Оркестр құрамындағы аспаптар

62

Сабақтың  тақырыбы:  Оркестр құрамындағы аспаптар.

Сабақтың  мақсаты: Балалардың  мамандығына кәсіби бағдар беру.

Білімділік  мәні :    Үлкен ұжым – ұлттық оркестрдің құрамымен  таныстыру.

Дамытушылығы:     Оқушылардың  жан – жақты  білімдерін   арттыру.

Тәрбиелік  мәні:  Ұлттық музыканың, ұлттық аспаптың ұрпақтан –ұрпаққа жеткен мұра екендігін білуге, оны құрметтеуге баулу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі:Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың  әдісі:     Жаңа  сабақ түсіндіру , әңгімелеу, музыка тыңдау,  шығармашылыққа  баулу .

Пәнаралық  байланысы:   Музыка әдебиеті , тарих, әдебиет.                              

  

                                           Сабақтың  барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Үй тапсырмасы: Домбыра мен қобыз аспабының түрленуі.

Жаңа сабақ:    Оркестр құрамындағы аспаптар.

Балалар, қандай ұлт  аспаптар оркестрін білесіңдер?

Олар Құрманғазы атындағы   ұлт аспаптар оркестрі, «Отырар сазы»ұлт аспаптар оркестрі . Сендер білесіңдер ме, біздің  ауданда  саз мектебі жанында Қазанғап атындағы саз аспаптар оркестрі бар.

Үлкен қалаларда  халық  музыкасын тыңдайтын арнайы концерт залдары бар. Ол- Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестрінің концерт залы. Әндер мен күйлерді жеке аспаптарда және оркестрдің орындауында да тыңдауға болады. Оркестр құрамында көптеген аспаптар болады. Домбыра , қобыз, сырнай, дауылпаз, даңғыра, шертер, жетіген, сыбызғы, шаңқобыз, сылдырмақ, тайтұяқ т.б. аспаптардың әр түрі болады. Бұл аспаптарды 70-ке жуық адам қосылып ойнайды. Мұндай оркестрді  дирижёр басқарады.                               

Музыка сауаттылығы:   До, ре, ми ноталары.                              

Ән орындайық!  Халық әні «Еркем- ай» .

Айт дегенде өлеңді аңырмаймын, еркем-ай,

Көлден ұшқан аққудай мамырлаймын, еркем-ай.

 Қайырмасы:

Еркем, еркем, еркем-ай,

Бүгінгі күн көркем-ай

Бүгін болған мереке

Болсын тағы ертең- ай.

Қайда жүрсем жақсының жанындамын еркем-ай,

Іздегенмен жаманға табылмаймын, еркем-ай.

Әншілердің серігі домбыра ма, еркем-ай,

Тарта берсең домбыра болдыра  ма, еркем-ай.

Домбыраны баппенен қолға алып, еркем- ай,

Шалқыта әнге сал оң бұра да , еркем-ай.

Қорытындылау :

Домбыраны қазақтар «Нағыз қазақ емес, нағыз қазақ домбыра » деп аса құрметтейді. Ал, Қорқытты өлімнен құтқарған аспап қандай, аспап еді? Қобыз болатын. Міне, бұл аспаптар  ұлт аспаптар оркестрінің құрамына кіреді.

 

Үйге  тапсырма:

* Оркестр құрамындағы аспаптар. Халық әні  «Еркем -ай» .

 

Бағалау: