ФИЗИКА ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ

77

ФИЗИКА ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ

Сайыстың мақсаты:Оқушылардың білімдерін, білік-дағдыларын  кеңейту және пәнге деген қызығушылығын арттыру,зейінін,логикалық ойлау  қабілеттерін   жетілдіру, физиканы  (баламасы табиғатты)  тану  арқылы  мәдениетпен сананы өсіру.

Барысы

Кіріспе

Сыныпты екі топқа бөліп,аттарын қою,ұранын белгілеу.

Сайыс алты кезеңнен тұрады.

І кезең.»Сәлемдесу»

    ІІ кезең.»Күй тарқату»              

    ІІІ кезең.»Білгенге маржан»

    ІV кезең.»Кім жүйрік»

    V кезең.»Жұбыңды тап» (Физикалық шамалар арқылы өз жұптарын табу)

    VI кезең.»Капитандар сайысы»

Әр   команданың   капитандары   тақтаға  шығып,  берілген           есепті шығарулары керек.

Жүргізуші:

«Фюзис» деген-табиғат,

Грек сөзінен алынған.

Ғылымға қажет жаңалық

Осы сөзден табылған.

Қоршаған барлық дүние

Табиғатты құрайды.

Сарқылмас оның сырлары

Өзгеріп тұрар ұдайы.

Армысыздар қадірлі ұстаздар, оқушылар, көрермендер  және  көңілді  тапқырлар  топтарының  сайыскерлері! Сіздерге сәттілік       тілей отырып,сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Физика ғылым тұғыры,

Таласы жоқ бұл күнде,

Физикасыз, айтшы сен,

Түсіндіру мүмкін бе?!

Электр шамы жануын,

Мұнайды жерден алудың,

Заңдары қандай болады,

Ғимараттар салудың?

Теледидар көруіңді,

Интернеттегі шерудің,

Көтергіш кран жұмысын,

Шеге қаға білуді,

Жерде жүрудің өзін де,

Айдың жақындауын көзіңе,

Айшықтайды қай ғылым,

Жүр,бала,соны сезіне.

Жету үшін табысқа,

Ұшу үшін алысқа,

Қатысу керек,достарым,

Физикалық сайысқа!

Сайыскер топтарды  ортаға   шақырайық. Енді  бірлесе  отырып  бүгінгі    «Көңілді тапқырлар топтарының»    сайысының   мақсат-міндеттерін     айқындайық.

(Топ   мүшелерімен      жанкүйерлер қатысады)

Жүргізуші:Енді сіздерді әділқазы алқаларымен таныстырайық.

Жүргізуші:    Сонымен    ұшқыр     ой,    білімдегі   білімдері   тең қарсыластар, бірге ойнап,бірге  оқитын  достар  үшін  жан  күйетін      сәт те туды.

I кезең.Сәлемдесу

(Сайыскерлер топтарының аттарын,ұрандарын,әндерін айтады.)

1 топ:»Электрон»;

2 топ:»Протон».

II кезең.«Күй тарқату«

Әр топ өздері дайындаған төрт сұрақты қарсыластарына кезекпен қояды, ойлануға 30секунд уақыт беріледі, соңынан дұрыс жауабын айтады.

Қойылатын сұрақтардың мысалдары:

1 топ:

1.Жайдары жаздың күнінде

Жаныңда жатар жантайып,

Кетіре алмассың, қырсаң да

Шапсаңда қолға балта алып.

(Көлеңке)

2.Нені жәшік ішіне тыға алмайсың?

(Жарық сәулесін)

3.Не opнынан қозғалмай жүреді?

(Уақыт)

4.Егер шелектегі суды ішіп қойсаң не қалады?

(Ауа)

5.Жерден біз нені көтере алмаймыз?

(Көлеңке)

6.Күндіз ұйықтайды,түнде жанады.

(Ай)

7.Сен айқайласаң-ол тоқтайды,

Сен тоқтасаң-ол айқайлайды.

(Жаңғырық)

4.Таба алмайсың оң менен солды,

Адассаң қапылыста.

Дәл сілтер көрсетіп жолыңды,

Шығысқа,батысқа.

(Компас)

III кезең. «Білгенге маржан«.

(Атақты физиктердің атын тауып,табылған есімге байланысты сөзжұмбақ шешу)

1 топ.»Электрон»

Ойланыңдар,өткенді еске алыңдар,

Бұл құбылыс айналадан табылар.

Сұйықтар мен газдардағы қысымды

Кім айтады түсіндірген ғалымды.

