Таңбалы тастар сыр шертеді.

Сабақтың  тақырыбы:   Таңбалы тастар сыр шертеді.

                                    Сабақтың  мақсаты

Білімділік  мәні :Сонау алыс ғасырлардан жеткен, ата – бабамыздың жазба өнерімен танысу.

 

Дамытушылығы:Музыка мен сурет,әдебиет туындыларын бір- бірімен байланыстыра білу.

 

Тәрбиелік  мәні : Ұлттық өнерді құрметтеуге тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі: дәстүрлі

 

Сабақтың типі:Жаңа сабақты меңгерту

 

Сабақтың  әдісі:     Жаңа  сабақ түсіндіру , әңгімелеу, шығармашылыққа  баулу .

 

Пәнаралық  байланысы:   Музыка әдебиеті , тарих, әдебиет.

Сабақ жоспары:

Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, сыныпты түгендеу.

Үй тапсырмасы: Сары даланы сазбен тербеткен композиторлар.

Жаңа сабақты түсіндіру:  Таңбалы тастар сыр шертеді.

Қорытындылау.

Үйге тапсырма.

Бағалау.

Сабақтың  барысы:

Қазақ жері- ең кемінде 3-5 мың жылдық тарихы баркөнемәдениет өлкесінің бірі. Қазақтардың  арғы ататегі  сақ, үйсін, ғұндар – түркілер атанған. Түркілер 5-8 ғасырларда  Түрік қағанаты  деп  аталатын  мемлекет құрды. Түркілердің нгізгі мекені, Отаны – қазіргі қазақ жері. Түркілерден біздің заманымызға  дейінгі жазу- сызулары мен аңыз- жырлары  бар. Есік қаласынан табылған  алтын адам, Орхон ескерткіштері, алып ер Тоңа, Тұмар патшайым, Ширақ батыр, Мөде батыр  жайында аңыз- жырлар. Орхон ескерткіштері дегеніміз- тарихи тұлғаларға арналып орнатылған тастағы жазулар. Орхон ескерткішінің негізгі ойы мен мұраты- ел тәуелсіздігін аңсау, елге қорған болған батырлар мен көсемдерді дәріптеу.

Ескерткіштен үзінді.

Тәңір текті , Тәңірден жаралған

          Түрік  Білге қаған.

          Бұл шақта отырдым

         Сөзімді түгел естіңдер.

         Біріккен әулетім – халқым.

 

Білге – ақылды дана , білікті.

Қаған- хан.

 

 Музыка сауаттылығы: Ноталардың ұзақтығы.

Бүтін, жартылық, төрттік, сегіздік, он алтылық.

 

Қорытындылау:

  1. Түркі қағанаты қашан құрылдыі ?

2.Алтын адам қай жерден табылды?

3.Орхон ескерткіштерінің негізгі ойы, мақсаты?

Үйге тапсырма.  Таңбалы тастар сыр шертеді.

Бағалау.