Халық аспаптары қалай құрылды?

65

Сабақтың  тақырыбы:   Халық аспаптары қалай құрылды?

                                         Сабақтың  мақсаты:

Білімділік  мәні :     Сан ғасырлық тарихы бар музыкалық аспаптармен таныстыру.

Дамытушылығы:     Оқушылардың  жан – жақты  білімдерін   арттыру.

Тәрбиелік  мәні :       Музыкалық аспаптар арқылы көптеген ұлттардың өнерін танып, білу, аспаптардың  туыстастығын  көрсету.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі:Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың  әдісі:     Жаңа  сабақ түсіндіру , әңгімелеу, музыка тыңдау,  шығармашылыққа  баулу .

Пәнаралық  байланысы:   Музыка әдебиеті , тарих, әдебиет, технология.                            

                                             Сабақ жоспары:

Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, сыныпты түгендеу.

Өткен сабақты сұрау:  Абай салған сырлы әндер.

Жаңа сабақ:     Халық аспаптары қалай құрылды?

Музыка тыңдау. Құрманғазының күйі «Адай»

Қорытындылау.

Үйге тапсырма.

Бағалау.

                                           Сабақтың  барысы:

                                             Халық аспаптары қалай құрылды?

Музыкалық аспаптар үрмелі , ұрмалы, ішекті, ысқышпен ойналатын аспаптар болып бөлінеді. Ертеде адамдар аңшылықпен айналысқан.Аң аулау алдында тасты  тасқа ұрып дайындалатын болған. Сөйтіп, ұрмалы аспап пайда болды. Уақыт өте келе тас ауыр болғандықтан ағаштан, теріден ұрмалы аспаптар жасай бастады.Кейіннен ұрмалы аспаптар  музыкалық емес,хабар беруші аспаптарға айналды.

Ежелгі  мұндай  ұрмалы музыкалық аспаптар – дабыл, дауылпаз.Әуелі қолмен, кейін дыбысын күшейту үшін таяқпен ұрған.

Сыбызғы- қазақтың үрмелі аспабы. Көбіне қамыстан, ағаштан жасалады.  3-4 ойығы бар.

Қазақ  халқының ішекті  музыкалық аспаптары домбыра, шертер, жетіген.

 Ысқыспен ойналатын ұлттық аспап- қобыз.       

Музыка сауаттылығы: Ұрмалы аспаптар ырғақ арқылы орындалады.

Үрмелі аспаптарды ауызбен үріп ойнаймыз.

Біліп ал: Қоңырау, асатаяқ, тұяқтас ұрмалы аспаптар бар.

Ән орындайық!

Қорытындылау :

*   Ұрмалы аспаптар қалай ойналады? 

*   Үрмелі  аспаптар қалацй ойналады.?

*  Ішекті аспаптарды ата.

Үйге  тапсырма:

* Халық аспаптары қалай құрылды? Халық әні  «Қалаулым»

 

Бағалау: