесінді …..

 

№3 қосымша.

Өткенге шолу

Ауызша

Жол(м)                                                            уақыт(с)

7км =  7000м                                           12сағ  =  43200с

65см  =    0,65м                                      45мин  = 2700с

300мм  =   0,3м                                       0,5сағ  = 1800 с

 

№4 қосымша

І.Өткен тақырып қалай аталады?

Материялық  нүкте.Қозғалыс  траекториясы. Жол  және  орын  ауыстыру.

 

ІІ.Жаңа  тақырып

Бірқалыпты  және  бірқалыпты  емес  қозғалыстар.Жылдамдық.Жылдамдық   бірліктері

ІІІ.Негізгі  ұғымдар.

Бірқалыпты қозғалыс

 Бірқалыпты емес қозғалыс

Жылдамдық.Жылдамдық  бірліктері

 

  Бірқалыпты қозғалыс
  Дене кез келген тең уақыт аралықтарында ұзындығы бірдей жол     жүрсе,ондай қозғалыс   бірқалыпты қозғалыс   деп аталады.

  Бірқалыпты     емес  қозғалыс

Дене тең уақыт аралығында әр түрлі жол жүріп өтсе, ондай қозғалысты бірқалыпты емес қозғалыс деп атайды. 

Жылдамдық  Бірқалыпты қозғалатын  дененің жылдамдығын  анықтау үшін оның берілген уақыт ішіндегі орын ауыстыруын сол уақыт аралығына бөлу керек:

 

Дененің бірқалыпты қозғалысының жылдамдығы белгілі болса, сол арқылы дененің белгілі бір уақыт ішінде жүрген  жолын анықтауға болады:

 

 

Дененің бірқалыпты қозғалысының жылдамдығы  мен жүрген жолы белгілі болса,сол қозғалысқа кеткен уақытты табуға болады:

 (  өлшем  бірлігі)

Жылдамдық 

Жылдамдық  км/сағ, км/с  м/с, см/с, мм/с.

72 км/сағ =?

Мысалы:  72 км =72 000 м; 1 сағ = 3600 с

 Сонда  72 км /сағ = 72х1000/3600с =20   м/с.

Мысалы:     ұшақтың жылдамдығы        400 м/с,

 жарықтың таралу жылдамдығы     300 000 000 м/с,

жүрдек пойыздың жылдамдығы        72 км/сағ,

 дыбыс жылдамдығы       340 м/с 

 тасбақаның жылдамдығы            0,05 м/с.

№5 қосымша  

  Есептер  шығару

 

  1. Ақтау  мен Жаңаөзеннің    арақашықтығы 150 км .  Жаңаөзеннен    шыққан  жеңіл  машина  Ақтауға дейін  2,5 сағат  жол  жол  жүрді. Жеңіл машинаның жылдамдығын  анықтау  керек.

2.Велосипедші бірқалыпты қозғалып,30 мин ішінде 9 км жол жүрген. Велосипедшінің жылдамдығын м/с – пен есептеп табыңдар.

3.750 км/сағ   жылдамдықпен   ұшақ 6 сағ ішінде қандай аралықты ұшып   өтеді?

Қосымша тапсырма