(Паскаль)

Сөзжұмбақ «Паскаль»

1.Алып планета.(Юпитер)

2.Химиялық элементтің ең кіші бөлшегі.(Атом)

3.Кесіндіні өлшейтін аспап.(Сызғыш)

4.Дененің қалдырған ізі.(Траектория)

5.Диффузия сөзінің мағынасы.(Жайылу)

6.Дененің жүріп өткен қашықтығы.(Жол)

7.Бүкіләлемдік тартылыс заңын ашқан ғалым.(Ньютон)

2.топ»Протон»

Адам алып таңғажайып ойымен,

Суда жатып,ой қорытқан ісімен.

Суға салсаң небір ауыр денелер

Жеңілдейді,айтшы кімнің күшімен?(Архимед)

Сөзжұмбақ «Архимед»

1.Жерді қоршап тұрған ауа қабығы.»Атмосфера»

2.Жылдамдықты өлшейтін құрал.»Спидометр»

3.Кері итеруші күш.»Архимед»

4.Оптикалық шыныдан жасалатын зат.»Линза»

5.Тіреуге немесе аспаға әрекет ететін күш.»Салмақ»

6.Ток күшінің өлшем бірлігі?»Ампер»

7.Электролиз заңын ашқан ғалым?»Фарадей»

IV кезең.«Кім жүйрік

«Электрон» тобына

Жерден Айға жету үшін физикалық шамаларды 1 минут ішінде айтып шығу керек.(Топтан екі оқушы шығады)

Ай      Дж      м2            C       Вт       км/м3      Жер

кг       Кл       Ом/м     В       А         Ом

«Протон»       тобына  Үйден  мектепке  жету     үшін   физикалық шамалардың өлшем бірліктерін 1 минут  ішінде айтып  үлгерулері қажет,топтан екі оқушы шығады.

Мектеп    F     I     S     g     t    Үй

q              U    R    Q    1     p

 

  V кезең.»Жұбыңды тап»(Физикалық шамалар арқылы өз жұптарын табу)

F      mg          a       v2/r

 

P       m(g+a)    a        F/m

 

Әрбір  физикалық  шама  арқылы  оқушылар  өз  жұптарын   табу керек.Сегіз оқушы шығады.Сол физикалық шамалардың артына сегіз планетаның    суреті  берілген, сол    бойынша  планеталар   туралы мағлұмат береді.

   VI кезең.»Капитандар сайысы»

Әр   команданың    капитандары   тақтаға  шығып, берілген  есепті шығарулары керек.

   1-есеп

Велосипедші еңіске қарай 0,5м/с2 үдеумен қозғалып келеді.Егер велосипедшінің бастапқы жылдамдығы 6 м/с-қа тең болса,0,1 мин өткенде оның жылдамдығы қандай болады?

2-есеп

Тыныштық күйден 0,2м/с2 үдеумен қозғала бастаған автомобиль қанша уақыт ішінде 10м жол жүреді?

 Көрермендерге қойылатын жұмбақтар.

    «Жұмбақтар шешейік»

1-жұмбақ

Жердің жүзін шарлайсың,

Онсыз еш жерге бармайсың.

Көлікпен де жаяу да,

Саралайсың,таңдайсың.       (Жол)

2-жұмбақ

Көп болса,асықпайсың,

Мезеттен қашықтайсың.

Асықсаң аз болады,

Табасың мұны қайсың? (Уақыт)

3-жұмбақ

Қозғалыста сипаттар шапшаңдықты

Тағы да бір белгісіз шама шықты.

Ол болмаса денелер қозғалмайды,

Шешеді бұл жұмбақты қандай мықты? (Жылдамдық)

4-жұмбақ

Жылдамдықты өзгертеді.

Қозғалысты тездетеді.

Қарсы шықса қозғалысқа,

Тоқтарына көз жетеді.   (Үдеу)

5-жұмбақ

Қозғалысқа келтіріп,

Жылдамдығын береді.

Өлшемдерін қарасаң,

Ньютонға ол келеді.   (Күш)

6-жұмбақ

Бірдей көлемдегі масса кейде көп,

Аз болса да кейде дөп.

Делінеді бұл шама,

Аталуын тапшы тек.  (Тығыздық)

 

 

7- жұмбақ

Күш көбейсе, артады,

Аудан артқа тартады.

Жүзі жұқа үшкір зат,

Одан бірақ қорқады.     (Қысым)

 

8-жұмбақ

Барлық денелерге тән,

Онсыз болмайды сән.

Әр затта болады әртүрлі,

Өлшеуге болады дәл.      (Масса)