Музыка сөйлейді

58

Сабақтың  тақырыбы:  Музыка сөйлейді

Сабақтың  мақсаты

Білімділік  мәні :   Оқушыларға  музыка мен сөз өнерінің  байланысын жеткізе білу. 

Дамытушылығы:  Музыканың әуені мен  сөзін естей  отырып, сөзін анық айта  білуге үйрету Тәрбиелік  мәні :    мәнерңне келтіріп, әдемі сөйлей білуге үйрету. 

Сабақтың түрі:  дәстүрлі сабақ

Сабақтың типі:Жаңа сабақты толықтыру.

Сабақтың  әдісі:     Жаңа  сабақ түсіндіру , әңгімелеу, шығармашылыққа  баулу .

Пәнаралық  байланысы:   Музыка әдебиеті , сурет,әдеп.                                 

Сабақ жоспары:

Ұйымдастыру кезеңі.Сыныппен амандасу, түгендеу.

Жаңа сабақты түсіндіру . «Төлдер әні»

Қорытындылау.

Үйге тапсырма.

                                          Сабақтың  барысы:

«Төлдер»әнінің сөзін сұрау.1-2 шумағы.

                                                     Жаңа сабақ:

Ән үйрену: «Төлдер әні». 3-4 шумағы.

Қошақаны қойдың,

   Қайда қалып қойдың?

   Бұлтиып тұр бүйірің ,

 Қай өрістен тойдың?

       Ботақаны нардың,

       Жарға неге бардың?

                                                                        Тілерсегің дірілдеп

        Секіре алмай қалдың?

Секең, секең, ей, лақ,

Жүрмін саған киіп-ақ

Тыным тапсаң, болмай ма?

Секірмей- ақ, ей, лақ.

    Томпаң-томпаң торай,

    Дауысыңның зорын –ай.

    Дөкей бола қаласың,

   Туысыңмен он ай.

 

Орындап жүрген әндердің бәрі сөз бен әуеннен құралған.

Әрбір сөз әріптерден құралса, әуен музыкалық дыбыстардан құралады. Сондықтан әннің сөзін анық, дұрыс айта білуіміз керек.

 

Сергіту: Суреттегі жануарларды атап, дыбыстарын салу.

 

 

Қорытындылау:

 

1.Музыка әлемі қандай дыбыстардан тұрады?

  1. Сөз неден құралады?

3.Әуен неден құралады?

  1. Төлдерді ата.

 

Үйге тапсырма. Әннің сөзін жаттап келу.