Музыка суреттейді.

66

Сабақтың  тақырыбы:  Музыка суреттейді.

 

Сабақтың  мақсаты

.

Білімділік  мәні :   Оқушыларға  музыка мен ортаның тығыз байланысын таныстыру

 

Дамытушылығы:  Шығармаларды естей отырып, суреттей білуге үйрету.

.                                                      

Тәрбиелік  мәні : Табиғатты, туған  жерін аялауға тәрбиелеу

 

Сабақтың түрі: саяхат сабақ

 

Сабақтың типі:Жаңа сабақты меңгерту

 

Сабақтың  әдісі:     Жаңа  сабақ түсіндіру , әңгімелеу, шығармашылыққа  баулу .

 

Пәнаралық  байланысы:   Музыка әдебиеті , тарих, сурет

 

Сабақ жоспары:

 

Ұйымдастыру кезеңі.

Жаңа сабақты түсіндіру .

Қорытындылау.

 

Үйге тапсырма.

 

                                          Сабақтың  барысы:

  Балалар, біздер музыкалық аңыз әлеміне саяхатқа шығамыз. Музыканы тыңдау және әнді айту үшін шығарманың мазмұнын біліп алу керек.

Қазақ жерінің әсем табиғатын, тұрмыс-тіршілігін бейнелейтін, суреттейтін музыкалық шығармалар көптеп кездеседі. Музыка әлемі музыкалық және шулы дыбыстардан тұрады. Шулы дыбыстарға табиғи құбылыстар, машинаның гүрілі т.б дыбыстар жатады.  Табиғат пен музыка  бір- бірімен тығыз байланысты.Музыкалық шығармалардан табиғаттың бейнелі суреттемелерін байқауға болады.Қазақ жерінің кең даласын, жазық жерін, табиғатын көп күйшілер суреттей білген. Осындай күйдің бірі Құрманғазының «Сарыарқа» күйі.

 

 Дәптермен жұмыс: «Сарыарқа»күйін тыңдап, сурет салу.

 

Қорытындылау

 

1.Музыка әлемі қандай дыбыстардан тұрады?

 

2Музыкалық дыбыстар дегеніміз не?

 

3.Шулы дыбыстар дегеніміз не?

 

Үйге тапсырма