Абай салған сырлы әндер.

55

Сабақтың  тақырыбы: Абай салған сырлы әндер.

 Сабақтың  мақсаты:  Абайдың қазақ қоғамында  алатын орнын  ұғындыру.

Білімділік  мәні : Композитордың  өмірімен, шығармашылығымен таныстыру.

Дамытушылығы:Жас  өспірімдердің    музыкаға,  әнге деген 

                                      сүйіспеншілігін  дамыту.                                                

Тәрбиелік  мәні :   Музыкалық   шығармалары  арқылы халықтың салт- дәстүрін,  тәрбиесін балаға бере білу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі:Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың  әдісі:     Жаңа  сабақ түсіндіру , әңгімелеу,  музыка тыңдау,шығармашылыққа  баулу .

Пәнаралық  байланысы:   Музыка әдебиеті , тарих, әдебиет.

Ұйымдастыру .                                                                                                                                                                 Үй тапсырмасын сұрау: Жаяу Мұса. «Ақсиса»әні.

Жаңа сабақты түсіндіру:Абай салған сырлы әндер.

Актуалдау:

«Абай дана, Абай дара қазақта»

                                                      Сабақтың  барысы:

 Қазақтың ұлы ақыны және композиторы Абай Құнанбаев Семей облысы Абай ауданында дүниеге келген. Абай қазақтың ән өнерін жаңа  көркемдік бейнелеу құралдарымен дамытты.Абай қазақтың ән  өнерін ерекше бағалаған. Бірақ ән атаулының бәрін қабылдамай оның да «естісі мен есері» барын айтып, «құлақтан кіріп бойд алар, жақсы ән мен тәттә күйді» ұнатқан.Қазақтың халық музыкасымен  сусындаған Абай шығармаларында қазақтың музыка тілін жаңа көркемдік бейнелеу құралдарымен байытты.

Оның «Сегіз аяқ», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Көзімнің қарасы», «Бойы бұлғаң»т.б. әндері және  «Торжорға», «Май түні» атты күйлері бар.

Біржанды өз құлағымен тыңдаған данышпан Абай.

Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең — менше сүй, -деген мәңгілікке жетерлік сөз қалдырған.

Ән үйрену: Көзімнің қарасы.

Көзімнің қарасы

Көңілімнің санасы.

Бітпейді іштегі

Ғашықтық жарасы.

Жылайын, жырлайын

Ағызып көз майын

Айтуға келгенде

 Қалқама сөз дайын.

 Жүректен қозғайын,

Әдептен озбайын.

Өзіде білмей ме,

Көп сөйлеп созбайын.

 Қорытындылау:                              Ақын

                                                          

                          Күйші                   Абай                 Композитор

                                                        

                                                       Әнші

 

 

Үйге тапсырма: Абай өлеңдері.

                       «Көзімнің қарасы» әні.

Бағалау.