Ағылшын тілі үйірмелері арасында «Полиглот» балалардың шеберлік шығармашылық сайысының сценарийі

133

Ағылшын тілі үйірмелері арасында «Полиглот» балалардың шеберлік шығармашылық сайысының сценарийі

Өтетін орны: ОС мәжіліс залы

Күні: 30.01.2014.

Уақыты:1500

1 Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер!

2 Жүргізуші:  Бүгін Оқушылар сарайында Ағылшын тілі үйірмелері арасында ұйымдастырылып отырған, «Полиглот» интеллектуалды сайысына қош келдіңіздер!

1 Жүргізуші: Сайыскерлерімізді қошеметпен сахна төріне шақырамыз! №1 сайыскеріміз Конырбаева Нұрайым. Жетекшісі Тулегенова Сандугаш Искаковна.

2 Жүргізуші: 2 сайыскеріміз Жылкайдарова Аружан. Жетекшісі Арманова Перизат Армановна.

1 Жүргізуші: Келесі сайыскеріміз Әлиева Айжан. Жетекшісі Мизамбаева Ақмарал Советбергеновна.

2 Жүргізуші: 4 сайыскеріміз Аппазов Қожамұрат.  Жетекшісі Сыздыкова Назым Болатбековна.

1 Жүргізуші: 5 сайыскеріміз Мухамедиминов Ерасыл. Жетекшісі Айдарбекова Гулманат Талгатовна.

2 жүргізуші: Келесі кезекте сайыстың төрелігін айту үшін қазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер.  Сәтбаев қаласының оқушылар сарайы директорының орынбасары Бектурова Жанат Барменшина.

1 Жүргізуші: Оқушылар сарайының әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Калмаганбетова Нурила Актаевна.

2 Жүргізуші: «Ағылшын тілі» үйірмесінің жетекшісі Тулегенова Сандуғаш Искаковна

1 Жүргізуші: “Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі — мемлекеттік тіл, орыс тілі — ұлтаралық тіл және ағылшын тілі — жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі ”.Әлемде 3 мыңнан астам тілдер бар. Ағылшын тілі ең кең тараған тілдердің бірі. Ол көптеген елдерде мемлекеттік тіл болып табылады.Ол Ұлы Британияның және Солтүстік Ирландияның, АҚШ-тың, Аустралияның және Жаңа Зеландияның мемлекеттік тілі болып келеді.Ағылшын тілі мемлекеттік тілдің бірі болып Канадада, Ирландия Республикасында және Оңтүстік Африкада қолданылады. Ол екінші тіл болып Индияның және Африканың көптеген жерлерінде сөйленеді.Қазіргі кезде ағылшын тілі басым не мемлекеттік тіл болып 60 астам елдерде қолданылады. Ол  Интернет, бизнес, саясат, ғылым мен коммуникация тілі.

2 жүргізуші: Олай болса бүгінгі сайысымыздың мақсаты ағылшын тілін түсінуді үйрету;Алған білімдерін, дағдыларын нақты ситуацияда қолдана білу; ой-өрісін кеңейту; логикалық ойлауды дамыту; тілдік, зияткерлік, танымдық қабілеттерін дамыту; Топта жұмыс істеуді білу; ағылшын тіліне қызығушылығын арттыру; қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру.
1 жүргізуші: Біздің ойын 5 турдан тұрады. Бірінші кезең «Бәйге» деп аталады. Бұл  бөлімде сайыскерлер қойылған сұраққа тез және нақты жауап беруі керек. Дұрыс жауапқа 10 ұпай. Кім жауабын білсе, қолдарындағы туды көтереді. Сонымен бастаймыз, мұқият болыңыздар. Жүргізушілер кезек – кезек айтып тұрады.

1 сұрақ: Бүгін аптаның қай күні?

2 cұрақ Иттің баласы қалай аталады? (күшік, щенок, pappy)

3 сұрақ 8 – ші наурыз қандай мереке? (аналар күні, женский день, mothers day)

4 cұрақ Таңертен біз не ішеміз? (таңғы ас, завтрак, breakfast)

5 сұрақ Қазір қай жыл мезгілі? (қыс, зима, winter)

6 сұрақ Малвинаның шашының түсі қандай? (көк, голубой, blue)

7 сұрақ Биылғы келген жылдың символы? (жылқы, лошадь, horse)

8 сұрақ Жаздың екінші айы? (шілде, июль, Iuly)

9 сұрақ Тәуелсіздігімізге неше жыл? (22, двадцать два, twenty two)

10 cұрақ Биылғы ақпанда неше күн? (28, двадцать восемь, twenty eight)

11 cұрақ Сенің анаң мен әкең саған кім болады? (ата – ана, родителей, parents)

12) Күннің түсі қандай? (сары, желтый, yellow)

13) Сенің анаңның анасы кім болады? (әже, бабушка, grandmother)

14) Тіршілік көзі не? (су, вода, water)

15) Жазу жазатын оқу құралы (қалам, ручка, pen)

16) Түсі қызыл, дәмі тәтті, пішіні домалақ жеміс? (алма, яблоко, apple)

17)  Қыста қардан не жасаймыз? (ақ қала, снеговик, snowman)

18) Дүние жүзін кішірейтіп түсірген, сыныпта ілініп тұратын зат (карта, map)

19) Қазіргі сенің білім алып жүрген ордаң? (мектеп, школа, school)

20) Бізге сүтін, етін, құрт, қаймақ – майын беретін жануар? (сиыр, корова, cow)

21) Жаңбыр жауғанда қолымызға не ұстаймыз? (қолшатыр, зонтик, umbrella)

22) Оқу – құралдарын салатын зат? (сөмке, портфель, bag)

23) Жаңбыр жауғаннан кейін не шығады? (кемпірқосақ, радуга, rainball)

24)  Жұмадан кейінгі күн? (сенбі, суббота, satwday)

25) Мультсериалдағы мысық Томның серігі кім? (тышқан, мышка, mouse)

1 жүргізуші: Құрметті сайыскерлер екінші кезеңге көшеміз. Екінші кезең «Кім ең білімді?» деп аталады. Бұл жерде сіздерге бір сөзі аяқталмаған мақалдар беріледі. Әр сайыскерімізге 2 мақалдан беріледі.

