Әсем әнге билейміз..

114

Сабақтың  тақырыбы:  Әсем әнге билейміз..

 

Сабақтың  мақсаты

Білімділік  мәні :   Оқушыларды  бидің түрлерімен  таныстыру.

 

Дамытушылығы:  Музыканы  естей отырып, билердің түрін ажырата  білуге үйрету.

 

Тәрбиелік  мәні : Әдемілікке, әсемдікке, сұлулыққа  тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

 

Сабақтың типі:Жаңа сабақты меңгерту.

 

Сабақтың  әдісі:     Жаңа  сабақ түсіндіру , әңгімелеу, шығармашылыққа  баулу .

 

Сабақ жоспары:

 

Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, сыныпты түгендеу.

Үй тапсырмасы. «Мұғалім ол біздің» әні.

Жаңа сабақты түсіндіру.  Әсем әнге билейміз.

Қорытындылау.

 

Үйге тапсырма.

 Сабақтың  барысы:

 Әртүрлі музыка адамға түрлі көңіл күй сыйлайды. Әнді шалқыта айтамыз, кейбір музыканы тыңдап отырып ,ойланамыз. Сондай – ақ көңілді музыкаға би билегіміз келіп тұрады.

Би –музыка ырғағына сай қимылмен биленетін өнер түрі. Би өнері түрлі ырғақта болады. Асықпай билейтін,тез және адымдап орындалатын билер.

Вальс – жұптасып билейтін бидің түрі.Оны айнала билейді.  Вальсті «би патшасы» дейді.

Полька – көңілді және қарқынды билейтін би түрі. Көбіне оны жылдам музыкамен орындайды.

Қара жорға – қазақ халқының ұлттық биі.

 

Қорытындылау:

 

1.Музыка әлемі қандай дыбыстардан тұрады?

2 Қандай билердің түрін білесіңдер?

3.Вальс қандай би?

Үйге тапсырма. Әндердің сөздерін еске сақтап,  жаттап келу.