2 Жүргізуші: Сайыскерлер сіздердің міндеттеріңіз осы мақалдағы сөзді тауып, анықтап  3 тілде, яғни қазақ, орыс, ағылшын тілінде жауап бересіздер.

Ендеше 1 сайыскеріміз бастайды, қалғанымыз жауап бермейміз, экранға назар аударайық.

1 мақал Жылтырағанның бәрі ………. емес (алтын, золото, gold)

2 мақал Өз ……… – кең сарайдай боз үйім (үйім, дом, nome)

1 жүргізуші: 2 сайыскер экранға назар аударыңыз.

1 мақал …….. істі ертеңге қалдырма  (бүгінгі, сегодня, today)

2 мақал ….. рет өлшеп, бір рет кес (жеті, семь, seven)

3 сайыскерге қойылатын мақалдар

1 мақал Жақсы …. , жарым ырыс (сөз, слово, word)

2 мақал Соңғы …… жүгі ауыр (түйенің, верблюд, camel)

4 сайыскерге қойылатын мақалдар

1 мақал Алып …… туады, ат биеден туады (анадан, мать, mother)

2 мақал …. тұрып бала сөйлесе – ер жеткені, шеше тұрып қыз сөйлесе – бой жеткені (Әке, отец, father)

5 сайыскерімізге

1 мақал  Дос құшағы — ….. (жаз, лето, summer)

2 мақал …. ашылмай бұлбұл сайрамас (гүл, цветок, flower)

Үй ……. базарлы, қонағымен ажарлы (баласымен, ребенок, child)

1 жүргізуші: 3 кезеңіміз «Жұмбақтар әлемі» деп аталады. Әр сайыскерімізге екі жұмбақтан қойылады. Бұл жерде жұмбақтың шешуін алдарыңызда тұрған қағазға 3 тілде жазып көрсетесіздер.

2 жүргізуші: Ендеше  бастаймыз 1 сайыскеріміз экранға назар аударайық.

1 Жұмбақ  — Аяғы жоқ жүреді,

Аузы жоқ сөйлейді. (хат, письмо, letter) айтылуы летте

2 жұмбаққа назар аударайық  — Дөп – дөңгелек

Дөңгелеп келеді,

Тепкен бөгеп

Аяқ оған керегі  (доп, мяч, ball) бал

Келесі сайыскерімізге қойылатын жұмбақтар

1 жұмбақ – Қобдиыңда қайырлы

Қазынаңның бәрі бар

Тауыссаң көз майыңды,

Қалағаның табылар  (кітап, книга, book) (бук)

2 жұмбақ – Көреді бәрін өзгенің,

Көре алмайды өздерін (көз, глаза, eyes) айс

3 сайыскерімізге қойылатын жұмбақтар

1 жұмбақ – Күмбір – күмбір жарғағым,

Қартайғанша жарадың  (құлақ, уши, ears) иеас

2 жұмбақ – Басым болса білімің

Білегіңнің күші мен

Шешесің ой түйінін

Бұл найзаның ұшымен (қалам, ручка, pen) пен

4 сайыскерге қойылатын жұмбақтар

1 жұмбақ – Таңмен көзін ашады,

Әлемге нұрын шашады. (күн, солнце, sun) сан

2 жұмбақ – Күндіз бәрі қашады,

Түнде аспанды басады (жұлдыз, звезда. star) стар

5 сайыскерімізге жұмбақтар

1 жұмбақ – Көтеріліп теңізден,

Аспанға биік барамын.

Биіктен қайта түскенде

Өңі кірер даланың (жаңбыр, дождь, rain) рейн

2 жұмбақ – Тауда өсер, таста өсер,

Көктем менен жазда өсер,

Қыста өшер (шөп, трава, grass) грас

1 жүргізуші: 4 кезең «Миға шабуыл» деп аталады. Бұл жерде сіздерге 6  тақырып беріледі. Осының ішінен әр қайсыларыңыз бір тақырыптан таңдайсыздар.

2 жүргізуші: 1 сайыскер экраннан тақырыпты таңдаңыз.

Тақырыптар 1. Менің елім.

  1. Сыныбым
  2. Отбасым.
  3. Үй жануарлары
  4. Достар
  5. Спорт

Енді құрметті сайыскерлер қалған тақырыпқа байланысты әр қайсыларыңыз 3 тілде сөйлем құрайсыздар.

1 жүргізуші: 5 кезең үй тапсырмасы әр оқушы ағылшын тілінде өзінің өнерін көрсетеді.

Сайыстың қорытындысын шығару үшін сөз әділ қазылар алқасына беріледі.

Марапаттау.

Ал құрметті, сайыскерлер осымен бүгінгі ағылшын тілі үйірме оқушылары арасындағы «Полиглот» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Келесі кездескенше сау, саламатта болыңыздар!